Лингвистикалық аккультурация

Тіл мен мәдениеттегі өзгерістердің ұқсастықтарының мойындалғанына көп болғанымен, бұл мәселеге байланысты нақты зерттеулер өте аз жүргізілген. Джордж Херцог, Эдвара Спайсер, Джин Бассет Джонсон және Дороти Дилер 1941 және 1943 жж. Солтүстік америкалық үндістердің тайпаларындағы тілдік аккультурацияның нақты мысалдары қарастырылған мақалаларын шығарды. Жуырда Джордж Баркер осы мәселені АҚШ­та тұратын мексикандықтардың мысалында зерттеді. Қазір шыққан барлық мақалаларда алғашқылық сипат бар да теориялық байламдары тым аз. Жалпы алғанда, негізінен өзгерудің әлеуметтік мәдени және тілдік факторлары арасындағы байланыс атап көрсетілді. Лингвистикалық зерттеулер бізге аккультурацияның сандық көрсеткіштерін бере алады деген болжамдарға қарамастан, бүл зерттелу саласы байыпты дамыған жоқ және осы тұста барынша болашақты болып көрінетіндіктен де аталып отыр.

Читайте также:  Ұлт, ұлттық идея және элита

Оставить комментарий