Өлім мен азап салтанаты

Мен бұл қызғылықты орынды тұтастай келтіргім кеп гүр. Ол болмыс жәй бар болудан артық болған сәттегі орталық нүктеге көз қарықтырар жарық құяды. Бар болу кейде — әлсіздену, болмыстың немқұрайлылыққа, жойылып кетуге арналған өліара шағы. Сонымен қатар, болмыс болмыстың шектен шығуы, ол беймүмкіндік дәрежесіне көтерілген. Шектен шығушылық нәпсі құмарлықты өз­өзінен асып, нақты көрінісін жоғалтқан халге әкеледі. Мұндай сәтте нақты көрініске көңіл аудармауға болады және нәсіп құмарлықты басқарушы ой, барлық жан­тәніңді билеп алады. Мұндай шексіз жоққа шығару әрекетсіз нәпсіқұмарлық алуан түрлі көбейтілген сананың барысында ең биік, нақты орын ала алмайтын жасырын, бейшара, әлсіз күйде қала береді. «Менің арманым, дейді Клервиль, Жюльетаның азғын серігі, жаңғырығы менің әрекетім біткеннен кейін де әсер ететін, маған бір сәт тыным бермейтіндей, тіпті, өзім ұйқыда жатқанда да бір тәртіпсіздіктің себебі бола алатыңдай, және бұл тәртіпсіздіктің таралуы жаппай азғындық тудыратындай, немесе, менің өлімімнен кейін де үзілмейтін сонша маңызды бүлік жасайтындай бір қылмыс ойлап тапсам деп едім. Беймүмкіндіктің мұндай шыңына жету ешбір адам күш қуаттың алапат жиынтығысыз жете алмаған Эвересттің басына шыққандай түрлі қауіпке толы. Бірақ, Эвересттің басына шығу жолы талап ететін күш қуаты өзгелерден озу ниетіне белгілі мөлшерде ғана жауап береді. Сад кірістірген өзге тұлғаны жоққа шығару қағидасына сүйенсек, біз қызық дәйекті байқар едік: шың басында өзге тұлғаны жоққа шығару өз­өзіңді жоққа шығарумен тең. Өзгені жоққа шығару өз негізінде өзіңді мойындатумен тең еді. Бірақ тез арада мына нәрсе айқын болды: оның мүмкіндіктің шегіне жеткен, жеке ләззаттану межесінен асқан шектеуі жоқ сипаты барлық күмәннан бос еріктілікті көксеумен пара пар еді. Тәңірі тектілікке талпыну нақты (тарихи) еріктілікті шегінуге мәжбүр етеді. Нақты еріктілік оның көкейіңдегі көксеу емес, бұл әрқашанда адамзат тірлігін қажеттікке құлшылық ету бағыныштылығынан босатуды мақсат тұтқан талпыныс. Басқаны есептемегенде, тарихи билеуші қажеттілік құрсауынан босануға қол жеткізген. Ол отан бодандары сыйлаған құдірет арқылы жеткен. Ағзам мен бодандардың бір біріне тәуелділігі бодандардың бағыныштылығына және олардың жоғарғы бидікке қатысу қағидасына негізделген. Бірақ Саданың жоғарғы адамы нақты еріктілікке ие емес, ол құдіреті ешбір міндетпен шектелмеген ойдан шығарылған тұлға. Сондықтан бұл ерікті адамның оған құдірет дарытқандарға енді тәуелділігі жоқ. Ол өзгелер алдында ерікті бола тұрып, соған қарамастан, өз еріктілігінің құрбаны. Ол арзан нәпсіқұмарлық қуу арқылы туындайтын құлшылықты қабылдай алмайды, ол заңнан аттай алмайды. Ең қызығы мынау: Садтың ойы міндеттен толық босану қағидасына сүйенсе де, ол қатыгездікке жүгінбейді. Ол тек ең жоғарғы ләззатқа талпынады, бірақ бұл ләззат төмен дәрежелі құмарлыққа бағынбаудан, қылмыскерліктен бас тартудан туындайды. Назарын өзгелерге, оқырмандарға бұрып, еріктілік жетуі мүмкін шынды суреттеген: [заң] бұзу барысы өз шыңына жетпей тоқтамайды. Сад осы қозғалыспен бірге қозғалды, ол өзгелерді жоққа шығару және өз­өзіңді мойындатудың ежелгі қағидасынан асқан оның себеп салдарына зейін бөлді. Шектен шығушылыққа жеткен өзгені жоққа шығару өз­өзіңді жоққа шығаруға айналады. Осы аяушылық білмейтін серпілісте жеке ләззат енді гәрі есепке алынбайды, жалғыз маңызды нәрсе ол қылмыс, және оның құрбаны кім болса да түк емес, қылмыстың өз шыңына жеткізу ғана маңызды. Осы жеке тұлғадан сырт талап ол өзі қозғалысқа түсірген, одан бөлініп және одан асып түскен серпілісті тұлғадан биік қояды. Сад занды түрде тұлғалық өзімшілдіктен тыс белгілі түрдегі тұлғасыз өзімшілдікті қозғалысқа келтіреді. Біз мүмкіндік әлеміне ол тек ойдан шығару арқылы ғана жеткен нәрсесін бермеуіміз керек. Бірақ біз ол үшін оның өз жеке қағидаларына қарамастан жеке болмысын жеңіп шытуын транстрессиямен байланыстыруы қажет болғанын пайымдаймыз. Өзімшілдіктен өз кезетінде сол өзімшілдік лаулатқан отта жойылып біту талпынысына ауысудан артық әсерлі нәрсе бар ма екен? Сад осы биік серпілісті өзінің ең үздік кейіпкеріне арнады. Амелия Швецияда тұрады, аса бір ғажап күні ол Боршанды кездестіреді. Ал ол болса, алапат жазаның дәмін сезгендей жаңа тана өзі ұйымдастырған құпия ниет мүшелерінің бәрін корольге сата салған еді және оның сатқындығы жас әйелді ғажап масаттандырды. «Мен сенің қатытездігіңді аялаймын, дейді ол Боршанға, Бір күні менің де сенің құрбаның болатыныма уәде бер. Он бес жасымнан бері қатыгез құрбандықтың құрбаны боп өлсем той деген ойдан миым тұтанып кететін. Әрине, мәселе нақ ертең өле салуда емес, менің еркелігім ондай алысқа бармайды; бірақ, менің бір­ақ талабым бар, өліп бара жатсам да, қылмыс себебі болсам да, осы ойдан ғана менің есім шытады». Қандай бір түрлі бас десеңізші, тек мынадай жауапқа сай: «Мен сенің басыңды есерсоқтанып сүйемін және менің ойымша, біз өлі талай атышулы істер жасаймыз… Ол шіріп­бітіп, тоз­тоз бол сын мейлі!» Сонымен, «барлық адамға айналған тұтас адам үшін зұлымдық атауымен жоқ. Егер ол өзге адамдарға қиянат жасаса — неткен ләззат! Етер өзгелер оған қиянат жасаса, неткен рақат. Ізгілік оған ләззат әкеледі, себебі ол қорғансыз, демек, ол оны таптай алады, ал азғындық та сол, себебі, одан туындайтын тәртіпсіздік, тіпті, оған шығын келтірсе де, қанағат әкеледі. Етер ол тірі болса, оның тірлігінде ол бақытты емес деп күйгелектікке түсетін ешбір оқиға жоқ. Егер ол өлсе, өзінің өлімінен одан да өткен ләззат алады, ал өз жойылуыңды сезіну өмір ақырын көркейтеді. Себебі, өмірді тек барлық нәрсені жоюға мұқтаждық қана ақтайды. Мысалы, жоққа шығарушы адам әлемдегі барлық және бәрін шектен тыс жоққа шығарушы ретінде көрінсе, сол заматта осы жоққа шығарудың салдарларынан құтыла алмайды. Әрине, жоққа шығару күші, әлі өз орнында тұрғанда, белгілі бір артықшылық береді, бірақ ол жасаған жоққа шығару әрекеті шексіз жоққа шығарудың төзімсіз өткірлігінен жалғыз қорған. Тұлғасыз жоққа шығару, тұлғасыз қылмыс. Олардың мағынасы бізді өлімнің арты жатына, болмыстың тоқтамастығына жетелейді. Садтың ерікті адамы біздің қарабайыр тіршілігімізге оны трансценденциялайтын шынайылық ұсынбайды. Ең кемінде, ол өзінің [заң] бұзу барысында қылмыстың тоқтамастығы үшін ашық болды. Бұл тоқтамастық ешнәрсені трансенденцияламайды: ол өлімге кесілген нәрседен асып түспейді. Әйтсе де, Амелия бейнесі арқылы Сад шеті жоқ тойымсыздықты шектен тыс жоюшылықпен біріктіруге қол жеткізді.

Читайте также:  СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ МАҒЫНАСЫ

Оставить комментарий