Семиотиканың басты презумпцияларының бірі семиотиканың негізгі түсінігі анықталатын антитеза бойынша семиотикалыққа дейінгі немесе семиотикалықтан тыс кеңістіктің болуы жөніндегі пікір болып табылады. Мұндай тұрғы эвристикалық жағынан толығымен ақталады. Қателік онда емес, ұстанымдардың араласып кетуінде: қисынды шарттылықты біз эмпирикалық шындық ретінде қабылдай бастаймыз. Осындай шарттылықтардың бірі — динамикалық үдерістерде шартты нөл, қайсыбір бастапқы нүктенің болуы жөніндегі пікір: бізге эвристикалық нақтылықта ешқашан берілмеген «нөлдік жағдаят» беріледі. Атап айтқанда, мәдениеттің динамикалық үлгісін біз «семиотикалық нөл» нүктесінен бастап тұрғызамыз, оның орны жануарлар әлемімен қатар орналасады (соңғысы — қазіргі кезде өте жақсы дамыған зоосемиотиканың берілгендеріне қарамастан осылай болып келеді). Нөл эвристикалық шарттылық саласынан шындық жөніндегі біздің көзқарасымызға ауыстырылады: «шартты нөл» өзіне мифология бастауын бүгіп жатыр. Жылнамашы: «Хайуанаттық бейнеде өмір сүретін ежелгіліктер, мал секілді: бір бірін өлтіреді, ласпен қоректенеді, неке деген оларда болмайды» деп айтқан кезде, ол бастапқы «нөлдік нүктені» енгізеді: бастапқы жағдаят белгісі (мұнда — реттілік белгісі) болмайтын ретінде хабарланады. Одан арғысы ұйымдасу үдерісі ретінде көрінеді. Осындай, мәні жағынан мифологиялық, көзқарас тіл мен сөздің болжамымен байланыстырылады. Нақтылы тарихи үдеріс тікелей қарамақарсы түрде суреттелуі мүмкін: бұл жағдайда ертерек кезең қатаңырақ ұйымдасуды сипаттаушы ретінде көрінетін болады және мұнда зоосемиотикаға қатысты осыған дейін кең тараған қатынас, осыған дейін шығарылып тасталған «жабайылардың» мінезқұлқына қатысты көзқараспен салыстыруға болады. Бұдан тарихи аз уақыт бұрын бұл соңғысы қандай ма болмасын шектеуден еркін ретінде суреттелетін — «малдық» ісәрекеттен басқа ештеңемен ұйымдаспаған, ал кейінгі дамулар — бұл ретсіздікке «заңдылық» жүйесі жеке талпыныстарды кіргізу ретінде көрінді, мысалы, промискуитетті, яғни некеге дейінгі кезеңдегі ретсіздікті жүйелік ережелердің алмастыруы. Жоғарғы жануарлардың мінезқұлқын зерттеу бізге қатал ұйымның тікелей қарамақарсы бейнесін суреттейді. Өмірдің байламды кезеңдері: некелесу, балаларды тәрбиелеу, аңшылық, жалпы жағдаяттарды барлық жағынан бағалау және осыған сәйкес ісәрекетті таңдау — қатаң әдетғұрып рәсімдері ретінде көрінеді. Алайда рәсім құбылысының өзінің өзіндік сипаты бар екендігін атап көрсеткен маңызды. Рәсімде негізгі рөлді есті ұйымдастыру атқарады, оның өзі арқылы жеке адамның топтық еске араласу механизмін білдіреді. Сондықтан да адамзаттық әлемнен тыс рәсім қалыпты даму үшін кеңістік қалдырмайтындай немесе оны өте қатты шектейтін тұрақты ұйым жүйесін құрайды. Ол жеке адамнан жекелік мінезқұлықты алып тастайды жөне соңғысын қатаң түрде болжауға көнетін етеді. Бұл мағынада жануарлар «қалыпты» мінезқұлық шарттарынан шығып қалған жағдаяттар тән (мысалы, үйірінен айрылған немесе өзінің табиғи ортасынан бөлектетілген жыртқыш осындай). Мұндай жыртқыш жөнінде аңшылар ол өте қауіпті дейді, өйткені оның мінезқұлқын болжау мүмкін емес («өзін құтырған секілді ұстайды»). Бірақ мұндай ниеттелмеген айнала үшін қауіпті мінез құлықты басқа көзқарас арқылы да суреттеуге болады: рәсім ұстанымынан қарағанда азғындаған болып көрінетін ол, алайда, болжауға көнбейтіндігінің өте қарқынды артуымен сипатталады және жекелік мінезқұлық ролінің жарылыс тәрізді өсуінің динамикалық сәті секілді суреттелуі мүмкін. Қатаң таңбалық белгі құрылымы күзететін ұжымдық мінезқұлықтың қайталанатын циклдылықтан болжауға көнбейтін мінезқұлықтың (көріністі жағдайдың бүкіл күйін қатты өзгерткен қандай ма бір катастрофаның болуы мүмкін нәтижесі) ретсіздігіне өтуін циклды дамудың тарихилыққа ауысу сәті секілді қарастыруға болады («сәтің деген түсінік, әрине, бұл жерде шартты: сөз үлкен хронологиялық ұзындықтағы үдеріс жөнінде болып отыр). Оралымдық ауысымның орнына келген тарихи үдеріс қайталанатын және мінезқұлық формасының ішкі динамикасының арасындағы тұрақты қақтығыстың құралуына әкелді. Динамикалық үдерістер белгілі бір сыни нүктелерде болжауға көнбейтін сипат алды, бірақ оларды ауыстырған тұрақтанған үдерістер жоғарғы дәрежелі болжауға көнетіндікті 73 және одан да бұрын, мүмкіндік түрлерінің өте шектеулі таңдауларын сақтады. Динамикалық үдерістің бұл қосарланған сипаты суреттеу тілінің таңдалуына байланысты адамзат тарихы сол бір ғана әрі болжауға көнбейтін құрылымдық айналым секілді көрінуі мүмкін деген түсінікке әкеледі. Сонымен динамиканың оралымды және бағытты түрлері айыру мағынасына ие, сонымен бірге соңғысы, өз тарапынан, бекітілген заңдылықтар бойынша істелетін баяулатылғанға бөлінуі мүмкін, сондықтан да, әрі жоғарғы болжауға көнетін ерекшеліктерге, әрі болжауға көнетін деңгейінің кенеттен төмендетілген апаттылық динамикасына ие. Соңғы екі даму формасының көзқарасымен алғанда ұдайы қайталанып тұрушылықтың динамикасы статика ретінде әсерленеді. Египеттік стилизацияланған бейнелерінің мысалында тұрақты қалыптағы формалардың ұйымдасқан ауысу жағдайын Платон тек қана статикалық ретінде суреттеді. Нақтылы тарихи үдерісте біз ешқашан динамикалылықтың (апаттылықтың) және одан кейінгі дамудың «заңдастырылған» кезеңдерінде біркелкі, бірізді, ырғақты ауысуларына ие бола алмайтынымызға байланысты қиыншылық тереңдей түседі. Нақтылы тарихта көптеген динамикалық, бірақ синхронды емес, дамудың түрлі уақытына ие, бірбірімен байланыссыз үдерістер, сонымен қатар орнықтылық кезеңін басынан өткеріп жатқан, дамудың басқа саласындағы, онымен хронологиялық бір уақыттағы үдерістер қатар жүреді. Атап айтқанда, мысалы, ғылымның сол немесе басқа саласындағы қарқынды даму және жарылыстар хронологиялық және себепті түрде соған сәйкес жарылысты — әр түрлі тұрмыс саласындағы қозғалыстармен байланысты болмауы мүмкін. Өнердегі жарылысты жағдай саяси салада ілеспе тұрақтылықта болуы мүмкін. Алайда жеке жарылысты кезеңдердің ерекше қарқынды ағымында олар өз тілін басқаларға, ал қағидаларда — бүкіл динамикалық үдерістерге телуі мүмкін. Мысалы, XVIII ғасырдағы Ұлы Француз төңкерісі дәуіріндегі әлеуметтіксаяси жарылыстардың қарқынды ағымы жарылысты үдерістерді түрлітүрлі салаларда қоғамдық саяси төңкеріс атауларында суреттеуге әкелді. Сонымен бірге үдерістердің атаулары оның ағым сипатына кері әсер етеді. Өзіндік атау, басқа атаулар секілді, таңдалған мінезқұлықтың тұрпаттық сипатын, сонымен бірге тарихи тағдырын да жиі анықтайды. Атап айтқанда, мысалы, «большевиктер» немесе «меньшевиктер» атауының пайда болуы салыстырмалы алғанда орыс социал демократтарының ертеректегі (II) съездерінің біріндегі дауыстың бөлінуіне қатысты болды, алайда осыдан кейін олар бүл партиялардың нақтылы тарихи тағдырын мәнді түрде анықтады. «Большевиктер» атауы бұқаралықтың және күштің образды бейнесін беріп, кең көлемдегі жүмысшылар қауымына жағымды болды «меньшевиктер» атауы құрбандық пен таңдаулылардың семантикасын өзінің ішіне бүгіп жатты, сондықтан да ол зиялыларға жағымды болды. Латынның «nomina sunt omena» бастап, гогольдік Башмачкиннің тағдырына дейінгі — атаулар сиқыры, жеке алғанда, психологиялық түрде осынысымен негізделеді. Акакий Акакиевич өзінің атымен бірге қосарланған тағдырды иеленеді: гректік мәндегі («бейашушаңдық») сөзі мен орыс тіліндегі оның халықтық этимологиясына. Гоголь кейіпкер үшін басқа ат таба алмағының әдейілеп көрсете отырып, оның тағдырға көнгіштігіне екпін жасайды. Соңғыға ұқсас мысалдар сол секілді атаулар сиқырлылығына телінеді, алайда олар атаудың іс жүзінде нақтылы енуін ашатын тереңірек мағынаға ие. Шындықтың атауы оның мәні мен мінезқұлық сипатын өзгертеді. Айтылғандардан шығатыны нақтылы тарихи үдерістер көп планды және көп қызметті және осыдан шығатыны, әр түрлі көз қарастан әр түрлі суреттелуі мүмкін. Дегенмен бұдан кейін, қарапайым баяндау үшін, нақтылы тарихи қозғалыста олардың бәрі міндетті түрде әр түрлі қосалқы жарылыстардан және бұдан бұрынғы кезеңдердегі «жарылыс толқындарынан» өз бояуын алатындығын күні бұрын айта отырып, біз сол немесе басқа үдерістегі басым құрылымдардың даму жүйелілігін ғана қарастырамыз. Бұдан бұрын атап өтілгендей, адамзатқа дейінгі мәдениетте (берілген жағдайда, жоғарғы жануарлар мәдениетінде) ес түрі басым болады. Шартты мінезқұлық белгілі бір мақсатты тәжірибедегі түр немесе топ өмірінің сақталу формасы болып табылады және бекітілген формаларда дұрыс қайталанып отырады. Сызықтық динамикадағы оралымды қозғалыс тәсімдердің ауысуы барысында мінезқұлықтың мүмкін тұрпаттарының жиынтығында кенеттен кеңу болды. Басқа жануарлардың көзқарасынан адамның ертеректегі түрі болып табылатын тірі жан «ессіз» мақұлық ретінде қабылдануы керек еді. «Қалыпты» жануар оның мінезқұлқын ессіздің мінезқұлқын болжай алмайтын секілді болжап айта алмас еді, оның санасы сау адамның көптеген тиымдарын жоққа шығарады . Суреттелген жағдай Р. Киплингтің «Джунгли кітабындағы» қақтығыстардың бірін еске түсіреді. Кейіптелген жануарлардың — кітап кейіпкерлерінің — ұйымдасқан, «зерделі» мінезқұлқы мағынасыз және болжауға көнбейтін бандерлогтардың (маймылдардың) жалған ұйымындағы ісәрекетіне қарсы қойылады. Ертеректегі адамның мінезқұлқы онымен бірінші рет қақтығысқан жануардың ұстанымынан қарағанда тек қана осылай болғанау деп шамалауға болады. Бұл болжауға көнбейтіндік, яғни адам салыстырмалы алғанда аз ғана және болжауға көнетін мінезқұлықтар (қимылшарат) жиынтығымен шектелуге мәжбүр болған өзінің қарсыласына қарағанда көбірек деңгейде еркіндікке ие болғандығы, адамды артықшылық жағдайға қойды, ол оның жануарларға қарағандағы салыстырмалы қарусыздығының орнын артығымен толтырды. Киплинг «қалыптасу алдындағы адамды» байқаушы жануарлар әлеміне асқан шеберлікпен ене білді: «қалыптасу алдындағы адам» оларға ессіз ғана емес, сонымен бірге «заңсыз соғыс» жүргізетін адамгершіліктен ада болып көрінеді. Мұндай жағдай қайталана береді: қаталырақ ұйымдасқан (азырақ динамикалы) ортағасырлық адамдар ұстанымынан қарағанда Қайта өркендеу адамы заңды бұзушы және жетістіктерге тиым салынған құралдармен жетуші ретінде, «адам сияқты» қылығы жоқ секілді көрінеді. Мінезқұлық ережелерінің әлсіреуі — үдерістің қажетті шарты — оның алдындағы сызықтық үдеріске бойын үйреткен ұжымда субъективті түрде, ессіз ғана емес, сонымен бірге рухани азғындау ретінде талданады. Бұл мәдениет тарихында бірнеше рет пайда болған жануарлар адамдарға қарағанда парасатты деген түсінікті түсіндіреді. Жаңа, кеңірек ережелер жүйесіне өту заңдылықтар әлемінен шексіз еркіндік саласына өту секілді талданады. Жануарлар әлемі тарапынан «есі ауысқан» — адам — оның өзінің көзқарасынан керемет нәтижелі болып шықты. Өйткені оның жануарлар әлеміндегі жаулары оның мінезқұлқын болжай алмайтын, олардың қарсыласуы өз тиімділігін тез арада жоғалтып алуына мәжбүр етті. 74 Дегенмен бұл жаңа мүмкіндіктер бекітуді қажет етті және бұл жерде ақиқат болғаны, осыған дейінгі саладан шыққан болжауға көнетін мінезқұлық шексіз мүмкіндікке әкелген жоқ, — яғни ретсіздікке, — керісінше жаңа, ұйымдасқан, яғни өзіндік кеңейтілген шектеулі құрылымға әкелді. Жаңа тәжірибе ұрпақ ауысуы барысында енгізілетін болғандықтан, ол тез арада шартты, шамасы, қимылшараттық сипат алды. Мақсатты тұқым қуаламайтын мінез құлық ұжым үшін тұрақтанған қозғалыс жүйесінде бекіді. Бұл тиімді, мақсатты мінезқұлық оның рәсім алдындағыға айналуының арқасында бекіді және беріліп отырды. Кең тараған пікірге қарамастан бұл сатыдағы адам «не істесе де өз еркіндегі» «жабайы» болмай, керісінше барынша шекті «рәсімделген» мінезқұлықты адам болуы керек еді. Сонымен, адамзат мәдениетінің басында, мүмкін, табиғат апаттылығындағы жойқын жарылыс жатты. Одан кейін жарылыс сәтінде жаулап алынғанды бекіту кезеңі басталды. Жаңа мінезқұлық динамикасының өте ерекше айырмашылықты қасиеті, ол биологиялық еске қабатталғанмен және осынысымен адамдыққа дейінгі кезеңдегі қалыпты дамумен байланысты болса да, сол уақытта жекелік тәжірибе ролінің әруақыт күшейіп отыруымен сипатталады. Жануарлар әлемінде түрлер есіне рәсімделген ісәрекеттер кезеңі енгізілді. «Еркін», яғни жекелік мінезқұлық өмірдің қосалқы сәттерін қамтиды және көріністі еспен зейінге алынбайды. Пайдалылық ұжымда бекітілген, кездейсоқтық пен жекелік ұмыт болуы тиіс. Адам қоғамында заңдылық пен кездейсоқтықтың орналасуы өзгерді: болжауға көнбейтін мінезқұлыққа жаңа мүмкіндіктерді қуаттаушы ретінде маңызды рөл берілді. Бұл қуаттаушы жекелік мінезқұлықтармен байланыс жасады және оған еркіндік дәрежесінің кеңуі сәйкес келді. Қарсы бағытталған механизм — өз табиғатында ұжымды — бағалады және олардың бірін, басқаларын сызып тастап, жалпы мінезқұлық есіне қосты. Бифуркациялы сәттерде шектеудің әлсіреуі мінезқұлықтың жаңа формаларын жарылысқа әкеледі. Баяу даму кезеңдерінде іріктеу және мақсатты түрде ақталған жаңаларды бекіту жүреді. Сонымен, кездейсоқ тұтанулар мінезқұлыққа айналады. Іріктеу келесі ұрпаққа берілетін жарылыс кезінде пайда болып, белгілі бір сарынға ие болған сол мінезқұлықтарды бекітеді және қосады. Жекелік тәжірибені сақтау міндеті жаңа және естің барынша күрделі кызметін қажет етті. Бүкіл әртүрлі мінезқұлық тұрпаттарының ішінен, жиі кездейсоқ, мақсаттылық іріктеді, ал ес салыстырмалы алғанда мағынаға ие шектеулі ғана тізімді сақтады және беріп отырды. Осылай екі кезеңнің бірізділігі қалыптасты: жаңа мінезқұлық мүмкіндіктерінің бифуркациялық сәттерге болжаусыз көбеюі және одан кейінгі (баяулау даму кезеңінде) барынша мақсатты түрлердің іріктелуі. Соңғысынан мәнді түйін туындайды: ерте кезеңде мінезқұлықты таңдау формасы шығармашылық сипатқа ие болған жоқ, яғни белгілі бір ережелермен жүргізілді (кездейсоқтық рөлі біртебірте шектелді). Іріктелген мақсатты қимыл шараттар мен мінезқұлықтардың бекуі де рәсімдеуді қажет етті: қозғалыстардың шартты жүйесі, шыңғыру және музыкалық зарлаулар еске сақтауға көмектесті. Мирас емес мақсатты ісәрекеттерді беру қажеттілігі өнердің пайда болуы алдындағы белгілі бір формаларға жақындауды талап етті. Адамның ертеректегі даму сатыдағы ісәрекеті жөніндегі түсінік біздің сөз ұғымымызда іс жүзінде болды — яғни эмоционалды «көркемдік» бастауға ұстанымды түрде қарамақарсы болды, — ол не біздің қолымыздағы бар материалдармен, не теориялық пайымдаулармен еш расталмайды. Тек қана осы сатыда ғана тәжірибені бекіту сұрағы адамда болмаған ес механизмін талап етті. Күшейіп келе жатқан мирас емес мағлұматтарды қорын сақтаудағы мүлдем жаңа талап өз табиғатында көркемдік болып келетін есте сақтау аппаратын тудырды. Бұл адамның ойлап тапқаны емес еді: араның мирас емес аппаратты, оны «бидің» шартты тіліне аудара отырып беруі жөніндегі атақты мысалды айтуға болар еді. Әрине, аралардың мағлұматты беруіндегі салыстырмалы тұрақтылық «би» жүйесінің салыстырмалы шектеулілігі мен мирастылығы, соның арасында адамдық ақпараттың ашық сипаты шындап айтқанда одан да байырақ және динамикалы механизм талап еткен секілді, шектелуге мүмкіндік жасайды.
Оставить комментарий