Ұлт, ұлттық идея және элита

Қазыбек биден, генералға сөз бұл: жеті хан, көп төре, жұрт болып біздің үстімізге келмек. Пікір алысып, кеңес құрмақ. Енді мына Төкен батырға елші қосып тезірек қайтарып жібергейсіз. Хан, төре, жұрттың айтқан пікірін, жасаған шешімін сізге, генералға, Төкен батырдан хат арқылы жеткізерміз. Бұл Төкен батыр патшаға қызмет етемін деп екі шұға шекпен бермек болып екі aт алып мінді. Және одан жиырма табақ қағаз беріп жібергейсіз. Және біз қара кесек Қазыбек биден дұғай сәлем! Орынбор бастығы генералға сөзіміз бұл: бізге бір қара түлкі жібергейсіз. Төкен батырдың қолына беріп жіберіңіз. Және бұ Төкен батырға дұшпандар жамандық жасамақ ойда. Сондықтан да генерал, бұ Төкен батырды аман сақтауға бір ақыл тапқайсыз. Өйткені Төкен батыр патша сөзін бізге, біздің сөзімізді сіздерге жақсы жеткізіп жүр. Сол себепті Төкен батырдың басын дұшпандардан сақтайтындай бір жақсы ақыл тапсаңыз екен». ЕКІНШІ ХАТ «Биз қара кесек Қазубек би улуғ падишаһға баш… Иана Орунбор башлыгы инаралга салам сузумиз будур: Бизлар падишаһның хизматиндамыз. Падишаһның душманина душманмыз, дустина дустимиз. Бизларниң бурунги антимиз антдур, сузумиз бирдур. Иана сиз инаралниң билтур Дукан батурға берип ибарған хатуңиз бирла сиуңыз қолумизга килуб muдu. Бизлар яғшы күш курдук. Бизлар бу заманда ишутамиз, жонғар қалмақ Қалдан Чирин хан падишаһ иуртуна иаманлик қиладур тиб. Узумиз куз бирла курғанмиз иукдур. Иана… лау Ғабдулкарим бек игрми сан к… Ташкент қала устуна килди. Қалдан хан қалмақ иурту бирла уруш қилди тиб иатадур. Андан башка узгариш ишутмаймиз. Һар иурутлардан ишутсак сизларға хабар қилармыз. Хатни Дукан батурга бирдук.»6 Қазіргі қазақ тіліндегі аудармасы «Біз, қаракесек Қазыбек би, ұлы патшаға бас (идік). Және Орынбор бастығы генералға сәлем сөзіміз бұ: Біз патшаның қызметіндеміз. Патшаның дұшпанына дұшпан, досына доспыз. Біздің бұрынғы антымыз ант, сөзіміз бір. Және сіз (дің), генералдың, былтыр Төкен батырдан беріп жіберген хатыңыз бен сыйлығыңыз қолымызға келіп тиді. Біз жақсы, хош көрдік. Біз бұл заманда жоңғар қалмақ Қалдан Серен хан патша жұртына жамандық жасап жүр деп есітеміз. Өзіміз көзімізбен көргеніміз жоқ. Және… лау Ғабдулкарим бек жиырма сан к… Ташкент қаласының үстіне келді. Қалдан ханның қалмақ жұрты мен ұрысты деп айтады. Одан басқа жаңалық есіткеміз жоқ. Әртүрлі жұрттан жаңалық есітсек, сіздерге хабар қылармыз. Хатты Төкен батырға бердік». Ірі саяси оқиғаларға толы XVIII ғасырдағы қазақ қоғамында өзара және басқа жұртпен хат сезінуі ең бері дегенде он сегізінші ғасырға, анығырақ айтсақ, «ақтабан шұбырындыға» тұс келеді. Қисынсыз салыстыруларға мен де қарсымын. Әр жұрттың өз тағдыры, өз жолы бар! Мен бұл арада сіздің «Өткен істер өтті, бүгінгі бар мәселелер біздікі, оны біздің өзіміз шешуіміз керек, оған кешегі алыптардың қандай қатысы бар?» деген сауалаңызды естігендей боламын. Иә, рас, бүгінгі қоғамдық мәселелерді шешумен бүгінгі көзі тірі өзіміз айналасуымыз керек, әрине, оған мүмкіндігіміз бен күш­қуатымыз жетсе. Келісемін. Бірақ, сіз бен біздің қызу талқылап отырған қоғамдық мәселелерді өз уақытында кешегі алыптар да қойып, оларды шешуге бар ғұмырын арнап өткендігін ұмытпайық. Өркениеттік өктемдік, әсіресе, мәдениет саласында екпінді жүрді. Ислам діні, ұлттық мәдениет, салт­дәстүр, эпикалық және басқа мұралар, тіптен араб әліппесі, барлығы да түкке тұрғысыз жарияланды. Егер патшалық билік қазақтарды жаппай христиан дініне аударуға негіз жасауға кірісіп кеткен болса, большевиктер халықты дінсіз ету бағытын берік ұстанды. Ұлттық салт­дәстүр, эпос, ән мен күй «күні өткен ортағасырлық феодалдық дәуірдің көрінісі» болғандықтан, бүгінгі озық ойдың «айнасы болып табылатын» орыстық, батыс еуропалық эстрада мен әдеби үлгілерге орын берулері керек еді. Сол сияқты араб әліппесі де озық еуропалық ой мен технологияны қабылдауға кедергі жасайтын болғандықтан кириллицаға ауыстырылды. Дегенмен, түсінікті болу үшін айтайын, қазақтың жалпыұлттық санасын оятқан «Бородиносы» «Аңырақай шайқасы», ал қалыптасып үлгерген қазақы рухтың төл (мүмкін жалқы!) перзенті «Елім ай!» болатын. Егер осы ақиқат бүгінгі менің қанымда жаңғырмаса онда менің кім болғаным?! Осы мерзімде ұлттық элитада қалыптасып үлгерген­ді. Менің тұжырымыма иланғысы келмеген оппонентім «ақтабан шұбырынды» оқиғаларына арналған тарихи жырлар циклымен таныссын. Бірақ, оларға еуропалық өлшеммен емес, тарихи шындықты іздеген көзбен, көңілмен қарасын. Ал осы мұрамен және ресейлік әкімшілік орындарының құжаттарымен танысқан зерттеуші қазақ элитасын осы мезгілде жалпыұлттық мемлекетті қалыпына келтіріп, сақтау, халықтың белгілі бір бөлігін біртіндеп отырықшы тұрмысқа, егіншілікке аудару және рулық жүздік санадан жалпыұлттық санаға, дүниетанымға өту арқылы әлемдік кеңістіктегі өз орныңды анықтау сияқты іргелі мәселелерді қойып, оларды шешуге біраз күш жұмсағандығын аңғармай қоя алмайды. Бүгін біз Абылай хан, Төле би, Бұхар жырау, Бөгенбай батыр сияқты осы кезеңнің ірі тұлғаларын қоғамдық өмірдегі осы аталған жалпыұлттық іргелі мәселелерді шешуге күш жұмсап, рухани көк жиегімізді, дүниетанымымызды жаңа сатыға көтергендігі үшін құрмет тұтсақ керек. Сонымен бірге, егер біз бүгін жоңғар шапқыншылығына ұшырап, Ресей империясы шеңгеліне іліккенімізге өкініште болсақ, алдымен осы табиғи тарихи процестердің үзіліп, өзінің логикалық соңына жете алмай, зорлықпен доғарылғаны үшін өкінеміз. Ресейлік әкімшілік Қазақстанға көз тіккен алғашқы күннен бастап ақ, қазақ мемлекеттігін жою, ұлттың санасынан мемлекеттік идеясын біржола ысырып тастау әрекетіне көшкен болатын. Күштінің осы әрекетін тура түсініп, оған қарсы тұрған күш – басқарушы элита болатын. Сондықтан да, патшалық билік өзі тарих сахнасынан кеткенге шейін қазақ билеуші элитасын бөліп жарып, оларды біріне бірін қарсы қойып, бірақ дара біреуін тым күшейтпеу саясатын ұстанып кетті. XVIII ғасырда ақ орыс әкімшілігіне қатынас сипатын анықтау барысында ұлттық элита екі ағымға жарылып тынды. Ресейлік әкімшілікке қарсы топтын қолынан Әбілқайыр, Есім, Жантөре хандардың мерт болуы бұл күрестің бітіспес сипатынан хабар берсе керек. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық соғыс (1837­1847) отарлық билікке қарсы күрестің шырқау шегі болды. Саяси элита арасындағы жарылыс ұлттық творчестволық зиялы топ ішінде де байқалды. Оның бір жағында ресейлік тәртіп әкелген жаңалықтарға үзілді кесілді қарсы шыққан «Зар заман» мектебі (Шортанбай, Мұрат, Дулат) тұрса, екінші жағында Ресей алып келген өзгертулерді қазақ қоғамының қажетіне жаратуға шақырған Шоқан, Ыбырай және Абай бастаған топ тұрды. Бұл екі ағымның қайсысы болмасын «прогрессивті» немесе «реакциялы» деген анықтама шеңберіне сыймайды. Егер алғашқысы өркениеттік, ұлттық негіз бен ерекшеліктердің мән мағынасын тура ұғынуға көмектесіп, құр еліктеушіліктен сақтандырса, соңғысы еуропалық білім мен мәдениетсіз елінің ортағасырлық надандық шырмауына шыға алмайтындыған жақсы түсінді. Сонымен бірге алдыңғы топ, өз еркінен тыс, белгілі дәрежеде, ұлттық тұйықтықты дәріптесе, соңғысы, керісінше, еуропалық өркениет құндылықтарын асыра бағалап, өздері, белгілі дәрежеде, орыс мемлекеті мен мәдениетінің мүддесін өткізуші құралға айналғандықтарын аңғара берген жоқ. Диалог авторлары «біз» бен «оларға» бөліп алып, Олжасты «біздің» туына айналдырғылары бар. Дидар «олардың» «Олжаспен неге күресетіндіктерін түсінбеймін… Мен ондай қазақтарды түсінуден бас тартамын. Олжас – қазақтың символы. Жалауы. Тіпті, қазақ халқы жойылып кеткен күннің өзінде, жойылып кеткен қазақ мәдениетінің символы болып Олжас қалады!» деген ойды айтады. Айналайын, Дидар ау, не айтып отырсың! Сендер сілкілеп отырған, «қалаға жаппай ауған» қазақтармен сөйлесіп көрші, сонда Олжасты «олар» не үшін және қалай жақсы көретіндігін байқайсың! Өзінің жаңа тарихындағы Олжастың орнын халқы түсінеді. Бірақ мәселені тым қарабайырландырудың да қажеті бола қоймас. Олжас күрделі құбылыс. Оның жеке басы, құдіретті таланты, еліне деген махаббаты мақтануға лайық. Сонымен бірге, Олжас XIX ғасырдағы Шоқан заманынан бастау алатын орыстандыру процесінің жиынтық көрінісі. Әрине, ол ұлт үшін, ұлттық мәдениет үшін орыс тілінің ұлы мүмкіндігін пайдаланудың тамаша үлгісін көрсетті. Бұл тұрғыдан алғанда ол тек қазақ көркемдік ойын ғана емес, орыс әдебиеті мен ғылымын да байыта түсті. Сонымен бірге біз мына мәселе жөнінде де ойлануымыз қажет. Егер болашақта Олжас орыс тілді жазушы және ғалым ретінде жалпыұлттық құбылысқа ұласса, сонда біздің ұлттық, өркениеттік болмысымыздан, мәдениетімізден не қалмақ? Тарихымыздағы кез­келген ұлы тұлғаны жалпыұлттық мүддеден жоғары қою немесе оған қарсы қою өрелілік емес. XX ғасырдың басында күрес сахнасына мүлдем жаңа топ көтерілді. Олар «Тұр, қазақ!». «Оян, қазақ!» деген ұран тастап, ұсынды, жаңа әлемдік деңгейдегі ұлттық мемлекеттік идеясын көтерді, саяси партия құрды, ең соңында Алашорда, Қоқан автономиясы үкіметтерін өмірге әкелді.

Читайте также:  КӘСІБИЛІКТІҢ XXI ҒАСЫРДАҒЫ МӘНІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Оставить комментарий