Ұлыс және оның өкілдікті мекемелерге қатынасы

Мекемелердің дамуы байланысты болатын адами элементтердің санатында бірінші орында ұлыс түр. Мемлекеттің құрамын белгілейтін сол, ол құрам оның құрылысы мен қызметіне орасан зор ықпал етеді. Мемлекетке бірнеше ұлыстар кіре алады, немесе ол, тіпті ерекше демесек те, айтарлықтай шамада, бір ұлыстан құралады. Мұның екеуінің де өкілдікті мекемелер үшін елеулі маңызы бар. Ең жаңа заманда әрбір ұлысты бөлек саяси денеге жиыстыруға деген ғаламат ұмтылыс пайда болды. Бытырап кеткен бөліктер бір бүтінге бірігеді, күрделі мемлекеттер ыдырайды. Көп адамдар бұл құбылысты ортақ бастауға айналдыруға тырысып, әрбір ұлыстың өзінің ерекше мемлекетін құру құқығын мойындайды. Италияның қайта қалпына келген үлгісі Еуропаның ортақ бүйрек бұруын туғызды, сол идеяларға ерекше күш берді. Олар Германияға, Польшаға қолданылып, тұтас бір жүйеге айналып келеді, ол жүйенің мақсаты бүкіл Еуропа картасын қайта жасау болып табылады. Осынау ұмтылыстардың тамыры бостандық бастауында жатыр, содан әрбір қоғамның өзінің тұрмысын өзінің қажеттіліктері мен жаратылыстық тағдырына сәйкес құру құқығы шығарылады. Алайда бұл ілімдерді біржақты деуге болмайды. Егер бостандықтың бастауы ішкі мемлекеттік өмірді құруда даусыз маңызды болмай, парасат пен тәртіптің асқақ талаптарына бағынуға тиіс болғанымен, соған қарамастан ол халықаралық құқық саласында ерекше үстемдіктен дәметеді. Мемлекеттің құрамы оның тарихи дамуымен де, онда қатар өмір сүретін элементтердің қатынастарымен де айқындалады. Көптеген елдерде тайпалық топтардың мидай араласып кеткені сонша, оларды бөліп шығу мүмкін емес. Барлық жерде қазіргі бар ұлыстар тайпалардың араласуынан пайда болды, бұл араласу оларға дамудың кеңдігі мен жан­жақтылығын берді. Ақыр соңында физиологиялық ұлыстың бәрі бірдей мемлекеттік өмірге қабілетті емес. Державалы денені құру үшін ең жоғары сана мен ырық керек, олар тіпті де қоғам атаулының бәрінің несібесіне бұйырмаған. Мемлекет адам өмірінің жоғары бастауларын жүзеге асыруға міндетті; дербес тұлға ретінде ол бүкіл дүниежүзілік­ тарихи рөл атқарады, адамзат тағдырын шешуге қатысады. Мұндай жағдайды бостандық туралы дерексіз ұғымдардың жолында емес, тек ең жоғары қабілеттер пәрменімен алуға болады; ал халықаралық қатынастарда құқықтарды белгілейтін өкімет жоқ болғандықтан, халық өзінің қабілетін іс үстінде көрсетуге тиіс. Ол оның тарихынан, оның өзіне берілген бостандықты пайдалана алуынан, ол өзінің мақсатын көздейтін қимыл кезіндегі күш­ қайратынан, тұрақтылығы мен парасаттылығынан көрінеді. Ол революциялық әрекеттермен бәрінен аз дәлелденеді, ондай әрекеттер таза теріс күшке ие болатындықтан, жасампаздыққа емес, бүлдіруге қабілетін көрсетеді. Әрине, ұлттық ұмтылыстар, сондай­ақ бостандық талаптары өзіне кейде орнатылған тәртіпке қарсы көтеріліспен жол ашуға мәжбүр етіледі; бірақ революция атаулы инсанияттық жағынан ақтала бермейді; тек мұқтаждықтың ең соңғы баспанасы болатын революциялар ғана солай актала алады.

Егер Гректердің түрік езгісіне қарсы көтерілісі еуропалық державалар тарапынан жанашырлық пен қолдау тапса, Құрама ІІІтаттарда Оңтүстіктің бөлінуін, ирланд фенилерінің айла­шарғыларын немесе Польшаның соңғы, үкіметтің барлық либералдық есе берулерін бүлдірген, құпия кісі өлтірулер және жасырын өкімет таратқан құлақ естіп, көз көрмеген террор көмегімен қимылдаған көтерілісін бірдей дәрежеде ақтау мүмкін емес. Қайткен күнде де, ұлыстардың дербес тіршілік ету құқығы туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Ұлыстың тек оған мемлекет заңдарымен және халықаралық трактаттармен берілген құқықтары ғана бар. Қарама­қарсы көзқарас бүкіл орын алып отырған тәртіпті теріске шығаруға жетелейді. Ұлыс саясатта мойындамауға болмайтын, мемлекеттік қайраткер қаперден шығарып тастай алмайтын күш, бірақ ол құқыққа тек тәуелсіз мемлекеттік дене болып құрылып, басқалар оны мойындағанда ғана ие болады. Құқық ұлысқа емес, мемлекетке тиесілі. Ұлыс бас білмейтін стихия, ал мемлекет заңдық тұлғаны құрайды, оның құрамына бір ғана емес, бірнеше ұлыс кіре алады Құрама мемлекет, заңгерлік жағынан мінсіз болғанымен, алайда елеулі саяси кемістіктерден ада емес. Мемлекет құрамына кіретін ұлыстардың айырмашылығынан артық ештеңе де қоғамды бөле алмайды, сондықтан еркін мекемелердің дамуына бөгет бола алмайды. Халық рухының бірлігінсіз саяси бағыттың бірлігі де мүмкін емес, ол бірлік, ең алдымен бүкіл мемлекеттік өмірдің негізін құрайтын ортақ ұлттық ұмтылыстардан көрінуге тиіс. Отанға ортақ сүйіспеншілік және оның тұтастығы мен оның мүдделерін қолдап отырудың бірауызды ниеті жоқ жерде, өкілдікті құрылыс әрекеттерінен нәтиже жоқ. Сондықтан мемлекетте барлық басқаларынан айтарлықтай басым бері салғанда бір ұлыс болып, өкілдікті жиналыстың ортақ бағыты соған тәуелді болуы қажет. Алайда бұл бастауды да өрескел шегіне жеткізбеу керек. Мемлекетте халықтық ерекшеліктердің болуы әрдайым жамандық деп әрқашан санала алмайды. Мемлекет тарихи тұрғыдан әрқилы құрамдас бөліктерден құралады, олардың алуан түрлілігі қоғамдық өмірге көбірек кеңдік береді, ал кейде оған жаңа бастау мен жоғары құрылым енгізеді. Бір текті бұқара біржақтылық пен ерекше артықтыққа тым бейім. Басқа элементтердің көршілігінсіз ол кебіне енжарлыққа бой алдырады; саяси өмірге қатысуға шақырылғанда ол ешқандай бөгеусіз өзінің барлық кемшіліктеріне оп­оңай жол береді Керісінше, егер оны басқа, бөтен стихиялар қоршап тұрса. оның біржақтылығы жұмсарады, кемшіліктер тежеп ұсталады немесе бөтеннің қасиеттерімен толықтырылады, және бағыттардың алуан түрлілігінен мәселеге ауқымды көзқарас әзірленеді. Мысал үшін ерекше діннің ықпалындағы ұлысты алайық.

Онда басқа діни элементтердің болуының жалғыз өзі қоғамда дінге төзімділікті дамытып, азаматтық саланы дін қамқорлығынан азат ете алады; ал төзімділік жалпы бостандық талап ететін басты қасиеттердің бірі: адамдар өзінікі мен айрылмауға, сонымен бірге өзгенікін құрметтеуді үйренуге тиіс. Өкілдікті мекемелердің ойдағыдай болуы үшін әсіресе алуан түрлі стихиялардың ортақ құрылыста жана суының салдары болып табылатын күштерді ояту маңызды. Егер мұнымен бостандықтың бір талабы ­ қоғамдық бірлік кемісе де, есесіне басқа нәрсе ­ қоғамның өздігінен шаруа бітіруі артады. Алайда, ұлыстардың осынау сан түрлілігі мемлекетке зиян емес, пайда тигізуі үшін, олардың тату өмір сүруі, бағыныштылардың өзінің ерекшеліктерін сақтай отырып, басты ұлысқа жақындауы, бірақ дербестікке ұмтылмауы, бүтінге дұшпандық көзқарасқа көшпеуі қажет. Өз тарапынан, басым ұлыс басқаларға зорлық жасамайтын, барлық тәсілдермен оларды өзіне сіңіріп жіберуге тырыспайтын, қайта олардың ерекшеліктерін, олардың құқықтарын және тіпті олардың соқыр сенімдерін сыйлайтын кезде ғана басқалардың достық жәрдеміне үміт арта алады. Конституциялық өмір үшін мемлекет құрамына кіретін ұлыстардың өзара жақтырмауын қондырудан асқан зиянды ештеңе жоқ. Қатаң талаптар, зәрлі пікірталас, қырын қарайсың деген ұсақ күдік, бағынуды және өз ерекшеліктерінен бас тартуды талап ету ­ осының бәрі тек бағынышты тайпаларды теріс айналдырып, дұшпандық тұқымдарын даярлайды, олар өкілдікті құрылыста ең қасіретті жемістер бере алады. Шын жамандық осы арадан басталады, оған қарсы қимылдау қажет: халық өкілдігінің бір бөлігінің дұшпандық пиғылы мемлекетке ғаламат зиян тигізе алады. Бірақ дәрі­дәрмек басым көпшіліктің деспотизмінде жатқан жоқ. Бұл тек революциялық жиналысқа лайық қарекет тәсілі, және де ылғи ойдағыдай бола бермейтін тәсіл, өйткені көпшіліктің ішінде алғашқы алауыздық туған бойда жеңілген азшылық өзінің жеңілісінің есесін мықтап қайтара алады. Конституциялық тәртіп ең алдымен ортақ бостандыққа, барлық құқықтарды қамтамасыз етуге, өзара мәміле мен келісімдерге негізделген. Мұнда бағынышты ұлысты ызаландырмау, оны өзінен орынсыз талаптармен алшақтатпау керек, қайта бітім мен оның тілектерін әділетті қанағаттандыру арқылы ғана өзіне тарту керек. Ортақ өкілдік, адамдар бірлескен қызмет үшін, ортақ мүдделері талқылау үшін жиналатын өкілдік ұлыстардың өзара байланысын беркітіп, нығайта алады; ол бірақ оны жасауға дәрменсіз.

Читайте также:  ЗАҢГЕРЛЕР ҚАРАШАҢЫРАҒЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өкілдік қоғамда бар нәрсені ғана білдіре алады; сондықтан байланысты өмір даярлайтын болуы керек. Жат ұлысты осынау бейбіт жаулап алу үкіметтің есті саясат жүргізуінен гөрі, үстем халықтың инсанияттық қуатына, жоғары таптардың өзіне тартқыш қабілетіне және орта таптардың еңбекқорлығына тәуелді. Тамаша саяси жағдайы бар білімді аристократия жат аристократиялық элементтерді өзіне оңай тарта алады, олар, қоғамда жоғары орын алуға ұмтыла отырып бip текті стихияға қосылып кетеді. Құлықтар мен мүдделерінің аралас­құраластығы бұл арада байланыстырушы буын қызметін атқарады. Осылай, австриялық аристократия чех аристократиясын өзіне сіңіріп жіберді, осылай поляк аристократиясы Литва Корольдігінің дворяндарын Поляктарға айналдырып алды. Екінші жағынан, еңбекқор орташа дәулет иелері жат жерлерге көшіп барып, оларда тұрақтап тұрып қалып, бағынышты өңірде өздеріне өмірлік орталық жасай отырып, жат ұлысты аз­аздап ығыстыра береді де, элементтерінің араласып кетуін жасайды, бұл бөлінуге ұмтылысты бәрінен дұрыс жансыздандырады. Мұндай басып алушылықтың еңбектің үлгісін Немістер көптеген провинцияларда көрсетуде, олар онда түгел болмаса да, айтарлықтай дәрежеде түземдік халықты өздерінікімен алмастырып үлгерді. Бірақ басым ұлыстың инсанияттық күшінің одан да таңқаларлық мысалын Лотарингия мен Эльзастан көруге болады. Францияның құрамына кірген бұл облыстар оған жан­жүрегімен беріліп, өзінің бұрынғы ұлтынан мүлдем бас тартты. Бұл құбылыстың себептерін әлдене саяси шарадан емес, француз тарихының бүкіл даму барысынан іздеу керек. Людовик XIV­нің сарайы мен ғасырының нұры, XVIII ғасырдың жартысына дейін Германияның өзінде басым болған француз әдебиетінің құдіретті ықпалы, революцияның бой бермес энтузиазмы, Наполеонның жеңістері мен ұлылығы, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары азаматтық тұрмыс ­ осының бәрі Францияның жекелеген бөліктерін тайпалық айырмашылықтарға қарамастан, ақыли және инсанияттық ажыратылмас дәнекерлермен байланыстырды. Бір ұлыстың басқа ұлысқа осынау бейбіт ықпалы үкіметтік шаралардан әлдеқайда маңызды, ол шаралар қоғамдық күштерге жәрдемдесе алады, бірақ оларды ешқашан толық алмастыра алмайды. Алайда, мұндай нәтиже үшін қажетті шарттар әркез бола бермейді. Кейде кедергі басым ұлыстың кемшіліктерінде, кейде бағынышты ұлыстың ұмтылыстарын айқындайтын тарихи себептерде жатады. Мұндай жағдайда, егер дұшпан пиғылды бейбіт жолмен жеңу мүмкін болмаса, үкіметтік құралдармен қарекет жасау ғана қалады. Бірақ бұл арада самодержавиелік үкімет конституциялық үкіметтен мақсатқа әлдеқайда дұрысырақ жетеді.

Ол бағыныштыларда бостандыққа азырақ, билеушілерде жүгенсіздікке көбірек жол береді; ол жарияламай қарекет жасайды, және наразылыққа жол бермейді, ал бұл дұшпан пиғылды басып­жаныштауға керек нәрсенің нақ өзі. Конституциялық тәртіп ішкі жауды жеңу үшін емес, баршаға ортақ бостандық пен тәртіпті орнату үшін қалыпты жағдайда орынды. Ішкі жауды жеңуге қашан да өкіметтің шоғырлануымен жақсырақ қол жетеді. Ортақ өкілдікке дұшпан ұлыстың қатысуына барлығынан кем жол беруге болады. Мемлекеттің белгілі бір бөлігінде жат элементтерді жаныштауға ұмтыла отырып, сонымен бірге оны жоғары өкіметке қатыстыру дегеніңіз есті саясаттың барлық талаптарына қарсы шығатын өрескел кереғарлық. Мемлекеттің алдында осындай міндет тұрған кезде, конституциялық құрылысты енгізу ісін дұрыс тәртіпке оралу мүмкіндігі туғанша кейінге қалдыра тұрған абзал. Немесе, егер уақыт күтпейтін болса, конституциялық құқықтарды дұшпан ұлыс үстем өлкеге таратпаған жақсы. Бұл шараның да өз кемшіліктері бар, өйткені, бүтінмен ең төте байланыс орнату орнына, қалғандарынан бөліп тасталғандай етіліп, облыс бұрынғыдан да ерекше жағдайға қойылады. Бірақ бұл жоғары билікке катысу тек көбірек күш беретін дұшпан элементті ортақ өкілдікке енгізуден жеңілірек кемшілік. Мысал үшін біздің батыс губернияларымызды алайық та, олар бүкіл империя үшін сайланған өкілдікті жиналысқа енгізіліпті­міс деп елестетіп көрелік. Халықтың жоғары, саяси өмір бар жалғыз қыртысы және байыпты өкілдік бере алатын қыртысы онда жақындағы көтеріліс көрсеткендей Ресейге азды­көпті дұшпан Поляктардан тұрады. Міндет ­ төмен, таза орыстық қыртысты тек қарекеттің толық бостандығы тана беріліп коймай, жоғары жиналысқа қатысуға да мүмкіндік берілсе, орындалмайтын мақсатқа айналады, өйткені поляктардың өкілдері жиналыста табиғи түрде жабық бір­ауызды және әбден қауіпті топты құрайды. Ал егер сайлау онда төмен таптар басым болатындай етіп ұйымдастырылса, онда жамандықтың ең азы сайланғандардың саяси мәселелерді шешуге қабілетсіздігі болып шығады; ал ең бастысы мынау: мемлекеттің басқа бөліктерінде де өкілдікті дәл сол мүлдем одағай шарт бойынша ұйымдастыру керек болады да, онда жоғары тапқа төмен таптың басымдығы беріледі.

Осыдан шығатыны, не өкілдікті тәртіпті енгізу мүлдем мүмкін емес, немесе ол бері салғанда мемлекеттің едәуір бөлігі үшін мүмкін емес. Егер, келтірілген мысалды жалғастыра отырып, бұған бүкіл Поляк Патшалығы енгізіліпті деп елестетсек, онда бұл міндетті одан сайын күрделілендіре түсу болар еді; бұл арада қандай да бір қолайлы нәтижеге қол жеткізу үміті құйрығын қысып кетуге тиіс. Осынау уәждерге қарсы Ирландияның мысалына сілтеме жасауға болмайды, ол, Англияға дұшпандық сезімге және халықтың бір бөлігінде үстем бөлінуге ұмтылысқа қарамастан, өзінің өкілдерін ағылшын парламентіне жіберіп отырады. Онда элементтер де өзге, міндет те өзге. Ағылшын улысы Ирландияда баяғыдан терең тамыр жайған. Ол Ирландияда ел иесі, оның қолында ғаламат материалдық құралдар және жоғары білім бар; таза ирландтық элемент ешқашан оны еңсере алмайды. 1800 жылы Ирландия парламент! ағылшын парламентіне қосып жіберілгенде өкілдікке тек қана протестанттар, яғни шындап келгенде Ағылшындар ғана қатысты. 1829 жылы католиктер де саяси құқықтар алды; бірақ олардың Англияға ең дұшпан пиғылы жағдайының өзінде олардың ғасырлар бойғы негіздерде тұрған, өзінің берік аңыздары және мықты ұйымдастырылған саяси партиялары бар парламентке қатысу ешқандай зиян тигізе қоймайтын еді. Ақыр соңында, Ирландияда ұлттық ұмтылыстар негізінен өкілдіктен шығарып тасталған төмен таптарда үстем. Ирланд ұлысының өзі тарихи топырақтан айрылған және дербес тіршілік етуге иненің жасуындай дәмете алмайды. Мұндай барлық әрекеттер жасанды үгіттен, пиғыл ойындарынан басқа түк те емес, ол негізінен төмен халықтың сормаңдай жағдайынан ғана қолдау табады. Бұған зорлық­зомбылық шараларымен емес, жақсы басқарумен, материалдық құрбандықтармен және әл­ауқатты халыққа таратумен қарсы тұруға болады. Англия нақ осыны жасап отыр және конституциялық тәртіп бұл үшін барлық қажет қаражатты бөліп отыр. Айтқандарымыздан шығатыны, мемлекеттегі әрқилы ұлыстардың дұшпандық қатынастары конституциялық тәртіп орнатудың ең зор кедергісі; бірақ қосылып кетуді өмірдің өзі дайындаса, және қоғамдық күштердің еркін қарекеті табыстың жеткілікті кепілі бола алса, онда ортақ өкілдік, адамдарды біріктіре отырып, осынау байланысты одан да әрі беркіте алады. Алайда бұл орайдағы қажетті шарт басым ұлыстың тек талапшыл болмай, басқаны сыйлай білуі; өйтпеген күнде қырбайлық жалыны барған сайын өрши түседі де, қыспақтағылар қорғанышты самодержавиелік өкіметтен іздей бастайды.

Читайте также:  Позитивизм және Шәкәрім дүниетанымы

Ішкі алауыздықтар тұсында бұл элемент тым маңызды рол атқарады. 1849 жылы Венгрия қыспақтағы Славяндар Австрия императорының құқықтары үшін көтерілгендіктен құлады. Барлық осынау қиындықтар мемлекет азды­көпті біртекті бүтінді құраған жерде жойылып кетеді. Бұл арада бір басым ұлыс елеулі маңызға ие болады, сондықтан мекемелердің табысы жалғыз соның мінез­құлқы мен қызметіне тәуелді. Өкілдікті мекемелердің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін халыққа қажет қасиеттер бостандықты парасатты да қанағатпен пайдалану үшін талап етілетін қасиеттердің нақ өзі. Ең алдымен жеке қуат, азаматтардың өз ынта­ықыласы керек. Осынау негізгі қасиетсіз саяси бостандық өлі қаріп қана; ол соған жан беретін рух. Жалқаулық, немқұрайдылық, басқаның ырқына бағыну үстем жерде өкілдікті мекемелерге пәр жоқ. Содан кейін, өз құқықтарын білу және оларды қорғауға берік пиғыл қажет. Мұнсыз конституциялық ғимарат тағы да тым шатқаяқ, және бостандық жүгенсіздікке оп­оңай орын береді. Өкіметтің бөлінуі әрбір тараптың конституциялық мемлекеттерде халықтың арасында заңгерлік мағынаны тарату өте маңызды. Осының бәріне қарекет жасай білу қосылуға тиіс. Тек тату күштермен бостандықты қорғап, бағыттың бірлігіне келуге болады. Бұл төзімділік, инсанияттық тәртіпке дағды, әсіресе жеке мүддеден ортақ мүддені жоғары қою қажет болады, өйткені ортақ мүдде адамдарды біріктіреді, ал жеке мүдде оларды бөлек­бөлек жетелейді. Ортақ іс үшін қоғам қайраткерлерінің бойында жеке, эгоистік мақсаттардың болуынан өткен тажалды ештеңе жоқ. (,’айып келгенде, бұл да аз; конституциялық монархия құрылысы адамдардан әлі ең жоғары қасиеттерді талап етеді. Онда бостандық өмірдің бірден­бір негізі емес; ол басқа да бастаулармен және мекемелермен сәйкес болуға тиіс. Монарх түріндегі ең жоғары ырықты мойындау және құқықтар мен міндеттерді, заңды тәртіпті сыйлау керек. Жоғарғы өкіметке катыса отырып, халық алайда өзін құқық пен заң атаулының қайнар көзімін деп санамауға және бүкіл қоғамдық тұрмысты өзінің ырқына тәуелді етіп қоймауға тиіс. Мақсаттар мен талаптарда қанағатшылдықтың қажеттігі осыдан. Халық өкілдігі өзін белгілі бір шекарада ұстауға, қолдануға болатын нәрсені іздеуге тиіс. Бұл арада негізгі қасиет ойлап табылған бастаулар емес, тәжірибе нұсқауымен көбірек басқарылатын практикалық мағына болып табылады. Біржақты теориялардың өзін ерекше санап, басқаларға жоғарыдан қарау өзара бәтуа мен басқаның құқығын сыйлау талап етілетін жерде бәрінен зиянды.

Орын алып отырған жағдайды қатаң ұстанатын заңгерлік формализмнің үстемдігі мақсаттар мен көзқарастардың шексіз алуандығына өріс ашатын инсанияттық талаптар мен дерексіз бастаулардың бей мәлімдігінен конституциялық тәртіпке әлдеқайда орынды. Теориядағы қанағатшылдыққа мақсаттан титімдей таймай­ақ нәпсінің қалауын тежеп отыратын, өзіне­өзі шек қоятын практикалық қанағатшылдық, ырық сабырлылығы қосылуға тиіс. Қысқасы, конституциялық мекемелердің мәнісін құрайтын бостандық пен тәртіптің тоқайласуы қоғам заңды өзінің санасында зорлап енгізілген ереже ретінде, ақыли бастау ретінде емес, өмірдің сыйлау керек белгілі тәртібі ретінде алып жүруін, оны дами беретін қажеттіліктерге сәйкес өзгертіп отыруын талап етеді. Бұл тек жалғыз саяси салаға емес, барлық басқаларына да қатысты, өйткені барлығы бір­бірімен байланысты. Бұл бүкіл өмірдің дағдыларымен алынатын, барлық құбылыстарда шағылысатын халық рухының ортақ қасиеті болуға тиіс. Қоғамдық тұрмыс шайқалған жерде конституциялық тәртіпті сақтау тым қиын. Өкілдікті мекемелердің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін азаматтардан талап етілетін қасиеттердің жиынтығы осындай. Еуропа халықтарының ішінде оларға ең жоғары дәрежеде ие халық ­ Ағылшындар. Ағылшын­саксон тайпасына, басқаларға қарағанда, жеке күш­ қайрат, өз бетінше жұмыс жүргізу қабілеті және практикалық мағына көбірек бұйырған, солар оны өнеркәсіп дүниесінің әміршісі және жаңа заманда өкілдікті тәртіптің негізін қалаушы етті. Солтүстік Америка Штаттарында осынау жеке бастау, өз бойынан бүкіл тарихи татты жұлып тастап, жеке­дара билеушіге айналды, сондықтан республикалық құрылыс онда халықтың қасиетіне бәрінен жақсы сай келеді. Англияда, ол өмірдің орын алып отырған пошымы мен жағдайын сыйлаумен тежеліп отыр, өйткені бұл ел конституциялық монархияның атамекені. Бостандықтың жоғары тәртіпке осынау құрметі бүкіл тұрмысқа неғұрлым асқақ та әдепті сипат береді; бірақ ол ортақ бастауларды емес, тарихи және шартты деректерді басшылыққа алатындықтан, халықтың өмірі де, көзқарасы да, сипаты да сол арқылы тарлық, шектеулілік және формализм реңкін алады. Ағылшынға ойлау машығы емес, тәжірибе арқылы алынған білім тән, яғни ақыли дүниенің тұтас бір жартысы оған құпия күйінде қала береді. Оған оң жағынан да, теріс жағынан да өзінің практикасы беретін нәрсе түсінікті; бірақ сол шектен шығатын нәрсенің бәрі тегі бөтен құбылыстарды түсінуге қабілетті ой сәулесімен нұрланбаған үйме­жүйме мәліметтер болып қала береді.

Читайте также:  Кейінгі қайта өркендеу дәуірі

Англияда жеке бостандық заңгерлік жағынан толық өріске ие, бірақ е жүзінде ол барлық жерде қабылданған салттар мен пошымдарға құлдық табыну арқылы қыспаққа алынады. Кісі онда өзінін адамдық мәнінде емес, өзінің қоғамдық жағдайымен, өзінің дүние­мүлкімен бағаланады. Бұл басқа халықтардан Англияда конституциялық тәртіпті бұрын орнатқан жоғары қасиеттердің астар жағы. Ағылшын өмірінің төл элементтерін мықтап біріктіруге жәрдемдескен мінез­құлық белгілері барлық басқа нәрселер жөнінде оны ерекше бір нәрсеге айналдырады. Ағылшындар осынау қасиеттің барлы артықшылықтары мен кемшіліктері тән өзіндік бір халық. Француздардың мінез­құлқы мүлдем басқаша. Өз бетінше жеке қызмет оларда тіпті де көршілеріндегідей дамымаған. Керісінше, оларда бәрін де үкіметке жүктей беруге, барлығын содан талап етуге және оның қатарына сұғынып болса да кіруге бейімділік тым жиі көрінеді. Олар бостандықтан гөрі теңдік пен саяси билікті көбірек қымбат көреді. Оларда Ағылшындар өзгешеленетін негізінен практикалық бағыт та жоқ. Құбылыс атаулыны олар ортақ бастаулар дәрежесіне көтеріп, әрқашан айқын да анық, бірақ көбіне біржақты болып келетін теориялар жасайды. Алайда олар ой жүгіртумен шектелмейді, қайта өздері санаға сіңірген бастауларды практикалық өмірге көшіруге ұмтылады, және бұл арада тежеусіз күшпен қимылдайды. Идея үшін олар ескіні тас­талқан етіп, бірден жаңа ғимарат тұрғызуға әзір, және де шалқыма ниеттер артынан реакция, екідайлық, қажу келгенімен, алайда миға бір сіңген бастау ұдайы жаңа күшпен қайта түлеп, таңдап алынған жолмен ілгері ұмтылады. Бостандық пен теңдік идеялары сондай болды да, олар бірінші революция заманында Францияның жаңа тарихының бастапқы нүктесіне айналып, Еуропаға таралып кетті. Француздардың бұл ұмтылысына идеялар басшылық жасайды, оларды Еуропа саясатының басты қозғаушы күші етеді және олардың ішкі өмірінде дамудың тұрақтылығы мен дәйектілігі кемірек, бірақ Ағылшындардағыдан алуандық көбірек, жарқылдақ көбірек және неғұрлым тереңірек болады. Онда міндет кеңірек, мақсат асқағырақ, есесіне оларға жету де қиындау.

Алайда, мынаны айтпай кетуге болмайды: халықтық мінез­құлықтың осынау қасиеттері француздарды революциялық қозғалыстарға және ақыр соңында, осынау қарама­қарсы қасиеттердің тоқайласуы ретінде, көпшілікке сүйенетін күшті өкіметі бар республикаға қарағанда, практикалық келісім мен мәмілені талап ететін конституциялық мекемелерді дұрыс пайдалануға кемірек қабілетті етеді. Ойға берілуге Немістер одан да бейімірек. Олардың күші де осында; ғылымда олар даусыз бірінші орында. Бірақ олардың практикалық қабілеттері теориялық қабілетіне тіпті де сай келмейді. Жеке өмірде оларда ең құрметті қасиеттер: еңбекқорлық, адалдық, табандылық, қайырымдылық қасиеттері кездеседі, бірақ оларда нақ саяси бостандық үшін талап етілетін нәрсе жетіспейді. Ұсақ­түйекке дейін бойлай білу қабілеті соларға бойлап енуге бейімділікпен бірігеді; теорияны жасау практикаға мүлдем жасанды көзқарасты жетектей жүреді; іске ұмтылыстан гөрі сөзге құштарлық басым түсіп жатады. Оларда, адамдар кейбір қарапайым, айқын, нақты бастауларға бола келісуге тырыспайды, күрделі де күрмеуі қиын пікірлердің сан алуандығына бой ұрады. Егер бұған шешім қабылдаудағы баяулықты, мінездің жалпақ шешейлігін және өмірдің тарихи бастауларына құрметті қоссақ, мұндай ортада батыл өкімет ойына келгеннің барлығын істей алатыны түсінікті болады. Егер конституциялық мекемелер Германияда табысқа жетеді деген үміт бола қалса, онда, оған тарихтың жалпы барысына қарамастан, бәрінен коп мына бір жағдай жәрдемдеседі: онда өкіметке де көбіне халықтың мінезі тән, дәл сол практикалық құнтсыздық, дәл сол көзқарас жасандылығы, дәл сол жалпақшешейлік, кейде тіпті құқық пен заңға құрмет тән. Бірақ осы кезге дейін Немістердің конституциялық өмірі белгілі бір бастауларды әзірлей алған жоқ, тіпті біршама беріктік пен күшке ие бола алған жоқ. Ол әртүрлі элементтердің кездейсоқтық пен жүгенсіздіктің айтарлықтай қоспасы бар күрмеуі қиын қатынастары түрінде көрінеді. Еуропаның әрқилы халықтарының мінез­құлқын қарастыра отырып, біз өзіміздің төл халқымызға көңіл аудармай өте алмаймыз.

Халықтың саяси бостандыққа қабілеті анықталатын белгілерге ден қойсақ, біз ол қабілет белгілері бізде көршілеріміздің қай­ қайсысынан да азырақ деген байламға келуге тиіспіз. Басқаша болуы мүмкін де емес; халық ғасырлар бойы астында өсіп, дамитын мекемелер әрқашан сол халықтың мінезіне сәйкес келеді, және керісінше, халықтың мінезінің өзі де мекемелердің ықпалымен қалыптасады. Егер, біздің бүкіл тарихымыздың барысында, бізде саяси бостандыққа ұмтылыс, басқаларға қарағанда азырақ көрінсе, біз оған бәрінен кем қабілетті екеніміз айдан анық. Бұл конституциялық мекемелер жақтастары өкінішпен айта алатын, бірақ қалыс бақылаушы дауласа алмайтын факт. Өзімізді басқалардың алдында қорлау емес, парасатты санамыз бізді бұл фактты өзімізден өзіміз жасырмауға, қайта біздің әлсіздігіміздің қайда, күшіміздің қайда жатқанын анықтап алуға итермелейді. Жеке жігер мен инициатива орыс адамдарын ерекшелейін қасиеттер емес екендігіне күманданатын адам табыла қояр ма екен. Өзіміз туралы айтқанда біз жалпы салақтық, енжарлық және жалқаулық біздің елеулі кемшіліктеріміз екендігін мойындаймыз. Олар әсіресе біздің қоғамдық өмірімізде көрінеді, онда біз бар шаруаны өкіметке арта саламыз да, үкімет бәрін бере бермейді деген сылтаумен істен бой тартамыз. Орыс халқының Ресейді Еуропаның ең бірінші державаларының қатарына қосқан ұлы қасиеттері ­еңсерілмес шыдамдылық, қисапсыз жетіспеушіліктер мен қиындықтарға ләм­мим демей көне беру, патша мен атамекен жолында бәрін құрбан етуге даяр тұру ­ жеке бостандық рухына тікелей қарама­қарсы. Әлгі қасиеттер Ресейді бір ұлы бүтінге топтастырады, бірақ өзін­өзі басқаруға ол бәрінен жарамсыз. Өмірдің ең жоғары тәртібіне құрмет өздігінен шаруа бітірудің серіппесі қызметін емес, білгенін істеудің ауыздығы қызметін атқарады. Мұның үстіне, бізде тарихи жағынан, өкілдікті құрылыстан гөрі самодержавиеге неғұрлым лайық құрмет пошымы, атап айтқанда өкіметке мойынсұну дамыды, ал конституциялық тәртіп негізінен өзінің және өзгенің құқықтарын түсінумен етене байланысты заңға құрметті талап ететіндігі кемірек, бірақ Ағылшындардағыдан алуандық көбірек, жарқылдақ көбірек және неғұрлым тереңірек болады. Онда міндет кеңірек, мақсат асқағырақ, есесіне оларға жету де қиындау. Алайда, мынаны айтпай кетуге болмайды: халықтық мінез­құлықтың осынау қасиеттері француздарды революциялық қозғалыстарға және ақыр соңында, осынау қарама­қарсы қасиеттердің тоқайласуы ретінде, көпшілікке сүйенетін күшті өкіметі бар республикаға қарағанда, практикалық келісім мен мәмілені талап ететін конституциялық мекемелерді дұрыс пайдалануға кемірек қабілетті етеді.

Оставить комментарий