Мұқағали Мақатаев «ҚОЙШЫ БАЛА ӘКІТАЙ» өлеңі

Мұқағали Мақатаевтың «Қойшы бала Әкітай» өлеңі алғаш рет 1949 жылы 24 қазан күні «Советтік шекара» газетінде жарияланған болатын.

Алғыр, өжет Әкітай,
Өзі қалап қой баққан.
Қозысын қорғап аялай,
Лағын жарға ойнатқан.
Жайлауда болды Әкітай,
Семіртіп қойын бірнеше ай.
Шілденің ыстық күнінде,
Мал бабын тапты жалықпай.
Жайлаудан қайтты Әкітай,
Күз болды енді түн ұзап.
Күзетіп қойын ұйықтамай,
Бөріге бермей бір лақ.
Қыс болсын мейлі Әкітай,
Мәпелеп қойын бағады.
Өмірден оқып қажымай,
Малының бабын табады.
24қазан, 1949 ж. «Советтік шекара » газеті.

Читайте также:  Стив Джобстың балаларына қалдырған соңғы хатынан.

Оставить комментарий