Мәдениет «сипатты» ерекшеліктердің жиынтығы ретінде

«Мәдениетті — әлеуметтік топты құрайтын жеке адамдардың мінез­құлықтарын сипаттайтын металды және физикалық реакция және іс­әрекеттерінің жиынтығы ретінде айқындауға болады», — деп жазады Боас (Boas F. 1938: 156) (Астын сызған Уайт). Херсковиц былайша ой топшылайды: «Мәдениетті егжей­тегжейлі талдау арқылы нақты топты құрайтын индивидтердің мінез­құлықтарын сипаттайтын моделде (жасалынған) реакциялардың тізбегін көруге болады» (Herskovits М. J. 1948: 28) (бұл концепцияға егжей­ тегжейлі талдаудың қандай қатынасы бар екендігі түсініксіздеу). Сепирде де осыған ұқсас түсінік бар: «Типтік реакциялардың жиынтығы мәдениет деп аталады» (Sapir E. 1917: 442). Басқалар да осыған ұқсас көзқарастарды ұстанады. Мәдениет туралы осындай түсінікке екі дәлел қарсы ұсынуға болады. Бірінші, топтың ерекшелігін көрсететін белгілерді жанама сипаттардан қалай айыруға болады? Мәдени және мәдениет еместік арасындағы шек қайда? Екінші дәлел, егер осы топтың ерекшелігін құрайтын белгілерді мәдениет деп атасақ, онда бұл топқа тән емес белгілерді қалай атаймыз? Осы көзқарасты ұстанатын антропологтар айрықша феномен ретіндегі мәдениетті емес, нақты мәдениетті немесе мәдениеттерді ойға алады. Шындығында, француз мәдениеті ағылшын мәдениетінен ерекше белгі сипаттарымен ерекшеленді. Бірақ француз және ағылшын бір­бірінен кейбір белгі сипаттарымен ұқсайды. Сонымен бірге, ұқсас сипаттар «түрлі сипаттар» шамасында олардың «өмір салтының бөлшегі болып табылады». Неліктен тек соңғысын мәдениет деп атауға болады? Осындай қиыншылықтар және ұштылық біздің мәдениет туралы анықтама негізінде жойылады. Әрбір халықтың символдар қабілетіне тәуелді және экстрасоматикалық контексте қарастырылуы мүмкін өмір салтының барлық ерекше белгілері мәдениет болып табылады. Егер ағылшындарға француздан өз мәдениетін салыстыру немесе айыру қажет болса, онда мұны жасау оңай. Нақты халыққа тән ерекше белгілерді атап көрсетеміз. Бірақ «тән емес» белгілер мәдениет емес деп айтуға болмайды. Осыған байланысты кезінде Сепир жүргізген адам мінез ­құлықтары және «мәдениет» арасындағы айырмашылықты еске түсірген жөн. Армандайды және қарсылық көрсетеді. Оның ойлары, іс­әрекеттері, арман ­ аңсары және қарсылықтары мәдениет болып саналатын әдеттегі реакциялардың жиынтығының өзгеруі немесе сақталуына ықпалын тигізсе, біз оны әлеуметтік маңызды деп санаймыз, басқалары, дегенмен психологиялық тұрғыдан алдыңғысынан еш айырмашылығы жоқ болса да, біз оны индивидуалды деп атаймыз және оларға ешқандай тарихи және әлеуметтік маңыз бермейміз, яғни олар — мәдениет емес. Осы реакциялардың екі типін бөліп көрсету типтен оңай және шындығында бүтіндей сұрыптау қағидатына сүйенеді. Ал сұрыптау қабылданған құндылықтар шкаласына тәуелді. Әлеуметтік (тарихи) (яғни мәдени) және индивидуалдық арасындағы шек зерттегішінің көзқарасына байланысты ауысатынын атап өту артық. Олардың арасына орныққан шек қою маған мүмкін көрінеді (Астын сызған Л. А. Уайт) (Sapir Е. 1917: 442). Сепир қоғамды көпшілік немесе дұрысы тұлғалардың жиынтығы ретінде қабылдайды. Біздің пікірімізше, ол бүл соз тіркесін «қоғам» терминінен артық көреді, өйткені адамдардың теориялық (жалған) бірлестігі туралы айтылғанға қосымша «қоғам» терминінің өзі мәдени құрылыс болып табылады» (Sapir Е. 1932: 236). Адамдар армандайды, ойлайды, іс­әрекет жасайды, қарсылық көрсетеді — осының бәрін қоғам және мәдениет емес, индивидтер жасайды. Сепир тек жеке индивидтер мен олардың мінез­құлықтарын көреді. Оның пайымдауынша, мәдениет — бұл индивид мінез ­ құлықтарының кейбір бөлшегі ғана. Индивид мінез­құлықтың басқа элементтері — «мәдениет емес», ғалымның жеке дара мойындауынша, психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл элементтер мәдениет болып табылатын элементтерден ерекшеленбейді. «Мәдениет» және «мәдениет еместік» арасындағы шекара және зерттеушінің бағалауына байланысты. Осыдан артық сәтсіз анықтаманы көз алдына елестеу қиын. Шынында төмендегідей ой­ пікір негізделеді: біз бірқатар индивидтердің мінез­құлықтарының кейбір бөліктерін мәдениет деп атаймыз. Таңдай субъективтік өлшемдерге сай еркін түрде жасалады. Біз сілтеме жасаған «Бізге супер органикалық керек пе?» (Do We Need a Superorganic? 1917) мақалада Сепир «Супер органикалық (The Superorganic 1917) мақаласында Кребер баяндаған мәдениет танушылық көзқараспен пікір таластырады. Сепирдің дәлелдемесінде мәдениет расында жоғалады, мәдениет индивидуалды реакциялардың көптігінде сіңіп кетеді. Оның өзі айтқандай мәдениет басқа жерде «орныққан шындыққа жанаспайтын жалғандық» болады (Sapir Е. 1932: 237). Ал, егер мәдениет деп атауға болатын объективтік шындық жоқ болса, демек мәдениет туралы ғылым да мүмкін емес. Сепирдің дәлелі көңілге қонымды және шебер негізделген. Бірақ бұл дәлел негізсіз жөне алдамшы. Оның дәлелдері нанымды, өйткені ол дәлелін айқын түп нұсқалық фактілермен негіздейді. Ал бұл дәлелдің негізсіздігі, алдамшылығы — мынада, мәдениет пен мінез­құлық арасындағы шекара нәтижесінде өте болып шығады. Адамның мінез­құлықтарын құрайтын элементтер және мәдениетті құрайтын элементтер заттар мен құбылыстардың бір тобына жататыны әбден дұрыс. Бұл символаттар — адамның символдарды жасау және жаңадан өндіруге бірегей қабілетімен байланысты. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл элементтер ұқсас екендігі де дұрыс. Бірақ Сепир мынаны ұмытып кетеді (ал оның дәлелі оқырмандар назарынан жасырын қалады) бұл ойлар, іс­әрекеттер, армандар және экстрасоматикалық контекстерде қарастырылуы және түсіндірілуі мүмкін. Соматикалық контексте, яғни адам ағзасымен өзара байланыста бұл символдық іс­ әрекеттер адами мінез­құлық болып табылады. Экстрасоматикалық контексте, яғни бір ­ бірімен өзара байланыста олар мәдениетті құрайды. Сондықтан, бәрін мұқият ақылға салып, бірқатар бөлігін мәдениетке, ал қалған бөліктерін мінез­құлыққа жатқызудың орнына, біз барлық осы іс­әрекеттерді, ой­ниеттерді және мақсатына қайта ораламыз.

Читайте также:  Элиталар және олардың ауысып отыруы

Оставить комментарий