Әлеуметтік хаос

Осы жұмысымызда біз әлеуметтік шындықтың қарастырылуына арнайы тоқталуды ниет етпейміз, себебі, іргелі принциптер қосымшасының мейлінше екінші дәрежелі саласы болып танылатындықтан, ол бізді тек жанама түрде ғана қызықтырады. Дәл осы екінші дәрежелілігі әлеуметтік деңгейді қазіргі ешбір жағдайда заманғы дүниедегі өзекті іс жай­күйін түзетуді бастағанда қолға алатын есебінен сала бола алмайды. Егер, әйтсе де, бұл түзету дәл осы әлеуметтік өрістен, яки, себептердің емес, салдарлардың түзетілуінен басталса да, оған ешқандай да салмақты негіздеме болмаған соң, ол ақыр­соңында, кезекті алдамшы қиял болып шығар еді. Таза әлеуметтік қайта құрулар ешқашан шынайы тұрақтылықтың орнауына алып келе алмайды және де, егер негіздік және абсолюттік (айрықша әлеуметтік шындық шегінен тыс) принциптерге қатысты бастапқы келісімнің қажеттілігін назардан жіберіп алар болса, бұл салада әр кез барлығын басынан бастап отыруға тура келеді. Сондықтан, біз өркениеттің саяси деңгейі басқа емес, берілген кезеңде жалпы қабылданған ой­машық типінің сыртқы ұжымдық көрінісі екендігіне нық сенімдіміз. Әйткенмен, біз қазіргі заманғы хаостың осы әлеуметтік өріске нәр беретін аспектілерін мүлде үнсіз айналып өте алмаспыз. Біз көрсетіп кеткендей, қазіргі ахуал тұсында Батыста оның ішкі табиғатына сай оның өзіне (Батысқа) тән орындарды ендігі жерде ешкім иеленбейді. Қазіргі заманғы дүниеде қасталық жүйенің жоқтығы турасында айтылғанда, дәл осы жайт назарда тұрады. Каста, осы терминнің дәстүрлі түсінілуінде, басқа емес адамның аса терең жекелік табиғатының және сол табиғатымен біте қайнасқан, әрбір адамды әлдебір міндеттерді атқаруға алдын­ала белгілейтін ерекше ыңғай­бейімдер жиынтығының көрінісі. Бірақ, бұл міндеттердің атқарылуы қатаң бекітілген (адамның касталық табиғатына негізделген) ережелерге бағынудан қалған бойда­ақ, осының шарасыз салдары ретінде әркім тек қана қолы жеткен жұмысты жасауға мәжбүр болатын, тіпті адам оған титтей де қызығушылық сезінбейтін, оны орындау үшін ешқандай ішкі біліктілікке ие емес жағдайда да солай болатын жай­күй орын алмақ. Адамның қоғамдағы ролі бұндай жағдайларда жалпы тіршілікте болмайтын кездейсоқтықпен 24 емес, бірақ кездейсоқтық көрінері бармен — ең алуан түрлі шартты және елеусіз факторлар жүйесімен айқындалады. Бұл ретте бірден­бір негіздік және терең мәнге ие фактор — біз адамдардың ішкі табиғатының принципті айырмашылығын назарда ұстап отырмыз — барша қалғандарынан неғұрлым аз ескеріледі. Дәл осы аса мәнді айырмашылықты терістеушілік, тұтастай әлеуметтік иерархияны терістеуге сөзсіз әкеп соқтыра, бүгінгі таңда Батыстың қоғамдық өмірін жайлаған күллі сол бір әлеуметтік хаостың шын мәніндегі себебі болып табылады. Бұл бастапқыда онша­мұнша саналы түрдегі терістеушілік болған жоқ және теориядан гөрі, іс­тәжірибеде іске асырылды, өйткені касталарды жоярдың алдында олар мидай араластырылып, ара жігі білінбей кетті немесе, басқаша айтар болсақ, барлық былық адамның туабітті жекелік табиғатының теріс түсінілуінен басталып, бұндай табиғаттың (сонымен бірге, онымен байланысты табиғи теңсіздіктің) болуы фактісінің өзі толық ұмыт болуымен аяқталды. Қалай болғанда да, бұл адамдардың ішкі табиғатының айырмашылықтарын терістеу «теңдік» атты принципке әкеп тірелген еді. Тепе­теңдік болуы мүлде мүмкін еместігін және оның тіршілікте қай­қайда да жоқтығын дәлелдеудің еш қиындығы жоқ, арыға бармай­ақ, себебі сол, тірлікте екі бір­бірінен мүлде айырмасыз, сөйте тұра, бір­бірінен мүлде өзгеше тіршілік иесі бола алмайды. Барлық істе де, соның ішінде жекелей алғанда, барлығы бірдей дәрежеде белгілі бір нәрселерді түсінуге қабілетті­міс және ол нәрселерді түсіндірудің бір ғана әдістері алалаусыз баршасына жарайды­мыс деген мүлде жалған алғышартты негіз ете, — жалпыға ортақ һәм барлығына бірдей оқу­білім арқылы адамдарға толық біркелкілікті артуға тырысушылықтың бірден­бір төркіні — осы бір сандырақ «теңдік» идеясының әр қилы оғаш салдарларын ашып көрсету әлдеқайда қиынырақ. Алайда, осы жерде атап өткен жөн, қазіргі заманғы оқу­білімде мәселенің мәні, ережеге сай, тіптен, әлдебір идеяларды оқушылардың «түсінгендігі» емес, оларды «жаттап алғандары» қадағаланатындығында жатыр. Бұл ретте зейін ой­сананы алмастырады, ал, айрықша ауызша әрі кітаби әлдене көрінетін оқу­білімнің өзі, қазіргі заманғы тұжырымдамаға сәйкес, өз маңызын жойған әрі бей берекет, шым­шытырық идеяларды жинақтаушылықты мақсат етіп қояды да, сөйтіп, сапа толығымен санға құрбандыққа шалынады. Қазіргі заманғы дүниенің барша қалған салаларындағыдай, бұл жерде де біз бытыраңқылық пен көптілікпен бетпе­бет келеміз. «Жалпыға ортақ оқу­білімнің» сорақылығы туралы көсіліп кең айтуға болар еді, алайда, біз бұны берілген жұмыс шеңберінде істей алмаймыз. Бұған қоса, «теңдік» принципін жекелей әлеуметтік салаға қолданушылықтан өзге, оны басқа салаларда да көптеген бұдан кем емес азған, сорақы қолданушылықтар бар; бұл ретте соңғыларының алуандығы соншалық, тіпті, оларды жай санамалап шығудың өзі орындалмас дерлік міндет болып табылады. «Теңдік» және «ілгерілеу» идеяларымен немесе, көпшілігі XVIII ғасырда қалыптасып қойған, қандай да бір басқа қазіргі заманғы догмалармен бетпе­бет келе отырып, біз, әлбетте, оларды аяқ астынан қауырт және өздігінен пайда болған деп ұйғармаймыз. Іс жүзінде бұл — сөздің ең тура мағынасындағы — «гипноздық әсердің» нәтижелері, әйтсе де, әрине, егер қоғамның өзі қандай да бір дәрежеде оларды қабылдаушылыққа әзір болмаса бұл идеялар ешқашан да ол қоғамға салмақты түрде әсер ете алмас еді. Дәл осындай идеялар қазіргі заманғы дүниетанымды туындатты деп айтуға болмас, бірақ, олар, еш күмәнсіз, бұл дүниетанымның орнығуына және оның, тіптен, шарықтау шегіне жетердей дамуына септігін тигізді, олардың көмегінсіз ол ондай дамуға жетпеген болар еді. Егер де бұл «иландырушылық» кенеттен өз күшін жоғалтқан болса, ұжымдық адамзаттық ой­машық бірден дерлік өзінің сапасы мен бағыт­бағдарын өзгерткен болар еді. Дәл осы себептен де бұндай «иландырушылық» өркениеттің қазіргі заманғы азғындаған халде сақталуына тікелей мүдделілер тарапынан және, әсіресе, оны бұрынғыдан бетер азғындатуға ұмтылушылар тарапынан қырағылықпен қолдау тауып отыр. Қазіргі заманғы адамдардың бәрі­бәрін пікірталас тақырыбына айналдыруға ұмтылысына қарамастан, бұл догмалардың жарыссөз нысандары болуынан мұқият түрде қорғалатындығы және, оған қандай да бір қисынды негіздемелер мүлде жоқ бола тұра, даусыз һәм абсолютті болып саналатындығы сондықтан емес пе екен? Бұған қоса, мұндай идеялардың насихатшыларының қай дәрежеге шейін шыншыл екендігін және қандайлық мөлшерде бұл адамдардың өздері құрған тұзаққа өздері түсетіндіктерін әрі басқаларды алдай отырып, ақыр­соңында, өз өтіріктерінің құрбаны болатындықтарын анықтау, тіптен, оңай емес. Бұндай жағдайларда дәл осы алданғандар, жалғанға шындап сенгендер жиі өзгелерді алдау үшін ең жақсы құрал болып қызмет етеді, себебі, өтірікті шын мәнінде туындатушыларға жалғандығы белгілі идеялардың растығына өз басының нық сенімділігін желеу қылу мейлінше қиын. Дегенмен де, бұндай иландырушылықтың бастауларында мұндай «гипноздық сеанстардың» прагматикалық мақсаттарына әбден­ақ есеп беретін, сондай­ақ, бұл идеялардың шынайы құнын өте жақсы білетін, өте­мөте саналы тұлғалар тұруы тиісті. Берілген жағдайда біз «идея» терминін аса шартты түрде пайдаланамыз, өйткені, бұл жерде біздің интеллектуалды салаға титтей де қатысы жоқ, ал, демек, қатаң түрде айтқанда, «таза идея» атала алмайтынмен бетпе­бет келетіндігіміз бесенеден белгілі. Бұл — «жалған идеялар» немесе, басқаша айтқанда, ең бірінші кезекте, адамдарда «сентименталды реакцияларды» оятуға арналған «псевдо­идеялар» — дәл осылардың көмегімен тобырға бәрінен оңай ықпал жасауға болады. Бұндай жағдайларда сөздерде тұнған идеялардан гөрі, сол сөздердің өздері неғұрлым маңыздырақ, содан да, қазіргі заманның табынарының көбі — басқа емес, сөздер. Жиі біз, «вербализм» сияқты кереметтей құбылыспен, тіпті, бетпе­бет келіп жатамыз, ал, оның мәні айтылатын сөздердің дыбысталуының өзі надан тыңдармандарда немесе оқырмандарда ой иллюзиясын туындататындығында жатыр. Бұл тұрғыда шешендердің тобырға етер ықпалы, әсіресе, көрнекті және, тіпті, «вербализм» феноменін арнайы талдауға салмай­ақ, бұл жерде сөз ең қарапайым және классикалық гипноз турасында болып келетіндігін оңай түсінуге болады. Әйткенмен, тақырыбымыздың бұл жақтарын талқылауды қоя тұрып, шынайы иерархия атаулыны терістеуден келіп шығатын салдарларға оралайық. Айта кетейік, адамның өзінің ішкі табиғатына сай функцияларды атқаратындағы жағдайлары қазіргі уақытта ерек, шетін жағдайлар болып табылады, ал, шынтуайтында, қалыпты жағдайда тура осыған қарама­ қарсылықты жағдай ерек, шетін жайт болып табылуы тиіс. Бұған қоса, бүгінде жиі бір ғана адам, құдды, ол өзінің қабілеттерін өз қалауынша алмастыра алатындай, бірінен соң бірі мүлде әр алуан функцияларды атқарады. Шегіне жеткен «арнайы мамандандырушылық» дәуіріңде бұл оғаш көрінуі тиіс еді, алайда, бұл саясат саласында, әсіресе, жиі кездесетін жайт. Былайша аталатын мамандардың кәсіби мағлұматтылығы көбіне таза алдамшы болып табылатындығына немесе, берісі, аса тар шеңбермен шектелгендігіне қарамастан, әйтсе де, адамдардың көпшілігі сол кәсіби мағлұматтылық дегенге сенеді. Бұл жағдайда сауал қойған жөн, неліктен мамандардың мағлұматтылығына деген бұндай сенім саясаткерлерге жүрмейді және де, неліктен оның мүлдем жоқтығы оларға келгенде мансап жолдарындағы тосқауыл қызметін атқармайды? Байыппен пайымдар болсақ, бұның, тегінде, таңқаларлық ештеңесі жоқ болып шығады, себебі, бұл жерде мәселе демократиялық тұжырымдаманың табиғи нәтижесінде жатыр, оған сәйкес билік төменнен келіп, көпшілікке негізделуі көпшіліктен тамыр тартуы тиіс, бұл кәсіби мағлұматтылық атаулыны жоққа шығаратындығымен ыңғайлы, өйткені, шындаса оның (кәсіби мағлұматтылықтың) бойында оны табиғи түрде азшылықтың игілігіне айналдыратын дәйім, ең болмағанда, шамалы басымдық элементі болады. Бұнда, бір жағынан, демократиялық идеяның негізінде жатқан бірқатар софизмдерді ашып, екінші жағынан, бұл идеяның тұтастай қазіргі заманғы дүниетаныммен байланысын көрсеткен жөн. Біздің ой­толғаныстарымыз бен берген бағаларымыздың негізінде жатқан өз жеке көзқарасымыздың қандай да болмасын партиялылықтан жоғары және өзекті саяси пікірталастарға тікелей қатысы жоқ екендігін арнайы баса көрсетудің қажеті шамалы болар. Біз тек қана әлдебір құбылыстарға тұғыр болған негіздемелерді аса айқындылықпен аңғаруға ұмтылып, кез келген басқа да тақырыпты қалай қарастырған болар едік, дәл солай берілген мәселелерді де жете әділ қарастырамыз. Іс жүзінде алғанда, қазіргі заманғы адамдарға осыншалық тән күллі демократиялық алдамшы ой­қиялдар біржола және мәңгіге сейілтілуі үшін, дәл осындай әділ және алалаусыз қарастырушылық аса қажет. Демократия идеясы жағдайында біз тағы да «иландырушылықпен» бетпе­бет кезігеміз, ол өзінің біз біраз жоғарыда сөз еткен формасындай­ақ, бұл жерде де айқын көрінеді. Әлдебір сенім қарапайым ғана иландырушылықтың нәтижесі ретінде танылғанда және ол иландырушылықтың әсер ету механизмі айқындалған кезде, оның өзі табан астында күшін жояды: бұндай бар болғаны әлдебір айрықша жекелік жеке бастық пікірлердің көрінісі болғандығынан, ешқашан ешкімге ештеңе дәлелдемейтін сентименталды декламациялар мен партиялық жарыссөздерден гөрі, мәселелерде алалаусыз және «объективті» (бүгінде кейбір неміс философтарының арнаулы терминологиясының ізін ала осылай айту сән болған) зерттеу әлдеқайда көп тиімді. Демократияға қарсы ең батыл дәйектерді былайша жеткізуге болады: жоғарғы төменгіден келіп шыға алмайды, себебі, аздан көпті, ал минустан плюсті шығару мүмкін емес. Бұл абсолютті математикалық ақиқат, оны терістеу, тіптен, мағынасыз. Бір айта кетерлігі, басқа салаға қолданымды дәл осындай дәлелді материализмге қарсы қолдануға болады. Және бұлайша демократияны материализммен жуықтатуда ешқандай күштеу жоқ, өйткені, олар, бір қарағандағыдай емес, өзара әлдеқайда тығыз байланысты. Өз билігін кімге де болсын сеніп бере қоярдай халықта билік жоқ деген шыныдай анық сөз болып табылады. Шынайы билік қашан да жоғарыдан келеді, міне, дәл осы себептен де, ол тек әлеуметтік өрістен биік тұрғанның мақұлдауынан, яғни, рухани биліктің мақұлдауынан ғана ресмилене алады. Олай болмаған жағдайда біз бар болған жоғары принциптің болмауынан ақтауы жоқ және жер­ жерде тек қана хаос пен бүліншілік себетін билікке еліктеушілікпен бетпе­бет келеміз. Шынайы иерархиялық рет­жосықтың бұзылуы мерзімдік билік рухани биліктен босанып шығуға немесе, тіпті, оны қандайда бір айрықша саяси мақсаттарға жету ниетімен өзіне бағындыруға ұмтылған кезден­ақ басталады. Бұл узурпацияның бастапқы формасы болып табылып, оның барша қалған формаларына жол ашады. Берілген жай­күйдің шындығын француз монархиясының үлгісімен оңай көрсетіп беруге болады, ол — француз монархиясы — XIV­ғасырдан бастап, онысын өзі де аңғарма, өз кезегінде, оның өзін де жойған Төңкерісті дайындаумен болды. Басқа бір тұста біз бұны егжей­тегжейлі түсіндіреміз, ал, дәл осы сәтте бұл фактіні жай ғана еске салумен шектелеміз 25 . Егер «демократия» сөзінің астарында халықтың толықтай өзін­өзі басқарушылығын, халықтың өз үстінен өзі басқаруын түсінетін болсақ, онда бұл еш мүмкін емес нәрсені, болымсыздықты білдіреді деген сөз және не біздің заманымызда, не қашан да болмасын басқа кезде еш болымды мән­мағынаға ие болмақ емес. Сөздер гипнозына берілмеген жөн: бір ғана адамдардың бір мезгілде және теңдей дәрежеде әрі басқарушы, әрі басқарылушылар бола алатындығы туралы ұғым­түсінік таза қайшылықты болып табылады, өйткені, егер аристотельдік терминдерді пайдаланатын болсақ, бір ғана тіршілік иесі бір ғана жағдайда бір мезгілде «акт» және «потенция» күйінде бола алмайды. Басқарушы және басқарылушы арасындағы арақатынас дәл осы екі полюстердің болуын қажеттілікпен діттейді: тіршілікте басқарылушылар басқарушыларсыз бола алмайды, тіпті, ол басқарушылар заңсыз болса да, олардың өз жеке бастарының дәмегөйлігінен басқа, билікке ешқандай өзге негіздері болмаса да, бұл солай. Бірақ, шын мәнінде қазіргі заманғы дүниені бақылауында ұстап отырғандардың бар әккі қулығы халықтарды өздерін өздері билейтіндігіне нандыру қабілетінде жатыр. Және де, көңілдеріне өте­мөте жағатын болған соң, халықтар бұған ықыластана сенеді, әрі­беріден соң, олардың іс­тәжірибе жүзінде де, дәл сондай­ақ, теорияда да мұндай іс ретінің болуы мүлде мүмкін еместігіне көздері жетердей жеткілікті интеллектуалды қабілеттері жоқ. Бұл алдамшы ой­қиялды қоздатып отыру үшін «жалпыға бірдей дауыс беру» ойлап шығарылған: заң көпшіліктің пікірімен бекітіледі деп тұспалданады, бірақ, бұл ретте неге екенін, бұл пікірді белгілі бір арнаға бағыттау немесе мүлдем өзгертіп жіберу оп­оңай екендігі дәйім назардан тыс қалады. Сәйкес иландырулар жүйесінің көмегімен бұл пікірге қалаған бағыттылықты дарытуға болады. «Пікірлер фабрикациясы» деген сөзді ең алғаш кім қолданғаны біздің есімізде жоқ, бірақ, ол берілген жай­күйді ғажап дәл сипаттайды, әйтсе де, қоғамдағы жағдайды сырттай бақылайтындардың еркінде әрқашан бұл үшін қажетті құрал­ тәсілдер бола бермейтіндігін де қосқан жөн. Соңғы айтылған ескертпе, неліктен, тіпті, ең жоғары лауазымды саяси қайраткерлердің толық кәсіби мағлұматсыздығы қоғамдағы іс жай­ күйі үшін, дегенмен шешуші маңызға ие еместігін түсінуге көмектеседі. Бірақ, біз бұл жерде «билік механизмі» деп аталатынның әрекет ету жүйесін әшкерелеуді ниет етпегендігімізден, тек қана осы саясаткерлердің мағлұматсыздығының өзі, біз жоғарыда айтқан, демократиялық алдамшы ой­қиялдың беки түсуіне қызмет ететіндігін атап өтейік. Бұған қоса, кәсіби мағлұматсыздық бұндай саясаткерлерге өзінің әу бастан көпшіліктің қатарына жататындай көрінушілігін бекіте түсу үшін, қандай да бір мәселе бойынша өз пікірін білдіру қажеттігі алдында міндетті түрде өзінің толық мағлұматсыздығын аңдатып алар көпшілікпен ұқсастығын дәлелдеу үшін қажет, өйткені қалың көпшілік қажеттілікпен мағлұматсыз адамдардан тұрады, ал, бұл осылай болғанда, өз пікірін тақырыпқа қатысты шын мәніндегі терең біліміне негіздейтін адамдар қашанда шарасыз түрде азшылықта болады. Сонымен, біз, тіпті көпшіліктің заңдарды өзі бекітуге мүмкіндігі барлығы жорамалы да аса терең адасушылық болып табылатындығын көрсеттік. Тіпті, егер бұл жорамал тек теориялық болып қалып, ешқандай шындыққа сәйкеспейтін болса да, бәрібір, қалайша бұндай пікір қазіргі заманғы дүниетанымда тамыр жібере алғандығын, қандай тенденцияларға септігін тигізетіндігін және қандай талап­мұқтаждықтарды (ең болмағанда, сырт көзге солай көрініп) қанағаттандыратындығын зерттеу қызғылықты. Берілген жай­ күйдің түбегейлі қауқарсыздығы біз атап кеткен аспектіден­ақ көрінеді: ақыл­ой қабілетінің жеткіліксіздігінің нәтижесі әлде қарапайым надандықтың салдары болып табылсын, мейлі, көпшіліктің пікірі мағлұматсыздықтың көрінісінен өзге ештеңе бола алмақ емес. Бұл жерде мысал ретінде «бұқаралық психологияға» қатысты кейбір бақылауларды және, әсіресе, тобырға бірлескен индивидуумдар арасында туындайтын менталды реакциялар ұжымдық психоз формасында көрініс табатындығы әрі олардың интеллектуалды сапасы тобырда жиналған иңдивидуумдардың жай ғана орта интеллектуалды деңгейіне емес, тіпті, олардың арасындағы ең төмен, өрісі тарларының деңгейіне сәйкесетіндігі сияқты кең таралған жайтты келтіруге болады. Біршама өзге контексте, сондай­ақ, атап өтері, кейбір қазіргі замандағы философтар демократиялық теорияны гносеологияға енгізуге тырысады және көпшіліктің пікірі интеллектуалды өрістің өзінде де шешуші болуы тиіс деп тұжырады. Бұл ретте «ақиқаттылық критерийін» олар, былайша аталатын, «қоғамдық келісімнен» немесе «әмбебап консенсустан» көреді. Тіпті, егер әлдеқандай мәселе бойынша адамдардың барлығы белгілі бір келісімге келеді деп ұйғарған күнде де, бұл әлі мұндай келісім ненің де болмасын ақиқаттығын дәлелдейді дегенді, тіптен, білдірмесе керек­ті. Бұған қоса, егер мұндай көзқарас­пікірлер біртұтастығы шынымен бар болса да (әйтсе де, бұл адам нанғысыз дерлік нәрсе, өйткені, нақты мәселе­сауал қандай болмасын, бұл тұрғыда мүлде ешқандай пікірі жоқ немесе әншейін ешқашан ол туралы ой толғап көрмеген адамдар қашан да табылады), оның ақиқаттығын іс жүзінде тексеру мүмкін емес, содан да оның баламалылығының айғағы һәм белгісі болып бар болғаны сол көпшіліктің, бірақ, нақты көпшіліктің, яғни, кеңістік пен уақытта қажеттілікпен шектелген, әлдебір топқа жататын көпшіліктің келісімі қалады. Бұл салада осы іспетті теориялардың шынайы интеллектуалды негіздемесінің жоқтығы неғұрлым бұнда сентименттер белсенді түрде әрекеттендірілген сайын, соғұрлым көрнектірек бола түседі — олай болатыны, дәл сол сентименттер саяси өріске қатыстының барлығында осыншалық маңызды роль атқарады ғой. Сентименттер, яки, сезімдер ықпалы — басқа бір жағдайлар тұсында бұл үшін жеткілікті интеллектуалды қасиеттерге ие адамдар еш қиындықсыз барабар түсінетін — белгілі бір заттардың түсінілуіне қомақты кедергі болып табылады. Эмоциялық серпіндер ойға бөгет болады және осы жайтты пайдалану бүкіл саяси манипуляциялардың әдеттегі айла­шарғысы болып табылады. Дегенмен, бұдан да тереңірек үңілейік: қазіргі заманғы өкімет уағыздайтын және сол өкіметтер өз билігін ақтаудың көзі көретін көпшілік туралы заңның мәнін құрайтын не? Бұл — материя және тұрпайы күш заңы, физикалық заңға барабар заң: оған сәйкес, өз салмағы жетелеген масса жолындағының бәрін басып­жапырып өтеді. Міне, осы жерде біз демократиялық тұжырымдама және материализм арасындағы түйісу нүктесін аңдаймыз және дәл осы тұстан берілген тұжырымдаманың қазіргі заманғы ой­машықта осындайлық тамыр жаюының себептерін іздеген жөн. Осы тұжырымдаманың кесірінен қалыпты ахуал толығымен асты­үстіне төңкершіп, іс жүзінде тек материалдық дүниеде ғана болатын көптіктің басымдығы орнайды 26 . Рухани дүниеде болса, және неғұрлым жинақтап алғанда да, әмбебап рет­жосықта иерархияның басында Біртұтастық тұрады, өйткені, дәл осы Біртұтастық, Бірлік әу бастағы принцип кейін көптік атаулы содан келіп шықпақ 27 . Осы Біртұтастық принципі назардан тыс қалған немесе терістелген бойда­ақ, тек қатаң түрде материяға үйлес таза көптік қана қалады. Бұған қоса, жоғарыда масса заңы және салмақ туралы айтқанда, біз «салмақ» ұғымын салыстыру үшін қарапайым мысал ретінде ғана қолданған жоқпыз. Мәселе мынада, физикалық күштер саласында, бұл сөздің ең әдеттегі түсінілуінде, салмақ құлауға ұмтылыс пен сығу тенденциясын білдіреді, бұлар дененің барған сайын шектелуін және, бір мезгілде, ұдайы ұлғаюшы көптілікті діттейді 28 , ол (көптік) берілген жағдайда ұлғая түсетін тығыздықпен көрсетілген. Дәл осы тенденция қазіргі заманғы дәуірдің сонау басынан адамдық белсенділік формасын айқындаған. Және айта кетерлігі, өзінің бір мезгілде бөлінуге және шектелуге қабілеттілігінің арқасында материя схоластикалық философия тарапынан «индивидуация принципі» деп аталған болатын. Бұл біздің осы талдауымыздың тақырыбы және индивидуализмге қатысты жоғарыда айтылғанның барлығын біріктіре байланыстыруға көмектеседі: демократиялық эгалитарлы тенденция яхуди­христиандық дәстүрде әу бастағы біртұтастықты бұзған «күнәкарлық» деп аталатын «индивидуализация» тенденциясына барабар 29 . Өзінің принципінен, бастауынан бөлек қарастырылатын және содан да ендігі біртұтастыққа келтірмейтін көптік әлеуметтік салада жалпылық туралы ұғым­түсініктен көрініс табады, ол жалпылық тек қана оны құрайтын индивидуумдардың арифметикалық жиынтығы ретінде түсініледі. Және түсініліп қана қоймай, іс жүзінде де бұндай жалпылық осыдан өзге ештеңе болып табыла алмайды, өйткені, ол бұл жағдайда индивидуалды деңгейден басым келетін ешқандай да принциппен байланысты емес. Бұндай жалпылық заңы болып тек қана көпшілік заңы, көп сандылық заңы қызмет ете алады әрі осыған, айналып келгенде, демократиялық идея негізделген де. Бұл жерде біз баяндаған тұжырымдардың барабар түсінілмеуі мүмкіндігі жайлы алдын­ ала ескерткеніміз жөн: қазіргі заманғы индивидуализм туралы айтқанымызда, біз оның тек қана дерлік интеллектуалды өрістегі көрінімдерін талдаған едік, содан да бәзбіреулерде әлеуметтік өрісте іс жайы біршама өзгеше деген әсер қалыптасуы кәдік. Шын мәнінде, егер «индивидуализм» терминін оның тар түсінілуі тұрғысынан алатын болсақ, индивидуумға жалпылық қарама­қарсы қойыла алады деген, әлеуметтік институттардың өркен жаюымен қатарласа, мемлекеттің өмірдің барлық саласына қарыштай енуі индивидуумға қарсы бағытталған тенденцияның белгісі болып табылады деген алдамшы ой туындауы мүмкін. Алайда, бұның шындыққа жанаспайтындығы сол, егер жалпылық индивидуумдардың қарапайым математикалық жиынтығы ретінде танылатын болса, бұл түрінде оларға қарама­ қарсы қойыла алмақ емес. Осыған теңдес, қазіргі заманғы ұғымдағы мемлекет те ендігі жерде ешқандай да жоғарғы принципті танытпайтын жай ғана бұқара өкілдігі болып қалған. Бұл ретте, индивидуализм біздің анықтамамызда дәл осы айтқан жоғарғы және индивидуалдылықтан жоғары принцип атаулыны терістеу болып табылады. Сондықтан, айрықша қазіргі заманғы дүниетанымда тамыр жайған әр алуан әлеуметтік тенденциялардың арасында тартыстар туындаса да, олар индивидуализм мен одан өзгеше әлдене арасындағы емес, қайта, қандай бетпердемен көрінбесін, сол бір ғана индивидуализмнің әр алуан формалары арасындағы тартыстар болып табылады. Және де, бұндай тартыстар көптікті біріктіруге қабілетті принцип атаулының жоқтығының кесірінен, сондай­ақ, индивидуализмнің өзі де әуел бастан­ақ бөліністі діттейтіндігі себебінен де, ешқашан дәл бүгінгідей соншалық жиі әрі ауқымды болмағанын байқау қиын емес. Бұл бөлініс жөне одан келіп шығатын хаос тұтастай алғандағы материалдық өркениеттің шарасыз салдарлары болып табылады, өйткені, материяның өзі бөлініс пен көптілік атаулының шын мәніндегі бастауы болады. Және, ең соңында, мәні элита идеясын терістеуде жатқан демократиялық тұжырымдаманың соңғы салдарын қарастыру қалады. «Демократияның» «аристократияға» қарама­қарсы қойылатындығы кездейсоқтық емес, себебі, шығу түр­тегі бойынша «аристократия» сөзі «ең жақсылар (таңдаулылар) билігі», «элита билігі» дегенді білдіреді. Элита өзінің әу бастағы мағынасында тек азшылықты таныта алады және де, оның интеллектуалды басымдыққа негізделетін күшінің, ал, дәлірек айтқанда, беделінің — өз логикасына сәйкес азшылықты көпшілікке, ал, демек, сапаның санға һәм элитаның қалың көпшілікке құрбан етілуін табанды түрде талап етуші демократия негізделетін сан күшімен ортақ ештеңесі жоқ. Сондықтан, шынайы элитаның бағыттаушы әсер­ықпалы, тіпті, оның өмірде бар болу қарапайым фактісінің өзі — әлбетте, ол шынымен­ақ тіршілікте бар болған жағдайда ғана өз функцияларын атқара алмақ — эгалитарлық тұжырымдамаларға, ал, демек, иерархия атаулыны терістеуге негізделетін демократиямен өз негізінде үйлеспейді (олай болатыны, түп негізінде демократиялық идея кез келген индивидуумды басқа индивидууммен алмастыруға болады, өйткені, олардың барлығы математикалық тұрғыдан тепе­тең деген ұйғарымнан бастау алады, осы математикалық тепе­тендікпен бар ұқсастық тәмам болады да). Шынайы элита тек интеллектуалды элита бола алады. Сондықтан, қазіргі заманғы демократия да ендігі интеллектуалдылық жоқ жерде ғана пайда бола алады, қазіргі заманғы дүние жағдайында осы жай­күй орын алған да. Алайда, ешқандай да теңдік іс жүзінде жоқ, болмайды да және баршасын бірыңғай деңгейге түсіру әрекеттеріне қарамастан, адамдар арасындағы айырмашылықтар ешқашан да соңына шейін жойылмайды. Бұл (демократия логикасының өзіне кереғар) алуан түрлі жалған немесе псевдо­иерархияларды ойлап шығаруға мәжбүр етеді, ал, олардың жоғары деңгейлері көбіне­көп бірден­бір жалғыз шынайы элита саналуға дәмелі келеді. Әрі осы жалған иерархия қашанда таза материалдық сипатты қатыстық және шартты негіздемелерге құрылады. Қазіргі заманғы қоғамдар бірден­ бір әлеуметтік өзгешелік ретінде тек қана материалдық жағдайдағы өзгешелікті, яғни, таза материалдық және сандық параметрді мойындайды, сөйтіп, бұл, өз негізінде материалдық және сандық; демократиялық режимдер жіберіп алатын бірден­бір жалғыз теңсіздік формасы болып табылады. Және тіпті, бұндай іс жай­күйіне қарсы шығатындар да, жоғары рет­ жосықты принциптерге ден қоюшылық болмағанның кесірінен, қайсыбірде, тіпті, осы өзекті жағдайды теріс арнада шиеленістіре түсіп, қазірде орын алған ауытқушылықты түзету үшін ешқандай әсерлі­әрекетті амал­тәсіл ұсынуға қабілетсіз. Міне, осы жерде күрес азды­көпті дәрежеде эгалитарлық тенденцияға ерекше көңіл бөлетін демократияның ер алуан аспектілері арасында өрістейді, дәл осылайша, басқа бір жағдайда сөз индивидуализмнің әр алуан аспектілері арасындағы күрес жайында болған. Іс жүзінде демократизм мен индивидуализм, айналып келгенде, бір­бірімен үйлеседі. Барлық осы ой­пайымдар қазіргі заманғы дүниедегі әлеуметтік жағдайдың мәнін айқын түсінуге және, сонымен бірге, әлеуметтік саладағы, осыған теңдес барша қалғандарында да, хаостан шығудың бірден­бір мүмкін жалғыз жолын көрсетеді: ол жол шынайы интеллектуалдылықты қалпына келтіру болып табылады, ал, шынайы интеллектуалдылық жаңа ақиқи шынайы элитаның кезекті қалыптасуына алып келуі тиіс. Қазіргі уақытта бұндай элита Батыста жоқ, себебі, бұл терминді бар болғаны шынайы рухани рет­жосық мүмкіншіліктеріне (потенциаларына) ғана ие бытыраңқы, бір­бірінен алшақталған элементтерге қатысты қолдануға болмайды. Бұл элементтер көбіне­көп тек норманы қалпына келтіруге деген тенденцияларды, ұмтылысты ғана танытады, бір осының өзі­ақ оларды қазіргі заманғы дүниеге қарсы әрекеттенуге мәжбүр етеді. Бірақ, рухани рет­жосықтың өзі емес, тек мүмкіншіліктері болғандығынан да, олар іс жай­күйіне қанша да болмасын тиімді әрі салмақты ықпал ете алмайды. Олардың барлығында дәстүр доктриналарын ақиқат білу жағы жетіспейді, ол доктриналарды, әсіресе, қазіргідей өзекті шектен тыс жайсыз жағдайларда, білім жеткіліксіздігін өте­мөте үзік­үзік, толымсыз түрде өтеуге қабілетті тек таза автономды интеллектуалды логикадан ғана келіп шыға, әншейін импровизация жолымен қайта жаңғырту мүмкін емес. Ақыр нәтижесінде, біз бар болғаны принциптерді білудің жетіспеушілігі және, қалыпты жағдайда дәстүрлі доктриналардың дәнекерлігімен жүзеге асырылатын, басқарудың жоқтығы кесірінен көбіне­көп бағыт­бағдарсыз басы бірікпеген әрекеттенушіліктерді көреміз. Қазіргі заманғы дүниеге тән шашыраңқылық, тіпті, оның қас жауларына да таралатын осы бір бытыраңқылық сол дүниенің өзін­өзі сақтау амалы десе болар еді. Бұл іс жай­күйі, әзірше қазіргі заманғы дүниеге қарсылық әрекет тек қана айрықша «қарабайырланған» өрісте жүріп тұрған кезде, шүбәсіз сақталады, бұл өріс қазіргі заманғы рух үшін табиғи және бірден­бір тиімді аумақ болғандығынан, оның дәйім сол рухқа берер жеке­дара артықшылықтары бар. Және де қазіргі заманғы дүниенің жаулары, өйткенмен, дәл осы сала аясында қалуды артық көретіндігі жайтының өзі сол дүние ықпалы олардың өздерін де шарпитындығын айғақтаса керек. Міне, неліктен, игі ниеттері еш күмән туғызбайтын көптеген адамдардың тек ілкі принциптерден бастау керектігін түсінуге қабілетсіз болатындығы және олардың өзекті жағдайларда шынайы өрі ғұмыры мәңгі ештеңеге қол жеткізу мүмкін емес әлдебір қатыстық, жекелей (әлеуметтік немесе қандай да бір басқа) өрісте өз күш­жігерлерін текке сарп етуді жалғастырып жүргендіктері. Шынайы элитада, егер ондай тіршілікте бола қалса, мұндай жекелік өрістерге тікелей араласудың немесе қандай да бір сыртқы іс­әрекеттерге қатысудың қажеттілігі болмас еді. Ол (элита) жұрттың көпшілігіне сезіп — білдірмей­ақ істер барысын басқарар еді де, ол осы неғұрлым көрінбестігінен, соғұрлым тиімді болар еді. Тиімді болуы үшін, тіпті де, ешқандай ақиқат интеллектуалдылықты талап етпейтін иландыру күші туралы жоғарыда айтылғанның барлығын еске түсірген жеткілікті. Міне, осы мысал бізге таза интеллектуалдылық пен таза руханилықтан тамыр тартқан өзінің ішкі табиғатымен үйлестікте одан да бетер көзге шалынбастан, құпиялы түрде әрекет ететін ақиқатында интеллектуалды элитаның ықпал­әсер күші қандайлық құдіретті болуы тиістігін елестетуімізге көмектеседі. Енді, міне, қазіргі заманғы дүниеге қарсы тұрушы элитаның осы интеллектуалды күшін көптік заңдарының ықпалымен бөлшектеп, алдамшы ой­қиялдар мен жалғандықтар өрісіне тарта берумен әлсіретудің орнына, керісінше, оның принциптің ұйым бірлігіне ұйым шоғырлануына мүмкіндік берген жөн болар еді, сонда ол, ерте ме, кеш пе, ақиқаттың өзінің күшімен теңдесуі тиісті еді.

Читайте также:  Есім салған ескі жол

Оставить комментарий