Загрузка…

ҰЛТ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ДІНИ ФАКТОРЛАР

Ұлтаралық қатынастарда көзге түсетің үш мықты қасиет бар: тіл, мәдениет, дін [1]. Бұл аталған элементтер ұлттың негізгі тірегі, мәйегі болып табылады. Бұл аталғандын әрбірі өз алдына әлеуметтік институт және ұлттық бірлік, ұлттық сана сезім, ұлттық рух осыларға тікелей тәуелді болып келеді. Бүгінгі таңда еліміздегі діни ахуал және халқымыздың діни сенім-нанымы ұлтымыздың тірегі, дінгегі ретінде қызмет етіп отырма-мәселе осыда және бұл мәселе терең зерттеп, саралауды, талдауды қажет етеді. Жалпы алғанда дін- бұл сенімнен, нанымнан, иланудан тұрады және идеологияның қызметін атқарады. Адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында, ниетінде, жалпы өмірінің барлық саласында діни сенім үлкен ықпалға ие. Кез келген 248 адам өз әрекетінің дұрыстығына, сол әрекет қолынан келетіндігіне сенімі болғанда ғана әрекетке барады. Белгілі социолог Т. Парсонстың пікірінше қоғамда құқықтық нормаларға қарағанда моральдық нормалардың орны маңызды [2]. Дін моральдық нормалардың өзегі екендігі айтпаса да түсінікті. Бүгінгі күні елімізде көзге көрінбейтін діни идеологиялық күрес майданы жүріп жатыр. Көне заманнан барлық идеологияның негізі діннен басталатынын білсек, тарихтағы және бүгінгі көптеген соғыстардың себептері діни қақтығыстар болғанын түсіне білсек, бұған жеңіл желпі қарауға болмайтынына көз жеткізуге болады. Елімізде көп өкілдері мен діни сенімі әртүрлі адамдардың тату тәтті өмір сүріп отыруы үлкен мақтанышпен айтылып жүр. Дегенмен елімізде күн санап діни ұйымдар мен конфессиялар санының өсуі алаңдатарлық жайт. Мысалы 1989 жылы Қазақстанда барлығын қосқанда 700-дей діни бірлестік тіркелген болса, қазіргі таңда олардың саны 3 мыңнан асыпты. Республикада 42 діни конфессия әрекет етеді [3]. Аз ғана халқы бар Қазақстан үшін осынша діни бірлестіктердің шектен тыс көп екені өзінен-өзі түсінікті жағдай. Діни ұйымдар мен мен конфессиялардың өз діндерін ашық насихаттауы, қазақ жастарының өз діндеріне алдап арбап тартулары, өз діндеріне кіргізіп алулары ол ұйымдардың қызметінің ешқандай қадағалаусыз болуы жағдайды ушықтырып отыр. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам қандасымыз өзге дінге кіріп кеткендігі айтылуда [3] және бұл процес жалғасуда. Осы арада М. Тазабековтың: ―Өзге дінге көбейсе өтушілер Сол болар тамырыңды қиған пышақ, Бір-бірімізбен қырылысып жатпайық Екі дінге бөлінген Ливанға ұқсап‖ — деген өлеңдері діннен келетін қауіптің өте үлкен екенін аңғартса керек. 1960-жылдары тәуелсіздігін алған Африка, Азияның көптеген елдері 2000 жылы 40 жылдығын атап өтті. Оны «Сорок потерянных лет» деді. Бұлар аш емес, ептеп күндерін көріп жатыр. Бірақ білімі кем, жерінен айрылған, елінде миссионерлер қаптап кеткен, мәдениеті тозған [4]. Біздің де қырық жылдан кейін осындай жағдайға тап болмауымыз үшін қазір ойланып, шешім қабылдауымыз керек. Әлемдегі ланкестік әрекеттердің күшеюіне байланысты қауіпті ланкестік, экстремистік ұйымдарға жатқызылған 12 ұйымның қызметіне республикада тыим салынды. Олардың дені Ислам дінінің атымен байланысты ұйымдар. Бұдан республикаға қауіп тек исламшылардан төніп тұр деген пікір тумауы керек. Еліміздегі біраз ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бұл тізімге Евангалистер секталарын, «Иегово куәгерлері» ұйымын және т.б. секталарды кіргізу қажет деп санайды. Жалпы еліміздегі халықтың діни сеніміне талдау жасайтын болсақ, Ислам дініне мойынсұнушылар 70%-ға тең болса, 28%-ы православие дінінің өкілдері, 1%-ы католиктер, 0,5%-ы протестанттар, қалғандары 0,01%-дан екен [3]. Яғни, еліміздегі халықтар ұстанатын негізгі дін- Ислам діні. Тарихқа жүгінер болсақ Ислам діні қазақ жеріне таралуы ҮІІІ ғ. бастау алады. Біздің мемлекетіміз зайырлы мемлекет болғанына қарамастан елімізде ислам дініне басымдық берілуі керек және қазақ ұлтының тірегі, ұлттық рухтың өзегі- ислам дінінде екенінде ешкімнің дауы жоқ деп есептейміз. Дегенмен Ислам діні ұлттың негізгі тірегі, ұлттық рухтың өзегі, ұлтты біріктіруші идеологиялық күш ретінде қызмет етіп, өзіне міндетін толық атқарып отырма- мәселе сонда болып отыр. Халқымыздың басым көпшілігінің ұстанатын діні-Ислам, қазақ ұлты өкілдерінің барлығы дерлік мұсылмандар бола тұрса да, еліміздегі діни ахуал сын көтермейтін жағдайда тұр деп айтуға жоғарыдағы келтірілген дәйектер толық негіз болады. Бұл мәселенің бір жағы болса, екінші жағы Ислам дінінің ішінен түрлі ағымдар мен сенімдердің пайда болып, халықты адастыруы. Осы мәселеге тереңірек үңілер болсақ, еліміздегі ислам 249 дініндегілердің басым бөлігі өздерін мұсылманбыз, дініміз Ислам деп санағанымен, Құдайдың құлымыз, Мұхаммедтің үмбетіміз деп иман келтіргенімен Исламның шарттарын толық ұстанбайды. Осыған байланысты М. Тазабековтың: ―Бұл қазаққа Ислам, иман керек, Кісі өлгенде немесе түс көргенде‖ – деп айтқан өлең шумақтарында толық негіз бар. Жалпы еліміздің діни сенімін зерттеушілер бір тобы біздің сенім нанымымыз халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына негізделген Ислам діні екенін айтады және бұл тенденцияны оңды бағалайды. Енді бір зерттеушілер тобы керісінше халықтың салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыппен діннің жігін ажырата алмауы халықты адасушылыққа, діннің негізінің бұрмалануына алып келеді және қандастарымыздың басқа дінге өтіп кетулерінің негізгі себебі де осы адасушылықтан дейді. Ислам дініне бет бұрушылардың ішінде жастардың үлесінің көбеюі, қазіргі кезде жұма намаздарына, айт намаздарына мешітке барушылардың дені жастар болуы қуантарлық жағдай. Бірақ, Ислам дініне бет бұрушылардың өзі қоғам тарапына біраз қиыншылықтарға душар болуда. Бес уақыт намаз оқып, аузынан Алланы тастамай жүретіндерге, сақал-мұрт қоюшыларға, хиджап киіетін қыздарға, қоғамның барлық мүшелері оң көзбен қарайды деп айту қйын. Өйткені әртүрлі Хизбуд-Тахир, Бахаббизм сияқты ағымдардың пайда болуы, терроризм, эктремизм және ланкестік әрекеттердің ислам дінімен байланыстырылуы оларға күдікпен қарауға алып келудің бір себебі болса, екінші себебі 70 жыл бойы дін апиын деп атеистік бағытта ұрпақ тәрбиелеген коммунистік идеологияда деп ойлаймыз. Сонымен қатар діни сауаты бар, ислам дінінің қыр сырын білетіндер, терең меңгергендер жастар арасында, білім ұйымдарында үгіт насихат жүргізе алмайды. Өйткені, көп адамдар оларға теріс көзқараста болса, екіншіден оларды тәртіп сақшылары республикамызда әрекет етуге тыйым салынған ланкестік ұйымдарға қатысы бар деп қыспаққа алуы мүмкін. Бұл заңды құбылыс, өйткені Ислам дінін ұстанушылардың қайсы бірі шынай дінді ұстанып Құдай жолында жүргендігін, қайсы бірі халықты іштей ірітіп шірітуді, мемлекетті құлатуды мақсат етіп, Халифат құруды көксейтінін ажырату өте қиын. Еліміздегі ―Еңбек туралы‖ заңға толықтырулар енгізіліп Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнімен православие дінінің рождествосын мереке күндері етіп қабылдануы үлкен проблемалық мәселелерді алып келуі мүмкін. Жоғарыда халқымыздың 28%-ы православие дінінің өкілдері екендігін айтқанбыз. Үлесі жағынан біршама басымдыққа ие болып отырған православие өкілдеріне заң жүзінде статус беру елдегі діни жағдайды ушықтырады деген қауіп бостан босқа туған қауіп емес. Орыс тілін ресми тіл ретінде заң бойынша жариялануы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің құшақ жаюна кедергі болып, қазақ тілінің аясын тарылтып отырғанын көре отырып, осы заңды қабылдау арқылы сол қателікті тағы қайталадық деп санаймыз. Осы аталған жайттардың барлығы негізсіз емес, сондықтан діни мәселерді шешуде батыл қадамдар жасалу керек. Ол үшін келесідей біз өз тарапымыздан мемлекет басшыларына, ‡кіметке келісідей ±сыныстар береміз: — ең алдымен шетелден ағылып келіп жатқан діни миссионерлердің келуіне тиым салу; — елдегі діни ұйымдар мен конфессиялардың, бірлестіктердің қызметін мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алу, олардың санын барынша азайту; — қабылданған еліміздің ―Еңбек туралы‖ заңын қайта қарап, православие дінінің рождествосын мереке күні деп белгілемеу; — ислам дінінің кеңінен насихатталуына мемлекет тарапынан ықпал ету және жұмысын қатаң қадағалап, бұрмалануына жол бермеу; — ислам дініне басымдық бере отырып халықтың діни сауатын ашуға БАҚ-ты жұмылдыру. Діннін ұлттын ұлт болып сақталып қалуынын негізгі факторы екенін, діни бірлік болмай ұлттық бірлік, ұлттық рух, ұлттық сана болмайтынын ұғатын сєт жетті деп санаймыз. Жаһандану заманы єлемді жаулауына орай уақыт өте келе майда ұлттардың жойылып, жоѓалып 250 кететіні жайлы айтылуда. Қазақ ұлтының ұлт ретінде сақталуынын, ұлттық келбетін сақтап қалуынын бірден бір кілті- ол діни бірлігінде жєне ол діни бірлікті Ислам діні қамтамасыз етеді деп ойлаймыз.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar