iRef.kz

Ұлы саяси соқыр сенім

Өткен замандар саясатының ұлы саяси соқыр сенімі монархтардың құдай берген құқығы болатын. Біздің заманның ұлы соқыр сенімі ­ парламенттердің құдай берген құқығы. Құдайдың батасы, тегінде, бір бастан көп басқа мүлдем көзге шалынбай сырғып кетіп, олардың ездерін де, олардың декреттерін де мүриттерге айналдырған болуы керек. Осынау соқыр сенімдердің біріншісін ұлттық сенім деуге болады; бірақ оның екіншісіне қарағанда қисындырақ екенін мойындамауға болмайды. Егер біз монарх құдай, немесе құдайдың ұрпағы болған, яки құдайдың елшісі болған замандарға оралсақ ­ біз оның ырқына немқұрайды мойынсұнудың негізді себептерін барлық жерден табамыз. Мысалы, Людовик XIV патшалық құрған заманда Боссюэт секілді теологтар корольдер ­ құдайлар және құдайдың тәуелсіздігіне біршама ие деп үйреткен, немесе, бір кездердегі біздіңторилар секілді, адамдар «монарх ­ аспанның елшісі» дегенге сенген замандарда осынау алғышарттан мемлекеттің билігі үшін шек болмайды деген міндетті байлам жасалғандығы айдан анық. Бірақ осы заманғы принципті бұлай қорғауға болмайды. Тегіміз құдайдан деп те, құдай берген миссиямыз деп те сілтеме жасай алмайтын заң шығарушы корпус өзінің шексіз билікке дәмесін заңдастыру үшін жаратылыстан тыс беделге жүгіну мүмкіндігінен айрылған; екінші жағынан ешкім ешқашан мұндай дәмені жаратылыстық тәртіп дәлелдерімен негіздеуге тырысқан емес. Демек, заң шығарушы корпустың шексіз билігіне сенімде монархтың шексіз билігіне бұрынғы сенімнің логикалық сипаты жоқ. Жалпы адамдардың олар бұрын принципінде бас тартқан доктриналарын қалай ұстанатынын, сөйтіп осылайша пошымын қалдырған нәрсесінің мәнісін қалай сақтай беретінін көру қызықты. Теологияда бұл тұрғыдағы мысал Карлейль бола алады: студент кезінде­ақ ол ата­бабаларының дінінен бас тартты, бірақ шын мәнісінде ол тек қабықты серпіп тастайды да, мазмұнды, оның ғалам мен адам туралы түсінігін сақтап қалады; оның бүкіл құлқы ол бітіспес шотланд кальвинистерінің бірі болып қалғанын көрсетеді. Ғылым да бізге геологиядағы натурализмін биологияда жаратылыстан тыс күшке сеніммен ұштастырған адамның мысалын береді ­ ол сэр Чарльз Ляйель. Ол алғаш рет геологиядағы формация теориясын баяндағанда Моисейдің космогониясына ешқандай назар аудармайды, есесіне ол әрбір жеке табиғи тұрпатты құдай жаратқанына сенімді; тек Моисейдің космогониясына сүйене алатын сенімді ұзақ уақыт бойы қорғай береді, тек оз ғұмырының ең соңғы кезеңінде ғана Дарвиннің уәждерімен келіседі. Саясатта да… көз алдымызда сондай мысал түр.

Мемлекеттің шексіз билігі туралы доктрина үнсіз келісіммен мойындалған: осынау доктринаны торилар да, либералдар да ұстанады, бірақ оның бастауы заң шығарушылар Құдайдың елшісі деп саналған замандарда жатыр. Ол, құдай жіберген елшілер дегенге сенім жайына қалғанына қарамастан, осы кезге дейін дәурендеп түр. Қандай да бір бейберекет килігудің заңдылығына күмән келтірген азаматқа: «О! Парламент актысының құрығы ұзын» дейді де, азамат содан былай жақ ашпайды. Мұндай құдіреттілік, тек материалдық жағынан мүмкін еместігінен ғана шектелетін құдіреттілік қалайша, қашан және қай жерде пайда болды деп сұрау оның ойына да келмейді. Біз осынау құдіреттілікке күмән келтіруден қашпаймыз. Қазір бір кездері логика талаптарына сай келген, жер бетінде патшалық құрған адам көкте патшалық ететін құдайдың өкілі, сондықтан барлық адамдар соған барлық нәрседе бағынуға тиіс деген теорияға енді сілтеме жасамайтындықтан, біз өз бөлігінің шыққан тегі көкте жатқанынан дәметпейтін конституциялық немесе республикалық үкіметке барлық нәрседе мойынсұнуға қандай негізбен міндеттіміз деп сұраймыз. Осынау сұрақтың бізді саяси билікке қатысты бұрынғы және қазіргі теорияларды сынға алуға мәжбүр ететіні айдан анық. Бәлкім, әлдеқашан шешілген мәселелерге қайта оралғанымыз үшін біз кешірім сұрауға тиісті шығармыз, бірақ біз жалпы жұрт мойындаған теорияның… нашар негізделгенінен немесе тіпті ешқандай негізі жоқ екендігінен жеткілікті кешірім табамыз. Ең алдымен біз жоғарғы билік туралы ұғымды аламыз, және осы ұғымды ондай өкіметтің жаратылыстан тыс шыққан тегін мойындамайтындардың бәрі қалай түсінетіндігі түріне сыншыл көзқарас бізді Гоббс уәждеріне жетелейді. Гоббстың «Адамдар өздерін қорқытып ұстайтын бір ортақ өкіметтің құзырында өмір сүрмейтін кезде, олар бір­біріне қарсы … соғыс деп аталатын ахуалда болады» деген постулаты әділетті делік. Бірақ бұл шындық емес, олай дейтініміз, біз «оларды қорқытып ұстайтын біртұтас ортақ өкіметсіз­ақ», сол өкімет бар қоғамдағыдан неғұрлым терең тыныштық пен көбірек жарастық патшалық ететін өркениятсыз қоғамдар бар екенін білеміз. Сондай­ақ Гоббс қоғамдардағы үкіметтік билік бастапқы кезде оларда тәртіпті сақтап отыру үшін құрылды деп кесіп айтқанда, оныкі жөн еді деп­ақ топшылайық, дегенмен пакты болмыста осынау билік әдетте шабуылдайтын немесе қорғанатын тұстарда көсемге бағыну қажеттігінен туындайды және оу баста индивидтер құрған ассоциацияда тәртіп сақтауға теориялық жағынан да, іс жүзінде де ешқандай қатынасы болмайды.

Тағы да, қауым мүшелері ұдайы қайталанып отыратын қақтығыстар туындататын қасіреттерден құтылу үшін өздерінің арасында «шарт немесе келісім» жасайды, ол бойынша солардың бәрі өздерінің бастапқы қарекет бостандығынан бас тартады деген мүмкін емес гипотезаға да жөн екен деп жол берейік; тіпті солардың ұрпақтары есте жоқ ескі заманда өздерінің ата­бабалары жасаған шартпен байланысты дегенге де жол берейік. Сол мәліметтерге қарсы шықпай­ақ қоялық, деймін мен, солардан Гоббс жасайтын байламдарға тікелей көшелік. Ол былай дейді: «Ешқандай шарт жоқ жерде, ортақ құқықтардың белгілі бір бөлігі тапсырылмаған жерде, әрбір адамның бәріне де құқығы болатын жерде, демек, ешқандай қарекет әділетсіз бола алмайды, бірақ шарт бар жерде оны бұзу әділетсіздік және әділетсіздік дегеніміз шартты орындамаудан өзге ештеңе де емес… Сондықтан, қандай да бір қылықты әділетті немесе әділетсіз деп атаудан бұрын барлық адамдарды бірдей жазалану қатерімен, олар шартты бұзу арқылы көргісі келетін пайдадан неғұрлым күшті сезілетін жазадан қорқыныш арқылы олардың шартының орындалуына мәжбүр ету қатерімен мәжбүрлейтін биліктің болуы қажет». Бәлкім, солардың бірде­біреуі, егер мәжбүрлеуші билік және жазадан қорқу болмаса, өзі маталған шартты орындамас еді деген Гоббстың топшылауын ақтау үшін оның заманындағы адамдар шынында да, соншалық бұзылған болар. Ал біздің заманда, мәжбүрлеу құқығы мойындалмайтын кездің өзінде «әділетті» және әділетсіз эпитеттерін қолдануға болады. Мен өзімнің достарымның арасынан жазамен қорқыту қажеттігінсіз­ақ өзінің уәдесіне адал, мәжбүрлеуші билік бар болса да, жоқ болса да алған міндеттемесінің күші бірдей болатын алты­жеті адамды атай алар едім ­ мен бұған кәміл сенемін. Алайда, Гоббстың ештеңемен дәлелденбейтін гипотезасы оның мемлекеттік билік пайдасына жасалған уәжін әлсіретеді деген ескертпеге тоқталып жатпай­ақ және бір мезгілде оның алғышарттарын да, оның байламын да мойындай отырып, біз маңызды екі тұжырымға назар аударуымыз керек. Олардың бірі ­ мемлекеттің сондай негізге сүйенетін билігі белгілі мақсатқа жетудің, сол мақсатты жақындата түсуге қызмет ететін кезде ғана, құралы және заңды бола алады: егер мақсатқа қол жетпесе, аталмыш гипотезаның негізінде билік те жоқ деген тұжырым. Екіншісі ­ соның үшін билік соншалық маңыз алған мақсат ­ азаматтар арасындағы қатынаста әділетті қолдап отыру ісін әділ сот міндетіне жүктеу деген байлам. Қисынымен ойласақ, егер мәжбүрлеу шартты бұзуға бағытталған тікелей және жанама қаскүнемдіктердің алдын алуға, не сыртқы жауларға қарсы қорғанысты ұйымдастыру үшін қажетті болмаса, азаматтар жөніндегі ешқандай мәжбүрлеу әділетті бола алмайды.

Бұл арада біз жоғарғы биліктегі олардың қызметін Гоббс теориясынан шығатын толық күйінде табамыз. Гоббс өзінің уәждерін абсолютті монархия мүддесіне орайластырып құраған болатын. Оның қазіргі мүриді Остин өзінің алдына заң беделін бір адамның немесе азды­көпті адамдар тобының тұтас қауымға шектеусіз жоғарғы билігінен шығару мақсатын қояды. Остин әуелгі кезде армияда қызмет еткен және ол туралы оның «Province of Jurisprudence» атты шығармасында әскери қызметтің ізі жатыр деп әділетті айтатын. Егер біз, оның кісіні жалықтырып жіберетін педанттығына, өзінің доктринасының мәнісін бүркемелеуге қызмет ететін оның шексіз­шетсіз анықтамаларына және үздіксіз қайталауларына көңіл аудармастан, сол доктрина неден құралатынын қарастырсақ, онда ол азаматтық билікті әскери билікпен бірдей деп білетінін анық көреміз: ол мұның біріншісі де, екіншісі де шығу тегі жағынан да, ықпал өрісінің кеңдігі жағынан да дау атаулыдан жоғары түр дегенді айтады. Оң ыңғайдағы заңның күшін негіздеу үшін ол бізді биліктің абсолютизміне оралып, оны монархияға, аристократияға немесе демократиялық мемлекеттегі сайлаушылардың неғұрлым айтарлықтай бөлігіне телиді де, осыған сәйкес сондай институтты жоғарғы басшы деп атап, оны қабілетсіздігінен немесе басқа себеппен бағынышты болып қала беретін қалған қауымға қарсы қояды. Қарапайым немесе күрделі, кең немесе тар ұжымның, өзі жоғарғы биліктің иесі деп атайтын ұжымның шектеусіз билігін мойындап, дұрысы, ешқандай толғамсыз қабылдап, оған содан биліктің оң ыңғайдағы заң деп атайтын декреттерін шығару түкке де тұрмайды. Бірақ ол проблеманы шешкен жоқ, қайта алыстата түсті. Мәселе негізінен мынаны білуде: жоғарғы билік қайдан шығады? Жеке бір адам немесе азшылық, яки коп адамдар топтың қалған мүшелерінен сондайлық үстемдік құқығын қалай алады? Сыншыл ақыл толық негізбен былай дей алар еді: «Оң ыңғайдағы заңды шексіз биліктен шығарып әуре болмаңыз; оның шыққан тегі жеткілікті айдан анық: әуелі абсолютті билігіңізді дәлелдеп беріңіз». Бұл сауалға сіз жауап ала алмайсыз. Остин доктринасының тиянақ нүктесін қарастырып шығыңыз, сонда оның Гоббс доктринасынан артық негізделмегенін көресіз. Егер біз құдайдан шығатындыққа немесе елшілікке жол бермесек, бір болар, коп болар басшысы бар ешқандай үкімет, абсолют билікке дәмесінің негізділігін дәлелдей алмайды. «Мұрсат беріңіз, дегенді естимін мен барлық жақтан, көпшіліктің өзі сайлаған парламентіне даусыз құқықтар беретін даусыз құқығы бар». Осы арада біз мәселенің мәнісіне де жеттік.

Парламенттердің құдайдан шыққан құқығы дегеніміз көпшіліктің Құдайдан шыққан құқығы екен. Заң шығарушылардың да, халықтың да толғануы үшін негізгі ой, көпшіліктің шектеусіз құқықтары бар деген кәміл сенім екен. Жұрттың бәрі дәлелсіз­ақ, өздігінен айдан анық ақиқат ретінде қабылдаған теория осындай. Соған қарамастан, менің ойымша, сын осынау жалпы жұрт қабылдаған пікір түбегейлі өзгеруге тиіс екенін көрсетеді. «Review of Edim bourg» басылымында 1854 жылы қазанда жарияланған «Темір жолдар әкімшілігінің негіздері» атты мақаламда мен акционерлік компаниялардың қарекет салтын мысал ете отырып, көпшіліктің өкілеттіктері туралы айтудың орайын тапқан едім, сол мақаладан мына бір үзіндіні келтіруден артық өзіме жасаған қорытындыларға жол аша алмаспын: «Адамдардың белгілі бір тобы қандай жағдайда және қандай мақсатпен бірлесіп жұмыс істемесін, біз, егер олардың арасында алауыздық туа қалса, азшылықтың емес, көпшіліктің ырқы орындалуын әділет талап етеді дейміз және бұл ережені, даулы мәселенің сипаты қандай болса да, барлық жағдайда қолданыла алады деп санаймыз. Бұл сенімнің бекіп алғаны соншалық, ол туындайтын принципке тым аз ой жүгіртілгені соншалық, оның негізділігіне күмән коп адамды қайран қалдырар еді. Ал осы екі арада мәселені үстірт қарастырудың өзі бұл пікірдің саяси соқыр сенімнен басқа ештеңе еместігіне көзімізді жеткізеді. Біз көпшілік құқығы таза шартты және белгілі шекте ғана қолданылатын құқық екендігін түп­тұқиянына дейін дәлелдей алатын мысалдарды оп­оңай табамыз. Айталық, қандай да бір филантропиялық қоғамның жиналысында ассоциация кедейлердің тағдырын жеңілдетіп қана қоймайды, оның үстіне, уағыздар жолымен, Англиядағы папизммен күресетін болады деген шешім қабылданыпты делік. Ассоциацияға шапағатшылдық ретінде қатысатын католиктердің садақасы осы мақсат үшін заңды негізде пайдаланыла ала ма? Енді былай деп топшылайық, көпшілік кітапханаларын ашу жөніндегі комитетте оның мүшелерінің көпшілігі орын алып отырған жағдайда кітап оқығаннан гөрі, нысана көздеп атуды үйрену неғұрлым маңызды деген сенімге бой алдырып, ассоциацияның мақсатын өзгертуді, сөйтіп қолындағы қаржыға дәрі, оқ және нысана алуды ұйғарса ­ оның басқа мүшелері осы шешімге бағынуға тиіс бола ма? Тағы да айталық, Австралиядан алынған хабарлардың ықпалымен, еркін арендаторлар қоғамындағы көпшілік алтын жүлгелерін пайдалануға толық құрамымен аттануды ғана емес, қоғамның капиталын кеме жабдықтауға пайдалануды да ұйғарды делік.

Меншікті осылай басып алу азшылық жөнінде әділетті деп санала ала ма? және азшылық экспедицияға қосылуға міндетті ме? Осынау сауалдардың біріншісіне, оның үстіне басқаларына «иә» деп жауап беруге біреу­міреу бел байлай алар ма екен. Және бұл түсінікті де, өйткені әрбір адам мына қағиданы мойындауға тиіс: адам басқаларға қосылғанының жалғыз өзімен­ақ ол ассоциацияға кірген кезде ойлағаннан мүлдем басқа қарекетке тартыла алмайды. Әрбір азшылық жоғарыдағыдай өзіне қысым жасағысы келетіндерге мүлдем әділетті түрде былай дей алады: «Біз сіздермен белгілі бір мақсат үшін біріктік; біз сол мақсатқа жету үшін өзіміздің ақшамызды, өзіміздің уақытымызды бердік; соған қатысы бар барлық мәселелерде біз көпшілік ырқына сәйкес болуға келістік, бірақ басқа мәселелер бойынша бұған келісімімізді берген емеспіз. Егер сіздер бізді өздеріңізге белгілі бір мақсатпен қосылуға көндіріп, содан кейін біз ескертілмеген мақсатты көздейді деп ұйғарсаңыздар, онда сіздер жалған сылтаулармен біздің қолдауымызға ие болғыларыңыз келеді; сіздер біздің арамыздағы ашық немесе үндемей білдірілген келісімді бұзып отырсыздар, сондықтан осы сәттен бастап біз сіздердің шешімдеріңізге тәуелді емеспіз». Мәселені бірден­бір ұтымды түсіндіру осы екендігі айдан­анық. Ассоциация атаулының істерін әділетті басқару негізделетін ортақ принцип мынадай: оның мүшелері біреуі басқалардың алдында, әркім өзі үшін, қандай да бір басқа мақсаттарда емес, өздері көздеп қоғамдастыққа кірген мақсаттың жүзеге асырылуына қатысты барлық істерде көпшілікке бағынады. Келісім тек сол шектерде ғана күшінде болады. Шынында да, келісімнің сипатының өзі оны жасаушылар өзінің міндеттемелерін күні бұрын білуін талап ететіндіктен, белгілі бір мақсат үшін басқалармен бірігетіндер ассоциация кенеттен көздеуі мүмкін белгісіз мақсаттарды күні бұрын білмейтіндіктен, мұнан шығатын қорытынды: қол қойылатын келісім осынау, күні бұрын белгіленбеген мақсатқа таратыла алмайды. Ал ассоциация мен оның мүшелерінің арасында осынау күні бұрын белгіленбеген мақсаттар жөнінде егжей­ тегжейлі айқындалған келісім болмаған жағдайда, азшылықты сол мақсаттарға жетуге қызмет етуге мәжбүрлейтін көпшілік ең қан қайнатар тиранияға жазықты болар еді.

Егер көпшіліктің құқықтары жөніндегі ұғымдарды мұндай шатастыру ассоциацияның келісім шарты ол билікті өздігінен шектейтін жерде орын алып отырса, ондай келісімшарт жасалмаған жерде ондай шатастыру неғұрлым күшті болуға тиіс екендігі түсінікті. Соған қарамастан, принцип өзгермейтін күйінде қала береді. Мен мынадай қағиданың болуын талап етемін: ассоциация мүшелері, басқа бір мақсаттар үшін емес, өздері қоғамдастыққа кірген мақсаттардың орындалуына қатысты барлық, істерде көпшіліктің ырқына бағынуға міндеттенеді және мынаны кесіп айтамын: бұл қағиданы, қандай да бір жеке қоғамға қолданылатыны секілді, тұтас ұлтқа да қолдануға болады. Мен тағы бір қарсылықты да күні бұрын сезіп отырмын: «Адамдар ұлт болып біріккенде, ассоциацияда орын алатыны секілді, ешқандай келісімшарт жоқ болғандықтан, сол бірігудің мақсаты ешқашан анықталмағандықтан және анықтала алмайтын болғандықтан, ешқандай шектеу көзделе алмайтын еді, демек, көпшіліктің билігі шектелмеген». Әлбетте, Гоббс қабылдаған пошымдағы да, Руссо ойлап тапқан пошымдағы да әлеуметтік келісімшарт мүлдем негізсіз екенін мойындауға тиіспіз. Ол­ол ма, тіпті ондай келісімшарт жасалған күнде де, ол соны жасағандардың ұрпақтарын матай алмайтынын мойындауға тиіспіз. Мұның үстіне, егер біреу­міреу сол билікті ассоциация актысынан туындайтын шектеу болмаса, өзінің ырқын азшылыққа күшпен таңуға көпшілікке ештеңе де бөгет болмайды десе, мұнымен келісуге тура келеді, алайда, оған, егер көпшіліктің көп күші оны ақтауға қызмет ететін болса, онда жеткілікті қаһарлы болады. Бірақ біз өзіміздің проблемамыздан қашықтап барамыз. Біз бұл арада азшылықтың материалдық мәжбүрлеу алдындағы дәрменсіздігінен гөрі, оның көпшілікке бағынуының қандай да бір неғұрлым келелі акталуын іздеп отырмыз. Остиннің өзі, оң ыңғайдағы заңның даусыз беделін орнықтыруға тырысып және бұл бедел абсолютті монархиялық, аристократиялық, конституциялық немесе халықтық жоғары биліктен шығады дей отырып, сайып келгенде осынау жоғарғы биліктің қауым жөніндегі қарекетінің моральдық шегі бар екендігін мойындауға мәжбүр болады. Өзінің теориясын қатаң ұстана отырып, ол халық қойнауынан шыққан жоғарғы жиналыстың «өзінің ырқымен және өзінің қалауымен халықтың саяси бостандығын шектеуге заңды бостандығы бар» дегенді кесіп айтады, ол позитивтік мораль үкіметтің өзі өкілі болып отырған немесе «өзінің бодандарына сыйлайтын» саяси бостандықты бұрмалауына кедергі жасай алатынымен келіседі.

Пікір қалдыру