Мәдениет абстракциялардан тұрады

«Мәдениет — бұл абстракция» немесе «мәдениет абстракциялардан тұрады» сынды кең тараған анықтамаға қайта оралайық. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, мәдениетті осылай айқындағандар «абстракция» ұғымын анық, ашып көрсетпейді. Олардың мұны жақсы түсінбейтініне күмән келтіруге негіз бар. Сонымен бірге, олар көрінетін затты немесе құбылысты абстракция ретінде қарамайтыны айтарлықтай айқын. Жақында пайда болған абстракцияның «шынайылығы» туралы сауал бүл терминді қолданушылар оның мән­ мағынасына сенімді емес. Бірақ бүл жағдайға орай кейбір ой­пікір де бар. Мысалы, Мәдениеттің негізін түр, үлгі немесе образ құрайды. Тіпті мәдени белгі — бұл абстракция. Белгі идеалды тип, өйткені толық бірдей ұқсас саз балшықтан жасалған қыш құмыра немесе бір­біріне толық ұқсас екі неке салтанаты болмайды (Krober A. L., Kluckhohn С. 1952: 155, 169). Мәдени белгі «сазды қыш құмыра», сонымен идеалды форма. Әрбір нақты сазды қыш құмыра бұл идеалды форманың нақты көрінісі. Бұл бір платондық идея, идеал. Кребер және Клакхонның пікірінше, әрбір сазды қыш ­ құмыра шынайы, бірақ «идеал» толық түрде бірде­бір нақты қыш құмырада нақты көріне алмайды. Бойы 5 фут 81/2 дюйм, салмағы 164, 378 фунт, үйленген, 2­3 баласы бар бір «орташа американдық» және т.б. Біздің пікірімізше, міне, осыны олар абстракция деп санайды. Бұл жағдайда, біз білетінімізде, бұл бақылаушының, ғалымның санасындағы концепция. Абстракцияға басқа қырынан қарауға болады. Бір­біріне толық ұқсас неке салтанаты болмайды. Іріктелген неке салтанатын талдап көрейік. 100 % ­ да А элементі (некеге екі жақтың келісімі) бар, 99 % Б элементтері бар, В, Г, Д элементтері 96 %, 94 % және 89 % жағдайда сәйкес келеді. Қисық кесте тұрғызып, онда түрлі деректердің орташа көрсеткіші белгілейік. Бұл әдеттегі неке салтанаты. Бірақ 2­3 баласы бар типтік американдыққа қатысты жағдай сияқты «идеалға» өмірде іске асу бұйырмаған. Бұл «абстракция», яғни ғалым ­ бақылаушы дайындаған және тек оның санасында бар концепция. Абстракцияларда концепцияларды көре алмаудың мүмкін еместігі осы ұғымдарды жиі шатастыруға алып келеді. Бүл әсіресе, осы ұғымдардың тұрған орны және олардың «шынайылығы» туралы сөз болғанда айқын көрінеді. Ғылыми абстракция деп аталатын (теориялық физикадағы «қатты дене» тәрізді шынайылықта қатты денелер болмайды) және ғалымдар санасындағы бұл концепцияның (ұғым) осы екі сауалды анықтауына көмектеседі. Мәдени «абстракция» — бұл антропологтар санасындағы концепциялар (идеялар). Олардың «онтологиялық шынайылығына» қатысты айтар болсақ, ғалымдардың ақыл­ойында болған концепциялардың нақтылығы төмендейді, өйткені, галлюцинациядан артық шынайы заттар өмір сүрмейді. Мұны Кребер және Клакхонның «Мәдениетіне» жазған сын пікірінде Бидни өте сәтті атап көрсеткен: «Проблеманың» мәні мынада, абстракция дегеніміз не және оның онтологиялық мағынасы мен маңызды қандай екендігінде жатыр. Кейбір антропологтар тек логикалық абстракциямен ғана жұмыс істейтіндіктеріне аса көңіл бөледі. Мәдениет абстракциядан басқа шынайылыққа ие емес. Қоғамдық ғалымдардың кейбір ғалымдары өз зерттеулерінің объектісінің онтологиялық, объективті шынайылыққа ие еместігіне, олармен келіседі деп болжау қиын. Сонымен, Кребер және Клакхо логикалық конструкция болатын мәдениет ұғымын нақты мәдениетпен шатастырып, араластырады (Л. А. Уайт, Bidney D. 1954: 488­ 489). Біздің анықтама, бұл дилеммадан алшақ. Біз көрсеткеніміздей, мінез­құлықтар ретінде сандалдар немесе сазды қыш құмыралар туралы айту қисынсыз: олардың маңызы бұғы терісі немесе сазды емес, адам еңбегінде көрінеді бұл адамның заттанған еңбегі. Бірақ біздің анықтамада символдар рәміздер дегеніміз — идеялар, қатынастар, іс­әрекеттер және заттардың жалпы факторы болып табылады. 1) идеялар мен қатынастар; 2) сыртқы іс­ әрекеттер; 3) материалды объекті. Осылардың түрін экстрасоматикалық тұрғыда қарастыруға болады, яғни, олардың бәрі мәдениет болып саналады.

Читайте также:  Қазақ қағидалары

Оставить комментарий