Мәдениет динамикасы аккультурация

«Аккультурация» терминін бірінші қолданған авторлар осы терминді анықтауға ешқандай ұмтылыс жасаған жоқ; оған қарамастан терминнің мағынасы көбінесе түсінікті сияқты. Парсонстың туралы зерттеуі оның өз сөзі бойынша «аккультурацияға арналған, яғни үндіс мәдениетінің испан мәдениетінен нені алғаны туралы». Парсонс үшін аккультурация дегеніңіз — синкретизация жағдайлары және испандықтардан алмасудың айқын жағдайлары. Ол Мексикадағы үндіс ­ испан қарым ­ қатынасының нәтижесі жаңа өзгеріске түсіп отыратын ахуал екенін көрсетсе де, аккультурацияны анық тануға болатын еуропалық компонент енгізілмеген. Сондай­ақ одан үндістердің ескілік қиын шақтары мен олардың жаңадан ұйымдасуы мен араластырудың жанама нәтижесі түрінде көрінетін қарым­қатынастары да шығарылып тасталады. Аккультурация Парсонстың ертеректегі жұмыстарында да осылай түсіндіріледі. Терминнің бұдан кеңірек түсіндірмесі, аккульутация сапасы ретінде жаңа мәдени элементтермен алмасу, қабылдамау және ескі мәдениетті қайта ұйымдастыру кезінде өтетін процестердің тұтас кешені қарастырылатын Билздың мақаласында ұсынылған. Алғашқы жүйелендірген анықтама Редфилд, Линтон және Херсковицте берілді: «Аккультурация әртүрлі мәдениеттерді иеленетін жеке адамдар топтарының үздіксіз тікелей байланысқа кіру нәтижесінде бір немесе екі топтың бастапқы мәдени паттерндеріндегі өзгерістерге әкеліп соғатын құбылыстарды қамтиды». Осы анықтама кейінірек көп ғалымдар және авторлардың өздерінің әртүрлі сынына алынуына және анықтамаға енгізілген түрлендірілулерге қарамастан бұл қазіргі кезде ең таралған анықтама бірақ, бүл анықтаманы толық түсіну үшін мақаланы тұтас оқу керек. Ең үлкен мәселелер және қиындықтар анықтаманың келесі құрамдас бөліктерінен шығып тұр: (1) «Үздіксіз тікелей байланыспен» не дегілері келеді? (2) «Жеке адамдар топтары» қандай мағына береді? (3) Аккультурация ұғымының және мәдени өзгеріс пен диффузия ұғымдары арасында қандай байланыс бар? (4) Аккультурация мен ассимиляцияның қандай байланысы бар? (5) Аккультурация процесс пе немесе қалып­күй ме? Мейлінше өзекті мәселелер қатарында — мәдениет кейбір жағдайларда басқа мәдени дәстүрдің өкілдері болып шығатын миссионерлер және саудагерлермен болатын мезгіл­мезгіл қарым­қатынастар салдарынан болатын өзгеру мәселесі. Егер аккультурацияны ерекше бір мәдени өзгеріс ретінде қарастырсақ көп қиындық тумайды, келтірілген мысалдар аккультурация мен диффузияны болу мәселесін көтереді. Екі ұғым да мәдени өзгерісті, мәдениетті бір топтан келесі бір топқа беру нәтижесі деп көрсетеді. Херсковиц бүл мәселені диффузияны «мәдениеттің беріліп болғаны» және аккультурацияны «мәдениеттің берілу процесі» (үдерісі. — ред.) ретінде қарастырып шешіп отыр. Ол бұл көзқарасты түрлендіріп, аккультурацияға диффузияны қисын арқылы шығару, ал оның тарихын логикалық әдістер арқылы қайта жасау қажеттігі жағдайында мәдениетті этнотарихи әдістердің көмегі арқылы беруді деректі түрде бекітуді жатқызады. Шет­шексіз мысалдарды көбейтпей­ақ, аккультурациялық зерттеулер әдетте динамикалық сипатты және процесті зерттеуге мақсатта деп толық сеніммен айтуға болады. Бірақ, олардың осылайша түсінілуі әмбебап емес, және зерттеудің осы саласын барлығы толық мойындамайды да. Мысалы, Дюбуа көбісі, тіпті болмағанда біразы аккультурациялық зерттеу ретінде қарайтын кітабында былай жазады: «Паттерндеу және аккультурацияны іс жүзінде синонимдер сияқты қолдануға болар еді. Дегенмен де аккультурацияға ерекше магына берілетін сияқты. Көп жағдайда бұл сөз үлгілерге еліктеудің минималды жағдайларын сипаттау үшін, яғни басқа мәдени ерекшеліктерді қабылдаумен бірге келісімге келмеу интеграциядан үстем болған кезде қолданылады. Атап айтқанда, «аккультурация» сөзі бөтен әсердің зиянын тартқан аборигенді мәдениеттің әділетсіз сауданы идеалға балаган жағдайларын сипаттауға қолданылды… Мәдени құбылыстарда интеграцияны танытатын паттерндеу мен ең көп дегенде жарым­жартылай интеграцияны танытатын аккультурация арасындағы айырмашылық әрқашан айқын көріне бермейді.» Егер ол мәдени байланыстың динамикасына арналған 1951 жылғы шағын мақаласында: «Антропологтарда осыдан 15­20 жыл бұрын сән болған аккультурация, қазіргі кезде, мәдени және әлеуметтік динамиканың табиғатын зерттеу ауқымы жағынан қауіпті фрагменттелу болып табылып отыр» деп жазбаса, бұған назар аудармауға да болар еді. Егер, аккультурацияның зерттеушілері өздерінің зерттеу пәндерін осылайша анықтайтын болса, оларда кейбір қиындықтар пайда болуы мүмкін. Аккультурациялық зерттеулердің динамикалық сипатының жалпы мойындалуына қарамастан, «аккультурацияның деңгейі» және «жарым­жартылай немесе толығымен аккультурацияланған жеке адамдар» туралы сөз қозғайтын бір әдет бар, әсіресе АҚШ­та. Жеке адам толық аккультурацияға ұшыраған жағдайда аккультурация үдерісі көрер көзге қорытындыланады да, біз аккультурацияны қалып­күй, ахуал ретінде сөз етеміз. Оны айтпағанда, «аккультурация» сөзі мағынасының «ассимиляция» терминінің әлеуметтік мағынасынан айырмашылығы барын көру қиын. Редфилд, Линтон және Херсковицтің анықтамасы «аккультурацияны… кейде аккультурацияның бір тін болып табылатын ассимиляциядан ажырата білу керекті» қосуымен түрленді. Әдетте, ассимиляция аккультурацияның, нәтижесінде жеке адамдар тобында бастапқы мәдениет толығымен басқа мәдениетпен ығыстырылып шығарылатын (топта «аралас» мәдениеттің пайда болатын жағдайға қарама­қайшы) формасы деп танылады. Бұл термин тұрақты және айқын мағынасында қолданылмайды, ал, аккультурацияланған жеке адамдарға (топтарға емес) жиі қарайлай беру көптеген формальды анықтамалар тұрғысынан қарағанда екі ұшты болып көрінеді. Бір жағынан осы айырмашылықтар институттық және әлеуметтік мәдени немесе жеке адамдық және психологиялық көзқарастардың үстемдігін көрсетеді. Ақырында, аккультурацияның далалық (полевые) зерттеулері негізінен баяндамалы; оларда аккультурацияның нәтижелері оның қандай да болсын динамикасын ашуға ешқандай ұмтылыссыз баяндалады. Редфилд, Линтон және Херсковицтер берген анықтама аясында, аккультурация өзара қарым­қатынастағы екі топқа да әсер ететін екіжақты процесс ретінде қарастырылуы керек. Егер, европалықтардың мәдениеті (ең алдымен миссионерлердің, саудагерлердің және отаршыл әкімшілік шенеуніктерінің) қарым­қатынас нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшырағаны және Жаңа Құрлықтағы испан мәдениеті үндіс мәдениетімен түрленгені туралы сирек назар аударылуларды еске алмағанда, аккультурацияның бұл қырына назар мүлдем аз аударылған. Фернандо Ортис мәдени қарым­қатынас жағдайларының екі жақтығы сипатын баса көрсету үшін «транскультурация» терминін ұсынды. Осы жұмысқа алғы сөзінде Малиновский, бұл терминді энтузиазммен қабылдайды, бірақ, оның өзінің ешбір жарияланымында мәдени қарым­қатынастың екі жақты байыпты түрде қарастырғаны көрінбейді. «Транскультурация» терминін латын америкалық авторлар қолданды, оны, егер «аккультурация» термині соншама кең таралмағанда да, оны қабылдауға болатын еді. Британдық зерттеушілердің мәдени қарым­қатынастарға арналған пікірталастарының көбі, европалық мәдениеттің жергілікті (туземдік) мәдениеттерге тигізетін ықпалына ғана арналған. Қарым­қатынастың хауса, және фулани сияқты африкандық тараптарының қарама­ қарсы жаққа европалықтарға қарағанда неге азырақ эсер ететіні туралы мәселені көтерген бірден бір зерттеуші Фортес болды. Тап осылайша Вагнер Африка мен азиялық қарым­ қатынастың теориялық маңызын атап көрсетеді. Әдетте АҚШ­та мәдени байланыстың барлық түрлерін қамтуы үшін жалпы пікірлер өте мұқият қалыптастырылады. Ал, тәжірибе жүзінде қарағанда, көптеген американдық және бүкіл дерлік латын американдық зерттеулер европалық мәдениеттердің европалық емес мәдениеттерге ықпалын зерттеу төңірегінде жасалған. Европалық дейінгі аккультурация туралы бытыраңқы сілтемелер табуға болады, ал, арнайы зерттеулер мен талдаулар өте мардымсыз немесе мүлдем жоқ. Европалық мәдениет жөнінде болмайтын әңгіме аккультурация туралы жұмыстардың айтарлықтай үлгілері — Линдгреннің «Тартыссыз мәдени қарым­қатынастар үлгісі: тұңғыш ­ бұғышылар мен солтүстік­батыс Манчжуриядағы қазақтар» кітабы, Экваллдың «Тибет шекарасындағы мәдени байланыстар» кітабы және Гринбергтің «Хауса тайпасындағы негрлер мен мұсылмандар мәдени қарым­қатынасының кейбір қырлары» мақаласы. Басқа да кейбір зерттеулер әсіресе, Роберт Редфилдтің зерттеулері негізінен қала мәдениеттерінің халық немесе ауыл (folk cultures) мәдениеттеріне ықпалы мәселесі төңірегінде концентрацияланған. Редфилд осы жағдайға «аккультурация» терминін қолдануды абайласа да, менің ойымша, американдық ғалымдардың көбісі оның зерттеулерін дәп солай тектестіретін сияқты. Херсковицтің Жаңа Құрылықтың негрлеріне арналған зерттеулері сипаты жағынан біршама ерекшеленеді. Автор өзі оларды аккультурациялық зерттеулер деп санағанымен, қаттырақ айтқанда, оның зерттеп отырған жағдайында, көптеген британиялықтардың Африкада өткізілетін зерттеулеріндегі сияқты «жеке адамдар топтары» жоқ. Шамасы, өз тамырын жоғалтқан жеке адамдар өз қоғамы мен өз мәдени ортасынан алынып, жаңа мәдениетке орналастырылатын шығар. Терминнің бұлайша қолданылуы американ зерттеушілердің көбіне, оның ішінде Артур Рамос сияқты латын американдық ғалымдарға да тән. Осы түрге Эмилио Виллемстің Бразилиядағы немістер мен жапондардың аккультурациясы туралы зерттеуі де жатады. Аталған терминді иммигранттардың бейімделуін зерттегенде әлеуметтанушылар да осы мағынасында кеңірек қолданып жүр. Жуырда Билз аккультурация арқылы, тек АҚШ­тағы иммигранттық топтар ғана емес, сонымен қоса қаланың ауылдық жерлердегі халыққа деген ықпалының өсуі болсын немесе ауылды халқының қалаға миграциясы болсын, урбанизацияның барлық процесін зерттеуге болады деген болжам айтты. Европалық типті мәдениеттегі қарым­қатынастар жағдайына байланысты айтпағанмен, мұндай көзқарасты, бір мәдениетке жататын топтардың арасындағы қарым­қатынастарға қатысты Грегори Бейтсон да айтты. Осы қысқаша шолудан «аккультурация» (немесе «мәдени қарым­қатынас») терминінің анықтамасы мен оның қолданылуы әркелкі жөне көңіл толарлық еместін анық көруге болады. Осымен қоса қазіргі кезде зерттеулердің едәуір қабатын оңайлықпен аккультурация категориясына жатқызуға болатынын мойындау керек. Қиындықтар ең алдымен осы саланы зерттеу шекарасын анықтауда жатыр және ең аз дегенде логикалық орайдағы қиындықтар болып отыр. Аккультурациялық зерттеулер тек қана европалық типті мәдениеттердің қатысы бар жағдайлармен шектелмеуі керек деп айтуға болар еді, бірақ, шын мәнісінде европалық типті мәдениеттер қатысты емес жағдайларды табу өте қиын. Соған қарамастан зерттеу пәнінің, әсіресе аккультурацияның екіжақты сипаты, оның ассимиляция мәселесімен байланысы, сондай­ақ осы терминнің бір мәдениетке жататын топтар арасындағы қарым­ қатынасты және мигранттық топтарды зерттеуге де қатысты талдануының қаншалықты заңға сыйымдылығын қайта зерделеу жүріп жатқаны анық

Читайте также:  НАШАҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА

Оставить комментарий