«Ұлттық стиль» ізденістері

Республиканың кәсіби сәулет өнері мектебінің қалыптасу үрдісіндегі күрделі әрі қарама­ қайшы мәселелердің бірі ұлттық өзіндік ерекшелік ізденістерімен байланыстағы 1930­-50 жылдардағы сәулет өнері болып табылады. Қарастырылып отырған кезеңде «ұлттық стильді» іздеу барысында келесі кезеңдерді ескеріп кетуге болады: 1938­-41 жж.; 1943-­45 жж.; 1945­-54 жж.; Олардың әрқайсысы белгілі бір заңдылықтарға және ерекшеліктерге, мақсаттар мен міндеттерге ие. Опера театрының ғимаратына байланысты конкурста «Пішінінде ұлттық» сәулет өнері мәселесінің көтерілуі «Космосаяси бағдарды» жеңу қажеттілігі 1930 жылдардың ортасынан аяғына дейін ұрандатылды. Басында бұның астарында конструктивизм ойластырылса, кейіннен «классикалық» құрылыстар енді. Пікірталастың өткірлігі жергілікті құрылыс әдістеріне классикалық стереотиптердің, регламентациялардың, климатқа енжарлығының жалпылығына қарсы бағытталды. Осыдан классикаланған құрылыстардың функционалдық тұрғыдан сәйкес келмеушілігі туралы, эстетикалық қырынан қанағаттанбаушылық утилитарлық жарамсыздығымен ассоциацияланды. Сондай­ақ түбегейлі қарама­ қайшылықтағы көзқарас та болды. Классикалық сәулет өнерінің оңтүстік сипаты Алматыдағы құрылыстың ерекшелігімен климаттың жақындығы байланысты. Мұның бәрі жағдайдың шынайы болмысын ашып түсіндіре алмады. «Ұлттық қаланың образы жоқ» оған ­ өзіне тән ұлттық пішіні бар өзіндік сәулет өнеріне деген қажеттілік өткір сезілді. Мектептің өзін­өзі анықтау үрдісіндегі белсенділігі ұлттық ескерткіштерді (сәулет өнері, сәндік өнер) зерттеуді, болашақта оларды құрылысқа ендірудің әдістерін болжады. Бұл жас суретшілер мен сәулетшілер Одағының бірінші кезектегі міндетіне айналды. Ал жергілікті сәулетшілер ұлттық өзін­өзі тану мәселелерін шешудің әдістерін іздестірумен жүргенде Қазақстан сәулет өнерінің жаңа кезеңін бастаған опера театрының құрылысы аяқталған болатын.

Театрдың стильдік ерекшеліктері соғысқа дейінгі уақыттағы «ұлттық стиль» бағдарламасын, яғни алғашқы кезеңін мәнерледі. Театрлық мекеменің идеясын әлде қайда сәтті мәнерлеген Н.Кругловтың жобасы конкурста жеңіске жетті. Ол бағдарламаның тапсырма талап еткендей синтетикалық сипаттағы Алматыға арналған театр ғимаратының қызықты жобасын жасады. Жобаның шүбәсіз жеңіске жеткендігіне қарамастан өзгерістер енгізу ұсынылды, сондай­ақ театрға көше перспективасынан басқа орын таңдалды. Бұл ансамбльді жобалауда қатаң үдемелі классикалық жүйеге алып келді, ал кейіннен оған тұтас ғимараттың барлық композициясын да бағындыруға тура келді. Мекемелер мен жобаларға қанағаттанбау, «классиканы көзсіз көшірген», «ешбір қазақша желісіз стильдерді эклектикалық араластырулар», қазақтың ою­өрнегі мен ұлттық тұрғын үй (киіз үй) желілерін кеңінен қолдануға шақыру ­ театр бейнесін қайта өңдеуге ықпал еткен себептердің бірі. Ондағы «ұлттық кескіндемені» «классикаландыру» мақсатымен байланысты болған өзгеріс оның тек декорына ғана қатысты болды. Бұл кеңес сәулет өнерін мұраны игеруге қайта бағдарлау ұранымен байланысты болып, ол ұлттық республикаларда классикалық және жергілікті сәулеттік декордың, бөлшектің, пішіннің синтезін білдіреді. Арғы уақытта ұлттық республикаларға арналған қоғамдық ғимараттардың сәулетінде классикалаушы және ұлттық элементтерді біріктіретін аталмыш қағида аксиомаға айналады. Бұл теориялық қырынан былай түсіндірілді, гуманистік басты классикалық жағынан бүкіл кеңес сәулет өнерінің біріктіруші сапасы болып табылып (яғни, интернационалдық фактор), ал ұлттық әдісті, пішін мен декорды пайдалану ­ республикалардағы сәулеттің ұлттық өзіндік ерекшелігінің кілті. Бұл «декорацияның» мәні ­ сәулет өнерін «оңай оқылатын», халыққа жақын әрі түсінікті, өткенмен визуалдық байланыстардың негізінде «ұлттық» етіп жасады. Сол кездері сәулет өнерінің мәні «ұлттық бұқараның санасына әлеуметтік идеяны ендірудің құралы ретінде» қабылданды, яғни ол «ұлттың талап­талғамына сай келіп, әдейілеп соған арналып жасалған таныс, айқын әрі түсінікті пішіндерде берілген ол сәулетшілер мен жобалаушылардың және бұқара ұлттың арасында байланыс қызметін атқаратындай» болуы керек. Қазақтың дәстүрлі мәдениетімен көрнекі байланысты жүзеге асыра отырып өрнектік декор ғимараттардың классикалық «арқауын» залалсыздандырады. Кәсіби өнер мен қолөнер байланысын іздестіру жүріп жатты. Қазақстан сәулет өнеріндегі ою­өрнекті қолданудың келешегіне қызығушылық танытуда ішкі себептер де себеп болды.

Читайте также:  Таңбаның кездейсоқ болуы

Қазақтардың дәстүрлі мәдениетінде бейнелеуші емес тенденциялар Шығыс өнеріндегі образдық жүйенің даму логикасын мәнерлей отырып, көркемдік шарттылықтың тарихи түрі болып табылады. Әлемнің символдық бейнесінің қағидасында» яғни қарадүрсін өнердің образдық құрылымының сипаты ретінде (ұл тең өлшемде қаламен салыстырғанда төменгі сатыда жалпы көшпенді мәдениетін тарихи тұрғыда ескіше бағалауға жатады) ою­өрнектердің тілін негізгі ұстаным деп бағалауға болмайды. Тұтастай ою­ өрнекке жүгінген көшпенділер өнерінде бұл жәй ғана декор емес, сондай­ақ этникалы таңбалық образды­мағыналық жүйе. Бұл жағдайда ою­өрнектер тілі «формальдық белгі ретінде емес, керісінше, оның мағынасының функциясы ретінде қызмет атқарады: онда қоғамның рухани және материалдық өміріндегі ою­өрнектердің символикасына жататын сол бір күрделі синкреттік роль кескін табады». Олар осы сан алуан түрлерінде жанама сипатта болсын, айқын байқалып келе жатқан ұлттық мәдениеттегі көркемдік әдістің ең басты ерекшеліктерін мәнерледі. Ою өрнек сәулеттік­сәндік синтездің негізіне айнала отырып, ғимарат сәулеті мен жекелеген бөлшектерді біртұтас ансамбльге жинақтауға шақырады, яғни қорыта келе ол көшпенділер тұрағындағы қызметтің барлығын бірдей атқаруға міндетті еді. Ұлттың мәдени жетістіктерін білдіретін қоғамдық ғимараттың жаңа түріне енгізілген халық өнерімен ассоциациялық байланыс қазіргі өмірдегі тарихи символдардың жалпы санын қабылдауда қажетті эмоционалдық жағдай жасады. Мұнда дәстүрлі өнер әлемдік және отандықпен бір қатарға қойылып, түпкі тамырына қатынасынан ұлтты оятудың символын көрген қоғамдық көңіл­күй мен талғам көрініс тапты. «Ұлттық стильдің» алғаш рет театр ғимаратында «шоғырланғаны да» кездейсоқ емес. Өйткені онда келешекте халық шығармашылығының ән­күй­фольклорлық інжу маржандары ­ ұлттың мәдени тектік қоры дәстүрлі өнердің эпикалық пішіндерінен көпжанрлы полифонияға, этникалықтан ­ жалпы адамзаттық көркемдік құндылықтарға қарқынды түрде көшті. Театр белгілі деңгейде монументалды насихаттаудың функцияларын ­ мәдени бағдарламаның мақсатымен халыққа шығуды жүзеге асырды. Өз заманының «пішінінде ұлттық» атты ұранына жауап ретінде жасалған театрдың көркемдік­стильдік ерекшелігі 1940 жылдардағы Қазақстанның жобалы­құрылыстық тәжірибесінің типологиясы бойынша әртүрлі ғимараттардың пішін қалыптастырудағы мөделіне айналды.

Читайте также:  Гайнувеле және Дема

Оставить комментарий