ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯЛАУ

Кітапханалық қорлар – ғажайып әдеби шығармалардың, бірегей ғылыми еңбектердің, раритетті басылымдардың, тарих пен мәдениеттің баға жетпес ескерткіштерінің нағыз қайнар көзі. Біздің ата-бабаларымыз жазба мұраларды сақтауға ерекше көңіл бөліп, ауыр қиындықтарды бастан кешірген кездің өзінде де бұл мұраларды біздер үшін сақтаған. Сондықтан да, ұлттық құндылықтарымыздың жазба мұрасын сақтау, яғни бұқара халық үшін мәдени және рухани маңызы орасан зор сирек кездесетін басылымдарды, қолжазбаларды және басқа да құнды құжаттарды сақтау еліміздің өзекті мәселесі болып табылады. Құндылықтарымызды сақтауды қамтамасыз етуде арнайы стандарттар, нормативтер, нұсқаулық- әдістемелік құжаттамалар мен талаптардың орындалуы кітапхана қорындағы сирек кездесетін басылымдарды, қолжазбаларды консервациялау және қайта қалпына келтіруде маңызы зор. Сақтау жөніндегі іс-шаралар перспективалық және ретроспективалық сипаттарға ие. Перспективалық сақтау шаралары құжат материалдарының бүлінуін болдырмауға немесе табиғи ескіруін төмендетуге бағытталады. Ал ретроспективалық сақтау бүлінген құжаттарды қалпына келтіру шаралары бойынша, яғни құжаттарды қайта қалпына келтіру, түптеу, жаппай өңдеуді қолдану (дезинфекциялау, дезинсекция және т.б.), басқа да тасымалдау құралдарына ақпараттарды көшіру. Ең алдымен, сирек қордың жағдайын анықтап, яғни әлеуетті ғылыми құндылығы бар бүлінген құжаттардың ішінен сирек кездесетіндеріне ерекше көңіл бөліп, ұсақ жөндеу мен қайта қалпына келтіруді қажет ететін құжаттар іріктеледі. Басылымдар мен қолжазбаларды сыртқы әсерлерден қорғау мақсатында сақтаудың температура-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық режимі басты назарға алынады. Сирек кітаптар мен құнды басылымдар, қолжазбалар арнайы дайындалған папкаларда, қораптарда, қаптарда (футлярда) сақталады. Қалпына келтіру және түптеу, өңдеу жұмыстарының барлығы арнайы дайындалған желім мен дезинфекциялайтын ерітіндімен өңделеді. Сирек кітаптар мен қолжазбалардың әрқайсысына «паспорт» рәсімделеді, онда құжатты қайта қалпына келтіруге дейінгі және кейінгі жағдайы туралы толық ақпаратпен бірге фотоқұжаттамасы беріліп, әдістемелік құжаттар толтырылады. «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл Былғарымен түптелген және беттері жоғалған өте сирек кітаптарды қалпына келтіруді арнайы механизацияланған машина орындайды. Реставраторларды осындай арнайы техникалық құралдарымен қамтамасыз ету кітапхана қорын сақтау мәселесін жаңаша шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі кітапханалардың мақсаты консервациялау мен қайта қалпына келтіру проблемаларын терең зерттеп үйрену, жұмыстың жаңа жолдары мен әдістерін енгізу, бағалы құжаттарды басқа тасымалдаушыларға аудару және микроформаларды сақтау. Микрофильмдер, микрофиштер, фотоқұжаттар үлкен сұранысқа ие болғандықтан құжаттың жағдайы туралы ақпаратты қағаздан гөрі тасымалдаушы құралдарда сақтаған дұрыс. Мұраларымыздың мәңгі сақталуы кітапхананың мәртебесі Кітапхана қорын консервациялау ұғымы құжаттарды сақтау, реставрациялау, тұрақтандыру мен көшіру режимдері арқылы сақтауды қамтамасыз етуді білдіреді. Қорды сақтау режимі – кітапханашылардың қызметімен тікелей байланысты. Онда температура және ауаның салыстырмалы қатынасы, жарықтың түсуі, санитарлық-гигиеналық жағдайлар, құжаттарды орналастыру, тасымалдау, сақтау мен пайдалану жағдайларының кешені толық белгіленуі керек. Консервациялау қызметі болмаған жағдайда кітапханашы тиісті дайындықтан өтіп, өзі техникалық қызметтің көмегімен және кітапхана басшылығының қолдауымен сақтаудың нормативті режимін ұйымдастыруға және қолдауына болады. Сақтау режимінің номативті жағдайлары қараңғы жерде, төменгі температурада, инертті газды ортада, оқырмандар болмайтын ортадағы сақтау болып табылады. Құжаттарды қайта қалпына келтіру (эксплуатациялық қасиетін, формасын, түрін қалпына келтіру) мен тұрақтандыруды (көнеруді баяулататын және бүлінуді болдырмайтын өңдеу) арнайы дайындықтан өткен кітапханашы оны өзі жасай алады. Консервациялау кезіндегі көшіру дегеніміз құжатты сақтап қалу мақсатында оқырманға оның түпнұсқасының көшірмесін ұсыну. Кітапханашының міндеті көшірудің ережесін білу, түпнұсқаның бүліну мүмкіндігін және көшірменің бүтіндігін бағалай алу. Құжатты пайдалануды шектеу арқылы сақтап қана қоймай, сонымен қатар сақтаудың қажетті жағдайларын, яғни температурасы, ылғалдылығы, жарық түсу және санитарлық-гигиеналық режимі талапқа сай болуы. Негізгі көрсеткіштердің маңыздылығы: температура 18-20С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-60%, құжаттардың үстінен түсетін жарықтың нормасы 75лк, қарау кезінде 150 лк-дан артық емес. Температура мен ылғалдылықтың көтерілуі, ауаның ластануы, жарық түсудің ұлғаюы құжаттардың табиғи түрде көнеруіне, құжаттардың микроскопиялық саңырауқұлақтардан бүлінуіне әкеп соқтырады және температураның артуынан ол күшейе түседі. Бұл мақсатта психрометриялық «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл гигрометр қолданылады. Гигрометр шкаласы бар, психрометриялық кестесі бар, дистилденген су толтырылған, екі термометрден («құрғақ» және «ылғалды») тұрады. Аспаптың көрсеткіштерін жазып отыру керек. Бұл көрсеткіштер белгілерінің өзгерісін жыл бойы қадағалауға, жыл мезгілдеріне байланысты ғимараттың конструкциясын, қордың орналасу ерекшелігін белгілеуге мүмкіндік береді және кітапхананың орналасуы мен құрылысына қолданылған материалдардың қасиеттеріне, вентиляциялық және жылу жүйелерінің болуына, сол аумақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты болады. Сирек кітаптар мен қолжазбаларды қараңғы жерде немесе шкафтарда сақтаған дұрыс және сақтау орнында еркін ауа айналымы болуы тиіс. Құжаттарды сақтаудың режимі бұзылған жағдайда зең саңырауқұлақтары пайда болып, дамуы мүмкін, онда биоцид-метатин қолданылады, яғни биоцидтермен өңдеу қажет. Зең саңырауқұлақтары зақымдаған құжаттардың жанында тұрған құжаттың да үстіңгі сыртқы бөліктері, тысы, жиектері, түптері, форзацы міндетті түрде өңдеуден өткізіледі. Сондықтан да қазіргі таңда сандық көшірмені консервациялаудың «жанама» түрі деп айтуға болады, кітапханадағы құндылықтарымызды сандық көшірмеге айналдыру арқылы сирек басылымдардың ұзақ сақталуын қамтамасыз етеміз, ақпаратқа тез және кеңінен қолжетімділік мүмкіндігі жасалады, сақтау орындарында көп орынды, яғни аумақты қажет етпейді және кез келген көшірменің түрі ақпаратты сақтап қана қоймай түпнұсқаның бүлінуі мен тозуына жол бермейді, сондай-ақ электрондық құжаттарды ашық қолжетімді серверде сақтауға болады. «Отырар кітапхзанасы» ғылыми орталығындағы сирек қолжазбалар мен кітаптар қазір осы талаптарға сай сақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar