«МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың мәдени мұраны зерделеу, сақтау әрі тиімді қолдану жөніндегі инициативасын Қазақстанның барлық кітапханалық қоғамдастығы жан-жақты қолдады. Еліміздегі кітапханалар Тәуелсіздік жылдарында қабылданған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға да барынша көп кірістірілді. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы қадамына ҚР Президенті жанындағы 2004-2006 жылдардағы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде шығарылған барлық құжаттарды Ұлттық академиялық кітапханасына электронды форматта сақтауға беру және оған Интернет пайдаланушыларының жан-жақты қол жеткізуі жайлы шешімін жатқызуға болады. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы құру осылай басталған. ҚазҰЭК жобасы – мемлекеттік тілде кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапханалық портал. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар – ҚазҰЭК электронды қоймасының негізі. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің статистикасы бойынша Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 609 аталыммен шыққан кітаптардың қазіргі таңда ҚР ҰАК-да 463 е-көшірмесі жасалып пайдаланушыларға ұсынылып отыр. Ал еліміздегі кітапханалардың қоры көбіне мемлекеттік тапсырыспен және «Мәдени мұра» бағдарламасымен шыққан кітаптармен толықтырылып отыр. ҚР Мәдениет министрлігіне қарасты кітапханалар саны бүгінде – 4081, соның ішінде – 4030 кітапхана облыстарда орналасқан. Кітапханалық жиынтық қор 2010 жылы – 70444,1 мың дананы құраса, 2009 жылы 704458,2 мың дана болған еді. Бір ескеретініміз, мемлекеттік тілдегі ақпараттық ресурстар қоры жалпы қордың 27,3 % ғана құрайды. 2009 жылы облыс кітапханаларына 1426,0 мың дана келіп түссе, 2010 жылы 1338,5 мың басылымды құрады. Мемлекеттік тілдегі жалпы түсім көрсеткіші – 2009 жылы 971,6 (68% жалпы түсімнен), 2010 жылы –790,0 (59,0%). «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл Облыстардағы қорлардың жаңартылуы 0,3%-ды құрады (5% норма шамасында). Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы – қазіргі Қазақстанның әлемдік өркениетке қосқан үлесінің айғағы. Бұдан бөлек, бұл ұлттық аса бай рухани қазыналар әлемін ашады. 2009-2010 жылдары ҚР Мәдениет министрлігіне қарасты кітапханаларда барлығы Мемлекеттік тапсырыс бойынша 414,6 мың (2009 ж.) және 454,4 мың (2010 ж.) дана кітап келіп түсті. Бұл 2009 жылғы жалпы түсімнің 30%, 2010 жылғы түсімнің 34% құрады. 2009 жылы мемлекеттік тілдегі басылым – 85%, 2010 жылы – мемлекеттік тапсырыс бойынша жеткізілген түсімдердің жалпы санының 80% құрады. 2010 жылғы Мемтапсырыс бойынша жалпы түсімнің қалыпты болғанына қарамастан, бірақ 2009 жылғыдан аз-кем артық, Ақмола, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында түсімнің азайғаны байқалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша кітаптарды бөлу – басты мәселе, сондықтан барлық облыста орташа алғанда бір аталымдағы кітап 60-65 данадан келіп түседі, ал облыстардағы кітапханалар саны – 200-ден 400-ге дейін. Көп жағдайда, бұл кітаптарға тек аудандық кітапханалар ғана қол жеткізеді, ал ауылдық кітапханаларға жеткіліксіз. Мемлекеттік тапсырыс пен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша әдебиеттермен кітапханаларды толықтыру жұмыстарына жүргізілген талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік берді: ·Көптеген кітапханалар үшін, әсіресе, ауыл, аудандардағы негізгі әрі/немесе бірден-бір түсім көзі, бүгінгі күнде, Мемлекеттік тапсырыс болып саналады. ·Жарық көріп жатқан басылымдардың негізін қоғамдық-саяси әдебиеттер, тарих, тіл білімі, әдебиеттану және көркем әдебиеттер құрап отыр. ·Жарық көріп жатқан әдебиеттердің басым бөлігін мемлекеттік тілдегі әдебиеттер құрайды. ·Шетелдік авторлардың аудармалары көптеп шығарылуда. ·Психология, мәдениеттану, білім беру салалары бойынша әдебиеттер шығарылымының ұлғаюы да тиімді болып отыр. ҚРҰАК бойынша ақпарат ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына мемлекеттік тапсырыс бойынша және Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде 2009, 2010 жылдары жеткізілген түсімдер: ШҚО кітапханасы белгілі бір кезеңдегі оқырмандар формулярына талдау жасап, пайдаланушылардың таңдауын айқындады: ең көп сұранысқа түсетін энциклопедиялар мен анықтамалықтар – 80%. Жалпыға бірдей жиі пайдаланылған әл-Фараби жинағы – 70-80%, «Бабалар сөзі» – 70%, «Әлемдік әлеуметтану» – 60%, т.б. Өнер, музыка саласы бойынша әдебиеттерге де сұраныс көп. Абонементте пайдаланушылар шетел әдебиеттерінің аудармаларына, Ш. Айтматовтың шығармаларына бірнеше рет тапсырыс берді. Кітапхана қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі қорды ғылыми-негіздік қалыптастыру болып табылады. Оқырмандарға жан-жақты әрі сапалы қызмет көрсету үшін бөлімдерді, оқырмандар сұранысын зерделеу, қорды толықтыруға тапсырыстар жасау арқылы оқырмандардың қабыл алмаған басылымдарын есепке алу бойынша нақты жұмыстар жүргізілді. Іс жүзінде барлық кітапханалар жергілікті мәдени және тарихи мұраларын сақтау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға қажет жерінде қатысады. Жемісті үлгілер, айбынды мультипликация: – Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан ОӘҒК әзірлеген «Облыс кітапханалары – өлке жадын сақтаушы» бағдарламасы. – Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейімен, Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен, П. Васильев атындағы мұражай-үйімен, Шафер мұражай-үйімен ынтымақтастықтағы С. Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК-ның «Кітапхана және өлкетану» бағдарламасы; – Қазақстандық мәдени мұраның бөлшегі іспетті сәнді-қолданбалы өнер мен қолөнердің этномәдени үлгілерін пайдалану және жаңғырту жөніндегі Қазақстан халқының аймақтық Кіші ассамблеясымен бірліктегі С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан ОӘҒК-ның «Шеберлер қаласы» жобасы. Басым бағыттардың біріне барлық аймақтарындағы өлкетану ісі бойынша ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұлғайту, мұрағат, музей, ғылым мен шығармашылықтағы зиялы қауым жағынан мүмкіндігінше көбірек серіктестер тарту жатады. Болашақтың міндеті – кітапхана жанынан келешек ұрпақ үшін ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды сақтауға қамқор болатын азаматтар қоғамдастығын құру. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы – бұл әлемде теңдесі жоқ жоба! Бағдарлама аясында жарық көрген туындыларды түгелдей цифрлап, ғаламторға жайғастыру арқылы қазақ кітапханасының контентін көтеру, ұлттық ұлы қазыналарымызды әлемге насихаттау – алдағы уақытта атқарылар ортақ міндетіміз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің (қазіргі ҚР Мәдениет министрлігі) тапсырмасымен ҚР Ұлттық академиялық «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл кітапханасының ұжымы «Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана» (ҚазҰЭК) порталын осы мақсатта құрған болатын. Сондықтан, қазақ кітабы – онлайн-кітапханамыздың негізгі ресурсы болып есептеледі. Қалған басылымдарды цифрлау және оларды порталдың электронды каталогына енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Кітаптардан бөлек, порталға ұлттық мәдениетпен байланысы бар ғылыми-танымдық журнал материалдарын, археологиялық зерттеу нәтижелері жайлы материалдарды жариялау жоспарлануда. «Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана» жобасының арқасында кітапханамызға тіркелген виртуалды пайдананушылар қатары 59 622-ге жетіп отыр. Осыған сәйкес, штатта IT-мамандар, веб-дизайнерлер пайда болып, ал кітапханашы қағазсыз яғни, түрлі ақпаратты сандық ортада қызмет көрсетуге көшті. Сонымен, біздің оқырмандарымыз Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан кітаптармен әлемнің әр алуан нүктесінде отырып танысуға мүмкіндік алды. Электронды кітапханамызда «Мәдени мұра» бағдарламасымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген туындыларды, авторлық келісім- шарт негізінде жеке авторлық шығармалардың көшірмесі де жарияланады. Бұл қатарда қоғамдық құбылыстарды қалтқысыз көрсетіп, қазақ әдебиетінде айшықты қолтаңбасы бар айтулы ғалым, бірегей қаламгер Тұрсын Құдакелдіұлының еңбектері көш бастап тұр.

Читайте также:  Шамадан тыс органикалық ұғымы

Оставить комментарий