Әлеуметтік байланыс табиғаты: Постқазіргі перспектива

Біз бұл ажырату шешіміне ермейміз. Біздіңше, ол шешуге тырысқан, бірақ оны әрқашанда қайталай беретін альтернатива бізді қызықтыратын қоғамға сәйкес болудан қалды және оның өзі постқазіргі білімнің ең өміршең түрлеріне сәйкес емес оппозициялар құру арқылы ойлау тәсіліне тән. Капитализмнің қазіргі кезеңіндегі экономикалық редупликация, техникалық және технологиялық мутациялардың қолдауымен, жоғарыда айтылғандай мемлекеттердің қызметтерінің өзгеруімен бірге келеді: осы синдромнан альтернативада көрсетілген тәсілдерді қайта қарауға мәжбүр ететін қоғам бейнесі қалыптасады. Мысалы, қысқаша айтсақ, реттеу және демек кайта өндіру қызметі әкімшіліктен алынып, автоматтарға беріледі. Енді дұрыс шешім кабылдау үшін көкейінде ұстауға тиіс ақпаратқа билік ету басты мәселеге айналады. Ақпаратқа билік ету түрлі сарапшылардың компетенциясына айналады. Басқарушы тап ретінде шешім қабылдаушы тап қала береді. Оны енді дәстүрлі саяси тап емес, өндіріс басшылары, биік мәртебелі қызметкерлер, үлкен профессионалды, профсоюз, саяси, конфессионалды ұйымдардың басшыларынан тұратын түрлі қатпарлар орнатады. Мұның жаңалығы, енді ұлт­мемлекеттер, партиялар, профессиялар, институциялар және тарихи дәстүрлер қалыптастырған бұрынғы тартылым шептері, өзінің тарту күшін жояды. Және олар, ең кемінде, өзінің өлшемінде өзге нәрсемен ауыстырылуға тиіс емес. Үш Континенттің Комиссиясы атышулы тартылым шебі емес. Ұлы есімдермен, қазіргі тарихтың қаһармандарымен идентификациялау барған сайын қиындай береді. Француз Президенті ұсынғысы келген «Германияны қуып жету» мақсаты өзінің отандастарында энтузиазм тудырмайды. Өйткені, ол шынында да өмірлік мақсатқа жатпайды. Соңғысы енді әрбіреудің пысықайлығына қалдырылған. Әркім өз­өзіне сілтейді. Және бір өзінің жеткіліксіз екенін әркім де біледі. Үлкен Әңгімелердің бұл жіктелуінен (оны біз әлде де көп зерделейміз) кейбіреулер әлеуметтік байланыстардың жоғалуы және социалды ұжымдардан мағынасыз Броун қозғалысына орналастырылған жеке тұлғалық атомдардың күрделі көпшілігіне ауысу шығады деп қауіптенеді. Түк те олай емес. Бұл «табиғи» қоғамды жоғалту туралы «жұмақ» ұғымнан туындаған жөнсіз көзқарас.

Өзі жеткіліксіз, бірақ ол бөлектенбеген (изоляцияланбаған) ол бұдан бұрынғы нәрселерден гөрі өте күрделі және жылдамды қатынастардың текстурасында алынған. Ол жас әлде кәрі, еркек немесе әйел, бай яки кедей және ол әрқашанда коммуникациялар торабы түйінінде тұр, тіпті олар шексіз аз болса да. Түрлі табиғаттағы хабарлар өтетін нүктелерге қойылған дегеніміз дұрыс. Және ол ешқашанда, тіпті, ең тиімсіз жағдайларда да оны тесіп өтіп, танитын билік ете алмайды емес, өзі адресант, адресат, немесе референт позициясында тұрса да. Өйткені оның тіл ойындары эффекттеріне қатысты орын ауыстыруына, ең кемінде, белгілі мөлшерде төзіммен қарауға болады, себебі олар жүйе өзінің тиімділігін жақсарту мақсатындағы әрекет ететін реттеулер және әсіресе үйлестірулермен бопсаланады. Жүйе етер ол өзінің энтропиясына қарсы күрессе және егер кездейсоқ «жағдайға» һәм осындай партнер немесе пәленше партнерлердің коррелятивті орын ауыстыруына сай талап етілген жаңалық жүйеге ол талап етіп, сіңіруден жалықпайтын осы перформативтілік қосымшасын енгізе алса. Енді қай перспективада жоғарыда проблемаға жақындаудың жалпы тәсілі ретінде тіл ойындары тәсілі ұсынылғаны түсінікті. Біз барлық әлеуметтік байланыстың осы тәртіпке бағынуын мақсат тұтпаймыз, бұл әлде де ашық сауал боп қала береді; бірақ, тіл ойындары, бір жағынан, қоғамның тірлік етуіне қажет қатынастардың минимумын құрайтынын дәлелдеу үшін робинзанадаға жүгіну қажет емес: өзінің дүниеге келу сәтінен адам баласы (мүмкін отан берген атына байланысты шығар?) өзінің антуражы туралы әңгімелейтін тарихқа қатынасқа қойылған, кейін ол бұл қатынасты зерделеуге тиіс. Немесе, одан да оңайлатайық: әлеуметтік байланыс туралы мәселе сауал ретінде тіл ойыны болады — сұраушыны, адресатты және сауалданған референтті тиісті орындарына қоятын сауалдау ойыны. Өзге жатынан, коммуникациялық құрамасы бір уақытта болмыс ретінде және проблема ретінде күннен күнге маңызданған қоғамда тіл аспектінің үстірт — бір жағынан манипуляциялық әңгімені және біржақты хабар жіберуді және өзге жатынан ерікті әйгілену мен диалогты дәстүрлі альтернативаға теңестіру арқылы — болса да, жаңа мәнге ие болуы бесенеден белгілі. Осы соңғы бап жөнінде бір ескертпе. Бұл проблеманы коммуникация теориясының қарапайым терминдерінде таңбалап, екі нәрсені ұмытады: хабарларға мүлде өзге формалар мен эффекттер тән. Соңғыларға байланысты олар, мысалы, денотативты, прескриптивты, бағалаушы, перформативты болады.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ

Демек, мәселе олардың тек ақпарат тарататындығында емес. Оларды осы функциямен шектеу басымдылықты жүйе көзқарасына және жалғыз соның мүддесіне әділетсіз беретін перспективаны қабылдау. Өйткені, ақпаратпен тек кибернетикалық машина жұмыс істейді, бірақ, мысалы оған программадан тыс берілген мақсаттар, прескриптивті және бағалаушы сөйлемдерге тәуелді және оларды ол жұмыс барысында түзей алмайды, мысалы, өз нәтижелерінің максимизациясын. Бірақ, әлеуметтік жүйе үшін нәтижелердің максимизациясы ең биік мақсат бола алатынына кепілдік беруге бола ма? Оның материясын құрайтын «атомдар» қалай болғанда да өзінің тұжырымдарына қатысты компетентті болады, жөне дәл осы мәселеде. Ал, өзге жағынан, өзінің қарадүрсін кибернетикалық версиясындағы ақпарат теориясы әлгі асты сызылған шешуші аспект — сайысшылдық аспектін сыртта қалдырады. Атомдар прагматикалық қатынастардың қиылысында орналастырылған, бірақ оларды тоқтаусыз қозғалыста тесіп өтетін хабарлармен орнынан ығыстырылған. Әрбір тіл партнері оны жанап өтетін «кездейсоқтықтардан» тысқары, қандай болмашы болса да, өзгеріске ұшырайды және тек адресат пен референт ретінде емес, сонымен қатар, сөйлеуші ретінде де. Бұл «кездейсоқтықтар» өздеріне қарсы соққы тудырмай қоймайды; және бәрі де тәжірибеден әлгі соңғылардың жақсы емес екенін біледі. Өйткені, онда олар тек қарсылас стратегиясында бағдарланған боп шытады. Олар оны аяқтайды да, тиісті күштердің қатынастарын модификациялауға қарсы жүреді. Осыдан күтілмеген соққыны (жаңа тұжырымды) жасау үшін орыннан ығыстырылудың күшеюі және тіпті дезориентациясы маңызды. Әлеуметтік қатынастарды осылайша түсіну үшін, оны қандай өлшем астында алса да коммуникация теориясымен қатар өзінің шарттарына агонистиканы (сайыс теориясын) кіргізетін ойындар теориясы керек. Және сонда бүл контексте талап етілетін жаңалық жәй тана «инновация» емес екенін ұғыну қиын емес. Лингвисттер мен тіл философтарын айтпасақ та, қазіргі буынның социологтарының көбісінде бұл тәсілді қолдайтын дәйектерді табуға болады. Осы тіл ойындары икемді тораптарындағы әлеуметтіліктің «атомизациясы» қазіргі шынайылықтан біраз алыс көрінуі мүмкін. Оны тіпті бюрократиялық артроз арқылы тежелген деп те айтуға болады. Ең кемінде, ойындарға шектеу салатын және, демек, партнерлердің соққылар материясындағы тапқырлығын шектейтін институттардың ауырлығына сілтеме жасауға болады. Бізді бұл аса қинай қоймайды.

Читайте также:  Мұхит Мералыұлы мұрасы

Дискурстың кәдімгі қолданысында, мысалы, екі достың дискуссиясында сұхбаттасушылар ойынды бір тұжырымнан өзгесіне өзгертіп, барлық күшін салады: бұл пікірсайыста сұрау, өтіну, айту, әңгімелеу — бәрі араласқан. Бұл пікірталаста ереже жоқ емес, бірақ оның ережесі тұжырымдардың ең аса икемділігін мүмкін етеді және қолдайды. Сөйтіп, бұл көзқарас тұрғысынан институцияның дискуссиядан әрқашанғы айырмашылығы: тұжырымдар оның негізінде қабылдану үшін ол қосалқы шектеулерді талап етеді. Бұл шектеулер дискурс ағынындағы фильтрлер сияқты әрекет етеді, олар коммуникация торабындағы мүмкін байланыстарды үзіп тастайды: олар туралы сөйлеуге болмайтын заттар бар. Және олар тұжырымдардың белгілі тобына артықшылық береді, кейде институция дискурсын сипаттайтын біреуіне тана: олар туралы сөйлеуге тиіс заттар бар және олар туралы сөйлеудің тәсілдері бар. Мысалы, армиядағы бұйрық, шіркеудегі жалбарыну, мектептердегі тәртіптеу, отбасындағы әңгімелер, философиядағы сауалдаулар, өндірістегі перформаттылықтардың тұжырымдары осындай… бюрократизация осы тенденцияның асқынған көрінісі ғана. Бірақ, бұл институция туралы гипотеза тым ауыр: ол институцияланғанның «таңдау» көзқарасынан туындайды. Бүгін біз институция «кездейсоқтықтар» арқылы тіл потенциалына қоятын шекараның ешқашанда орнатылмағанын білеміз (тіпті, ол оны формалды түрде орнатса да). Оның өзі одан гөрі институциялардың іші мен сыртына апаратын тіл стратегияларының алдын ала нәтижесі мен мақсаты. Мысалы: тіл эксперименті ойынының орны университетте ме? Министрлер кеңесінде әңгіме айтып отыруға бола ма? Казармада талап етуге? Жауаптары көпе­көрінеу тұр: иә, егер университетте творчестволық шеберханалар ашылса; иә, егер кеңес перспективты сценарийлармен жұмыс істесе; иә, егер жоғарғы басшылық солдаттармен кеңесетін болса. Басқаша айтқанда: иә, егер бұрынғы институцияның шекарасы орын ауыстырса. Және керісінше, олар қаншама мақсат болудан қалса, соншама орнықты болады. Біздіңше, білімнің қазіргі институцияларына осылай келу керек.

Оставить комментарий