Мәдени-тарихи типтер және олардың қозғалысы мен дамуы

Белгілі бір тілмен немесе өзара өте жақын тілдер тобымен сипатталатын кез келген тайпа немесе халықтар тобы — терең филологиялық ізденіссіз олардың туысқандығы тікелей білінуі үшін, — өзіндік ерекшелігі бар мәдени­тарихи типті құрайды. Әрине, егер оның өзінің рухани қабілетіне қарай тарихи дамуға бейімі болса және балалық шақтан шыққан болса. 2­заң. Өзіндік ерекшелігі бар мәдени­тарихи типке төн өркениет пайда болып, оның дами алуы үшін оған жататын халықтар саяси тәуелсіздікке ие болулары қажет. 3­заң. Бір мәдени­тарихи типтің өркениетінің негізі басқа типті халықтарға берілмейді. Әр бір тип оны оған дейінгі немесе қазіргі бөтен өркениеттің үлкен немесе кішігірім әсерімен өзі үшін жасайды. 4­заң. Әрбір мәдени­тарихи типке тон өркениет тек оны құрайтын этнографиялық элементтер әр түрлі болған жағдайда, егер олар бір саяси бір тұтастыққа берілмей, тәуелсіздікті пайдаланып, федерация немесе мемлекеттердің саяси жүйесін құрса, кемелділікке, сан алуандыққа және байлыққа қол жеткізеді. 5­заң. Мәдени­тарихи типтердің даму барысы бәрінен де бұрын өсу кезеңі ұзақ болатын, бірақ та гүлдеу мен жеміс беру кезеңі қысқа және өмірлік күшін әлсірететін коп жылдық бір ұрықты өсімдікке ұқсас болады. Алғашқы екі қорытынды көп түсінікті талап етпейді; оларға күмән келтіру мүмкін емес. Шынында да, дамуы дүниежүзілік тарихтың мазмұнын құрайтын ол мәдени­тарихи типтердің ішіндегі үшеуі семиттік тұқымдас тайпаларға немесе нәсілдерге жатады. Және де семиттік топқа жататын халықтардың үш тілінің біреуімен — халдей, еврей және араб тілдері — сипатталған әрбір тайпаның өзіне тән өркениеті болған. Арий тобының тілдері, біз білетіндей, жеті негізгі лингвистикалық топтарға бөлінеді: санскрит, иран, эллин, латын, кельт, герман және славян. Осы жеті тілдік топтасуға сәйкес келетін бес тайпа — үнді, парсы, грек, римдік, немесе көне итальяндық, және германдық ­ өркениет болып дамыған, өзіне тән ерекшелігі бар мәдени­тарихи типтердің өкілі болған немесе әлі күнге дейін болып отыр. Алайда, бір тайпа, кельт тайпасы, өз бетінше тип құрмайды. Ол Рим өркениетінің ыдыраған элементтерімен араласып, герман ағартушылық немесе формациялық принциптерінің әсерінен герман­ романдық мәдени­тарихи типтің құрылымына тек этнографиялық материал ретінде енді. Бірақ кельт тайпасы саяси тәуелсіздігін өзінің қоғамдық жасының бастапқы кезеңінде­ақ жоғалтып алған. Галлдар мен британдықтарда халық мінезінің ерекшелігіне қарай, сонымен қатар өзінің діни және поэтикалық көзқарасына қарай дамуына барлық мүмкіншіліктер болған. Бұл мүмкіншіліктердің бәрін римдік басқыншылық жаншып тастаған. Саяси тәуелсіздіксіз дүниеге келген және дамыған бірде­бір өркениет жоқ, бірақ та белгілі бір күшке ие болып, тәуелсіздігін жоғалтқаннан кейін де біраз уақыт өмір сүретін өркениеттер де кездеседі. Бұған гректер мысал бола алады. Бұл құбылыс өздігінен­ақ түсінікті. Бұған құлшылық кезіндегі жеке адамның дамуына, саяси тәуелділік жағдай халықтардың дамуына кедергі жасайтыны себеп, өйткені бұл екі жағдайда өзінің дербес мақсаты бар адам бөтен біреудің мақсатын жүзеге асыратын құралға, көмекші қаруға айналады. Егер де осындай жағдайларға адам немесе халық дамуының жас кезеңінде ұшыраса, әлбетте, олардың өзіне тән ерекшеліктері жойылады. Сонымен, тек екінші заң талап еткенінен ғана, кельттіктер мәдени­тарихи қозғалыстың бірінші заңынан тыс, ерекше болып есептеледі. Семиттік және арийлық тайпалардан тыс, екі басқа төл тайпалар, хамиттік, немесе мысырлық, және қытайлық та ерекше мәдени­тарихи типті құрайды. Басқа аз да болса айтуға тұрарлық тайпалар ерекше өркениет құра алмады, немесе олар кельт тайпасы сияқты басқа тайпаларға қосылып, басқа мәдени­тарихи типтерге бағынды (мысалы, фин тайпалары сияқты) немесе мәдениеттің дамуына ыңғайсыз елдерде өмір сүріп, жабайылық пен көшпенділік жағдайынан шыға алмаған (мысалы, барлық қара нәсілділер, моңғол және түркі тайпалары). Бұл тайпалар этнографиялық материалдар деңгейінде ғана қалды, яғни тарихи өмірге мүлдем қатыспаған, немесе талқандаушы тарихи элементтері деңгейінде ғана көрінген. Мәдени­тарихи дамудың үшінші заңы бұдан да көбірек күрделі зерттеу мен түсініктеме беруді талап етеді. Көне мәдени­тарихи типтердің — Мысыр, Қытай, Үндістан, Иран, Ассирия мен Вавилонның — тарихы егжей­тегжейлі емес, өте аз мәліметтер сақталған, сондықтан да осы өркениеттердің тарихынан алынған оқиғаларды біздің жағдайымызда сынға алу қиын, бірақ осы тарихтың нәтижелерінің өздері оны растайды. Мәселен, бірде бір мысырлық емес халықтың біреуіне де Мысыр мәдениеті сіңген жоқ; үнді өркениеті тек санскриттік тамыры бар тілде сөйлейтін халықтармен ғана шектелген. Алайда, көне семиттік мәдени типке финикийліктер мен карфагендіктер жатқан, бірақ біріншілері вавилондықтармен бір тамырдан тараған, ал соңғылары финикийліктердің отары болған. Карфагеннің өркениеті нумидиялықтар мен Африканың басқа аборигендеріне таралмаған. Қытай өркениеті қытайлықтар мен жапондықтардың арасында таралған. Жапондар әуелден Қытайдан қоныс аударғандардан тараған болуы мүмкін. Еврейлер өз мәдениетін оларды қоршаған және олармен қатар тұрған халықтардың бір де біреуіне қалдырмаған. Грекия мен біз бұдан біраз белгілер аланда орын тепкенбіз. Грекия өз өркениетімен соншалықты бай болып отырғанына қарамастан, саяси күші өте әлсіз болды, сол себептен басқа халықтар арасында эллиндіктерден шыққан макендондықтар эллинизм өркениетін қабылдап, оған өзінің саяси күшін көрсететін деңгейге дейін тарата алмады. Эллинизмнің өкілі — Александр (Ескендір) — Шығысты жаулап қана қоймай, қазіргі кезде басым теория бойынша Иса пайғамбар туылғанға дейін 4­ғасырда жалпы адамзаттық болып саналған ірек өркениетін таратпақшы болды. Осы Ескендірдің жеңістерінің сәулеттік­гуманитарлық мақсаты үшін оның дүниені жаулап алуына байланысты ниетіне кешіріммен қаралды және ол тарихта адамзаттың ері ретінде қабылданады. Ал іс жүзінде оның осы өркениеттендіру жоспары оның жаулап алу жоспарларымен салыстырғанда жүзеге асырыла алынбайтын болып шықты. Ескендір патшалығының шығыс бөлігінде 70 немесе 80 жылдан соң парфяндықтар мен скифтердің көмегімен Иранның мәдени типі қайтадан құрылды. Сол жерлерде ол жаңа Парфян, ал кейіннен Сасанид патшалықтарына билік жүргізе берді. Батыс аймақтарда, Ефраттың арғы жағында, шамасы, грек мәдениеті жақсырақ қабылданған. Сирияда, Кіші Азияда грек тегінен шыққан патшалар билік жүргізді; сарайлар, астана және ірі қалалар гректердің салт­дәстүрлерін және сәнін қабылдап алды; грек сәулетшілері, мүсіншілері, оюшылары мен зергерлері үшін қызметтеріне және өз шығармаларын табысты сатуға тиімді, мысалы, біздің кезіміздегі Ресейде француз сәншілеріне жол ашылған сияқты іс майданы ашылды. Бәрінен де іс Мысырда жақсы жүрді. Александрияда кітапханалар, мұражайлар, академиялар құрылып, философия мен жағымды ғылым өркендеді. Әйтсе де, сол философ пен ғалымдар кім болды екен, олар қай тілде еңбектерін жазды екен? Барлығы — таза гректер, және бәрі де — грекше жазылған. Шынын айтқанда, Мысыр үшін бұл жағдайдан келіп­кетері жоқ. Ғылыми тұрғыдан дамыған Александрия гректердің отары болды. Птолемейлер грек ғалымдарын қанаттарының астына алып, пайдалы қызметтері үшін барлық жағдайлар жасады. Сондықтан да бұл жерге гректер жан­жақтан келе бастаған. Егер де гректер алаңдаушылық туғызған заманда құлдилап іріп­шіріп жатқан Грекияға, әр қайсысы өз қаласында, өз жеке меншік қаражатымен қалғанда, мүмкін олардың еңбектерінен нәтиже шықпас па еді. Тек көптеген қосымша қаражаттар ғана олардың қызметтерін жемісті ете алды. Әрине, грек ғылымына үлкен пайда әкелген Птолемейліктердің ағартушылық жомарттықтарына алғыс айтпасқа болмас; бірақ осының әсерінен грек өркениеті Мысырға да, тіпті Шығысқа да кішкене де болса сіңбеді. Қазір де ағылшындар Калькуттада көптеген іскерлік және пайдалы ғылыми қоғамдар ашты, бірақ Үндістанға Еуропа өркениетінен еш нәрсе сіңбеді. Кез келген бір халыққа өркениетті енгізу — бұл, сірә, сол халыққа барлық мәдени элементтерді (діни, тұрмыстық, әлеуметтік, саяси, ғылыми, және көркемдік) меңгерту болып табылатын шығар. Ол үшін халық сол мәдени элементтерді толық меңгеріп, өз өркениетін енгізіп халықтың қасиетіне, рухына сәйкес әрекеттеніп, сол халықпен сәл де болса бір деңгейде, оның бәсекелесі, сонымен қатар оның бағытын жалғастырушысы болуға тиіс. Ескендірдің Шығысты эллиндестіруді бастағанынан бері, әрине, еш мұндай жетістіктерге қол жеткізілген жоқ. Гректер Батыста бұдан да бақытты болмады ма? Мен Сицилиядағы және Оңтүстік Италиядағы грек мәдениетін айтып отырған жоқпын: Пифагор мен Архимед те Платон мен Аристотель сияқты грек болған, дәл осы Франклин Локктың, немесе Ньютонның ағылшын болғанындай; бірақ гректер өз өркениетін жаулап алу арқылы енгізе алмаса, мүмкін оларға өркениетті өздерін жаулап алған римдіктерге енгізгені үшін сый­құрметке бөленді емес пе? Бір жағынан, ия солай — римдік латинофилдердің қарсылығына қарамастан осылай болды. Римдік өркениет қандай жетістіктерге қол жеткізер еді, егер де оған өзіндік ерекшеліктеріне сай дамуына мүмкіншілік болса, бұл туралы ешкім жорамал айта алмайды. Бірақ Катонның айтқаны дұрыс екеніне ешкім күмән келтірмейді. Оның пікірі бойынша, оның өзіндік ерекшелікке сәйкес дамуды қолдайтын партиясы нағыз, яғни болуға мүмкіншілігі бар жалғыз ілгерілік партиясы, жат грек элементтерін қабылдау олар енген барлық өмір салаларын уландырды, немесе тіпті бедеулікке әкеліп соқтырды дейді. Және тек римдіктер римдік болып қалған салаларда ғана олар үлкен жетістіктерге жеткен. Әдет­ғұрыптар мен тұрмыста гректердің эстетикалық табиғатын тежеген сән­салтанат, нәпсіқұмарлық пен тән ләззатын алу римдіктерді өрескел азғындауға айналдырған еді, мұндай нәрсе бұрын­соңды болған емес (тек Вавилонды айтпағанда). Ғылым мен философияда ешқандай жетістіктер болмады. Римдік кезеңде осыған қатысты жетілген шамалы жетістіктердің өзін, тіпті Александриядан да тыс жерлерде, гректер жасаған. Ой мен грек ойының метафизикалық бағыты, латын нәсілді адамдарға тән болмаған­ау, шамасы, сондықтан олар осы салаға енгенде Грекияға еліктеушіліктен бедеулікке душар болды. Дегенмен, көне италий тайпасына ғылыми зерттеу рухы тіптен тән емес деу әділетсіздік болар. Алғашқы италий­этруск өркениетінен қалған шамалы ескерткіштерден, шамасы, этрусктер табиғатты тиімді түрде бақылаумен шұғылданған болар деп тұжырымдауға болады; мысалы, оларға найзағайды аластайтын құрал таныс болған деген жорамал жасауға әбден негіз бар. Бұған олардың құстардың ұшу әрекетін, жануарлардың ішкі құрылыстарын бақылау, әрине, тек діни мақсатпен, мемлекеттің немесе жеке тұлғаның тағдырын болжау үшін балгершілік үшін қолданылғанына сілтеме бола алады, бірақ грек, әсіресе Аристотель философиясы тұрғысынан қарағанда, бұл бақылау жағымды физиологиялық және тіпті биологиялық зерттеулерге жон сілтеулері мүмкін еді. Мысалы, астрология мен алхимия астрономия мен химияға әкелген сияқты. Егер де этрусктердің ұрпақтары өз тайпаларына тән жолмен жүре берген болса, мүмкін, Рим ғылымы соншама бишара және бедеу болмас еді. Пластика өнерінде, көбінесе гректер өзі шығарған, грек үлгілеріне еліктеу ғана болды, сонда да бұл жағдайда этрусктердің еліктеушілік басым болып кеткен шығармашылығында өздеріне тән ерекшелігі бар шығармашылықтың іздерін көруге болады. Драмалар мен эпостарда латын өркениеті ұрпақтарына ешқандай ерекше мазмұны жоқ, тек нысандарының (формаларының) құндылығымен ғана ерекшеленетін және өз түпнұсқасының тіпті көлеңкесіне жете алмайтын еліктеме поэзиясының бірнеше ғана гүлін өсиет етті. Демек, бұл жерде де, турасын айтқанда, ұластыру жүзеге аспады; мүмкіншіліктер пайдаланылды, бірақ іс жүзеге аспады, себебі ол бедеу қалды. Қарама­қарсы нәтижелерді біз римдік негіздердің өзіне тән ерекшеліктерімен қалған жерлерде көре аламыз. Ұлттық мемлекеттік құрылыстың негізіне шынайы берілуі Римді, бұл әлдеқашан болғанның өзінде ең күшті саяси жүйе етті. Салт­дәстүрден заңға ауысқан және қисынды жүйеге келтірілген Рим азаматтарының арасындағы адамзаттық қарым­қатынас ережелері барлық елдің заңгерлері таң қалатын құқық жайлы ғылымның негізін қалап, адамзаттық кодекстің үлгісін ұсынған. Өздерінің аркаларымен, күмбездерімен ерекшеленетін римдіктер сәулет өнерінде грек өнерінің ең тамаша шығармаларымен бір қатарда тұратын Коллизей мен Пантеонды салған. Сайып келгенде, Римнің тіршілігін сомдап көрсететін поэзияда, Горацийдың қошемет толы өлеңдерінде, элегиялар мен сықақтарда римдіктер осы саланы кеңейткен. Осы тұрғыдан мемлекеттік өмірдің тарих туралы ғылымдағы бейнесін айтқан жөн; сондықтан осы жерде Тацит Фукидид пен бір қатарда еліктеуші ретінде емес, лайықты бәсекелес ретінде орын тепкен. Ал римдіктер өздері, жай уақытта айтылатынындай, бүкіл дүние жүзін жаулап, шын мәнінде — Жерорта теңізі бассейні мен Атлант мұхитының еуропалық жағалауларын — бағындырған халықтарға өздерінің өркениетін күшпен енгізген. Бірақ олар мұны өздерінің ізашарлары сияқты жүзеге асыра алмады. Олар өздеріне тән ерекше мәдениеті бар жерлердегі мәдениет нышандарын жойып (мысалы, друидтік Галлияда), олардың орнына жаңа қалалар салды. Бұл қалалар римдік тіршілік пен тұрмыстың отары болған, бірақ бірде бір жерде халықтық элементтерден құралған (галлиялық, ибериялық, иллириялық, нумидиялық және т.б.), ұлттық тілі бола тұрып, римдік форма мен рухты қабылдайтын өркениетті одан әрі жетілдіре алмады. Римнің бір ғасырлық билігі мен римдік өркениеттің таралуының нәтижесі болып тек өзіндік ерекшелігі бар дамудың өркендерін жаншу болып табылады. Өздерінің, яғни ұлттық Рим жерлерінде емес, басқа жерлерде туып­өскен барлық ғалымдар, суретшілер, жазушылардың көбісінің өз отандастарына ықпалы болмаған, тіпті бола да алмайтын римдік отаршылардың ұрпақтары, немесе қоғамның жоғарғы сыныбынан шыққан латынға айналып кеткен жергілікті адамдар (мысалы, біздің Батыс аймақтағы поляктанып кеткен интеллигенция сияқты) болды. Мұндай нәтиженің себебі — Рим мәдениеті өркениеттің игілігін еркін жеткізу жолымен емес, керісінше, күштеп бағындыру жолымен беріліп отырды. Бұл жол саяси тәуелсіздікпен қатар ұлттың өзіне тән қасиеттерін де жойып жіберді. Әрине, бұл сөздің жаны бар, бірақ шындықтың толық бәрі емес, мұны біздің келтіріп отырған және өлі де келтіретін мысалдарымыз дәлелдейді. Өркениетке бейімді және Рим империясын құлатқан герман тайпаларының ішіндегі ең дарындысы, әрине, гот тайпасы болған. Олар Италияға еніп, қуатты патшалық құрған. Бұл патшалықтың тағында патшалардың ішіндегі ең данасы және ізгі ниеттісі Феодорик патша отырған. Ол өз алдына игілікті де адамгершілікке толы мақсат — жеңімпаздар мен жеңілгендерді қосып, біріншілеріне римдік өркениетті дарыту мақсатын қояды. Нәтижесінде не шықты? Готтар Рим өркениетімен тығыз қарым­қатынаста болып, оның жарқылы бұларды жаншып тастады, сол себептен олар өздерінің ұлттық негіздерін дамыта алмады, бөтен нәрсені меңгере алмай, өздерінің ділімен қоса саяси күшін де жоғалтып алды. Үш ғасырға жуық уақыт Еуропада тағылықтың көлеңкесі түнеріп тұрды. Бұл көлеңкенің астында жаңадан құрылған мәдени­тарихи типтердің ерекше негіздері күшіне еніп, жойылып кеткен өркениеттің жемістерін қаперсіз пайдалана алды. Еврей халқының ұлы заң шығарушысы Феодорикке қарағанда тарихи қозғалыстың заңдарын жақсы түсінген сияқты. Өйткені ол өзіне тән ерекшелігі бар дамуды сақтап отырған, дөрекі де сауатсыз халқына оларды қоршап отырған мәдениеттің ең жоғарғы сатысында тұрған халықтармен тығыз қарым­қатынасқа түспеуді өсиет еткен, себебі олар мұны басқа халықтың салт­ дәстүрлері мен әдет­ғұрпын қабылдай отырып, өздерінің ерекшеліктерін жоғалтып алмау үшін жасады. Готтармен тәжірибесі бір халықтың мәдени­тарихи типінің негізін басқа мәдени­тарихи типтің негізімен өзгерте алмайды, керісінше, оны бұрмалап, жойып жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халықтың өзін де жойып жіберуі мүмкін, яғни ол дербес тарихи қайраткерден жаңадан құрылып жатқан халықтың құрылымына кіріп, этнографиялық материалға айналады деген сөз. Шынында, бір мәдени­тарихи типтің өмірінің тарихи қызметтері, нәтижелері мен жетістіктері сол типтің замандастары немесе одан кейінгі типтері үшін пайдасыз болып қала ма? Бұл типтер бір­біріне бөтен болып қала бермек пе? Мысалы, Қытайдың басқа елдер үшін болғанындай. Әрине, жоқ. Жоғарыда айтылғандай, мирасқор мәдени­тарихи типтердің оқшаулау тұрған типтермен салыстырғанда артықшылығы бар. Бұл сабақтастық қалай жүзеге асады? Бүкіл тарих бізге өркениеттің бір мәдени­тарихи типтен екіншісіне өтпейтінін дәлелдеп отыр, бірақ бұл олардың бір­біріне ықпалы болған жоқ деген сөз емес. Бұл жерде ықпалдың рөлі берілуде емес, ол тек өркениетті тарату тәсілінде ғана. Осыны дұрыс ұғынып алу керек. Бір орыннан екінші орынға осындай таралудың ең қарапайым тәсілі отаршылдық көмегімен қоныстандыру. Осылайша, финикийліктер өз өркениетін Карфагенге, гректер — Оңтүстік Италия мен Азияға, ағылшындар Солтүстік Америка мен Австралияға енгізді. Егер бір жерде кез келген бір уақытта жалпы адамзаттық өркениет тіршілік еткен болса, мүмкін, сол өркениеттің мүддесіне қарай бұл таралу тәсілі барлық жерде қолданылуы тиіс еді, яғни осы жалпы адамзаттық өркениетті тудырған халықтан басқа халықтар тіршілік етпеу керек. Мысалы, егін шаруашылығының мүддесі үшін жабайы шөптердің болмағаны жақсы, сондықтан да егінші оларды барлық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып жоюға тырысады, осындай тәсілді пайдалану — кедергі болатын халықтарды жою — бәріне ортақ жалпы адамдық өркениетті таратушыларға рұқсат етілуі керек емес пе? Өйткені, күмән жоқ, осы өркениетті сақтап, жер жүзіне тарату өркениетті таза күйінде тудырғандардың қолдарынан келеді. Бұл үдерісті жүзеге асырудың ең тура, оңай және анық әдісі болар еді. Егер де Америка мен басқа жерлерде табысты қолданылған осы әдіс өте радикалды, батыл болып көрінсе, жалпы адамдық мәдени типке жатпайтын халықтар мен мемлекеттерді қарсылық көрсететін күштен айыру қажет, яғни оларды саяси өздеріне тон ерекшеліктерінен айырып, оларды қарсылық көрсетпейтін, қалаған нысандар түріне айнала алатын балауыз немесе жұмсақ балшық сияқты икемдеуге келетін бағынышты да жоғары мақсаттарға қызмет ететін этнографиялық элементке айналдыру керек. Өркениетті таратудың басқа формасы — ұластыру. Бірақ, өкінішке орай, ұластыру құпия, жұмбақ мағынасында түсініледі. Мұны не физикалық теориямен, не бау­бақшалық тәжірибемен таныс емес адамдар ғана айта алады. Өйткені ұластырылған көз немесе қыстырып қойған қаламша жабайы ағашты жеміс мол беретін ағашқа, тіпті алманы алмұртқа, өрікке немесе керісінше айналдыра алады. Бірақ бұл құпияға толы, сиқырлы мағынадағы ұластыру есімдіктер арасында да, мәдени­тарихи типтердің де арасында, жеткілікті мысалдарда келтіргендей, жоқ. Тал қабығының кесілген жеріне салынған бүршікте, немесе бағанның жаңа кесіндісіне бекітілген қаламша да ұластырылған өсімдіктің қасиетін өзгертпейді. Жабайы ағаш жабайы болып, алма алма болып, алмұрт алмұрт болып қала береді. Ұластырылған бүршік немесе қаламша да өз табиғи тарихын сақтап қалады, тек ұластырылған өсімдіктің көмегімен өсу мен даму үшін қажетті шырынды алады, және оны өзінің ерекшелігі мен формациясына сай, немесе құрылым негізіне сай өңдейді. Жабайы ағаш мәпелеп өсіріп отырған қаламша мен көз үшін небәрі қызмет құралына айналады. Олар өліп қалмай әрі қарай өсу үшін тамырдан өсіп жетіліп келе жатқан шыбықтар оқтын­оқтын кесіліп отырады. Міне, ұластырудың нағыз мағынасы. Міне, осындай грек қаламшасы немесе көзі болып табылатын Александрия Мысыр ағашында өскен, Цесарь да дәл осылай Рим мәдениетін кельт тамырына телмекші болған. Ал бұдан, Мысыр мен кельт тайпасына келген пайда болды ма, жоқ па, оны оқырмандар өздері шешсін. Осындай операция жасауға шешім қабылдау үшін, алдымен ағаштың жарамсыз екеніне көз жеткізу керек, өйткені ол ағаш бөтен біреудің мақсатын жүзеге асыратын құралға айналады да, гүлдеп жеміс беру мүмкіндігінен айрылады. Түбінде осы гүлдер мен жемістерден еш нәрсе шықпайтынына кәміл сену керек. Қалай айтсақ та, ұластыру физиологиялық тұрғыдан да, мәдени­тарихи тұрғыдан да ұластырылған нәрсеге ешқандай пайда әкелмейді. Бір өркениеттің басқа бір өркениетке ықпал етуінің тағы бір әдісі бар. Бұл әдіс бойынша, Мысыр мен Финикия гректерге ықпал еткен, гректер Римге (бұл соңғы ықпал өте пайдалы да жемісті болған), Рим мен Грек мемлекеті — герман­роман Еуропасына ықпалын тигізген. Бұл ықпалды біз жерді құнарлаудың өсімдік ағзасына тигізетін әсері мен немесе құнарлы тамақтың жануарлардың ағзасына тигізетін әсерімен салыстырамыз. Ағзада оның өзіне тән ерекше құрылу қызметі қалады: тек өзінің органикалық ғимаратын тұрғызатын материал көп мөлшерде және жақсартылған сапамен жеткізіледі, осыған сәйкес нәтижелері де тамаша. Сонымен, бұл бүкіл адамзат даму саласына сан алуандық енгізетін нәтижелер, осылайша олар жарамсыз болып қалған ескіні қайталамайды. Мұндай жағдай бір мәдени­тарихи тип басқа мәдени­тарихи тип үшін ұластыру арқылы құрбандыққа шалынса міндетті түрде болады. Тек осындай бір тип халықтың басқа тип халыққа қызметінің нәтижелеріне еркін қатынасы жағдайында ғана жаңадан пайда болып келе жатқан өркениетке аяқталған немесе жақсы дамыған өркениеттің ықпалы жемісті бола алады. Бұл жағдайда бірінші типке жататын халықтар өздерінің саяси және қоғамдық құрылымын, өз тұрмысы мен әдет­ғұрпын, діни көзқарасын, ойлау қабілеті мен сезімін, бір сөзбен айтқанда, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалулары қажет. Осындай шарт бойынша басқа мәдени тип халықтары халықтың саладан тыс тұратын нәрселерін өлшеп көріп, қабылдап, бөтен тәжірибенің нәтижелерімен, яғни жағымды ғылымның қорытындылары мен тәсілдерімен, техникалық әдістері, өнер мен өнеркәсіптің жемістерімен таныса алады. Басқарылатын нәрсенің бәрі, әсіресе, адам мен қоғамның танымына қатысты барлық нәрселер, оның ішінде осы танымды іс жүзінде қолдау, мүлдем алып пайдаланатын нәрсеге жатпайды, оны тек салыстырудың бір элементі ретінде ескеруге ғана болады, себебі осындай мәселелерді шешкен кезде бөтен өркениет өзіне тон емес қоғамдық негіздерді ескермейді, сондықтан да олардың шешімі жалпыға бірдей емес, жеке адамды қанағаттандыратын шешім болды. Мәдени­тарихи типтердің тарихи құбылыстарын топтастыру негізінде жасалған төртінші жалпы қорытынды бізге өркениет, яғни мәдени­тарихи типтерді құрайтын халықтардың рухани табиғатының ерекшеліктеріне жатқызылған негіздерді табу, өмір бойы ұшырасатын ерекше сыртқы жағдайлардың әсерінен құраушы элементтер неғұрлым әр түрлі, дербес болса, соғұрлым ол әр түрлі және бай болады дейді. Осы уақытқа дейін дүниеде өмір сүрген ең бай, ең кемел өркениеттер, әрине, грек пен Еуропа әлеміне жатады. Бұл кемелділік пен байлықтың бірден­бір себебі осы әлемдер азды­көпті дербес саяси бірліктен тұрған. Олардың өр қайсысы грек пен Еуропа типтеріне тән жалпы қасиеттерімен осы әлемдер бөлінген саяси бөлімшелерден тұратын өздерінің ерекшеліктерін еркін дамыта алар еді. Бұл саяси бөлімшелер азды­көпті грек типі үшін дорикалық, иондық және эолийлік, ал еуропалық тип үшін — ағылшын­саксондық, жоғары герман (Голландияда дамыған), нормандық және скандинавтық тайпаларға, сонымен қатар герман негізінің әсерімен өзгерген, римдік және кельттік болып бөлшектелген элементтерінен шыққан француз, итальян және испан тайпаларына сәйкес болған. Қалған басқа мәдени­тарихи типтер осындай жандандыратын сан алуандыққа мұқтаж болған және олардың нәтижелері әлдеқайда төмен болған. Осыған орай, біз мынадай қорытынды жасай аламыз: құрамның осындай сан алуандылығы өмірдің толыққанды болуын және мәдени­тарихи типтердің дамуының бірден­ бір шарты болып есептеледі. Бірақ та мұндай сан алуандық этнографиялық негіз жоқ жерде, әрине, жасанды түрде өзі үшін тудырмауы тиіс. Ол, әлбетте, өзінің табиғатына сай бір күрделі қасиеті жоқ жерде мәдени­тарихи типтің дұрыс дамуы үшін қажет. Бірақ сол бір мәдени­ тарихи типті ортада болған саяси тұрғыдан бөлінудің зиянды жағы да бар. Бұл саяси бөліну оны саяси күштен айырып, ол сыртқы күштерге қарқынды қарсылық көрсету мүмкіншілігінен де айырылады. Бұған мысал ретінде Грекияны айта аламыз. Бұл жерде кез келген кішігірім этнографиялық өзгешелігі ғана емес, тіпті мүлдем кездейсоқ жағдайлар дербес саяси бірліктерінің тууына негіз болған. Бұл бағыттардың барлық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіншілік берген, бірақ сонымен қатар ол грек елінің дербес саяси өмірінің қысқа болуының бірден­бір себепкері де болды. Сондықтан да грек елі өзінің дамуын бөтен жұрттың езгісінің астында аяқтауға мәжбүр болды. Еуропаның саяси жүйесі бұл тұрғыдан жақсы орналасқан, өйткені сан алуандық пен күш талап ететін шарттарды біріктіріп отыр. Тек екі тәуелді топта, Италия мен Германияда, бұл саяси бөлшектену қажетті шектерден шығып отырды және де осының зиянды салдары бұл елдердің тек саяси күшіне ғана емес, сонымен қатар мәдениетіне де әсер етті. Олар саяси және азаматтық еркіндіктен айырылып ғана қалған жоқ, сонымен бірге осы елдерде орын алған бүліктер мен саяси әлжуаздықтың кесірінен басында жағымды жағдайлармен жетілдірілген әдебиет пен ғылымның дамуын да тежеді. Сондықтан да Германияның қуатты қарқынмен және өзіне тән ерекшеліктеріне сай дамуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталды. Біз бөлшектену Германия үшін ғылым мен әдебиеттің еркін дамуының саяси кепілі болды деген тұжырымды өте жиі естиміз, бірақ, менің ойымша, егер неміс халқы бір ірі саяси бірлік құрғанда, мұндай түкке тұрмайтын кепілдік оған қажет болмас еді. Осы жерде мынадай сұрақ туады: мәдени­тарихи типтердің тіршілік көріністеріндегі бағыттар мен сан алуандықтың барлық ерекшеліктері еркін көрсетуді қамтамасыз ететін ұлттың өзіне тән ерекшеліктерінің талаптары мен саяси күш пен сыртқы тәуелсіздікті қамтамасыз ететін ұлттық бірліктің талаптары арасындағы нағыз шекара сызығы қай жерден өтеді? Меніңше, бұл сызықты табиғаттың өзі анық өткізген. Диалекті мен сөйлеу ерекшеліктері бар тілде сөйлейтін халық (бұл диалекті мен сөйлеу ерекшеліктері күнделікті қоғамдық өмірде, саудада, саясатта бір­бірін түсінуде қиыншылық туғызбайды) бір саяси тұтастықты құруы қажет. Мысалы, орыс халқы великорус, малорус және белорустардың диалект ерекшеліктерінің айырмашылығына қарамастан, немесе неміс халқы жоғарғы және төменгі немістердің үлкен диалектілік ерекшеліктерінің айырмашылығына қарамастан, мемлекет деп аталатын дербес саяси бірлік құрулары қажет. Өзіндік ерекшелігі бар мәдени­ тарихи типке сәйкес келетін, бір лингвистикалық топқа жататын, әр түрлі тілде сөйлейтін халықтар үшін бір мемлекеттік тұтастық құрған жөн. Бұл тығыз байланыс ұнамды заң негізінде құралған дұрыс федерация түрінде немесе тек саяси жүйе түрінде айқындалуы мүмкін (мысалы, кездейсоқ трактаттарға негізделген еуропалық жүйе. Сол трактаттардың тығыз қатынасы нәтижесінде жиі қайталануы халықаралық құқық түрін құраған).

Читайте также:  Коммунистік қоғамның бipiншi фазасы

Оставить комментарий