Әлеуметтік байланыс табиғаты: Қазіргі альтернатива

Егер қазіргі дамыған қоғамдағы білім мәселесімен айналысқыңыз келсе, алдымен осы ретте пайда болатын методикалық әйгілену туралы мәселені шешу қажет. Өте қарабайырландырып айтқанда, ең кемінде соңғы елу жыл шамасында бұл әйгілену екі нұсқа арасында таратылған: қоғам функционалды тұтастықты қалыптастырады, қоғам екіге бөлінген. Біріншінің мысалы ретінде Уолкотт Парсонс есімін келтіруге болады (ең кемінде, оның соғыстан кейінгі көзқарастарын) және оның мектебін, екіншінің — марксистік ағымды (барлық оған кіретін мектептер, өздері қанша бөлектенсе де, таптар күресі принципін жөне әлеуметтік бірлікті жасайтын екіге бөлінушілік ретіндегі диалектиканы мойындайды). Дискурстардың екі үлкен тегін анықтайтын бұл методологиялық бөліну XIX ғасырдан туындайды. Қоғам онсыз қоғам болудан қалатын (жөне соның арқасында социология объектсіз қалатын) табиғи тұтастықты құрайды деген идея француз мектебінің негізін қалаушылардың санасында билік еткен; ол функционализм арқылы біраз түзетіледі; Парсонс 50­ші жылдары қоғамды өз­өзін реттейтін жүйеге теңегенде, ол өзге түрге енеді. Енді теоретикалық және тіпті материалдық модель ретінде тірі организм болмайды, ол өзінің қолдануы екінші дүниежүзілік соғыс барысында және оның аяғында кеңейткен кибернетика арқылы дәлелденеді. Парсонстың жүйелік принципі, егер бұлай айтуға рұқсат болса, әлде де оптимистикалық: ол қанағатшыл үкімет қоластындағы молшылық қоғамының даму экономиясына сәйкес. Қазіргі неміс теоретиктерінің жүйелер теориясы технократиялық және тіпті қара түнек демесек те, цинизмге толы: тұлғалар, немесе, топтар сұраныстары мен үміттерінің жүйе орнықтырған функциялармен гармониясы оның қызметінің тек қосымша құрамасы ғана; жүйенің нағыз мақсаты, ол өзін ақылды машина ретінде бағдарлайтын нәрсе, ол оның кіру және шығу глобалдарды қатынастарының оптимизациясы, яғни, оның перформативтылығы.

Тіпті, оның ережелері өзгеріп, инновациялар жасалғанда да, тіпті, мысалы, қарсы шерулер, немесе дағдарыстар, немесе жұмыссыздық, немесе саяси революциялар нәтижесінде оның дисфункциясы альтернативаға сендіріп, үміт тудыра алса да, мәселе тек ішкі қайта топтануға байланысты, және тек жүйе «өмірінің» жақсаруы оның нәтижесі бола алады, бұл перформацияларды жақсартудың жалғыз баламасы — энтропия, яғни, жоқ болу. Мұнда әлеуметтік теорияның социологиялық қарадүрсінділігіне ұрынбай, қоғамның осы «қатақ» технократиялық версиясы мен «дамыған либерализм» деп аталған ең дамыған индустриалды қоғамдардың өзін 60­шы жылдардан бастаған бүкіләлемдік экономикалық соғыстың қайта жандануының контекстінде конкуренцияға жарамдыға айналдыру үшін жасалған аскетикалық күшену арасында параллель орнатпай болмайды. Өзге жағынан, Конттан Люманға дейінгі ой дамуында жасалынған зор өзгерістердің бәрі сол бір бізге таныс әлеуметтіліктің идеясына тіреле берді: Қоғам бірлік нұсқасындағы тұтастық, «бірлік». Парсонс мұны айқын тұжырымдайды: «Жақсы динамикалық анализдің ең шешуші шарты, ондағы әрбір проблема тұтастық ретінде қарастырылған жүйенің ахуалымен үзіліссіз және жүйелі түрде салыстырылуға тиіс (…) Шарттардың процессі, немесе, ансамблі иә жүйені қолдауға үлес қосады, немесе ол жүйенің тұтастығы мен қуаттылығына қатысты қызмет көрсетуге қауқарсыз». «Технократтардың» идеясы да осындай. Оның сенім несиесіне ие болатыны да осыдан: өз болмысын жасауға құралы бола тұрып, онда дәлелдерді басқара алатын құралдар бар. Мұны Хоркхаймер парасаттың «паранойясы» деп атаған. Әйтсе де, жүйелі өз­өзін реттеудің реализмін және дәйектер мен пайымдаулардан мүлде жабық шеңберді олардың тартылысына принципті түрде жат бақылау нүктесіне иелік ету шартына сай болғанда ғана параноикалық санауға болады. Маркс заманынан қоғам теориясындағы таптар күресі принципінің қызметі осындай. Егер дәстүрлі теория әрқашанда әлеуметтік тұтастық бағдарламасында соңғының перформациясын оптимизациялаудың қарапайым құралы ретінде құрып кету қаупінде болса, олай болатыны оның унитарлы және тұтастыққа құмар ақиқатты қалауы жүйе басшыларының унитарлы және тотализацияға құмар практикасына сай. «Сыни» теория, ол принципиалды дуализмге сүйеніп, синтез бен келісімпаздықтан сескенгендіктен, бұл тағдырға ұрынбауы тиіс.

Читайте также:  ЖАҺАНДАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

Сөйтіп, марксизм қоғамның өзге моделін (және білім қызметінің өзге идеясын) басшылыққа алған. Бұл нұсқа капитализмнің дәстүрлі азаматтық қоғамдарды орнықтыруымен сапарлас тап күресінде туындайды. Мұнда соңғы ғасырдың әлеуметтік саяси және идеологиялық тарихын толтыратын барлық шытырман жағдайларын зейіндеу беймүмкін. Бүгін одан жасауға мүмкін нәтижені айтумен шектелейік, өйткені, олардың тағдыры белгілі: либералды немесе дамыған либералды билігі бар елдерде әлгі күрес пен оның органдары жүйенің реттеушісіне айналған; коммунистік елдерде, күрес өмірге хұқылығын жоғалтқан жаппайлану моделін және оның жаппай нәтижелерін марксизм атымен қайта жандандыру. Және барлық жерде түрлі атаумен — саяси экономияның критикасы (Маркс «Капиталының» толықтырушы аты осындай еді) және оның корреляты болған жаттанған қоғамның критикасы жүйелерді программалау нұсқасында пайдаланылды. Әрине, бұл процесстің барысында Франкфурт мектебі немесе «Социализм әлде жабайылық» сияқты кішігірім қоғамдастықтарда сақталды және жіктеле берді. Бірақ, жіктелу, тап күресі принципінің әлеуметтік негізі барлық өткірлігін жоғалтуға дейін өшіріліп, ақыр аятында, адамның биік намысын, немесе парасатты, немесе творчестволық қабілетті қорғауды «утопияға», «үмітке», немесе үшінші әлем, студент жастары сияқты критикалық субъекттің енді беймүмкін функцияларына арналған әлеуметтік категорияға дейін төмендетіп, өзінің теоретикалық мығымдылығын жоғалту қаупіне ұрынғандай. Біз мұның бәрін ұшқары түрде көз алдымызға елестеткеніміз дамыған индустриалды қоғамдағы білім туралы мәселенің проблематикасын дәлірек бағамдау үшін. Өйткені, егер ол орын алған қоғам жөнінде білмесе біліммен не істеліп жатқанын, яғни, оның бүгіндегі дамуы және таратылуын білу мүмкін емес. Және бүгін бұрынғыдан да бетер ол туралы бірнәрсені білу дегеніміз, ең алдымен, сауалдау тәсілін таңдау. Әлгі тәсіл бір уақытта жауап келтірудің де тәсілі. Білімнің басты маңызы коғам кызмет етуінің қажетті бөлігі болу деп шешу және оның орнына сай әрекет ету, қоғам қомақты машина деп шешкенде тана мүмкін. Керісінше, оның сыни қызметіне сену және осыған оның дамуымен таратылуын бағдарлау, егер оны біріккен тұтастық емес және ол әлде де талас тудыратын нәрсе деп шешкенде ғана мүмкін. Альтернатива айқын сияқты: әлеуметтіліктің біртектілігі, немесе ішкі екі нұсқалығы, білімнің кызметке бағышталуы, немесе, сыншылдығы, бірақ, шешім қабылдау — киын, немесе, қалай болса солай түрде қабылданады. Одан білімнің екі түрін ажырату арқылы қашуға тырысты: біріншісі, техникаларда, адамдарға немесе материалға қатысты өзінің қолдануын оңай табатын және әрқашанда жүйеге қажет өндіріс күшіне айналуға дайын позитивистік білім; өзгесі, құндылықтар мен мақсаттар туралы тура немесе жанама түрде сауалдап «қайта өңдеудің» кез келген түріне кедергі жасайтын сыни, немесе рефлексивті, немесе герменевтикалық білім.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРЕЙ ТЕАТРЫНЫҢ 1937 ЖЫЛҒЫ ДЕПОРТАЦИЯҒА ДЕЙІН ҚИЫР ШЫҒЫСТА ҚҰРЫЛУЫ

Оставить комментарий