ЛИВАН — ИЗРАИЛ ҚАҚТЫҒЫСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ФАКТОРЫ

Ливан — Израил қақтығысында исламның алатын орны ерекше. Оның тарихи тамыры тереңде жатыр деп айтуға болады. Таяу шығыста ислам қағидасын көш басшы ретінде негізге алу арқылы бірнеше партиялар құрылды. Олардың қатарында: «Хамас», «Хезболла», «Фатх», «Ағайынды мұсылмандар». Ливанда қызмет етуші партия Хезболла (Аллах партиясы) деген ұғымға келеді. Бүгінгі күні бұл партия туралы айтқан кезде біріккен ливандық шииттік ұйымды сипаттайды. «Хезболла» партиясы идеялары ХХ ғасырдың ортасында Иран мен Ирақта шииттер арасындағы көзқарастар жиынтығының нәтижесі деп пайымдауға болады. Партияның негізгі саяси күші аймақта шоғырланғанымен Иранда күшейді. «Хезболла» қозғалысы Хомейни аятолла атымен ұласып, 1979 жылы исламдық революцияның жеңуінен кейін аймақта орнықты. «Аллах партиясы» деп атануының өзі қозғалыстың таралу кеңдігін ғана емес, әрбір мұсылманның ашық немесе жабық түрде «Хезболла» мүшесі деп тануында еді. Қозғалыстың құжаттарында: «Біз жабық және кіші ұйым немесе саяси партия да емеспіз. Біздің әлемдегі барлық мұсылмандармен қатысымыз бар. Бізде күшті идеологиялық және саяси исламмен негізделетін міндеттер бар». «Хезболла- ның» бөлімдері Палестинада, Түркияда, Ирақта орналасқан. Алайда, олардың танымалдығы, саяси ықпалы, әскери күштілігі жағынан Ливанда орналасқан «Хезболла» ұйымына жетпейді /1/. Ұйым Ливанда 1980 жылдардың бас кезінде тарихи сахнаға шықты. Алғашқы кезде ол ирандық ислам революциясын зерттейтін ұйым ретінде анықталды. Топтың көш басшысы шейх Сейид Мухаммад Хусейн Фадлаллах. 1982 жылы Израил Ливанға басып кірген кезде ұйым мүшелері Тегеранның «ислам революция- сы жақтаушыларымен» бірігіп, ұйымдас- ты. Оны ұйымдастыру қиын болмады. «Сақшылар» мүшелігіндегілер Хузистан ирандық ауылынан шыққандардан құрылды, өз кезегінде ұйым аймақтағы араб пікірімен санасты. Оған қоса, «Ислам революциясын қоршаған ирандық әскери корпус» Ливандағы шииттік қозғалысқа көмектесу мақсатын көздеді. «Хезболла» ұйымының көшбасшы- лары аятолла Хомейнидің сенім қағидала- рына табынып, оның саяси көз-қарастарын «сионизм мен имперализмге қарсы джихад» деп таныды. Күрестің мақсаты: Израил, АҚШ, Франция жаулап алушы әскерлерін Ливан аймағынан шығарып, Иерусалим үстінен ислам бақылауын орнатып, Ливанда ислам мемлекетін орнықтыру. «Хезболла» декларациясында: «Ливан мәселесін шешу — Ислам республикасын құру арқылы ғана бейбітшілік пен теңдікті ливандықтарға қол жеткізуге болады» — деп пайымдады. Алғашқы кезде топтасқан кіші ливандық шииттер Ливан басшылығына және аймақтың басым көпшілігін басып алған Израилге еш қарсылық көрсете алмағандықтан, аймақта тілге тиек қылып айтатындай мәселе көтере алмады. Алайда, аз уақыт ішінде «Хезболла» жақсы ұйымдасқан қозғалысқа айналды. «Хезболла» партия құрылымына тоқтал- сақ: 12 адамнан тұратын Жоғары Кеңеспен басқарылады. Кеңес аппараты 7 бөлімше- ден құрылған. Оның құрамына диплома- тиялық, әскер, әлеуметтік, үгіт — насихат немесе тыншылық бөлімшелері кірді. Ең негізгі мәселелерді рухани көшбасшылар яғни, ливанның және иранның шииттік қауымдастығы шешеді. Ұйымда қатал тәртіп орнатылған. Ұйым мүшелері Жоғары Кеңестің шешкен мәселелерін бұлжытпай орындап, ислам шарттарын бұзбауы қажет. Уақыт өте «Хезболла» басқа да шииттер қоныстанған аймақтарға өздерінің ықпалын тарата бастады. Ұйымның саяси ықпалы және беделі қарулануда және әскери өнерді игерудің жоғарылауымен бірдей өсті. Ұйымның басқару орталық- тары, әскери іс-қимылдарға жаттықтыра- тын лагерлері, қойма орындары арнайы жерлерде орналасты. Ұйымның жалпы әскери саны бес мыңға жуық деп саналады. Қаруларына тоқталсақ жеңіл ату қару — жарақтары, минометтер, зымыран- дар, зымыран қондырғы «Жебе» және реактивті құрылыстар бар. Ең соңғылары- ның көмегімен олар тұрақты израилдік әскерлер мен шекарада орналасқан қоныстарды атқылап отырған /2/. Израилдің және «Хезболла» ұйымы- ның бір — біріне қолданып отырған қару — жарақтарына назар салсақ, оны соғысқа теңеуге болады. Егер шынайы салыстыр- сақ ливандық қару-жарақ «сапасы» жағынан израилдың соңынан ілесіп келе жатыр. Себебі, Израилде атом қаруы барын естен шығармауымыз керек. Оның үстіне израил аймағында зымырандарға қарсы қондырғылардың соңғы үлгілері орналасқан. Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 «Хезболла» ұйымының ең танымал лаңкестік қадамы американдықтарға қарсы Ливан астанасы Бейрутте 1983 жылы 23 қазанда өзін-өзі өлтірушілер арқылы американдық және француздық әскери казармаларына қарсы іс-әрекеттері. Нәтижесінде, АҚШ жағынан 240, 58 француз әскерлері қаза тауып, жүздеген әскерлер жараланды. 1989 жылғы Бейруттегі АҚШ елшілігіне жасалған лаңкестік жарылыста 24 адам қайтыс болса, 90 адам жарақат алды. АҚШ үкіметі «Хезболла» көшбасшысын Мухаммед Хусейн Фадлалды әлемнің 18 қауіпті лаңкестерінің бірі деп жариялады. «Хезболла» ұйымының құрылуында бастапқы кезде көптеген шиитттік топтар, мысалы, «Исламдық джихад», «Револю- циялық тең әділдік ұйымы» және т.б. көптеген ұйымдар қатысып, лаңкестік оқиғаларды ұйымдастырды. Нәтижесінде, көптеген лаңкестік іс-шаралар басқа ұйымдар басшы болып саналса да «Хезболла» партиясы жауапты деп танылып отырылды. 1990 жылдан бастап «Хезболла» әскери құрылымнан саяси бағыттағы партияға көше бастады. 1992 жылы ұйымнан әскери күш бөлінді. «Хезболла» елдегі ішкі және сыртқы іс — әрекеттерге араласып аймақта саяси беделін көтерді. Сол жылы партия парламент сайлауына қатысып, 128 орынның 8 иемденді. Бұл жеңіс ұйым үшін өте маңызды саяси қадам болып саналды. 1995 жылы АҚШ президенті Билл Клинтон американдық банктерге «Хезболла» ұйымы мүшелерінің қаржы тасымалдауға қарсы жарлық шығарды, себебі, ұйымның іс — әрекеттері болашақта Таяу Шығыста бейбітшілікті құруда кедергі болады деп есептеді. Бірақ, бұл пікірді барлығы мойындамады /3/. 2000 жылы Хасан Насралла БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанмен кездесті. Кездесу «Хезболла» ұйымын әлемде саяси ұйым ретінде танылып мойындалғандығын айқындады. Сол жылы парламенттік сайлауда ұйым өкілдері 12 мандатқа ие болып, қорғаныс министрі, экономика, еңбек, өндіріс министрлігінде қызметтер атқарды. Ұлтық Ассамблеяда «Хезболла» аймақтың бірден-бір саяси күшіне айналды. Кейінгі жылдары «Хезболла» беделі көтеріліп, саясатта басшы орындарда көріне бастады. 1996 жылы ұйымның рухани көшбасшысы Фадлалла олардың АҚШ-пен келіссөз жүргізуде көзқарастары мен қызығушылықтары бар екендігін айтқан болатын. Ұйым өкілдері «Хезболланың» Амери- када және Еуропада беделін өсіргісі келетіндіктерін баса айтты. 2000 жылы сайлаудың алдында шыққан ұйымның бағдарламасы алдыңғы нұсқалардан айырмашылығы өте зор. Ұйым мақсаты әлемді «өркениеттік» исламмен таныстыру деп қойды. Олар әділдік әкелетін және адамдардың құқықтарын қорғайтын, білімді дамытатын, дәрігерлік қажеттілікті жақсартатын жүйені құрамыз деп мәлімдеді. Басқа сөзбен айтқанда, «Хезболла» ливандық негізгі партия ретінде таныла басталды, ол ірі шииттік қоғамдық және гуманитарлық, кейін әскери күш болып есептелінді. Ол өзін құрамында 1, 2 млн. адамы бар саяси партия деп санады. Партия басқармасында: 9 мектеп, 3 емхана, 13 тіс ауруын емдейтін клиникасы бар. Ұйым басқаруындағы емханалар мемлекеттік емханалармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы деп бағаланады. Ұйым үйлерді, іскер орталықтарды, Ливанның оңтүстігінде жарылыс кезінде қираған ғимараттарды, жолдарды жөндеуге тұрақты түрде қаржы бөлуде. Сонымен қатар, ұйым «әл-Манар» телеарнасы, «ан-Нур» радио орталығын және интернет жүйесінде бірнеше сайттарын ашуда. Жалпылай алғанда Насралла: «Біз шииттік көшенің негізгі күшіміз» — деп жариялады. «Хезболланың» ливандықтар үшін саяси беделге айналуы, ұлттық «шет елдік жаулап алушыларға» қарсы күш, Таяу Шығыстағы негізгі күш ретінде қалыптасуы тек оның басшылығының ғана еңбегі емес деп есептейді. Оның ішінде Иран көмегін естен шығармауымыз керек. «Хезболланы» әлемдік ұйым ретінде аймақта тұрақтандырып, Ливанда әскери — саяси негізгі күшке айналдыруды алдына Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 негізгі мақсат етіп қойған Тегеран оларға тек әскери ғана емес, барлық салаларда көмек көрсетіп келеді. Соңғы жылдары Иран «Хезболлаға» жылына 100 млн. АҚШ доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетуде деп есептелсе, іс жүзінде Ливанның шииттік көшелеріне салған қаржы миллиард доллардан асып кетіп отыр. Қорытындылап айтатын болсақ бұл ұйым Иранның және Сирияның көмегі арқасында Ливанның шииттік аймақтарын- да оларды ауыр жағдайдан алып шығатын негізгі күш деп танылуда. «Хезболланың» шииттік ұйымдар көмегімен шииттік көшелерде дәрежені көтеріліп отырған- дығын айтуға болады. Бұл тек «Хезболла» үшін ғана емес ливандық шииттер үшін маңызды болып отыр. Ливандық қауымдастық түрлі топтардың шоғырлануымен анықталады. Христиан — марониттер, проваславты христиандар (армяндар, гректер), друздар, мұсылман — сунниттер, шииттер. Ұлттық жоғарғы мемлекеттік органдарды басқа- рып реттелуі, топтар арасындағы қарым — қатынастарды шешу негізінде құрылған. Ұйым Христиан — марониттерге президенттік және арнайы қызмет топтар басшылығын ұсынса, мұсылман — сунниттерге премьер — министр лауазы ұсынылса, шиитерге ешқандай тұрақты билік берілмеді. Құқық бұзушылық, теңсіздік 1975 жылы азамат соғысына алып келді. Шииттер халықтың 45% құрағандықтан мемлекеттік биліктен орын беруді талап ете бастады. Бұл көтерілісті Ливандағы шииттер орналасқан аймақтардағы халықтардың әлеуметтік — экономикалық жағдайы өте нашарлығы жағдайды ушықтырды. Саяси мәселелермен қатар әлеуметтік — экономикалық міндеттемелер де пайда болды. Сондықтан да ирандық исламдық революция идеясы өз уақытысында аймақта қолданылып, сәтті аяқталды. Иран, сириялық басшлықпен тығыз байланысы «Хезболла» үшін маңызды болғанымен, алғашқы кезде олар өз-ара кедергі жасап отырды. Бұл жерде «Хезболла» шетелдік қаржымен Ливанда көтеріліс ұйымдастыр- са да, олардың өз бетінше жұмыс істей алмауы қаржыландырушыларға ұнамады. Соңғы кездері «Хезболла» көпшіліктен қолдау тапқан жағдайда, Ливан мемлеке- тінде ислам мемлекетін құру туралы идея ұсынуда. Хасан Насралла халыққа өз мәлімдеме- лерінде: «Хезболла» қазіргі уақытта – ливандық ұйым және ол ливандық көзқарастар негізінде жұмыс істейді. Ешқандай, соның ішінде АҚШ — пен қарама — қайшылық туралы сөз де жоқ» — деп айтуда. Сирия мен Иран ұйымды аймақта ықпал етуші құрал ретінде қолданып, оларға қаржылай көмектескенімен, «Хезболла» ұйымы аймақта тұрақтанып, беделді бола бастағандықтан, көмек көрсетуші мемлекеттер ықпалынан ажырау саясатын ұстануда. Партия көмекті экономикалық — саяси тұрақтану мақсатында пайдалануда. Қазіргі таңда «Хезболла» ұйымы Тегеран мен Шам елінен толығымен босады деп айту қиын. «Хезболла» Иран мен Сирияны дос мемлекеттер ретінде қарастыруда. Осы достық қарым-қатынас барысында олар ұйымға ықпал етуі де, етпеуі де мүмкін. Иран мен Сирия өз кезегінде ұйымға қаржылай көмек мөлшеріне ықпал жасайтындығы түсінікті. Бұл жағдай шын мәнінде қалай жүзеге асатынын ұйымның жақтаушылары Ливан- нан сириялық әскерді шығаруды талап еткен кезінде байқалды. Тегеран мен Дамаск «Хезболланы» Таяу Шығыстағы негізгі ықпал етуші күш ретінде қолдануында. Ливандық шииттер саяси оқиғалардың қармағында десек болады. Ұйымды АҚШ пен Израил, бір жағынан, Үлкен Таяу Шығыс мәселесінде қолданса, екінші жағынан, Иран мен Сирияның — қарсы қолдану құралына айналуы мүмкін. «Хезболла» ұйымы үшін мұндай саяси ойын, ливандық шииттік бағыттағы аймақтағы беделін ұстап тұруда тиімді пайдалануды қолдана алатынды- ғымен пайдалы. «Хезболла» үшін қауіпті жағдай, егер АҚШ «Сирия мен Иран» мәселесін шешуде ұйымды жойып жіберсе, нәтижесі, аймақта жаңа ислам бағытындағы ұйымдар пайда болып Ливан, Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 Таяу шығыс аймағы, Еуропа мен АҚШ үшін күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін. Соңғы жылдардағы Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне, мемлекет басшылығының елдің ақпараттық жүйесіне тәртіп орнатқысы келуінде. «Хезболла» ұймына қарасты телеком- муникациялық компанияны жабу туралы шешім қабылданылып, оны тек ұйым мүшелеріне ғана қолдануға болады деп шешілді. Үкіметтік билік телекомпанияны жабуға шешім қабылдауы елде жағдайды күрт өзгертіп, қарсылыққа алып келді. «Хезболла» ұйымы мен «Болашақ үшін қозғалыс» топтары арасында аймақ үшін күрес басталды. Бұл шииттік және сунниттік топтар арасындағы күрес. Парламенттік көпшілік дауысқа ие көшбасшы Саад Харари үкімет басшы- ларының қолдауымен күресті басқарды. Шииттер және олардың одақтастары батыс Бейруттың көптеген жерін өз қолына қаратты, халықарылық әуежайға өз билігін орнатты, телеарналар орналасқан ғимарат- тарды қиратып, Хариридің қолына қарай- тын көптеген радио, газет орталықтарын жарып, өздері билік құрды /3/. Ливан премьер — министрі Фуад ас — Синьора Ливан «Хезболлаға» қарсы соғыс ашпайтынын мәлімдеді. Жауап ретінде оппозиция лидері Бейрут аймағын босатып, әскери билікті өзіне қараты. Аймақтағы жағдай бір қалыптылыққа түсті, алайда 13 мамырда пулемет пен миномет қолданылған күрес басталды. Күрестің басталуына «Хезболла» ұйымының телеарнаны жауып тастағанды- ғында емес, Ливан үкімет басшылығында «Хезболла» партиясының беделінің өсуінде, нәтижесінде, басшылық орындарды иемденеді деген ой желісінің орын алуында. Шииттік ұйым тек телекоммуникациялық жүйеде ғана емес, басқа да салаларда да үкіметтің рөлін төмендетті. Олар Ливанда барлық саласында ықпалын жүргізе бастады. «Хезболла» туралы кейінгі уақытта «мемлекет ішіндегі мемлекет» деген атақ таралуда. Олардың қол астында қарулы күш, телеарна, газет, жол және көлік құрылысымен, емхана, білім орталықтары бар ұйымға айналуда. Мұндай дәрежеге жетуінде шет елдік көмектің рөлін ескеруіміз керек. Тегеран мен Дамаск көмектерін пайдалана отырып «Хезболла» ұйымы қазіргі таңда басқа да саяси күштерге өнеге көрсетуде. Христиан — маронит басшысы генерал Мишель Аун мұсылман — шииттер көмегімен Ливан президенттігін жоспар- лауда. Шииттерді друздардың бірқатар бөлігі қолдауда, ескеруіміз керек, друз басшысы Валид Джумблат «Хезболла» ұйымына қарсы. Шииіттік ұйым аймақта бірнеше жаңа үлкен саяси мәселелерді тудырып, нәтижесінде, уақыт өткен сайын ішкі саясатта билік үшін күресте шиеленіс өсуде. Арабтар мен израил арасындағы қақтығыста «Хезболла» ұйымы белсен- ділік танытып, қарсы ұйымдардың ішінде көшбасшыға айналды. Дж.Буштың Израилге іс-сапарының нәтижесінде Палестина еліне егемендік беруінде қолдайтындығын жариялаған болатын. Оның негізгі мақсаты Хезболла партиясының жүргізіп отырған саясатымен қатар Иран мен Сирияның сыртқы мәселесіндегі аймақтық қақтығыстарға байланысты ұстанымдарын айқындау. «Хезболла» араб — израил қайшылық аймағында Тегеранның негізгі одақтасы. Батыс пен Израилдың саясаты Иранның ықпалын әлсіретіп, шииттік Ливандық күшті жою, геосаяси жағдайды өздеріне қарату. Нәтижесінде, аймақта Иранның беделі түседі. «Хезболламен» қарым- қатынас тоқтатылса, Иранның ядролық қару мәселесі жаңа деңгейге көтерілетіндігі сөзсіз.

Читайте также:  Жаңа ғасырдың тұрғын үй ғимараттарының энерготиімділігі

Оставить комментарий