ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАДА САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Опубликовано Июль 15, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, тіршілік деңгейінің төмендеуі және экологиялық қолайсыздық халықтың, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштердің нашарлап, халықтың табиғи өсімі төмендеп, ауру-сырқау мен өлім-жітім көбеюде. Бұл, әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп төндіруде. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестенушілік пен адамгершілікке жат мінез-құлық кеңінен таралуда. Аурулар санының өсуі адамның болашағына қауіп төндіріп отырған жағдайда саламаттанудың пайда болуы заңдылық. Саламаттану ғылымы – аурудың алдын алуды, денсаулықты сақтау мен нығайту шараларын, саламатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады. Саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы істелініп жатқан жұмыстар: Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты тармағында “…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 44 әзірлеу” қажеттігі көрсетілген [1]. 1998 жылы қазан айында қабылданған “Халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі” мемлекеттік бағдарламаның 4-тарауында “Аурудың алдын алу дегеніміз – таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді,темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп сипаттама береді [2]. Күнделікті тіршілікте кез келген адам саналы түрде ұзақ өмір сүрсем екен деп қиялданады. Адам баласының денсаулығы және ұзақ өмір сүруі ең алдымен қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысына байланысты болып келеді. Адам өмірі қысқа емес. Солай десек те, адамзат қоршаған ортаның, яғни, табиғат құбылысының толық бұзылуы ең әуелгі оның жүйке жүйесін тоздырады. Жүйке жүйесінің бұзылуына әсер ететін келесі бір жағдай – жеке бастың саналы түрде денсаулығын бұзуы: атап айтқанда, адамның ішімдікке салынуы, тамақты уақтылы ішпеуі, нашақорлық сияқты зиянды әрекеттер адамның адами болмысын бұзып, өмірді қысқартады. Айталық, орыстың белгілі дәрігер ғалымы Н.М.Амосов – “Аурулар жайында көп жазылады, бірақ денсаулық туралы аз: 1. Аурулардың көбіне табиғат та, қоғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, сайып келгенде, өзінің қисынсыз қылықтарынан ауырады. 2. Медицинаға сене бермеңіздер. Олар көптеген ауруларды дұрыс емдейді, бірақ адамды сауықтырып жібермейді. Әзірше ол адамды сау болуға да үйрете алмайды. 3. Дені сау болу үшін адам саналы түрде өзінің жеке басымен үнемі шұғылданып отыруы керек. Бұл шараларды ештеңемен алмастыруға болмайды. Адамның санасының жетілгендігі соншалықты қабілетіне қарай өз денсаулығын әрқашан қалпына келтіре алады. 4. “Саналы түрде істеген ісі жеке бастың ынтасымен анықталады” – деген тұжырымдама жасады. Сол үшін әрбір адам өзі үшін, ғұмыр жасы ұзақ болу үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Олар: спортпен айналысу, бос уақытты тиімді пайдалану, дұрыс тамақтану, миды дұрыс қоректендіру т.б. Адам өзі үшін, ғұмыр жасы ұзақ болу үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Олар: спортпен айналысу, бос уақытты тиімді пайдалану, дұрыс тамақтану, миды дұрыс қоректендіру және т.б. Ғалымдар дұрыс тамақтанбау көптеген аурулардың пайда болуының себебі екенін дәлелдеген [3]. Аз қозғалу нәтижесінде жиі гиподинамия ауруларына ұшырайды. өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердің жұмысының бузылу себебі неде? Шамадан тыс көп тамақ ішу, дұрыс тамақтанбау семіздікке және салмақтың нормаға жетпеуіне әкеліп соғады. Семіру, көбінесе күнделікті өмірді дұрыс ұйымдастыра алмауға, калориялығы жөнінен организмнің жұмсаған қуат шығынынан асып түсетін тамақ ішуге байланысты болады. Сондықтан семіруге қолайлы жағдай туатын фактордің бірі – қозғалыстың аздығы болып табылады. Алкогольдік ішімдіктерді үнемі ішуде семіртеді өйткені ішімдіктің колориясы жоғары, ал оны ішкенде адамның тамаққа тәбеті артады. Семіргенде дененің массасы (салмағы) едәуір артады. Семіру 4 дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежеде дененің салмағы әдеттегі қалпынан 30% артық болады, екіншісінде 50% үшіншісінде — 100%-ке дейін, ал төртіншісінде100%- тен асып кетеді. Семірудің бірінші және екінші дәрежесі кезінде адамдардың еңбекке қабілеттілігі мен өмірлік белсенділігі өзгермейді, бірақ семірудің бір сатысы біртіндеп, екіншісіне ұласатынын естен шығармаған жөн. Зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен буынға салмақ түсуінің өсуі тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер туғызады. Қатты семіру тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінде де, өзгерістер туғызады, мұның өзі өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Тіпті семірудің бастапқы сатысының өзі организмге зиян: артық салмақ қант диабетінің, гипертониялық аурулардың, стенокардия мен миокард инфарктісінің, өтке тас байлану және басқа да бірсыпыра аулардың пайда болуына әсер етуі ықтимал. Тамақты мөлшермен ішу және дененің қимыл-қозғалысын арттыру семіруге қарсы күрестің негізгі әдісі болып табылады. Дегенмен салмағы артық адамдардың міндетті түрде дәрігерге қаралып, тамақтанудың тәртібі және емдік физкультурамен айналысу режимі жайлы. Ақыл – кеңес алғаны жөн, өйткені семіру эндокриндік өзгеріс салдарынан да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда әдеттегі рационның калориялылығын азайту және тағам құрамына сеңімді углеводтар мен жануарлар майын қоспау дұрыс болмай шығуы мүмкін. Дәрігердің ақыл-кеңесісіз, көбінесе семіздіктен зардап шегіп жүрген аураларға ұсынатын, ашығу күнін енгізуге болмайды. Әсіресе, емдік ашығуды және тәбетті төмендететін дәрілерді өз бетімен қолдану денсаулыққа өте қауіпті. Семірудің алдын алуды бала кезден бастаған жөн. Баланы аса тойғыза тамақтандыруға болмайды, оны әр түрлі тамақ ішуге, әр мөлшерде ішуге үйрету керек. Белсенді қимылдап, үнемі таңертеңгілік гимнастика № 1 (86) 2012 45 жасауға, физкультура және спортпен айналысуға дағдаландыру қажет. Әр адам өз салмағын қадағалап жүрген жөн. Егер салмақ өсе бастаса, онда тамақ мөлшері мен калориялылығын организмнің энергия шығынына сәйкес келмегендігін дәлелдейді. Бұл кезде рациондағы сеңімді углеводтар мен жануарлар майларының мөлшерін азайту керек. Тола бастаған кезде таразыға түсіп, салмақты қадағалап отыру керек, семірудің белгілері басталысымен-ақ, ең алдымен жоғары калориялы тағамдар ішіп-жеуді шектеп, дене еңбегімен айналысу қажет. Артық салмақтың алдын алу үшін: — дұрыс тамақтану режимін спортпен және емдік гимнастикамен үйлестіру қажет. Сонымен қатар белсенді қозғалған, табиғи суларда шомылған, бассейіндерде жүзу, денені шынықтыратын су процедураларын өткізу пайдалы; — біртіндеп аз калория тамақтануға, тамақтардың энергетикалық құндылығын төмендете отырып еттің, балықтың майлы емес түрлеріне, сүт және сүт өнімдеріне көшу; — құрамында қанты бар (балмұздақ, кондитерлік тағамдар) тағамдарды шектеу; — ас тұзын пайдалануды шектеу; — қара бидай, кебек нан мен өсімдік майларын пайдалану; — ашығу күнін (алма, айран, салат) жасау; — дене салмағын бақылау; — ащы, ысталған, бұрыш, қыша, ішімділікті ішуді шектеу; — артық салмақ байқалған кезде ашығу әдістемелерін пайдалану; — қосымша спорттың кейбір түрлерімен айналысу. Организмнің қоректік заттарға деген қажеттілігі калориямен өлшенеді. Қоректік заттардың ыдырауы кезінде организмнің өмір сүруіне (тамақ ішу, қозғалыс және басқаларына) пайдаланатын энергия бөлінеді. Калориялардың қажетті саны шығындалған энергияны жабу үшін және қоректі заттардың қорын жинауды қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл күніне 2050-2500 килокалорияны құрайды. Осылайша, тәулік қажетті коректік заттардың калориялығы есептелінеді. Тамақтың калориялығы тәуліктік шығынның 10%-нан аспауы керек. Егер тамақтың тәуліктік калориялығы энергия шығындарынан кем дегенде 300 ккал асып кеткен болса, онда организмде тәулігіне 15-30 гр. қорлық майдың жиналуы басталады, бір жыл ішінде бұл 5,4-10,8 кг.-ды құрайды. Егер дене массасы 15-20% нормадан асып кетсе, мұның өзі семіздік ауруы болып саналады. Семіздіктен арылу жолы — жеңілденген диета. Атақты американдық дәрігер Поль Брегг өз кітабында «Бірде-бір адам өлімнен қашып көрген емес, бірақ әрбір адам тамақтанудың белгілі бір гигиеналық ережелерін сақтай отырып, өз өмірін ұзарта алады» деген [5]. Азық- түлікпен бірге организмге келіп түсетін түрлі химиялық заттар мен ыдырау қалдықтарынан организмді тазалау үшін аптасына бір рет тәуліктік ашығуды жүргізген пайдалы. Ашығуды кешкі тамақтанудан келесі күнгі кешкі тамақтануға дейін өткізген жөн. Ол кезде тәулік бойы кез келген тамақтан бас тарту керек. Осы тәулік ішінде тек қайнатылған су немесе қою емес салқын май қолдануға болады. 24 сағат ашығудан соң жеңіл тамақ, жемістермен тамақтану қажет. 1 сағат бойы спорттың келесі түрімен айналысқан кездегі майдың ықтимал азаюы және энергияның орташа жұмсалуы 1-кесте. 1-кесте. Спорт түрі Энергиялық шығындар (к/кал-сағ.) Майдың ықтимал азаюды (грамм есебімен) Гимнастика 200-220 30 Жүру (5 км./сағ.) 220-250 34 Белсенді жүгіру (6 км./сағ.) 260 38 Жүзу 300-340 46 Шаңғымен жүру 600-320 88 Үстелдегі теннис 320-340 48 Үлкен теннис 400-500 54 Велосипед тебу (10-15км./сағ.) 260-360 48 Аэробика 300-360 48 Скакалкамен секіру 540 76 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 46 “Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге асырылы деп ұққан жөн” – деген екен Н.А. Добролюбов [4]. Саламатты өмір салты дегеніміз – әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос уақытында дем ала білуі, қысқасы, адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі. Саламатты өмір салтының маңызды элементі ретінде соңғы уақытта халықтың спортқа қызығушылығының артуына байланысты, халық арасында дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы сауықтыру және бастапқы оңалту жұмыстарын қамтамасыз ететін сауықтыру және оңалту орталықтарын, пунктерін, диагностика-консультациялық пункттер мен кабинеттерді ұйымдастыруда. Сонымен, еліміздің кез келген азаматы саламатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі, білімді, саламатты болуы міндетті.

Оставить комментарий

Загрузка...