ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАҒЫ «БАҒАЛАУДАН БОСТАНДЫҚТЫҢ» МАҒЫНАСЫ

Бағалау деп бұдан былайғы жерде (басқа бір нәрсе тікелей айтылмаған немесе бесенеден белгілі болмайтын жағдайлардың бәрінде) біздің қарекеттеріміздің ықпалы тиетін құбылыстарға жазғыруға немесе мақұлдауға лайық нәрсе ретінде «практикалық» баға беруді айтамыз. Белгілі бір ғылымның осы тектес баға беруден «бостандығы» проблемасы, демек, осынау логикалық принциптің маңыздылығы мен мағынасы біз қысқа да болса тоқтала кету қажет деп санайтын басқа бір мәселеге тіпті де ұқсас емес. Әңгіме университеттік сабақ беру барысында белгілі бір этикалық көзқарастарға, мәдени мұраттарға немесе басқа да дүниетанымдық принциптерге негізделген өзіңнің практикалық баға беруіңді «мойындау» керек пе деген мәселе туралы болып түр. Бүл мәселе ғылыми пікірталас пәні бола алмайды, өйткені ол сұрақтың өзінің табиғаты жағынан толығымен практикалық баға беруге тәуелді және нақ сондықтан өз шешімін табуға жол бермейді. Бірқатар әрқилы көзқарастар бар (біз бүл арада олардың тек шетіндерін ғана қозғаймыз): а) бірінші көзқарастың жақтастары таза логикалық тұрғыдан қарастыруға болатын және таза эмпириялық проблемаларды практикалық, этикалық және дүниетанымдық баға беруден шынында да бөліп тастау керек, бірақ, соған қарамастан (немесе, бәлкім, нақ сондықтан), екі категорияның да проблемалары университеттік оқытуда орын алуға тиіс деп топшылайды; ә) бұған қарама­қарсы көзқарас бойынша, тіпті егер аталған бөлініс қисындық жағынан дәйекті жүргізіле алмайтын болған күннің өзінде, университеттік білім беруде практикалық баға берудің барлық мәселелері оқыту процесінен мүмкіндігінше алынып тасталуы тиіс. «Ә» пунктінде келтірілген көзқарасты өз басым қабылдауға болмайды деп санаймын. Маған ең алдымен біздің ғылымда жиі жасалатын нәрсе ­ практикалық баға беруді «саяси­ партиялық » және өзге сипаттағы баға деп бөлу, тек тыңдармандардан оларға сіңірілетін көзқарастардың практикалық маңызын жасырып қалуға ғана бағытталған бөлу одағай нәрсе болып көрінеді. Профессорлық кафедра туралы «бөліп­жармау құжырасы» ретіндегі түсінікке, демек, «қызу» пікірталастар отына май құятын мәселелерді аластау қажеттігі туралы көзқарасқа келер болсақ, онда бүл көзқарас (егер лекцияларда жалпы баға беруге жүгінсек) таза бюрократиялық сипатқа ие және әрбір тәуелсіз оқытушы одан бас тартады. Эмпириялық зерттеулерде практикалық баға беруден бас тарту мүмкін емес деп білетіндердің ішінде ең ыңғайлылары өз пікірлерін айтқанда тізгін бермей кететін ғалымдар, мысалы, Трейчке, ішінара Моммзен болатын. Өйткені нақ эмоциялық екпін тыңдарманға өз кезегінде оқытушының субъективті болып келетін бағасы оның баяндауына қай шамада едәуір бұлдырлық енгізетінін бағалауға, яғни оқытушының темпераменті табиғатына көне қоймайтын нәрсені оның өзінің жасауына мүмкіндік береді. Сол арқылы шынайы пафос өзінің жас жандарға ықпал күшін сақтайды, ал мұның өзі меніңше, университеттегі сабақта практикалық баға беру жақтастарының мақсаты болып табылады, олар тыңдаушылар санасында түрлі салалардың бытысып кетуіне жол бермеуге тырысады, ал мұның өзі эмпириялық мәліметтерді белгілеу және маңызды өмірлік мәселелерді шешу барысында белгілі бір практикалық позиция ұстануды талап ету бірдей самарқаулыққа шомдыратын барлық жағдайларда сөзсіз болып жатады. «А» пунктінде баяндалған көзқарас маған бірден­бір және оқытушы әрбір жекелеген жағдайда өзінің ненің таза логикалық түйін немесе таза эмпириялық жолмен белгіленетін факты екендігін және ненің практикалық баға беру сипатында екендігін тыңдаушыларына барынша анық түсіндіру, және де, ең алдымен, өзіне­өзі анықтап алу (бұл оның лекцияларының қызықтыру күшін кеміткен күнде де) өзінің тікелей парызы деп білетін кезде ғана жөн (және оның жақтастарының нақ субъективті позициясы тұрғысынан) болып көрінеді. Маған мұндай позиция, әрине, егер осында қарастырылып отырған салалардың айырмашылығын мойындар болсақ, интеллектуалдық адалдықтың тікелей талабы болып көрінеді; мұндай жағдайда бұл ­ талап етілетін нәрсенің абсолютті аз мөлшері. Кафедрада тұрып практикалық баға беруге (тіпті жоғарыда қабылданған ескертпемен ) жалпы бола ма деген сұраққа келер болсақ, ол өздігінен­ақ практикалық университеттік саясаттың сұрағы болып табылады, және, демек, ол нақты аталмыш индивид өзі берген бағаға сүйене отырып, университет алдына қойғысы келетін міндеттер ауқымында ғана шешіле алады. Бүгінде де университеттің басы міндеті және сол арқылы ­ университет оқытушысы деген өз біліктілігінің пәрменімен ­ өзінің тол міндеті адамдарды тәрбиелеу, олардың саяси, этикалық, эстетикалық, мәдени және өзге көзқарастарын қалыптастыру деп білетін адам университеттің роліне тыңдармандарға шынында да маңызды ықпал бүгінде университет аудиторияларында білікті мамандар хабарлайтын арнайы білімдер арқылы гана жасалады, және студенттер бойында тәрбиелеу керек бірден­бір өзіндік ерекше жақсылық «интеллектуалдық адалдық» деген фактыны (және оның салдарын) басшылыққа алатын адамнан мүлдем өзгеше қарайды. Бірінші көзқарасты, екіншісі секілді, барынша әрқилы позицияларға сүйеніп қабылдауға болады. Ал соңғысына (оз басым соны қолдаймын) келер болсақ, оның негізі «арнаулы» білім берудің маңызын шексіз жоғары да, тым төмен де бағалау бола алады. Осылайша, мысалы, аталмыш көзқарасты тіпті де барлық адамдарды осы сөздің тікелей мағынасындағы «таза мамандарға» айналдыру талпынысынан ғана ұстануға болады; керісінше, аталмыш көзқарастың жақтастары оны нақ әрбір адам өзі келуге тиіс соңғы, барынша жеке өмірлік шешімді арнаулы біліммен ­ оның маңызы жалпы ойлау тәртібі үшін ғана емес, жанама түрде жас адамның өз тәртібі мен бүкіл инсанияттық бейнесі үшін де қаншалық зор болғанымен ­ араластырып жібермеуге ұмтылатындықтан ұстанады, олар бұл міндеттердің шешімін тыңдарман профессордың лекциясынан сүзіп алғанын емес, өз ұжданынан тапқанын қалайды. Профессор Шмоллердің кафедрадан айтылатын баға беретін пікірлер туралы мәселедегі игі соқыр сенімі менің өз басыма оның өзі және оның достары жасауға қатысқан ұлы дәуірдің жаңғырығы ретінде әбден түсінікті көрінеді. Алайда, жас буын үшін таза нақты жағдайлардың бір маңызды пунктте қай шамада өзгергенін оның өзі де байқамай қалмас деп ойлаймын. Бұдан қырық жыл бұрын біздің пәніміздің ғалымдары арасында практикалық саясат саласындағы баға беретін пікірлер ең алдымен этикалық сипатта болуы керек деген кәміл сенім кеңінен таралған болатын (айтпақшы, бүл пікірді Шмоллердің өзі тіпті де толығымен қостамаған). Қазіргі кезде, оп­оңай байқауға болатынындай, жағдай мүлдем басқаша, және де ең алдымен тікелей университеттік сабақ беруде баға беретін пікір жақтастарының арасында жағдай басқаша ­ бұл фактыны анықтау қиын емес. Бүгіндері лекциялардағы баға беретін пікірлердің заңдылығы енді қарабайыр (салыстырмалы) әділет постулаттары өзінің негізделуі жағынан да, өзінің салдарлары жағынан да ішінара қарапайым болатын, ішінара (салыстырмалы) солай көрінетін, және ең алдымен (салыстырмалы) жеке кісілік болмайтын, өйткені алғаусыз жеке кісіліктен бір мәнді жоғары тұратын этикалық талаптар үшін жарияланбайды. Керісінше, қазір (сөзсіз болатын даму салдарынан) әңгіме «мәдени құндылықтардың» алабажақ жиыны туралы, олардың ту сыртында шындап келгенде мәдени дамудың барысына субъективті талаптар немесе ­ енді ашықтан­ашық ­ оқытушының «кісілік құқықтары» дейтіндер түр. Әрине, сәуегейліктердің барлық түрлерінің ішінде жеке тұлғалық сипаттағы осынау профессорлық сәуегейлік қана мүлдем төзуге болмайтындай сәуегейлік деген көзқарасқа ашулануға болады, алайда, оны жоққа шығару мүмкін емес ­ өйткені нақ сонда «практикалық бағалау» бар. Бұл дегеніңіз ­ бұрын­соңды болып көрмеген жайт қой, мұнда мемлекеттің сеніміне ие болған сансыз сәуегейлер жар салуға көшеде яки шіркеуде, әлде басқа бір жұртшылық жиналатын орында емес, privatim (лат. ­оңаша, бетпе­ бет) болса, өзін сектамыз деп мойындап, өз ілімін уағыздайтын әлдене діни сектаның сорпаның бетіне шығар жақтастары арасындағы емес ­ аудитория тыныштығында мемлекеттік артықшылықтармен күзетілетін, былай қарағанда объективті, ешкім бақылау жасамайтындай пікір­таласқа жол бермейтін, демек, мұқият күзетілетін жағдайда дүниетанымдық сипаттағы маңызды мәселелердің шешімін «ғылым үшін» ұсынуға ұялмайды. Заманында Шмоллер мына принципті: аудиторияларда болып жатқанның бәрі көпшілік пікірталастан қалуға тиіс деген принципті үзілді­кесілді қорғаған болатын. Бірқатар жағдайларда бұлай тәпсірлеу эмпириялық ғылым саласында да жағымсыз зардаптарға апарып соқтыратындығына қарамастан, «лекция» «баяндама» болмауға тиіс, лекциялық курстың қатаң объективтілігі мен салауатты ғылымилығы жұртшылықтың, мысалы, баспасөздің іске араласуынан зардап шегуі мүмкін, соның нәтижесінде педагогикалық мақсатқа қол жетпейді деген көзқарас, өзім де жөн көретін көзқарас қабылданған. Алайда мұндай бейбақылау артықшылығы әңгіме, біздіңше, профессордың таза кәсіптік біліктілігі туралы болғанда ғана орынды. Ал жеке сәуегейлікке келсек, бүл салада кәсіптік біліктілік деген жоқ, сондықтан да аталған артықшылықтың да болуы мүмкін емес. Ең алдымен, өзінің өмірде ілгері басуы үшін белгілі бір оқу орындарына түсуге және ондағы профессорлардың лекцияларын тыңдауға мәжбүр боған студенттің кіріптарлығын пайдаланып, оған тек шын қажетті білімдерді ғана беріп қоймай, оның қабылдау қабілеті мен ойлауына түрткі болып, оларды тәртіпке келтірумен ғана шектелмей, сонымен бір мезгілде қарсылыққа ұшырамай, өзінің көбіне шынында да едәуір қызықты (ал кейде үйреншікті ғана) «дүниетанымы» дейтінін сіңіруге жол беруге болмайды. Өзінің практикалық мұраттарын насихаттау үшін профессор, кез­келген басқа адам сияқты, өзге құралдарды оп­оңай­ақ пайдалана алады, ал бүл оған ұнай қоймаса ­ оларды өзінің ниетіне сай пошымда жасай алады, мұны осы тектес бірқатар адал әрекеттер айғақтайды. Профессорға, оның өз жағдайының пәрменімен, портфелінде маршалдың асатаяғы мен мемлекеттік қайраткер (немесе мәдениет реформаторы) өкілеттігін сақтап жүргендей болып көрінуге тырысудың керегі жоқ; алайда, өзінің мемлекеттік (немесе саяси­ мәдени) көзқарастарын насихаттауда ол нақ солай жасайды. Баспасөз беттерінде, жиналыстарда, алуан түрлі одақтарда, өзінің мақалаларында ол мемлекеттің әрбір азаматына ұғынықты кез­келген пошымда өзіне құдайдың әлде ібілістің бұйырғанын жасай алады (және тиіс те). Алайда бүгіндері аудиторияда оқытушы студентке ең алдымен, мыналарды үйретуге тиіс: 1) оның алдына қойылған қарапайым міндетті орындаудан қанағат табу қабілеті; 2) фактыларды, соның ішінде ­ бірінші кезекте ­ оның өзіне ыңғайсыз фактыларды мойындау, және де олардың анықталуын оларға баға беретін позициядан айыра білу; 3) ғылыми проблеманы оқып­үйрену барысында ара қашықтық ұстай білу, соның ішінде езінің талғамы мен басқа да қасиеттерін, өзінен сұралмайтындықтан, алдыңғы орынға шығару қажеттігін ауыздықтай білу. Меніңше, бүгіндері аталмыш талап бұдан қырық жыл бұрынғыдан әлдеқайда өзектірек, ол кезде бұл проблема осы пошымда жалпы болмаған да еді. Сол кездерде ешкім «кісі» дегеніңіз өзіне мүмкіндік берілген әрбір жолы, өзін көрсетіп қалмаса, өзіне нұқсан келтіреді деген мағынада «біртұтастық» екендігіне (солай болуға тиістігіне) ешкім сенбеген ғой. Әрбір кәсіптік міндетті шешу барысында әрбір нәрсе өзінің құқығы хақында мәлімдеп, өзіне тән заңдарды құрметтеуді талап етеді. Кез­келген арнайы мәселені қарастыру тұсында ғалым өзінің міндетін шектеп, іске тікелей қатысы жоқ нәрсенің бәрін, ең алдымен, өзінің сүйіспеншілігін немесе өшпенділігін ысырып тастауға тиіс. Күшті кісі кез­ келген жағдайда өзіне ғана тән «кісілік ауанда» мүддесін аңғарту арқылы өзін көрсете алады­ мыс деу жаңсақ. Нақ өскелең ұрпақ мынадай ойға: күн ілгері қабылданған шешімдер нәтижесінде «кісі бола» алмайсың және оған (бәлкім!) жалғыз ғана жол, атап айтқанда: әрбір жеке жағдайда «іс» қандай болғанына, содан туындайтын «күн талабы» қандай екендігіне қарамастан, соған бүтіндей берілу қабілеті қажет деген ойға қайтадан сенуін қалар едік. Арнайы объективті зерттеуге жеке сарындарды енгізу ғылыми ойлау мәнісінің өзіне кереғар. Кәсіптік көзқарас үшін өзіндік ерекше өзін­өзі шектеуден бас тарту дегеніңіз ­ өз «кәсібіңді» бүгіндері әлі орын алып отырған жалғыз мағынадан айыру деген сөз. Және де сәнге айналған осынау жеке кісіні пір тұту қай жерде — тақта, кеңседе немесе кафедрада ­ орнықпасын, ол сырттай қарағанда әрқашан дерлік өте әсерлі көріне тұрып, шындап келгенде барлық жерде ұсақ­түйек әрі іске зиянды нәрсе болып шығады. Кісіні мұндай пір тұту, бүкіл мағынасы оның «тұлғалық» сипатында жататын пір түту, осы арада әңгіме болып отырған біздің көзқарасымыздың қарсыластарының позициясына, сөзсіз ешқандай қатысы жоқ екендігін көрсетіп жатудың қажеті болмас деп ойлаймын. Олардың көзқарастарының өзгешелігі ішінара олардың лектор міндетін бізден басқаша түсінуінде, ішінара олардың тәрбиелеудің өзге мұраттарына, тәрбиелеу мұраттарын өз басым қадірлегеніммен, қабылдамайтын мұраттарына сүйенуінде жатыр. Алайда қаперге олардың ниет пиғылдарын емес, сонымен бірге олардың, онсыз да өзінің маңыздылығы туралы түсінікті асыра бағалауға дайын тұрған жас ұрпаққа өзінің беделімен заңдастырған сөзсіз ықпалын да алу керек. Қорытындыда кафедралардан жарияланатын (саяси) баға берудің қарсыластарының «баға беруден бостан» пікірлер принципіне, мұның үстіне өздері мүлдем түсінбеген принципке сілтеме жасауға ешқандай негізі жоқ екендігін тағы да көрсетіп жату талап етіле қояр ма екен, олар мәдениет пен әлеуметтік саясат мәселелері жөнінде университет аудиторияларынан тысқары жерлерде, жұртшылық алдында өтіп жататын пікірталастардың абыройын төгуге тырысады. Баға беретін пікірлерден мұндай жалған бостан жымысқы элементтердің даусыз тіршілік етуі, мұның үстіне солар біздің білім саласындағы мүдделілік бейнелейтін ықпалды топтардың мықты да мақсатты қолдауына ие элементтердің болуы, өздерінің ішкі мәнісінде шынында да тәуелсіз, «баға беретін пікірлерден жалған бостандық» көмегімен атап өтілген мимикрияға жүгінуге рұқсат бермейтін мақтаныш қазіргі сәтте кафедрадан жарияланатын баға беретін пікірлер принципіне адал күйінде қалып отырған бірталай ғалымдардың болу фактысын түсіндіреді. Өз басым, бұның бәріне қарамастан, дұрыс жолмен (менің пікірім бойынша) жүру керек және ғалымның университет қабырғасынан тысқары жерде орайлы жағдайда практикалық баға беруінің сүбелілігі, ол өзінің лекцияларында өзінің «тікелей міндеттілігі» шеңберін қатаң ұстанатыны белгілі болып қалса, тек арта түседі деп ойлаймын. Айтпақшы, айтылғанның бәрі практикалық құндылықтар өрісіне жатады да, сондықтан дәлелденбейді. Менің пікірім бойынша, кафедрадан баға беретін пікірлерді айту құқығын талап ету принципінде оны барлық партиялар жақтастары пайдалана алатын болғанда ғана дәйекті бола алар еді . Ал бізде бұл талаппен әдетте барлық (оның ішінде «ең шеткерілерінің» де) бағыттардың бірдей өкілдігі принципіне қарама­қарсы бірдеңе ұштастырылады. Мәселен, Шмоллер үшін, оның жеке көзқарасы бойынша, әрине, ол «марксистер мен Манчестер мектебінің өкілдері» университет кафедраларына ие бола алмайды деп мәлімдегенінде, өте орынды айттым деп есептейді. Дегенмен де ол нақ осы бағыттар ғалымдарының ғылыми еңбектерін елемей қою үшін жеткілікті әділетті болғанымен, әбден­ақ дәйекті болатын. Алайда бүл арада мен біздің аса құрметті мэтрмен тіпті де келісе алмаймын. Кафедрадан баға беретін пікірлер айту құқығын талап ете тұрып, бір мезгілде, осы талаптан тиісті қорытынды шығаруға келгенде университет ­ «мемлекеттік іске адал» шенеуніктер даярлауға арналған мемлекеттік мекеме деп көрсетуге болмайды. Бұлай түсінгенде, университет «кәсіптік оқыту мектебіне» емес (бұл дегеніңіз бірқатар оқытушылар үшін сұмдық азғындау болып көрінеді), тек діни реңксіз «рухани семинарияға» айналып кетер еді. Бірқатар жағдайларда шектеулер таза «қисындық» пайымдаулармен енгізілді. Мәселен, біздің ең танымал заңгерлеріміздің бірі социалистерді профессура қатарынан шығаруға қарсы екендігін білдіре келіп, құқық кафедрасын «анархистің» қарамағына беруді өзінің де мүмкін емес деп санайтынын білдірді, өйткені, дейді ол, анархистер құқықтың маңыздылығының өзін жалпы жоққа шығарады, оған бүл уәж бұлтартпастай болып көрінеді. Мен бұған тікелей қарама­қарсы пікірдемін. Анархист, сөз жоқ, құқықтың шын білгірі бола алады. Егер де ол сондай болса, онда оның бізге соншалықты үйреншікті шарттылықтар мен алғышарттардан тысқары тұрған «архимедтік нүктесі», ол өзінің объективті кәміл сенімінің (егер ол шынайы болса) пәрменімен қала беретін нүктесі оның күшіндегі құқықтың негізгі қағидаларынан, олар өздеріне тым үйреншікті адамдар байқай қоймайтын проблематиканы оның аңғаруына мүмкіншілік береді. Өйткені түбегейлі күмән ­ білім бұлағы. Дәрігердің міндетіне барлық жағдайларда ғұмырды ұзартуға талпыну керектігін «көрсету» жатпайтындығы секілді, дәл сол дәрежеде заңгердің де міндетіне тіршілік етуі «құқықтың» күшінде болуымен байланысты мәдени игіліктердің құндылығын «дәлелдеу» жатпайды. Мұның үстіне, заңгер де, дәрігер де өз қолындағы құралдармен оны жасауға дәрменсіз. Егер де мақсат кафедраны практикалық құндылықтарды талқылау орнына айналдыру болса, онда төте парыз аудиторияда нақ ең принципті мәселелерді барынша әрқилы көзқарастар тұрғысынан ешбір шектеусіз, еркін қарастыру құқығын беру болар еді. Бүл мүмкін бе? Қазіргі кезде саяси пиғылдар пәрменімен неміс университеттерінің жүргізуінен практикалық саясаттың ең елеулі де маңызды құндылықтық проблемалары алып жойылды. Ұлт мүддесін оның нақты институттарының бірін қалдырмай бәрінен жоғары қоятын адам үшін өзінің маңызы жағынан ең басты мәселе, мысалы, Германиядағы монархтың жағдайы туралы бүгіндері үстем болып тұрған пікір ұлттың ғаламдық мүдделерімен және сол мүдделермен байланыстырыла қарастырылатын соғыс пен дипломатия сынды құралдармен ауыл­үй қона ма деген сұрақ. Және тіпті де жаман патриот саналмайтындар мен монархияның жақтастарының өзі бұл сұраққа қазір теріс жауап беруге және терең өзгерістер болмаса аталған салалардағы баянды табысқа сенбеуге бейім. Бұл екі арада, ұлт үшін өмірлік маңызы бар бүл сұрақтар неміс университеттерінің қабырғасында еркін пікір­таластың пәні бола алмайтыны кеңінен белгілі. Практикалық саясаттың аса маңызды құндылықтық мәселелері кафедрадан еркін талқылана алмайтын кезде, ғалымның абыройы, меніңше, оған рахымы түсіп, қай бір құндылықтық мәселелерін талқылауға рұқсат етілген күннің өзінде, оның үнсіз қалуынан көрінуге тиіс. Алайда, қандай жағдайда да сабақ беру процесінде практикалық бағаларды айтуға бола ма, айтылуға тиіс пе, бүл орынды ма деген сұрақты, ол құндылықтардан туындайтындықтан дәлелденбейтін сұрақты әлеуметтану және саяси экономия сынды эмпиристік ғылымдарда баға берудің таза логикалық анықтамасымен ұқсастыруға болмайды. Бұл төл логикалық проблема бойынша пікірталасқа зиян тигізер еді, ол проблеманың шешімі өздігінен алғанда аталмыш мәселемен байланысты емес және тек толық айқындық пен гетерогендік проблемаларды лектордың анық бөліп көрсетуін қажет ететін таза логикалық талапқа жауап береді.

Читайте также:  Айтылған тарих материалдары дерек көзі ретінде

Оставить комментарий