Ұлттық ұйым туралы түсінік

Мырзалар, біз жүзеге асырғымыз келетін нәрсенің (соны ең болмағанда нобайлай кетейік) ең маңыздысы ­ либерализмнің тектік нышандарын (өзіне табиғи түрде, мен бұрын айтқанымдай, социализм мен синдикализмнің барлық принциптерін, тepic тұрғыдағы емес, жасампаздық тұрғысындағы принциптерін қосатын) Испанияны жайластыру принципімен ұштастыру. Ұлттық қызметтің бәрі салғанда титімдей ұйымдастырылуына қажет барлық талаптарды icпeн орнықтыру, өміргe енгізу біз үшiн либерализм деп аталатын этикалық және құқықтық принциптерді қолдап отырумен бірдей маңызды. Бұл толық жүзеге асырылуға тиіс. Басқаша айтсақ, билеп­төстеушілердің әділеттігі, олардың өздері мен әкімдерінің бiлгipлiгi қандай қажет болса, бізге бұл нақ сондай қажет; және бұл арада біз енді­енді бастадық. Оны жолға қою iciн кім өз мойнына артады? Басқасының бәрі, мырзалар, тек ділмарсу, көпірме сөз. Ұлт тек ақынның өлеңдерімен, қандай да бір шешеннің басына келе кeтeтiн толғамдармен жасалмайды; бұл күн сайынғы, минут сайынғы еңбек, денеңнің қызуымен жылытып, махаббатпен рух бітірілетін еңбек, тұқымның дер кезінде өніп, пiciп жетілгенінше оны күзететін сол. Ал мұның бәрі қайда даярланады? Саяси партиялардың қaзipгi ахуалында осынау аса бір әдепті, нәзік, игі, білiктi еңбек үшін орын табыла ма? Министрліктер де, университеттер де білікті адамдар жасамайды. Оларда, әрине, ондайлар ұшырасады, бірақ олар сирек. Бipaқ барының өздері де өздерінің жанында қордаланғанның бәрі, қабілетінің бәрін ұлтқа толығымен бере алмайды. Бiлeмiн, мақтау естиін демей­ақ осы жұмысты жасаған, жасап жүрген … адамдар бар; олардың күш­жiгepi тобырға көрінбейді, демек, әрқашан қол шапалақтау тәуекелімен қабаттаса бермейді. Сол адамдарды, солармен біргe келетіндерді «Саяси білім беру лигасы» қуана­ қуана қабылдайды. Мен біліктілік принципі өте нәзік екенін ұмытпаймын. Адамның білгірлігін анықтау үшін соншалық мiнciз аспаптарды (әcipece гәп моральға қатысты болғанда) пайдалану қажет екендігін білемін, бірақ Испанияда бұған қол жеткізу әзіpгe өте қиын. […] Университеттер атақ береді. Егер бір төбе атағы бар адам табылса, егер ол атақтарының салмағын көтере алмай жүрсе ­ тап соны білікті де білгір деп санайды. Жоқ, мырзалар, өздepiндe болмағандықтан бере де алмайтын мекемелерден алынған ондай білгірліктен біржолата бас тартуымыз керек. Бiз екі саяси партиямен ­ консервативтік және либералдық партиялармен реставрацияның құрт жеп біткен, бұзылып бара жатқан қалдықтары секілді ұшырасамыз, олар, тегінде, өздерінің уақыты мәңгілік болғанын және адамдар секілді, кезінде дәуірлер де өледі дейтін тарих заңы салтанат құрмауын қалайтын сияқты. Бip қас­қағым сәтте осынау cеміп біткен қос қанат жиып алынғандай көрінген; ол қанаттар топшысынан қиылған сәт те болды, бірақ қазір оларды қайтадан жөндегісі келетін секілді. Саясатқа бүгін келiп жатқан жастардың позициясы аталмыш нақты жағдайда сол партиялар жөнінде қолданылғанда, табиғи түрде, егер олар өзін­ өзі сақтап қалуға тым жанталаса берсе, мен бұрын реставрация (әңгіме 1868­ 1874 жылдарғы сәтсіз буржуазиялық революциядан кейінгі Испанияда Бурбондар монархиясын реставрациялау кезеңі туралы) жөнінде ұсынған қатаң шешімді қолданудан тұруға тиіс. Сол партиялардың өздерi реставрация; демек, онымен мүлдем жұғыспау керек. Олар ­ Испанияның ең үлкен жауы, оның өлуіне жол берген дұшпан. Олар инерция мен келісімпаздық апаны. Олардың жер бетінде болуының әрбір күнi ұлттың өміршеңдік күштерінің қайта тууын шегере береді.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Оставить комментарий