«Ұлттық стильдегі» сәулет өнері (1937-­1954 жж.)

1930 жылдардың ортасындағы кеңестік сәулет өнерінің шығармашылық қайта құруының нәтижелері Қазақстанға бірден әсер ете қоймады. Келесі кезеңге жобаланған мекемелердің құрылысы біртіндеп аяқталмай қалды, алайда олар сәулетшілер мен тұтынушылар үшін эстетикалық құндылығын жоғалтты. Әлемдік және ұлттық сәулеттік дәстүрлерді игерудің өзектіленуі­ол жылдардағы әлеуметтік­мәдени үрдістердің маңызды ерекшелігі. Кең диапазонда мұраға назар аудару тек жәй формалды­стилистикалық ізденіс қана болып қойған жоқ, сонымен қатар ұлттық психология мен ұлттық мәдениет аясында ешқандай түбегейлі өзгерістер шақырмады. Дәстүрге қайта оралу қазіргідей айқын болмағанымен күйреген немесе шегінген жоқ. 1920 жылдары жоғалған сәулеттік мұрамен көрнекі байланысты қайта қалпына келтіру талап етілді. Бұған дейінгі шығармашылық қағидалармен қатынастың үзілуінен ауыртпалық сезіліп, көбінде декоративтік сипатта өтті. 1920 жылдардағы кеңес авангардының өткеннің дәстүрден іргесін аулақ салуына оны игеру бағдарламасы қарсы қойылды. Сонымен қатар 1940­50 жылдары алдыңғы кезеңдердегідей мәдениет, ғылым, әкімшілік ғимараттарын салу жүріп жатты. Олар­ұлттың беделі, жетістіктің куәсі. Өткен кезеңмен салыстырғанда ендігіде назар жаңа типологияларды өңдеуге, сәулет өнерінің техникалық­конструктивтік сипаттарына­тарихи­мәдени мұра контекстінде образдылыққа ауысты. Қарастырылып отырған кезеңнің жобалы­құрылыстық тәжірибесінде Алматының орталық аудандарындағы және тұтастай қаладағы жекелеген мекемелердің ансамблін салу мәселесі маңызды орынды иеленді. Республикалық сәулетшілер Одағының құрылуы. 1930 жылдардың ортасындағы конкурстар. Қазақстан сәулет өнері үшін 1930 жылдардың ортасынан бастап сапалы түрде жаңа кезең басталды. Республикалық шығармашылық Одақтың ұйымдастырылуымен жергілікті сәулетшілер белсенділік танытты. Соғысқа дейінгі жылдардағы көптеген конкурстар, олардың жұртқа кеңінен жайылуы мен көпшілікке талқылануы шығармашылық үрдісті ынталандырып отырды. Жергілікті сәулеттік дәстүрмен таныс емес жас сәулетшілердің жоғары оқу орындарында игерген тарихи стиль саласындағы білімдерін практикада жүзеге асқан аз көлемдегі мекемелердің жобасында іске асырғаны аса маңызды емес. Кейінірек сәулет өнеріндегі ұлттық өзіндік ерекшелік ізденістерінің тенденциялары әсер ете бастайды. Өткеннің сәулет өнерінің әдістері мен пішіндер құрамына мойын бұру әртүрлі сипатта болды ­ ашық көшірмелеуден, заманауи типологияны мүлде алып тастау талап етілген кезде оған сүйеніп еркін әрекет етуге дейін. Аталған әдістің күшті құқын теоретиктер де атап өтті ­ пішіндерді «қайта орналастыру», «қайта өңдеу». Сәулеттік бөлшектер мен өрнектелген пластиканы символды баяндау типологиялық сипатты жасады.

Читайте также:  Теогония және генеалогия

Конструктивтік айқындығы, дориктің қуаттылығы жоба авторының ойы бойынша (сәулет. В.Твердохлебов, 1938 ж.) цирктің жартылай сфералы пішінінде үйлесті. «Жеңіл әрі көңілді сәулетті» талап еткен пионерлер сарайының жобасында (сәулет. В.Масляев, 1938 ж.) «балаларға арналған грек сәулет өнері» тақырыбындағы өзіндік ерекше фантазияны жасай отырып, пропорциясында жеңілдетілген портик пен бөлшектері қолданылды. Классикалық түп бейнедегі осындай әдіс петербургтік сәулетші И.Г.Явейнаның Қазақстан теміржол вокзалдары үшін жасаған жобаларына тән. Ғимарат стилистикасы көбінде 1920 жылдар арнасының тенденциясында ­ И.Голосовтың динамикалық композицияларында, Н.Троцкидің классиканы романтико­символикалық баяндаудың индустриалдық желілеріне жатты. Теміржол тақырыбы, қозғалыс, энергия пафосы ­техникамен ассоциацияланып классикаланған пішіндердің образды­символикалық баяндалуының негізі. Олардың баяндалуы қазақтардың дәстүрді сәулет өнеріне де жүгініп, пластикамен толықтырылған көлемдердің экспрессиясы (декоративтілік; жарық­көлеңкеде өңдеудің әдістері; материалдары ­ қыш плитка, шала өңделген өнім), өткен мен қазіргінің көркемдік метафораларын тұтынған құрылыстарға ерекше мәнерлілік берді. «Академиялық» мағынадағы жобаларда тарихи пішіндерге назар аудару әртүрлі контексте көрініс тапты. Пионерлер сарайының жобасы петербургтік мектеп өкілдері М.Шугал мен М.Левинсонды «стильмен» жұмыс жасаудағы кәсібиліктері ­«типологияны жеткізуде немқұрайлық танытатын палладиандық классицизмнің» бөлшектері мен әдістерді таңдаудағы қаталдық ерекшеледі. Авторлар бірнеше жобалардың қатарында классиканың трансформацияланған пішіндері мен әдістерін қолдана отырып, әкімшілік ғимараттарының жаңа типологиясын жасауға талпынды: институттар, Ғылым академиялары, Үкімет үйлері. Көрсетілген жобалар әкімшілік ғимараттардың образын қалыптастырудың, әсіресе 1930 жылдардағы петербургтің сәулет өнері мектебі кең әрі сәтті қарастырылған қағидаларына әуестенді. 1970­80 жылдарға дейін жеткен қатал әрі ұстамды негізгі әдістер мен тәсілдердің өміршеңдігі классиканы бүгінгі күн арнасында баяндауы аталған типологияны жасаудың тартымдылығын дәлелдейді. Бұл ­ образдық сипаттардың қаталдығы мен ұстамдылығы, қасбеттің нақтылығы, композициялық құрылымның симметриясы, ішкі құрылымды анықтайтын тік сызықтардың өлшемді ырғағы. Петербургтің жетекші сәулетшілері Е.Левинсон, И.Фомин, Б.Рубаненко, Г.Симонов, сондай­ақ жергілікті сәулетшілер Алматыдағы жаңа Үкімет үйінің ғимаратына арналған конкурс материалдарында жоғарыда көрсетілген классиканы қолдануға жоба авторларының шынайы берілгендігін жариялады.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Оставить комментарий