ӘЛЕУМЕТТІК­ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ­ САЯСИ ТАНЫМНЫҢ «ОБЪЕКТИВТІЛІГІ»

Әлеуметтік ғылымдар саласында, әсіресе, әлеуметтік саясат саласында жаңа журнал пайда болғанда немесе оның редакциясының құрамы өзгергенде бізде әдетте ең алдымен оның «тенденциясы» туралы сұрайды. Біз де осы сұраққа жауап бермей тура алмаймыз және кіріспемізде айтылған ескертпелерге қосымша, аталмыш мәселенің қойылуының өзіне неғұрлым принципті баса назар аудармақшымыз. Сол арқылы «әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеулердің» бірқатар қырларының ерекшеліктерін біз өзіміз түсінетін тұрғыдан ашып көрсету мүмкін болып көрінеді; әңгіме «өзінен өзі белгілі» нәрселер туралы өрбитіндігіне қарамастан, айтпақшы, бәлкім, нақ сондықтан бүл, мамандар үшін болмаса да, ғылыми жұмыс практикасынан алшақтау оқырман үшін пайдалы болуы мүмкін. «Барлық елдердің әлеуметтік жағдайы» туралы, яғни әлеуметтік өмір фактылары туралы біздің білімімізді кеңейтумен қатар, дүниеге келген сәтінен бастап «Архивтің» негізгі мақсаты практикалық проблемалар жайында пікір айта білу қабілетін тәрбиелеу және, демек, жеке адамдар ретінде ғалымдар сондай мақсатты іске асыруға жәрдемдесе алатын өте мардымсыз шамада ­ заң шығарушылық сипаттағы факторларға дейін әлеуметтік­саяси практиканы сынау болатын. Сонымен бірге, алайда, «Архив» әу бастан тек ғылыми зерттеулер құралдарын пайдаланатын таза ғылыми журнал болуға ұмтылды.

Аталмыш мақсатты тек жалғыз аталған құралдармен қалай ұштастыруға болады деген сұрақ амалсыз туындайды. Аталмыш журналдың беттерінде заң шығарушылық пен басқару шаралары туралы немесе сол саладағы практикалық кеңестер туралы сөз болатындығының қандай мәні бар? Ондай пікірлердің негізіне қандай нормалар алынуы мүмкін? Автор өзінің пайымдауларында ұсынатын немесе өзінің нақты практикалық ұсыныстарының негізі етіп алатын бағалардың маңыздылығы қандай? Ол ғылыми зерттеу шеңберінен шықпайды деп қай мағынада санауға болады, өйткені ғылыми танымның нышаны оның қорытындыларының «объективті» маңыздылығы, яғни ақиқат қой. Біз әуелі осы жөніндегі көзқарасымызды айтып алып, содан кейін мәдениет туралы ғылымда «объективті маңызды ақиқат» қай мағынада жалпы бар деген мәселеге көшпекпіз. Біздің ғылымның үстірт қарағанда ең қарапайым деген проблемаларына, ол қолданатын зерттеу әдістері, ұғымдарды қалыптастыру және олардың маңыздылығы секілді проблемаларына көзқарастардың ұдайы өзгеріп отыратындығына және солар төңірегінде қатты күрес жүріп жататындығына байланысты аталмыш мәселені айналып өтуге болмайды. Біз шешім ұсынбаймыз, қайта журналымыз өткенде өзінің алдына қойған мақсатын ақтап, болашақта оны сақтап қалсын десек, ол назарын аударып отыруға тиіс проблемаларды көрсетуге тырыспақпыз. I Бәріміз білеміз, біздің ғылым, мәдениеттің институттарымен, процестерімен айналысатын басқа да ғылымдар (бәлкім, саяси тарихтан басқасының барлығы), тарихи тұрғыдан алғанда практикалық көзқарастардан өсіп шықты.

Оның ең таяу және бастапқыда бірден­бір мақсаты мемлекеттің белгілі бір саяси­экономикалық шараларына баға беретін пікірлерді талдап әзірлеу болады. Ол медицина саласында клиникалық пәндер қандай болса, дәп сол мағынада «техника» болды. Ондай жағдайдың, «бар» мен » бар болуға тиістіні» тану ісінде принципті бөлініс бола қоймағанымен, бірте­бірте өзгере бергендігі де мәлім. Бұған шаруашылық процестер табиғаттың өзгермейтін заңдарына тәуелді деген пікір де, олар бір мәнді эволюция принципіне тәуелді, деген пікір де жәрдемдесті, демек, бар «болуға тиісті» бір жағдайда сөзсіз «бармен» ұқсасса, екінші жағдайда ­ сөзсіз «бола бастағанмен» ұқсасады. Тарихқа ықыластың оянуына байланысты біздің ғылымда этикалық эволюционизмнің тарихи релятивизммен ұштасуы орнықты да, ол өзінің алдына мәдени құндылықтардың бүкіл жиынтығын «инсаният» саласына енгізу арқылы соның мазмұнын анықтау және сонысымен, саяси экономияны эмпиристік негіздегі «этикалық ғылым» деңгейіне көтеру үшін этикалық нормаларды олардың формалдық сипатынан айыру мақсатын қойды. Мәдени мұрат атаулының бүкіл жиынтығына «инсаният» мөрін басып, бүл бағыттың жақтастары этикалық императивтердің өзіндік ерекше маңызын жойып тынды, бірақ сол мұраттардың «объективті» маңыздылығы мағынасында ештеңе ұта алған жоқ. Бұл арада әрқилы көзқарастарды принципті ажырату бола алмайды және болуға да тиісті емес.

Біз тек мына бір фактыны көрсете кету керек деп санаймыз: осынау бұлдырлау позиция бүгін де сақталып отыр, қазір де практикалық қайраткерлер арасында ­ бүл түсінікті де ­ саяси экономия, таза «экономикалық көзқарасқа» сүйене отырып, баға беретін пікірлерді талдап әзірлейді және солай етуге тиіс те деген пікір кең таралған. Арнаулы эмпириялық пән өкілі болып отырған біздің журнал аталмыш мәселе жөнінде принципінде теріс позиция ұстануға мәжбүр, өйткені біз мынадай пікірдеміз: кейіннен практикалық қызмет үшін рецептер шығарылатын міндетті нормалар мен мұраттар жасау эмпириялық ғылымның міндеті емес. Айтылған лебізден қандай қорытынды шығаруға болады? Сөз жоқ бүл дегеніңіз баға беретін пікірлер ғылыми пікір­таласта жалпы орын алмауға тиіс деген сөз емес, өйткені олар сайып келгенде белгілі бір мұраттарға негізделген және сондықтан да өзінің тегі жағынан «субъективті». Біздің журналдың бүкіл практикасы және мақсатының өзі аталмыш тезисті ұдайы теріске шығарып отыру еді ғой. Сын баға беретін пікірлерден қаймықпайды. Мәселе мынада: мұраттар мен баға беретін пікірлерге ғылыми сынның маңызы неде, оның мақсаты қандай? Бүл мәселе егжей­тегжейлі қарастыруды талап етеді. Парықталған адами қарекеттің соңғы элементтері туралы толғаулар әрқашан «мақсат» пен «құралдар» категорияларымен байланысты. Біз бірдеңеге не «оның өздігінен­ақ құнды болғандығы үшін», не оны әлдене мақсатқа жетудің құралы деп білетіндіктен in concreto (нақты) ұмтыламыз.

Ғылыми зерттеуге құралдардың алға қойылған мақсатқа сәйкестігі проблемасы ең алдымен және шүбәсіз тән. Біз (өз біліміміздің шеңберінде) аталмыш мақсатқа қандай құралдардың сай келетіндігін және қандайының сай келмейтіндігін анықтай алатын болғандықтан, сол арқылы біз қолымызда бар белгілі бір құралдардың көмегімен жалпы белгілі бір мақсатқа жетуге болатынын салмақтай аламыз және сонымен бір мезгілде, тарихи жағдайға сүйене отырып, мақсаттың қойылуының өзін, аталмыш жағдайда оны практикалық тұрғыдан парықталған немесе парықсыз мақсат жоқ деп сипаттап, жанамалап, сынай аламыз. Біз сондай­ақ егер белгіленген мақсат бізге жүзеге асыруға болатын секілді көрінсе әрине, әрбір аталмыш белестегі біздің біліміміздің шеңберінде ­ талап етілетін құралдарды қолданудың, алға қойылған мақсатқа эвентуалды қол жеткізумен қатар, қандай салдарлары болатынын анықтай аламыз, өйткені дүниеде болып жатқанның бәрі өзара байланысты. Содан кейін біз қарекет жасайтын адамға осынау көзделмеген салдарлардың өз құлқының өзі көздеген салдарларымен арақатынасы қандай болатындығын таразылау мүмкіндігін береміз, яғни алға қойылған мақсатқа қандай «құнмен» қол жетеді, басқа құндылықтарға шамамен қандай соққы беріледі деген сұраққа жауап береміз. Басым көпшілік жағдайларда әрбір мақсатқа сондай құнмен қол жететіндіктен немесе дәл сондай құнмен қол жеткізіле алатындықтан, бойында жауапкершілік сезімі бар барлық адамдар белгілі бір қарекеттің мақсаты мен құралдарының арақатынасы қандай болатынын таразылау қажеттігін елемей тұра алмайды, ал мұны мүмкін ету ­ біз осы арада қарастырып отырған техника көмегімен жасалатын сынның аса маңызды қызметтерінің бірі.

Читайте также:  СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА РУХАНИ ТƏРБИЕ БЕРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Ал осындай таразылау негізінде қабылданған шешімге келетін болсақ, ол ­ ғылымның міндеті емес, оз тілегінің пәрменімен қарекет жасайтын адамның өзінің міндеті; ал әңгіме болып отырған құндылықтарды таразылап, олардың арасынан өзінің ұжданы мен өзінің дүниетанымының әміріне қарай таңдау жасайды. Ғылым тек қарекет атаулы және әрине, белгілі бір жайттарда ­ қарекет жасамау да қорытындысында белгілі бір құндылықтық позиция ұстану жөніндегі шешімге саятынын, ал сол арқылы (оны бүгіндері елемеуге жұрт ерекше құмар), міндетті түрде, басқа құндылықтарға қарсы тұруға саятынын оның санасына жеткізе алады. Таңдау жасау ­ әркімнің өз шаруасы. Біздің қолымыздан келетіні ­ адамға оның ұмтылатын нәрсесінің маңызын түсінуге көмектесетін білім беру, оны қызықтыратын және ол ең алдымен нақты мақсаттың негізінде іс жүзінде немесе долбар бойынша жататын «идеяларды» анықтау арқылы олардың өзара байланысы мен маңызына, одан арғы эволюциядағы олардың логикалық байланысына қарай олардың арасынан таңдау жасайтын мақсаттарды көре білуге үйретеді. Мәдениет және онымен байланысты адамдар өмірі туралы әрбір ғылымның ең елеулі міндеттерінің бірі ­ айналасында шынында да немесе жорамал бойынша күресіп жүрген және әліге дейін күрес жүріп жатқан «идеяларға» рухани бойлап, солардың мәнісін түсінуге ешқандай күмән болуы мүмкін емес қой. Бүл «эмпириялық нақты болмысты ойша реттеуге» ұмтылатын ғылымның шеңберінен шықпайды, дегенмен, рухани құндылықтарды осылайша тәпсірлеудің құралдары аталмыш сөздің әдеттегі түсінігінде «индукциядан» әлдеқайда шалғай жатады.

Рас, бұндай міндет, бері салғанда ішінара белгілі бір арнаулы салаларға қабылданған бөлінуінде қатаң экономикалық ғылымның шекарасынан асып жатады ­ бүл арада әңгіме әлеуметтік философияның міндеттері туралы болып отыр. Өйткені әлеуметтік өмірде идеялардың билігі тарихтың бүкіл он бойында күшті болғанын және солай болып қалып отырғаны соншалық, біздің журнал бұл проблеманы елеусіз қалдыра алмайды; ол­ол ма, сол проблема оның ең маңызды міндеттері шеңберінде әрқашан бола береді. Баға беретін пікірлерді ғылыми тұрғыдан қарастыру алға қойылған мақсаттар мен олардың негізінде жатқан мұраттарды түсінуге және соған жанашырлық танытуға жәрдемдесу ғана емес, сонымен бірге, оларды сыншылдық тұрғысынан таразылауға да үйрету. Алайда, бұл сын өзінің табиғаты жағынан тек диалектикалық сын бола алады, яғни ол баға беретін пікірлер мен идеялардың тарихи мәліметтерінің негізінде жатқан материал туралы тек формалды­логикалық пікір беруге, мұраттарды индивид алға қойған мақсатта ішкі кереғарлық қаншалық жоқтығы тұрғысынан тексеруге ғана қабілетті. Сол мақсатты алға қоя отырып, бұндай сын индивидке оның талап­тілектерінің негізінде жатқан соңғы аксиомалардың мәнісін, ол санасыз түрде сүйенетін немесе, дәйекті болғысы келсе, сүйенуге тиіс құндылықтардың аса маңызды параметрлерін түсінуге көмектесе алады.

Нақты баға беретін пікірлерден өзінің көрінісін табатын осынау параметрлерді санаға жеткізу ­ ғылыми сынның жалдаптық саласына аяқ баспай жасай алатын соңғы нәрсесі осы. Өзінің пікірін ортаға салатын субъект өзінің аталған құндылықтық параметрлерге қатыстылығын мойындауға тиіс пе, бұл мәселені оның өзі шешпек. Бұл тәжірибеден туындайтын білімнің емес, оның өзінің ары мен ұжданының шаруасы. Эмпириялық ғылым ешкімді ол не жасауға тиіс екендігін үйрете алмайды, ол тек оның нені жасай алатындығы мен белгілі бір жағдайларда нені жасағысы келетіндігін ғана көрсете алады. Рас, әрқилы адамдардың дүниеге көзқарастары біздің ғылымдар өрісіне, тіпті, біздің ғылыми уәждерімізге ұдайы килігіп, оған беймәлімділік тұманын төндіреді, осының салдарынан зерттеу нәтижелері өзінің мұраттарын іске асыру мүмкіндігіне қалай ықпал ететіндігіне, яғни мұндай жағдайда белгілі бір тілектерді жүзеге асыру мүмкіндігі ұлғаятындығына немесе кемитіндігіне қарай ғылыми дәлелдердің көз жеткізерлік күші (тіпті әңгіме фактылар арасындағы қарапайым каузалдық байланыстарды анықтау туралы болғанда да) әртүрлі бағаланады. Бүл тұрғыдан алғанда біздің журналдың редакторлары мен қызметкерлеріне де «пендешіліктің ештеңесі жат емес». Алайда, адами әлсіздікті мойындау ­ бір бөлек те, саяси экономия «этикалық» ғылым екендігіне және оның міндетіне өзіңнің төл материалдарының негізінде мұраттар жасау яки сол материалға жалпы этикалық императивтерді қолдану арқылы нақты нормаларды жасау жататындығына сену ­ мүлдем бөлек нәрсе.

Біздің құлқымызды анықтайтын, біздің өмірімізге мағына мен маңыз беретін, нақ «кісінің» аса терең қатпарларын, ең жоғары, әлдене ортақ маңызды соңғы мұраттар түрінде ортақ бөлгіш жасап шығару біздің ғылымның да, жалпы қандай да болсын, эмпириялық ғылымның да міндеті бола алмайды; ондай міндет іс жүзінде жүзеге аспайтын нәрсе ғана емес, өзінің мәнісі бойынша да өрескел нәрсе болып шығар еді. Және этикалық императивтердің негізделуіне немесе иландыра алу сипатына қалай қарасақ та, жеке адамның нақты шартталған қарекеттерінің нормасы секілді, олардан, дау жоқ, бір мәнді міндетті мәдени мазмұн шығара алмайсың; және бұл мүмкін еместік әңгіме болып отырған мазмұн неғұрлым кең болса, соғұрлым сөзсіз нәрсе болып шығады. Тек позитивті діндер ­ дәлірек айтсақ, өзінің сипаты жағынан догматтық секталар ғана ­ мәдени құндылықтар мазмұнына даусыз маңызды этикалық өсиеттер абыройын бере алады. Олардың шегінен тыс жерлерде индивид жүзеге асырғысы келетін мәдени мұраттар мен ол орындауға тиіс этикалық міндеттемелер бір­бірінен мүлдем принципті өзгешеленеді. Таным дарағы жемісінің «дәмін татып көрген» мәдени дәуірдің тағдыры мыналарды түсіну қажеттігінен құралады: дүние­ ғаламның мағынасы, қандай мінсіз зерттеу болса да, онымен ашыла қоймайды, ол мағынаны біз өзіміз жасауға жегілгенбіз, «дүниетаным» ешқашан дамып келе жатқан тәжірибелік ғылымның жемісі бола алмайды және, демек, бізді бәрінен көп толғандыратын асқар мұраттар, барлық замандарда өзінің көрінісін басқа мұраттармен күресте ғана таба алады, ол мұраттар басқалар үшін, біздікі өзімізге қандай болса, дәл сондай қастерлі.

Читайте также:  Адам өміріндегі тілдің алатын орны

Тарихи дамуды релятивистік түсінудің салдары ретінде кейде пайда болатын оптимистік синкретизм ғана заттардың мұндай жағдайының сұмдық елеулілігін не теориялық қисындардың көмегімен, не оның практикалық зардаптарынан айналып өтіп елемеуге жол бере алады. Өз­өзінен белгілі, кейбір жеке жағдайда, практикалық саясаткердің субъективті парызы кереғар көзқарастар жақтастарының арасындағы ара ағайындық та, олардың қайсы біреуінің жағына шығуы да бола алады. Алайда ғылыми «объективтілікпен» мұның үш қайнаса сорпасы қосылмайды. «Орта жол» ең шетін оңшыл немесе солшыл партиялардың мұраттарынан ғылыми ақиқатқа сынық сүйем де жақын емес. Жағымсыз фактылар мен өмірлік нақты болмысты бүкіл өткірлігімен байқағысы келмейтін жерде ғылым мүдделері сайып келгенде бәрінен кем рөл атқарады. Бірқатар партиялық көзқарастарды синтездеу немесе оларды шама­шарқы бірдей деп орналастыру арқылы ғылыми маңыздылыққа ие практикалық нормалар алуға болады­мыс дейтін қауіпті өзін­өзі алдаумен күресуді Архив» өзінің бұлжымас міндеті деп санайды, өйткені төл құндылықтық ауқымдарын релятивтендіруге және бүркемелеуге жиі ұмтылатын мұндай позиция объективті зерттеу үшін бұрынғы партиялардың оз догмаларының ғылыми «дәлелденетіндігіне» аңғырт сенімінен әлдеқайда көбірек қауіпті. Білім мен баға беретін пікір арасын ажырата білу қабілеті, өзінің ғылыми борышын ­ фактыларда бейнеленген ақиқатты көру борышын және өзінің практикалық қызмет борышын ­ өзінің мұраттарын табандап қорғау борышын орындау ­ біздің ең таяу міндетіміз осылардан құралады.

Уәж келтіру біздің сезімімізге, мәдениеттің нақты практикалық мақсаттарынан, пошымдарынан және мазмұнынан шабыт алу қабілетімізге, ал әңгіме этикалық нормалардың маңыздылығы туралы болса, біздің ұжданымызға сілтеп қозғау сала ма, немесе ол біздің эмпириялық нақты болмысты эмпириялық ақиқат ретінде маңыздылықтан дәмете алатын тәсілмен ойша ретке келтіруге біздің қабілетіміз бен қажеттігімізге қозғау сала ма ­ барлық замандардағы айырмашылық осы, біз үшін бәрінен маңыздысы да нақ сол айырмашылық. Аталмыш қағида, практикалық мүдде саласындағы аталып кеткен асқақ «құндылықтардың» мәдениет туралы ғылымдар саласында ойлау қызметін ретке келтіретін бағыт үшін қашанда шешуші маңызы болғанына және әрқашан солай болатындығына қарамастан, (біз алда көретініміздей) күшінде қала береді.Мына бір факт дұрыс және әрқашан дұрыс болып қала береді: әлеуметтік ғылымдар саласындағы әдістемелік тұрғыдан әдепті ғылыми уәж, егер ол өзінің мақсатына жеткісі келсе, тіпті ол материалдың жеткіліксіздігінен көрсетілген мақсатқа толық жете алмайтын болса да, қытай да дұрыс деп мойындайтынындай болуға тиіс, дәлірек айтсақ, бері салғанда, соған ұмтылуға тиіс. Ілгерілей түссек, мұратты оның мазмұнын және соңғы аксиомаларды логикалық талдау, содан туындайтын логикалық және практикалық қорытындыларды анықтау, егер уәж мойын бұрғызбайтын болса, қытай үшін де, ол біздің этикалық императивтерімізге «саңырау» бола алғанымен, және, әрине, мұраттың өзі мен одан туындайтын нақты бағаларды теріске шығаратын болғанымен, бірақ бұл орайда ол ғылыми талдаудың құндылығын теріске шығармайтын болса, маңызды болуға тиісті. Әрине, біздің журнал мәдени өмірдің мағынасын бір мәнді анықтаудың тұрақты да тежелмес әрекеттерін елемей тұра алмайды.

Керісінше, мұндай әрекеттер нақ осы мәдени өмірдің аса маңызды жемісі ғой, және де көбіне жағдай туғанда оның аса маңызды қозғаушы күштерінің санатына кіреді. Міне, сондықтан, біз «әлеуметтік­философиялық» толғамдар барысын осы мағынада да жіті қадағалап отыратын боламыз. Ол­ол ма, біз мынадай бір алдын­ала кесіп­пішілген пікірден тым аулақпыз: ол пікір бойынша эмпириялық жолмен алынған мәліметтерді теориялық тұрғыдан реттеу және дүниені метафизикалық тұрғыдан түсіндіру шеңберінен шығатын мәдени өмірді қарастыру, нақ сонысымен­ақ таным өрісінде алға қойылған міндеттерді шеше алмайды. Ондай міндеттер қай салада болады деген сұрақ таным теориясы проблематикасына жатады, сондықтан да аталмыш жағдайда жауапсыз қалуға тиіс және жауапсыз қала алады. Біздің зерттеу үшін бізге бір нәрсені белгілеп алу маңызды: біздің түсінігіміздегі әлеуметтік ғылымдар жөніндегі журнал, ол ғылыммен айналысатындықтан, (мысалымызды қайталаймыз) қытайдың түйсінуінде де эмпириялық нақты болмысты ойша ретке келтірудің маңыздылығына ие болудан дәмелі ақиқат іздейтін өріс болуға тиіс. Әрине, журнал редакциясы өзіне және өз қызметкерлеріне оларды жігерлендіретін мұраттарды баға беретін пікір түрінде жеткізуге тыйым сала алмайды. Алайда бұдан екі маңызды міндеттеме туындайды. Олардың бірі ­ қилы­қилы мұраттарды орынсыз араластырып жіберу арқылы (мұндай жәйт жиі­жиі болып тұрады) «әркімге сыбағасын сыйлап» дау­шардан аулақ болуға тырысудың орнына, әрбір аталмыш жағдайда олар болмысты өлшеу үшін қолданатын және баға беретін пікірлер шығарылатын ауқымдар қандай екендігін өз санасы мен өз оқырмандарының санасына барынша айқын жеткізіп алу.

Егер осы талапты қатаң сақтар болсақ, онда белгілі бір практикалық пікір шығару тек залалсыз болмақ тұрмақ, қайта пайдалы бола алады, ол­ол ма, таза ғылыми мүдде үшін қажет те нәрсе. Мәселен, заң шығарушылық және басқа практикалық ұсыныстарға ғылыми сын айтқанда заң шығарушының сарындарын немесе сыналып отырған жазушының мұраттарын олардың бүкіл мәнінде анықтап алу бірқатар жағдайда тек олар негізге алған құндылықтарды басқа, және, ең абзалы олардың төл құндылықтарына қарсы қою арқылы көрнекі, түсінікті пошымда беріле алады. Бөтеннің ырқына әрбір ұтымды баға төл «дүниетаным» позициясынан өрбитін сын ғана бола алады; бөтеннің мұратымен текетірес ойыңды төл мұратыңнан туындатқанда ғана мүмкін болмақ. Егер жекелеген жағдайда практикалық ырықтың негізінде жатқан соңғы құндылықтық аксиома тек белгіленіп және ғылыми талдауға алынып қана қоймай, оның басқа құндылықтық аксиомаларға қатысында көрнекі көрсетілуге тиіс болса, онда олардың соңғыларына қисынды баяндау арқылы «позитивтік» сын беру қажет. Осылайша, біздің журнал беттерінде, атап айтқанда, заңдарды талқылау барысында, әлеуметтік ғылыммен ­ фактыларды ойша реттеумен ­ катар, әлеуметтік саясатқа да ­белгілі бір мұраттарды баяндауға да үн қату құқығы сөзсіз берілуге тиіс. Алайда біз ондай пікірталастарды «ғылым» ретінде көрсетуді тіпті де көздеп отырған жоқпыз, және біз сондай араластыру мен шатасулар орын алмауын мұқият қадағалайтын боламыз. Басқаша болса мұныңыз енді ғылым емес.

Читайте также:  Дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер

Сондықтан ғылыми объективтіліктің екінші іргелі талабы ­ оқырмандарға (тағы да қайталап айтамыз, ең алдымен, өзімізге) ойлы зерттеуші ырық білдірген адамға неде (және қай жерде) орын беріп, үндемей қалатынын, өзінің уәжі қай тұста ақыл­еске және қай тұста сезімге арналғанын айдан анық түсіндіру. Фактыларды ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен баға беретін толғамдарды үнемі бытыстырып жіберу, рас, біздің ғылым саласындағы зерттеулердің ең кеңінен таралған, әрі ең зиянды ерекшелігі болып отыр. Осы арада айтылғандардың бәрі әлгіндей бытыстыруға қарсы бағытталған, бірақ тіпті де, мұраттарға адал болуға қарсы бағытталмаған. Кәміл сенімнің жоқтығы мен ғылыми «объективтілік» ешқандай дәрежеде бір­біріне туыс емес. «Архив» ешқашан ­ бері салғанда өзінің ниетінде ­ белгілі бір саяси немесе саяси­әлеуметтік партиялармен пікір тартысының аренасы болған емес, алдағы уақытта да болуға тиіс емес, оның беттерінде саяси немесе саяси­әлеуметтік мұраттардың жақтастары яки қарсыластары жинастырылмайды; ондай мақсаттар үшін басқа органдар бар. Журналдың, ол дүниеге келген сәттен бастап, өзіндік ерекшелігі оның беттерінде таза ғылыми зерттеулер шеңберінде бітіспес саяси қарсыластардың тоқайласуында болатын және, бұл редакцияның қолында болғандықтан, әрқашан солай бола береді. «Архив» өткенде «социалистік орган» болған емес және алдағы уақытта «буржуазиялық орган» болмайды. Оның қызметкерлерінің қатарына ғылыми пікірталасқа қатысуға дайын әрбір адам еш кедергісіз кіре алады.

Журнал «қарсы даулардың», репликалардың немесе соларға жауап берудің аренасы бола алмайды; бірақ ол ешкімді, соның ішінде өзінің қызметкерлері мен редакторларын да, қаншалықты ащы болса да объективті ғылыми сыннан қорғамайды. Кімде­кімге бүл шарттар ұнамаса, кімде­кім ғылыми білім саласында мұраттары өзінің мұраттарымен сәйкес келмейтін адамдармен қызметтес болу мүмкін емес деп білсе, жуыспай­ақ қойғаны абзал. Әйтсе де қазіргі кезде мұндай талап, (біз өз­өзімізді алдамақ емеспіз), үстірт қарағанда байқалмағанымен, өкінішке қарай, көптеген практикалық қиындықтармен байланысты. Біріншіден, өзіңнің қарсыластарыңмен бейтарап жерде (қоғамдық немесе идеялық болсын) ашық пікір алмасу мүмкіндігі, өкінішке қарай, біз көрсетіп кеткеніміздей, барлық жерде, ал тәжірибеден бізге белгілі екеніндей, Германия жағдайында ерекше, психологиялық кедергілерге ұшырайды. Фанатизм мен партиялық көрсоқырлықтың, саяси мәдениеттің жетілмегендігінің нышаны болып табылатын аталмыш факт, өздігінен­ақ елеулі қарсылыққа ұшырауға тиіс, ал біздікі секілді журналдар үшін одан да қауіпті бола түседі, өйткені тәжірибеден белгілі, әлеуметтік ғылымдар саласында ғылыми проблема қоюға әдетте, практикалық «мәселелер» түрткі болды; осылайша, белгілі бір ғылыми проблема бар екенін жай ғана мойындаудың өзі қазір өмір сүріп жатқан адамдардың ырқының бағытына тікелей байланысты. Сондықтан нақты проблемаға ортақ мүдделілік өмірге әкелген журнал беттерінде аталмыш проблемаға мүдделілігі белгілі бір нақты шарттар олардың өздері сенетін мінсіз құндылықтарға кереғар, немесе қатер төндіреді деп білетіндігімен түсіндірілетін адамдар ұдайы ұшырасып тұрады.

Тектес мұраттардың жақындығы сонда журналдың тұрақты қызметкерлерінің басын біріктіреді және жаңа адамдарды тартады; бұл журналға, бері салғанда, әлеуметтік саясаттың практикалық проблемаларын қарастырғанда, белгілі бір «сипат» береді, өйткені таза теориялық сипаттағы проблемалар жөнінде баға беретін позициясы ешқашан толық жойыла алмайтын жанды сезімталдыққа ие адамдардың бірлесе қызмет атқаруының сөзсіз болатын салдары сондай; ол ал практикалық ұсыныстар мен шараларды сынауда ­ көрсетілген алғышарттар тұсында ­ бұл позиция өзінің заңды көрінісін табады. «Архив», бізге мура болып қалған мағынадағы «жұмыс мәселесіне» байланысты белгілі бір практикалық проблемалар, әлеуметтік ғылымдар мәселелері жөніндегі пікір­ таластар бірінші орында тұрған кезеңде жарық көре бастады.

Журналды қызықтыратын проблемалармен өздерінің ең асқақ та шешуші құндылықтық идеяларын байланыстырған, сондықтан да оның тұрақты қызметкерлеріне айналған адамдар дәл сол себеппен мәдениетті көрсетілген құндылықтық идеялармен толық немесе ішінара ұқсас түсінудің жақтастары болды. Өзінің белгілі бір «тенденцияны» көздейтінін жоққа шығарып, сол мақсатта таза «ғылыми» әдістермен қатаң шектелуді жариялаған және қызметкер ретінде «барлық саяси партиялардың өкілдерін» табанды түрде шақырған журнал, дегенмен жоғарыда әңгіме болған «сипаттан» айнымағаны мәлім. Мұндай бағытты журналдың тұрақты кызметкерлері жасады.

Көзқарастарындағы барлық айырмашылықтарға қарамастан бүл адамдарды ортақ мақсат біріктірді, ол мақсатты олар жұмысшылардың тәндік есен­саулығын сақтауда, жұмысшылар арасында біздің мәдениетіміздің материалдық және рухани игіліктерінің көбірек таралуына жәрдемдесу мүмкіндігінде деп білді, олар мұның құралы материалдық мүдделілік өрісінде мемлекеттің араласуын орын алып отырған мемлекеттік және құқықтық тәртіптің еркін дамуын жалғастырумен ұштастыру деп білді.

Оставить комментарий