ӘЛЕМДІК ТІЛДІК КЕҢІСТІКТЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ РӨЛІ

ХХІ ғасыр – жаһандану үдерісінің жанданған дәуірі. Өркениеттер арасындағы мәдениетаралық коммуникацияның қарқын алуына экономикалық сауда-саттық, туризм мен іскерлік қатынастардың дамуы, ақпараттық технологиялар желісінің құрылуы негіз болып отыр. Міне, осы процестердің бәрінде ағылшын тілі әлемде үстемдікке ие болуда. Ағылшын тілі Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің мемлекеттік тілдері болуымен қатар, БҰҰ ресми мойындаған әлемдік тілдердің көшін бастап келеді. Халықаралық байланыстар өрісінің кеңеюін және интеграциялық процестердің күшеюін ескерсек, ағылшын тілінің әлемдік тілдік-коммуникативтік кеңістіктегі рөлінің артуын табиғи заңдылық деп қарауға болады. Алайда, әрбір мемлекеттің өз ұлттық тілін дамытуға да мүдделі екендігін ескеруіміз керек. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңімен іске асыру идеясын көтергені баршамызға аян. Осы арқылы Қазақстанның тілдік кеңістігінде мемлекеттік тіл – қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерінің қолданылуына да мән берілетіндігін айғақтайды. Елімізде шетелдік инвесторлар қатарының жыл санап артып отырғанын және Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық шеңберінде БҰҰ, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдарға мүше екендігін және күн санап Еуропа және Америка елдерімен қатынастың артып отырғандығын ескерер болсақ, ағылшын тілінің қолданылуына қарсылық танытудың еш мәні жоқ екендігін ұғынғандаймыз. Алайда, еліміздің тіл саясатында ағылшын тілінен бұрын мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қажеттілігі бірінші кезектегі мемлекеттік өзекті мәселеге айналып отыр. Дәл осындай алаңдаушылық көптеген елдерге де 113 тән. Өйткені, посткеңестік елдердің көпшілігі де орыстандыру саясатынан қолданысы тарылған өз ұлттық тілдерінің мәртебесін арттыруға күш салып келеді. Ағылшын тілі Қазақстанның білім беру жүйесінде міндетті шетелдік пәндердің бірі ретінде оқытылумен қатар, көптеген жекеменшік және мемлекеттік тіл үйрету орталықтарының бағдарламасынан да орын алып отыр. Бұл еліміздің тілдік кеңістігінде азаматтар тарапынан ағылшын тіліне деген сұраныстың артып отырғандығын білдіреді. Ағылшын тілімен байланысты лингвистикалық мәселелердің біріне кірме сөздер жатады. Қазақ тілінде соңғы жылдары ағылшын тілінен енген кірме сөздердің саны артып келеді. Бұлардың негізгі қоры халықаралық қатынас, экономика, қаржы, бизнес, медицина, ақпараттық технология, білім және ғылым, спорт, т.б. салаларға тән. Республикамыз тәуелсіздікке ие болған 1991 жылдан бастап, күнделікті тіршілікке, тұрмыс-салтқа байланысты сөздермен бірге енді халықаралық мәні бар терминдік сөздерге балама табу талабы арта түсті. Ол үшін қазақ тілінің ішкі қорындағы мүмкіндіктер пайдаланылып, қаншама терминдердің қазақша баламаларының ағылшын тілінен еніп қалыптасқанын аңғарамыз. Мысалы, ақпарат (информация) – ағ: information; хатшы (секретарь) – ағ: secretary; жал (аренда) – ағ: rent, lease; бағдарлама (программа) – ағ: programme; Ата Заң (конституция) – ағ: constitution; әдіс (метод) – ағ: method; зейнетақы (пенсия) – ағ: pension; мәселе (проблема) – ағ: problem; қолтаңба (автограф) – ағ: autograp; бедел (авторитет) – ағ: authority; дәлел (аргумент) – ағ: argument; сапар (визит) – ағ: visit; ұран (девиз) – ағ: device; мысқыл (ирония) – ағ: irony, motto, slogan; біліктілік (квалификация) – ағ: gualification; топтастыру (квалификация) – ағ: classification; әріптес (коллега) – ағ: collegue; бақылау (контроль) – ағ: control; дағдарыс (кризис) – ағ: crisis; көшбасшы (лидер) – ағ: leader; ресми (официальный) – official; жоспар (план) – ағ: plan; саясат (политика) – ағ: politics; жоба (проект) – project; жүйе (система) – ағ: system; сарапшы (эксперт) – ағ: expert; әнұран (гимн) – ағ: hymn, anthem т.б. Интернацоналдық сөздер көбіне қандай да бір шет тілінен өзге тілдің қатысуымен кірігіп келіп, тілдік қорымызға қосылады. Мәселен: ағ: accumulator (аккумулятор); ағ: alpha (альфа); ағ: alphabet (әліппе); ағ: ampere (ампер); ағ: atlas (атлас); ағ: atom (атом); ағ: banjo (банджо); ағ: barbarism (варваризм); ағ: benzol (бензол); ағ: billiards (биллиард); ағ: bulldog (бульдог); ағ: cafeteria (дәмхана); ағ: catastrophe (апат); ағ: energy (қуат); ағ: legal (заңды). Осы тәріздес ағылшын тілінен еніп, өз кезегінде кейбір термин сөздер өздеріне қазақша балама тауып жатса, кейбір ағылшын термин сөздері еш өзгертілместен сол күйінде қалған. Мысалы: ағ: accumulator (аккумулятор); ағ: alpha (альфа); ағ: ampere (ампер); ағ: atlas (атлас); ағ: atom (атом); ағ: banjo (банджо); ағ: barbarism (варваризм); ағ: benzol (бензол); ағ: billiards (биллиард); ағ: bulldog (бульдог); ағ: chaos (хаос); ағ: dynamo (динамо); ағ: economic (экономикалық); ағ: electric (электрлік); ағ: element (элемент); ағ: film (фильм); ағ: minimum (минимум); ағ: philosopher (философ) т.б. сөздер бүгінде ағылшын тілінде сөйлейтіндерге ғана емес, жалпы қауымға ортақ таныс сөздер. Бұл сөздер интернационалдық сипатқа ие болғандықтан, қазақшаға аударған кезде де тұлғалық жағынан кірме тілдегі күйінде қалады. Біз термин, не кірме сөздерді аударған кезде әуелі орыс тіліндегі нұсқасына мән беретініміз белгілі. Себебі, ағылшын тіліндегі терминдердің көбі әуелі орыс лексикасына сіңісіп барып, кейінірек қазақ тіліне енеді. Кейде біз ағылшын тілінен орыс тіліне енген терминдерді қазақша тәржімалауға ерініп, не қиынсынып, орыс тіліндегі баламасын қолданып жүре береміз. Ал бұл өз кезегінде қазақ тіліне орыс лексикасының заңдылықтарын көшіргенмен бірдей құбылыс. Кірме сөздердің табиғатын зерттеу барысында тілімізге өзге тілден енген сөздердің көпшілігі негізінен термин сөздер екені назар аудартады. Терминді дәл түсініп, оның негізгі функционалдық қызметі мен лексикалық мүмкіндігіне және оны аударған кезде оның көп мағына беретіндігіне, не оның қазақшалаған кезде мәтінге (контекст) қарай құбылатынына мән беріп жүрміз бе? «Ия» деп жауап беру қиынырақ. Әсіресе, интернационалдық 114 лексиканы төл тілімізге аударуда халықаралық термин сөздер жинағы мен түсіндірме сөздіктердің жетіспеушілігі, не сауатты жазылған сапалы, сенімді еңбектердің аздығы бүгінде тек лингвист-филолог мамандарының ғана емес, іс қағаздарын жүргізетін мемлекеттік қызметшілер мен әр түрлі сала мамандарының (заңгер, дәрігер, журналист, мұғалім, инженер, кәсіпкер, т.б.) да басты мәселесіне айналып отыр. Тіл зерттеушісі Худайбергенова Әйгерім банк терминологиясының қазақ тіліне енуіндегі заңдылықтары туралы мынадай ой айтады: «Основное требование, предъявляемое к заимствованию терминов, — не употреблять иноязычное слово, если в родном языке уже функционирует привычный и мотивированный термин с анологичным значением. Терминологические лакуны желательно заполнять имеющимися интернационализмами. В случае неодинакового уровня мотивированность синонимичных терминов предпочтение должно отдаваться наиболее мотивированным термином» [1, 10]. Ғалым Ш. Құрманбайұлы өзінің «Халықаралық терминдер туралы» деп аталатын мақаласында: «Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен енген сөздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мәселе сияқты көрінбеуі де мүмкін. Ал шын мәнінде бұған елеусіз қалдыра салатын ұсақ-түйек нәрсе деп қарауға да болмайды. Өйткені, дәл сол атаулар арқылы ұлт зиялыларының, ғылыми жұртшылықтың, көпшілік қауымның кірме сөздерге берген бағасын көруге болады. Өзге тілден енген терминдердің мұндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тұр. Бұл әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыруды, арнайы мән беруді қажет ететін тіл үшін маңызды мәселе» — деген ой түйеді. Әдебиеттер 1.Худайбергенова Айгерим: «Принципы построения переводного идеографического словаря банковской терминологий (на материале русского, английского и казахского языков). Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Алматы, «Издательский дом КазГЮУ», 2003. с 28.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar