Әлеуметтік реформалар жолымен социализмді енгізу

Бернштейн социалистік қоғамды жүзеге асырудың тарихи жолы ретінде «күйреу теориясын» мойындамайды. «Капитализмнің бейімделуі теориясы» көзқарасы тұрғысынан осыған жетелейтін жол қандай? Бүл сауалға Бернштейн тек тұспалдаумен жауап берді, ал Конрад Шмидт Бернштейн рухында неғұрлым егжей­тегжейлі жауап беруге тырысып көрді. Оның пікірі бойынша, «әлеуметтік реформалар жолындағы кәсіптік күрес пен саяси күрес өндіріс шарттарына қоғамның барған сайын күшейе түсетін бақылауына жетелейді» және заңдардың жәрдемі тұсында «капиталдың иесін, оның құқықтарын шектеу жолымен, барған сайын әкімгер рөліне дейін төмендете береді», ақырында, «өндіріске басшылық пен басқару капиталистен тартып алынбайды, оның қарсылығы доғарылады жөн оған өз меншігі өзі үшін барған сайын бүкіл құқынан айрылып бара жатқаны айқын болады» да, осылайша қоғамдық өндіріс біржолата енгізіледі. Сонымен, кәсіптік одақтар, әлеуметтік реформалар, және Бернштейннің пікірі бойынша, мұның үстіне мемлекетті саяси демократияландыру ­ социализмді біртіндеп енгізудің құралдары міне осылар. Кәсіптік одақтардан бастайық. Олардың басты функциясы ­ мұны 1891 жылы «Новая времяда» Бернштейннің өзі өзгелердің бәрінен жақсы дәлелдеген болатын ­ жұмысшы үшін капиталист жалақы заңын іске асырудан, яғни жұмысшы күшін аталмыш сәттегі базар бағасы бойынша сатудан тұрады. Кәсіптік одақтар пролетариатқа көрсететін қызмет олар оған әрбір аталмыш сәттегі базар конъюнктурасын өзінің мүддесіне пайдалану мүмкіндігін беруден тұрады. Бірақ конъюнктураның өзі, яғни, бір жағынан, өндіріс ахуалына тәуелді жұмыс күшіне сұраным, екінші жағынан, орташа жіктердің пролетарлануын және жүмысшы табының табиғи өсімінен жасалатын жұмыс күшінің ұсынымы, және, ақырында, еңбек өнімділігінің аталмыш дәрежесі ­ осының бәрі кәсіптік одақтар ықпалы өрісінен тыс жатады. Осының пәрменімен олар жалақы заңын жоя алмайды; олар ең әрі салғанда капиталистік қанауды, аталмыш сәт үшін «қалыпты» шекараға енгізе алады, бірақ оны, тым болмағанда біртіндеп жоюға мүлдем қабілетсіз.

Конрад Шмидт, осы заманғы кәсіподақ қозғалысынан, әрине, әлсіз бастапқы сатыны көреді және кәсіподақ ұйымдары кейін өндірістің өзін реттеуге барған сайын көбірек ықпал ете бастайды деп күтеді. Бірақ өндірісті реттеу дегенде екінің бірі ғана: не өндірістік процестің техникалық жағына араласу, не өндірістің өзінің мөлшерін белгілеу деп қана түсінуге болады. Осы екі мәселеде де кәсіптік одақтардың ықпалы қандай сипатта? Өндіріс техникасы жөнінде жекелеген капиталистің мүддесі капиталистік шаруашылық прогресімен және оның дамуымен әбден үйлесетіні айқын. Төл мүддесі оны техникалық жетілдіруге ұмтылдырады. Жекелеген жүмысшының позициясы, керісінше, оған тікелей қарама­қарсы: техникалық төңкеріс атаулы оған тікелей қатысы бар жүмысшылардың мүддесіне кереғар және жұмыс күшін құнсыздандыра, еңбекті неғұрлым қауырт, біркелкі және азапты ете отырып, олардың жағдайын тікелей нашарлатады. Және кәсіптік одақ өндірістің техникалық жағына араласа алатын болғандықтан, ол тек соңғы мағынасында, тікелей қатысы бар жекелеген жұмысшылар топтары мүддесі тұрғысынан қарекет жасай алатыны, яғни жаңаны енгізуге қарсы бола алатыны айдан анық. Бірақ мұндай жағдайда ол жалпы жүмысшы табының мүддесіне, оны азат ету мүддесіне қарекет жасамайды, өйткені оның мүддесі техникалық прогреспен, немесе, басқаша айтқанда, жекелеген капиталистердің мүддесімен сәйкеседі, демек, кәсіптік одақ, керісінше реакцияның қолшоқпарына айналады. Шынында да, өндірістің техникалық жағына ықпал етуге ұмтылыстарды біз кәсіподақ қозғалысының, Конрад Шмидт іздеп отырған болашағынан емес, өткенінен табамыз. Олар ағылшын тред­юнонизмінің, ол орта ғасырлық цехтық сарқыншақтардан әлі де арыла қоймаған, және, сипатты нәрсе, ол күні өткен «жақсы жұмысқа ие болу құқығы» принципін басшылыққа алатын неғұрлым әуелгі сатысының (60­ жылдарға дейін) ерекшелікті белгісі болып табылады. Кәсіптік одақтардың өндірістің көлемін және тауардың бағасын белгілеуге ұмтылысы, керісінше, неғұрлым кейінгі уақыттың құбылысы. Осындай әрекеттердің пайда болуын ­ ең соңғы уақыттарда ғана ­ онда да тағы да Англиядан ұшыратамыз; бірақ бұл ұмтылыстар да өзінің сипаты мен үрдісі жөнінен бұрынғылармен мүлдем бірдей.

Читайте также:  Герань гүлі туралы мәлімет реферат қазақша

Кәсіптік одақтардың тауарлық өндірістің көлемі мен бағасын белгілеуге белсене қатысуы неге саюға тиіс? Жүмысшылар мен кәсіпкерлердің тұтынушыларға қарсы одағына саюға тиіс, ол ортақ бәсекелес кәсіпкерлерге қарсы мәжбүрлеу шараларының көмегімен, дұрыс ұйымдастырылған кәсіпкерлер одағының әдістерінен ешбір кем түспейтін шаралар көмегімен қарекет жасайтын болады. Шын мәнінде бұл еңбек пен капиталдың арасындағы күрес емес, капитал мен жұмыс күшінің тұтынушы қоғамға қарсы ынтымақты күресі. Өзінің әлеуметтік сипаты жағынан бұл ­ реакцияшыл бастама, осының өзімен­ақ ол пролетариаттық азаттық күресіндегі бір белес бола алмайды, бұл таптық күреске тікелей кереғар бірдеңе. Өзінің практикалық маңызы жағынан бұл ­ утопия, ол, біршама ойлану көрсететініндей, өнеркәсіптің неғұрлым елеулі және әлемдік базарға өнім беретін салаларына ешқашан тарала алмайды. Сонымен, кәсіптік одақтардың қызметі, шынтуайтына келгенде, жалақыны көтеру және жұмыс күнін қысқарту жолындағы күреспен, яғни капиталистік қанауды базар шартына сәйкес реттеумен шектеледі; ал өндіріс процесіне ықпал, олардың өздерінің мәнісі бойынша, олар үшін мүлдем мүмкін емес. Ол­ ол ма, кәсіптік одақтардың бүкіл дамуы еңбек және басқа тауар базарының арасындағы тікелей қатынасты толық доғаруға бағытталған, мұның өзі Конрад Шмидтің пікіріне тікелей қарама­қарсы нәрсе. Аталмыш жағдайда ең сипатты факт мынадай: тіпті еңбек шарты мен өндірістің жалпы жағдайы арасында жалақының жылжымалы шкала жүйесі арқылы тікелей қатынас орнатуға енжар ұмтылыстың өзінің қазіргі кезде күні өтіп кетті және ағылшын тред­юниондары одан барған сайын көбірек бас тарта бастады . Кәсіптік қозғалыс, өз ықпалының нақты шекарасында да, капиталдың бейімделу теориясы топшылайтын шамада шексіз кеңейіп бара жатқан жоқ. Мүлдем керісінше. Әлеуметтік дамудың неғұрлым елеулі кезеңдерін қарастыра отырып, мына фактыны жасыруға болмайды: жалпылама, тұтас алған күнде де кәсіподақ қозғалысының күшті өрлеу заманына емес, өсе түсетін қиындықтары заманына беттеп келеміз.

Читайте также:  Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілек" романы. Толық нұсқа

Өнеркәсіптің дамуы шарықтау шегіне жетіп, әлемдік базарда капиталдың «төмендеу қисық сызығы» байқалып отыр екен, демек кәсіптік күрес екі есе қиындай түседі: біріншіден, жүмысшы күші үшін базардың объективті конъюнктурасы нашарлап барады, өйткені қазір байқалып отырғанындай, сұраным баяу, ал ұсыным, керісінше, тезірек өсуде; екіншіден, капиталдың өзі, әлемдік базарда айрылып қалған шығындарының есесін қайтарып алуға ұмтыла отырып, жұмысшы үлесіне тиесілі өнімге қол сұғуды барған сайын күшейте түсуде. Жалақыны төмендету пайда нормасын құлдыраудан тежеудің неғұрлым пәрменді құралдарының бірі ғой. Англия бізге кәсіподақ қозғалысының екінші сатысы басталуының картинасын береді. Онда ол барған сайын, қажетіне қарай, қол жеткізгенді жай ғана қорғап қалуға саюда, бірақ соның өзі күн өткен сайын қиындай түсуде. Істің көрсетілген жалпы барысының екінші жағы саяси және социалистік таптық күрестің өрлеуі болуға тиіс. Тарихи перспективаның терістігі мағынасында осындай қателікті Конрад Шмидт әлеуметтік реформа жөнінде де жасайды, бүл реформадан ол «жұмысшылардың кәсіптік коалицияларымен қол ұстаса отырып, капиталистер табына шарт қояды, соңғылары жұмыс күшін сол шарт бойынша алады» деп күтеді. Әлеуметтік реформаны осы мағынада түсіне отырып, Бернштейн фабрикалық заңдарды «қоғамдық бақылаудың» бір бөлігі, демек, социализмнің де бір бөлігі деп санайды. Конрад Шмидт еңбекті мемлекеттік қорғау туралы айтатын барлық жерінде «қоғамдық бақылау» деген сөз тіркесін пайдаланады, мемлекетті қоғамға соншалық ойдағыдай айналдырып алып, сонымен көңілін жайлайды да, «яғни даму үстіндегі жұмысшы табы» деп қосып қояды; осындай операцияның көмегімен герман бундестратының еңбекті қорғау туралы кінәратсыз қаулысы герман пролетариатының социалистік өтпелі шараларына айналып шыға келеді.

Бұл арада мистификация көзге ұрып тұр. Өйткені осы заманғы мемлекет ­ даму үстіндегі жұмысшы табының «қоғамы» емес, капиталистік қоғамның өкілі, яғни таптық мемлекет. Сондықтан ол жүргізіп отырған әлеуметтік реформалар да тіпті де «қоғамдық бақылаудың», яғни еркін жұмыс істейтін қоғамның төл еңбек процесін бақылауының көрінісі емес, капиталдың таптық ұйымының капиталдың өндірістік процесін бақылауының көрінісі. Әлеуметтік реформаның табиғи шекарасы да осы арада, яғни капиталдың мүддесі шегінде жатыр. Алайда, Бернштейн де, Конрад Шмидт те қазіргі кезде бүл арадан да «әлсіз бастапқы сатыны» көреді де, болашақта әлеуметтік реформалар жұмысшы табының пайдасына шексіз дамиды деп үміттенеді. Бірақ олар бұл орайда да, кәсіптік қозғалыс шексіз өсе береді деп топшылаған кезіндегідей, қателікке ұрынып отыр. Әлеуметтік реформалар жолымен социализмді біртіндеп енгізу теориясы капиталистік меншіктің де, мемлекеттің де белгілі бір дәрежеде объективті дамуын топшылайды, ­оның сүбелі жері де осы. Олардың біріншісіне келсек, Конрад Шмидт ез схемасында топшылайтынындай, болашақ даму «капитал иесін, оның құқықтарын біртіндеп шектеу жолымен оны әкімгер рөліне дейін төмендетуге» салады. Өндіріс құралдарын бірден және кенеттен экспроприациялау мүмкін емес дегендей, Конрад Шмидт біртіндеп экспроприациялау теориясын жасайды. Осы мақсат үшін қажеті алғышарт ретінде ол меншік құқығын «жоғарғы меншікке» және «пайдалану құқығына» ыдырату теориясын құрастырады, сөйтіп олардың біріншісін «қоғамға» ұсынады, және, оның пікірінше, бұл меншік барған сайын ұлғая беруге тиіс, капиталистің қолындағы екіншісі бірсыпыра уақыт өткеннен кейін жай ғана басқаруға айналуға тиіс. Егер осынау түзілім елеулі ештеңесі жоқ, жай әншейін сөз сапыру болса, біртіндеп экс­проприациялау теориясы жалаң сөз күйінде қала береді, ал егер ол құқықтық дамудың елеулі схемасы болса, онда ол мүлдем қате.

Читайте также:  ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙДАҒЫ КОНФУЦИЙШІЛДІК ІЛІМІ

Өзінің капиталды «біртіндеп экспроприациялау» теориясын дәлелдеу үшін Конрад Шмидт жүгінетін меншік құқығын онда бар әртүрлі құқықтық өкілеттіктерге бөлшектеп жіберу ­ феодалдық натуралдық шаруашылық қоғамына тән, онда өнімді әртүрлі қоғамдық таптардың арасында бөлу заттай пошымда, феодал мен оның құзырындағылардың арасындағы жеке қатынас негізінде жүргізілетін. Меншіктің әртүрлі бөлікке ыдырауы қоғамдық байлықты бөлудің аталмыш ұйымдастырылуын алдын ала бейнелейтін. Тауарлық өндіріске көшуге және өндірістік процеске жекелеген қатысушылардың арасындағы барлық жеке байланыстардың жойылуына орай, керісінше, адам мен заттың арасындағы қатынас ­ жеке меншік нығая түсті. Бөлу жеке қатынастың негізінде емес, айырбас жолымен жасалатын болғандықтан, қоғамдық байлыққа қатысуға жекелеген құқық ортақ затқа меншік құқығы бөлшек күйінде емес, әркім базарға шығаратын құндылыққа орай өлшенетін болды. Орта ғасырлардағы қалалық қауымдарда тауарлық өндірістің пайда болуына ілесе келген құқықтық қатынастардағы алғашқы төңкеріс, меншікті бөлуге негізделген феодалдық құқықтық қатынастар аясында абсолютті тұйық жеке меншіктің пайда болуы еді. Капиталистік өндірісте бұл даму өзіне одан әрі жол ашты. Өндірістік процестің қоғамдастырылуы тереңдеген сайын, бөлу процесі де таза айырбасқа көбірек сүйене берді, жеке меншік неғұрлым қол сұғылмайтын және тұйық бола түсті және капиталистік меншік өз еңбегінен алынған өнімге құқықтан бөтеннің еңбегін таза иеленіп кету құқығына айнала берді. Капиталист фабриканы өзі басқарып тұрған кезде бөлу белгілі бір дәрежеде оның өндіріс процесіне тікелей қатысуымен байланысты болды. Фабриканттың жеке басқаруы басы артық нәрсе бола түскен сайын (ал акционерлік компанияларда бүл қазірдің өзінде орын алған факт), ­ болу тұсындағы дәменің негізі ретіндегі капиталға меншік өндірістегі жеке қатынастан мүлдем ажырап, өзінің таза және тұйық күйінде көрінеді. Акционерлік және өндірістік кредиттік капиталда капиталист меншік құқығы тұңғыш рет өзінің толық дамуына қол жеткізді.

Оставить комментарий