Мәдени өзгерістің ғылыми ұстанымдары мен әдістемелері

Біздің бұл жерде ұсынып отырған құралымыз — өзіміз қорыққан принциптердің кестесін беру. Біз екі мәдени құрылымның, яғни африкалық және еуропалық құрылымдардың өздерінің бастапқы күйінде бір­бірінен толығымен дербес, осы уақытқа дейін өз мәдени детерменизмін сақтай отырып, тоғысып, бір­біріне ықпал етіп, үшінші мәдени болмысты тудыратынын анықтадық. Кесте жасап, өзіміздің әр дәйегімізді үш бағананың біріне орналастыру арқылы біз осы принципті сақтап қаламыз. Әрі қарай А деп аталатын бірінші бағанада Ақ нәсілді ықпалын, мүдделерін және ниеттерін көрсетпекпіз. Оның ішіне Ақ нәсілді жүргізіп отырған саяси ұстанымдарды орналастырамыз, миссионерлердің идеалдарын, экономикалық кәсіпорындардың мақсаттарын, көшіп келгендердің белгілі бір нақты мәселеге қатысты (мысалы, жер, еңбек, сиқыршылық, азық­түлік немесе өнеркәсіп жөніндегі мәселелерге қатысты) жалаң сөздері мен шынайы ниеттерін көрсетеміз. «Мәдени байланыс үдерістері мен өзгерістер» деп аталатын Б бағанасында Ақ нәсілді мен Қара нәсілді бір­бірімен қарым­қатынасқа түсетін, бір­бірімен әріптестікке баратын және бір ­ біріне тікелей ықпал ететін үдерістер мен қызмет түрлерін орналастырамыз. В бағанасында осы күнге дейін сақталып келе жатқан дәстүрлі институттардың түрлерін, сондай­ақ өткен күннің аңыздары орналастырамыз, себебі олар бүгінгі күнде де белсенді әрекет ететін күштер болып табылады. Бүл бағананың айырмашылығы оның бойына Ақ нәсілді әкімшілігі ресми түрде мойындамаған Африка тіршілігін, сондай­ақ кәрі Африка өмірі жүзеге асатын үдерістерді жинағандығымен көрсететін. Әдетте олар қатаң сыртқы мәжбүрлеулер мен ішкі қарсылық нәтижесінде көзге көріне бермейді. Мысалы, бұның ішіне біз христиандық қауымдастықтан да байқауға болатын ата ­ бабалар табынған құбылыстар мен заттардың этикалық ықпалын, нанымдар мен дәстүрлерді енгізуіміз керек. Жер меншігі мен шаруашылық қызмет мәселелерін талқылай отырып, біз бұл бағанаға еуропалық заңдар мен әкімшіліктік машина көз жұмып, мүлде ескермейтін, кейде тіпті А бағанасында көрсетілген ықпалдармен қақтығысқа түсетін ескі қарапайым құқықтың қалдықтарын да енгізуге тиіспіз. Ойымыздың бағытын түсіндіру үшін Г бағанасын қосымша енгізу пайдалы болатын тәрізді, оның ішіне еуропалыққа дейінгі жағдайды ғылыми жолмен алуға болатын деңгейдегі қалпына келтіру кіреді. Бұндай қалпына келтіру антропологтың маңызды міндеттерінің бірі болып табылатын болғандықтан, Г бағанасы — біздің синоптикалық кестеміздің заңды құрамдас бөлігі. Бұл қалпына келтірудің тікелей бақылаудың нәтижесі бола алмайтынын және ол жерде көрсетілген мәліметтердің дәлдігі алғашқы үш бағанада көрсетілген мәліметтердің дәлдігінен өзгеше екенін түсіну керек. А, Б және В бағаналары үшін зерттеуші шынайы өмірден алынған мәліметтерді берді. Ал, Г бағанасында ол бұрынғы замандағы жағдайдың қалай болғаны жөніндегі өз болжамын ғана ұсына алады. Және кейбір жағдайларда бұған тағы бір Д бағанасын қосқан жөн болар еді. Оның ішіне африкалық реинтеграция мен реакциялардың жаңа күштерін енгіземіз. Бұның ішіне, мысалы, африкалық нәсілшілдік, аймақтық ұлтшылдық және тайпалық патриотизмнің жаңа түсіндірмелері енер еді. Бүл мәліметтер жоғарыда айтып өткеніміздей, антропологты қызықтыратын жағдайлар қатарына енуге тиіс. Бұларды Б бағанасында көрсетілген біріккен өзгерістер мен мәдени байланыс феномендерінен және В бағанасында көрсетілген архаизм элементтерінен бөліп алған жөн болар еді. Себебі, біз кейбір принциптер жинағына негізделген және кесте түрінде ұсынылған талдау, бақылау және практикалық сараптама әдісін жасап отырмыз, сондықтан бізге төменде көрсетілгендей әрекет еткен жөн. Қосымша ретінде ұсынылған кестеде біз алда болатын пікірталас барысында жасалған принциптерді тұжырымдаймыз. II кестеде осы принциптердің әрқайсысына қарама­қарсы сәйкес практикалық ережелерді көрсетеміз, олар бір уақытта тәжірибелік зерттеудің ережесі болып табылады, олардың әрқайсысы біздің ойымыздың өрбуін бағыттайтын және осы мәліметтерді тәжірибеде қалай қолдану керектігін анықтайтын жетекші принцип болып табылады. Әдістің басқа ережелері тәрізді II кестеде көрсетілген ережелерді біздің типтік кестеге тікелей орналастыруға болады.

Читайте также:  РЕСЕЙДЕГІ 1905­1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ

Оставить комментарий