ҰЛТТЫҚ СӘЙКЕСТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ұлттың мәдениетімен, тарихымен, тілімен, дінімен, ділімен (менталитет), ҧлттық идеясы және идеологиясымен, бір сӛзбен айтқанда, ҧлттық саясатпен тығыз байланыстағы мәселенің бірі – жазу мәселесі. Осы орайда тҥрколог М. Ескеева: «Жазу – адамзат ақыл- ойының ҥлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық қҧндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен кӛрінетіндіктен, жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады» [1] – дейді. Тарихи деректерге сҥйенсек, ғалымдар жазу-сызудың табиғатын тҥсінуге ықылым заманнан-ақ қызығушылық танытып келеді екен. ХХ ғасырдың орта шенінде жазба тілдер мен олардың мҧрағаттарын зерттеуге деген қажеттілік тіл білімінің маңызды салаларының бірі ретінде графикалық лингвистиканың ӛз алдына толыққанды ғылым саласы болып қалыптаса бастауына алып келді. Лингвистер мен жазба тарихын зерттеуші палеограф мамандар жазу деген ҧғымға «Жазу – мәліметтерді жазудың графикалық жҥйесі, бәрінен бҧрын – адами тілдің ӛмір сҥру формаларының бірі» деген анықтама берді. Міне, осы анықтамадан-ақ жазудың адамзат баласы ҥшін қаншалықты маңызды екендігін білуге болады. Қоғамдық дамудың әрбір сатысында адамзат баласы жазудың бірнеше тҥрін пайдаланып келді. Оларға: идеографиялық, фоноидеографиялық, логографиялық, морфемалық, фонетикалық, буындық, консонанттық, консонантты-вокаликалық тҥрлері жатады. Ал ғалымдар әліпби деп – жазудың фонетикалық тҥрін атайды. Социолингвист Б. Кәрімов жазуды жасап шығару адамзат тарихындағы ең ҧлы жаңалықтардың бірі болғанын айтады. Оның айтуынша, тілдің ауызша тҥрі социум мен индивидке ойды, ақпаратты қҧруға және оны кеңістіктегі аз ғана арақашықтық пен қысқаша уақыт аралығына таратуға мҥмкіндік берді. Тілдің жазбаша тҥрі адамзат социумы мен индивид жасаған ақпаратты кеңістіктегі ӛте ҥлкен арақашықтыққа және ӛте ҧзақ уақыт аралығына сақтауға жағдай жасады. Бҧл ӛзінің этнациялық тілінің жазбаша ҥлгісін жасаған әрбір этнация ойкуменінің географиялық тҧрғыдан кеңейіп, орасан зор кеңістікке ҧласуына, сонымен қатар, осы этнацияның ішкі әлеуметтік қҧрылымындағы ҧрпақтан ҧрпаққа берілетін ақпарат сапасы мен кӛлемінің барынша артуына негіз болған. Осы ретте этнацияның әлеуметтік қҧрылымына қосылған жеке тҧлғалар санының ҥдемелі кӛбеюі жеке тҧлғалардың синхронды аспектісінде және жеке тҧлғалар ҧрпағының диахронды аспектісінде де болды. Ӛзінің жазу жҥйесін жасаған этнациялардың әлеуметтік қҧрылымы осы ҥдемелі сандық ӛзгерістен әлеуметтік қҧрылымның сапалық жаңа ӛзіндік әлеуетті мҥмкіндіктегі санатына кӛшіп отырды. Тарихи даму барысында осы әлеуметтік қҧрылымдар ӛзге әлеуметтік қҧрылымдарды ақпараттың жиналу ырғағы, білім, қарым-қабілет, тәжірибе мен инновацияның теориялық және практикалық жасампаздық қызметі жағынан, жеке тҧлға мен социумның мәдени, ғылым, білім беру, заттық орта мен рухани әлемінің дамуы тҧрғысынан, жеке тҧлға мен социумның жаңғыру ырғағы бойынша инновациялық мҥмкіндігі мен оны ӛмірге барынша енгізу жағынан басып озды. Дамудағы осы басып озушылық ақыр соңында этноәлеуметтік қҧрылымдар жҥйесінде және олардың мемлекеттік жҥйесінде, аймақтық және ғаламдық ауқымдағы геосаяси ӛзгерістерге ҧшыратты. Сондықтан да жазу жҥйесінің қалыптасуы, дамуы, қызмет етуі мен жетілдірілуі этнациялардың, мемлекеттердің, ӛркениеттердің, әлемдегі аймақтардың және тҧтастай әлемнің, ғаламдық Адамзаттың әлеуметтік дамуындағы маңызды фактор болып табылады екен [2]. Ғалымның осы ойы арқылы жазудың дамуы ғылым мен білімнің, мәдениет пен техниканың ӛркендеуіне алып келетіндігін, ал осы игіліктерді пайдаланған этнациялардың бәсекелестікке тҥсуі адамзат тарихындағы геосаяси ӛзгерістерге негіз болатындығына кӛз жеткіздік. Жазба тарихы адамзат тарихымен тығыз байланыста болса, ал тіл – ҧлттың этникалық негізі екендігі дау тудырмайтын ақиқат. Ал әрбір ҧлт тілінің тӛл дыбыстық ерекшелегі сол ҧлттың жазу жҥйесін ӛзге тілден ерекшелейді. Ал бҧл дегеніңіз — жазудың тіл сияқты ӛркениет пен ӛркениетті, ҧлт пен ҧлтты, этнос пен этносты ажыратып беруге қабілетті этникалық саяси белгі болып табылатындығын білдіреді.

Читайте также:  БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ

Оставить комментарий