Мәдениет тарихи кеңістік-уақыт болмысының мазмұны ретінде

Адамның тарихи болмысы туралы айта келіп, оның қызметі қайсыбір материалдық немесе рухани жағдайларда көрініп, «заттық» сипат алатындығын тағы да қайталап еске сала кеткен жөн. Көңіл­күй ауаны мен сезімдер, әр алуан ойлау нысандары, материалдық қызметтің нәтижесі және тағы басқалары адамзат мәдениеті деп аталатын феноменнің мәнін құрайды. Біз аталған тарихи феноменнің мазмұнын біртіндеп кеңейте түсеміз, ал онда адамның барлық қызметінің нәтижелері жатыр деп түсінеміз. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениет феномені қазіргі адамзаттың кеңістік­уақыт болмысының процесі ретінде қарастырылатын сол тарихтың өзіне бара­бар болады. Сол арқылы мәдениет (адамзаттың тіршілік етуінің биологиялық аспектілерімен қатар) тарих болмысының тікелей «пайда болуын» немесе «көрініс табуын» білдіреді. Қазіргі заманғы адамзаттың тарихы туралы айтқан кезде, кең мағынада алғанда, «мәдениет» шындығының феномендерін алдымен айтамыз. Осы айтылғандарға сүйене келіп, былай деп тұжырымдауға болады, айталық, тарих — Уақыттың өзі, оның болмысының, бұрынғыны қазіргімен байланыстыратын және ертеңгі күнге есік ашатын тірі тканьнің пайда болуымен мәдениеттің тура өзі әрекет етеді, бұл нағыз кең әрі әмбебап мағынада алғандағы мәдениет; бұл сан ғасырлық адамзат тарихының бірегей туындылары мен шексіз алуан түрлілігін қамтитын мәдениет; бұл өзінің фрагменттерінің бірде­бірін, өзінің көріністерінің бірде­бірін жоққа шығармайтын, олардың құндылық, этикалық, эстетикалық мазмұндарына, тарихи­мәдени феномендердің пайда болуы мен көрініс табуының нақты нысандарына тәуелсіз мәдениет. Адамдардың түсінігінде тарихи болмыстың өзі мәдениет болып есептеледі, оның өзі әрекет етеді және мәдениет қызметінде көрініс табады, және өз кезегінде тарихи процесс тікелей мәдениеттің жетілуімен байланысты. Шын мәнінде де біз тарихи шындықты қарастыра отырып, біздің ақыл­ойымызға және біздің сана­сезімге лайықтысын зерттейміз, ал оның пәні адамдардың қолымен және ақыл­ойымен жасаған туындыларынан көрінетін мәдениет қызметі болып табылады. Адамзат болмысы өзінің барлық тотальдығымен қоса білдіретін тарихтың өзі бізге «бағынбайды», ол біздің көз алдымыздан жылыстап кетеді, және тарихи уақытты оның тікелей әрі абсолюттік объективтілігін «ұстап қалуға» қанша тырысқанымызбен құр босқа әурешілік болып шығады. Сонымен қатар мәдениет өткен кезең болмысының жекелеген эпизодтарының «көшірмесі» әрі жұрнағы іспетті. Ол өткен туралы толық әрі тұтас күйінде ұғым бере алмайды, ол бар болғаны бұрынғы өткен ұрпақ өмірі мен қызметінің Фрагменттері ғана. Бірақ сонымен қатар бұл «фрагменттер», «жарықшақтар» бізге келіп жеткен бұрын болған мәдениет шындығы, ол өзінің сан алуандығымен және мазмұнының байлығымен, тереңдігімен және қайталанбайтындығымен таңғалдырады, «мейірімсіз Уақыттың» еншісіне айналған адамзат мәдениеті ғимаратының қаншалықты зор әрі құдыретті болғанына болжау жасауға ғана болады. Мәдениет туралы айтқанда, оған уақыт пен кеңістікте сіресіп тұрып қалған тарихи болмыстың феномені деп қарауға болмайды, қайта керісінше ол үнемі өзгеріс пен даму процесінде болды. Мәдениеттің гетерогенді сипаты ең алдымен мәдениеттің сан алуан жекелеген объектілерінің болғандығынан көрінеді (бұл еңбек құралы немесе өнегелілік және өзге де рухани идеялар (нышандар, құндылықтар). Әрбір жеке адам, әрбір халық, тұтастай адамзат ұрпағы және өркениет өзінің дербес, бірегей туындыларын дүниеге келтіреді (мейлі ол жетілмеген болсын, бірақ оның әрқайсысы өзінің жеке құндылығына ие болады). Осы арқылы миллиондаған индивидтердің шығармашылық қызметінің нәтижесінде мәдениеттің өзі жаңғырумен болады. Бұл жағдайда мәдениеттің дамуының феномені туралы түсінуге мүмкіндік ашылады. Ал мұның өзі толық көлемде мәдени қызметтің феномендерін жасайтын және оны тұтынатындар болып табылатын адамзат индивидтерінің өздерінің қызметтеріне қатысты. Шын мәнінде, сол немесе өзге өнердің (бұл терминді кең мағынада алғанда) дамуы туралы сол істің мамандарының қызметінен тыс түсіну мүмкін емес. Сонымен мәдениеттің тұтастай және жекелеген түрлерінің дамуы туралы сөз қозғағанда оны техника мен технологияда, сондай­ақ мағыналық (құндылық) аспектіде көрінетін сабақтастықты қамтамасыз ететін адамдардың арнайы қызметі деп түсінген жөн. Мәдениет феноменінің өзіне тән ерекшелік сипатының бірі онда «иесізденген» тарихи уақыт болып табылады, ол өзінің «бет­бейнесіне» ие болады, сол немесе өзге туындыны жасаған шеберлер туралы айтуға бізге азды­көпті негіз береді. Мәдени шындықтың көне мұралық фактілерінде абстрактілік емес, нақтылық пен жеке даралық кездеседі. Мәдени құбылыстардың «авторлығы» туралы енді толық негізде айтуға болады, бұл оны жасаушылардың ұлылығын көрсету деп түсіну керек. Онда жеке даралық барлық күш­ қуатымен ілгері ұмытылып, адамзат болмысының ұжымшылдығын ғана емес, уақыттың өзін басып озуға тырысады. Қазіргі заманғы адамзат мәдениетінің терең мәні әрбір жеке адам, яғни индивид өзінің шығармашылық ұлылығының нәтижесімен өзінің атын «өшпейтіндей» етіп шығаруға толық құқық алу дәрежесіне дейін жету мүмкіндігінде жатқан болуы әбден мүмкін. Тарих жылнамасында осыған дейін болған дүние түбірімен өзгергенде адам атаулының бәрінің аты тарихта қалатын болады. Балалардың жан­дүниесіндегі зор таланттардың тұншығуы туралы айтуға болады, жарайды, Антуан де Сент­Экзюпериден кейін қайғыра беріп қайтеміз. Міне, тап осы арада мәңгілік үйлесім мен бақыт іздеген жер басып жүрген адамның идеалды мақсатына жетудің мәні мүмкін осында жатқан шығар! Қалай десек те тарихи негізделген ойлау жүйесі бізге «күнәлі» жерден кетуге мүмкіндік бермейді, он сегізінші ғасырдағы испандық моралист Бальтасар Грасиан арман­тілек фантазиямен кірігіп кеткен кезде табиғат жаратуға қабілетсіз бірдеңе дүниеге келеді деп сақтандырған болатын. Сондықтан арман мен мақсаттарымызды жүрегіміздің бір түкпіріне жинап қойып, мүмкіндікке орай тарихи­мәдениеттің тірі тканін бұра тартпай одан әрі қарай зерттелік. Мәдениетті тарихи кеңістік­уақыттың айырықша феномені ретінде зерттеуде біз адамдардың «алғашқы қауымдық жағдайының» дөрекі еңбек құралдарынан бастап, әдебиеттің, музыканың, сәулет пен сурет өнерінің ғажайып туындыларына дейінгі, ғылымның феномендерше, өнегелшікке, махаббат пен ізгілікке дейінгі мәдени қызметтің әр алуан ұлы көріністерімен бетпе­бет келеміз. Сонымен қатар адамзат мәдениетіне қылыш, баллистикалық ракеталар, гильотиндер және Освенцимнің газ камералары және тағы басқа адамзат ұлылығының «адами көзқарасқа жат» туындылары да жатады. Тек адамның мәдениетінде ғана Жұмақ пен Тозақ, Қайырымдылық пен Зұлымдық болмыстары туралы түсініктер көрініс тапқан. «Жұмақ­Тозақ», «Қайырымдылық­Зұлымдық» деп аталып, қарама­қайшылығынан біртұтастыққа айналған ұғымдарда адамның өзі «орын алады». Бұл — адамзат жетіліп, Ғаламның тұтастығы миллиардтарға және миллиардтаған бөліктерге бөлінгенді біртұтас етіп «жинақтауға» күш салған кездегі «күнәһар» болғаны үшін жаза. «Баррикаданың бір жағында» тұрып адамзат тарихы мен мәдениетін объективті түрде түсіну мүмкін емес. Шындықты толық әрі объективті жағынан көрсету тек әлеуметтік болмыстың кез келген құбылыстарының берілгенінің мызғымайтын факгісі ретінде қабылдаған кезде ғана мүмкін болады (құндылықтарға адамдардың санасы мен дәстүрі арқылы берілген «құндылыққа» тәуелсіз түрде). Бірақ адам әлi күнге дейін «елестер тұтқынында» қалып отыр, «ақылмен» істелмейтін табиғаттың стихиялық дүлей құбылыстарына қатысты аңғалдық танытады, ал бұл арада сол немесе өзге ағайындардың қызметі туралы айтып жатудың өзі артық. Бірақ бәрінен де қауіпті әрі ақылға сыйымсыз ондай «елестер» басқа өмір салтына, және өзге ұстанымдарға келе бермейтін «мәденн шыдамсыздықтың», мәдени шовинизмнің түрлі нысандарының пайда болуына әкеп соқтырады, ондайларды «өзімдікі» дейтіндер үшін бұл «бірден­бір дұрыс» нәрсе болып көрінеді. Адамзат болмысының барлық сан алуан нысандары, этникалық, конфессиялық, топқа бөлінушілік, кәсіби және өзге де жеке меншік мәдениеттердің байлығы сандаған ұрпақтар өмірінің мыңдаған жылдар бойы жинақтаған тәжірибесіне негізделген дәстүрлер арқылы адамдардың тарихи болмысының сыртқы көрінісі болып табылады. Тарихтың ақиқат феномендері ретінде, олардың «құндылықтарының» мазмұнына қарамастан барлық мәдениеттердің немесе жеке көріністердің тең құндылығын мойындайтын көзқарас әлдеқайда шыншыл әрі нәтижелі болып табылады. Бұл шындықтың ауылынан алыс жатқан, мәдениет феномендерін бағалау мен түсіндіруді өз беттерінше бұрмалап көрсеткен не бір «елестерден» құтылуға жасалған алғашқы қадам болып табылады. Өзінің мазмұны жағынан позитивтік екінші міндет барлық мәдениеттердің іргетасында жатқан жалпы негіздерді іздеу деуге болады; сол объективті факторлар олардың диалогына және бір­біріне жақындауына жәрдемдеседі, сонымен қатар сол немесе өзге мәдениет дәстүрлерін қолданушы адамдарды да бір­біріне жақындастыра түседі. Мәдени диалог пен алмасу — ол біздің заманымыздың ойлап тапқаны емес. Қазіргі кездегі адамзаттың барлық тарихы мәдениеттердің үздіксіз өзара әрекеті мен өзара бір­бірін байыту процесінен тұрады (сонымен бірге ол құндылық аспектісін бағалаусыз күйінде). Ақыр соңында «таза» мәдениеттің, қандайда бір жекелеген адамдар қауымдастығының бар екендігі туралы түсінік тарихи тұрғыдан мүлдем дұрыс емес. Адамзаттың биологиялық туысқандығы мәдениетін туысқандығымен толығады, оның бастауы, тамыры «ғасырлар түнегінде» жойылады. Әртүрлі дәрежеде толық болып көрінетін жекелеген халықтардың тарихи жады біздің заманымызға бағзы заманғы ата­бабалардың дауысын «жеткізді». «Мәдениет» феномені дегеніміз осы, ол халықтардың ұжымдық «жады» тәрізді көрінеді. Әрбір халық тура жеке адам, отбасы, ру және т.б. сияқты өзіне тән бірегейлікті, қайталанбайтын тағдырды, өмірлік жағдайларды реттеудің өзіндік тұтқаларын ақпаратты сапада сақтау, қайта жаңғырту және берудің бірегей тәсілдерін, осы құбылыстардың мағыналық өңделуі, түсіндірілуін еншілейді. Ақпаратты берудің неғұрлым жетілген түрі болуы мумкін (генетикалық, атомдылық, субатомдылық, кванттық деңгейлерде), бірақ біз үшін «мәдени дәстүр» үйреншікті, түсінікті және іс жүзінде қажетті болып табылады. Сонымен мәдениет туралы айтқанда біз оның көп қырлы тарихи құбылыс екендігіне, өзінің архитектоникалық жағынан күрделі, мазмұнының негізінде тұрақты қозғалыс пен перманентті даму жағдайында болатындығына назар аударуға тиіспіз. Бұрын көтерілген мәселелердің маңыздыларының бірі мәдениеттің субъектісі туралы мәселе болып табылады. Мәдени жетістіктердің бірден­бір, нағыз жасаушысы адамның ұлылығы, ол ұжымдық немесе жеке авторлықтан тәуелсіз болады. Адамның туындысы — оның ақыл­ойы мен шеберлігінің құдыреті. Басқа ешқандай тіршілік иесі мәдениет деп аталатын құбылысты жасай алған жоқ. Мәдениетте «жансыз өзге болмыс пен тірі материяның» шындығы бар. Мол немесе өзге «мәдени» феноменді құру үшін заттар, тіпті жансыз материяның құбылыстары қолданылады. Мүсінші үшін ол саз, металл, тас, музыкант үшін әртүрлі материалдан жасалған аспаптар, тоқымашы үшін өсімдік талшықтары және малдың жүні, дәрігер үшін әртүрлі табиғи заттардан жасалған пилюлдер… Сонымен бір мезгілде мәдениетті жасау адамдардың өмірлік энергиясының (олардың ойларының, эмоциясы мен тәжірибесінің) көрінуі болып табылады. Бірақ сонымен қатар мәдениет туындылары бұл екі фактормен үйлеспейді, ал онысыз олардың болуы да мүмкін емес. Онда қандайда бір сапалық жағдай орын алады. Ал «ештеңе емес» деген — мағына, құндылық, адам оны пайдалану, қабылдау, тұтыну барысында сол немесе өзге құбылысқа, затқа беріледі. Онысыз мәдениеттің көне мұралық фактісі өзінің барлық мән­мағынасын жояды, олар күйрейді. Әрине, туынды оны жасаушысы үшін қандайда бір құндылықты еншілейді. Міне, осы арада мәдениет феномендерінің «сапасының», олардың өзара тең еместігінің, тарихи болмыстарындағы әр алуандылығының шекарасы көрінеді. «Құндылық» ұғымы тарихи сипат алып, өзінің абсолюттігінен, жалпыға бірдейлігінен, уақыттан тыс болатындығы мен барлық жерде кездесетіндігінен айырылуда. Құндылық салыстырмалы түрде, таңдау сипатына ие. Бір мәдениетте маңызға ие болса, екіншісі үшін ешқандай қызығушылық туғызбайды; ал бір адам үшін қызмет етсе, екіншісіне жараспайды. Осындай «құндылықтың салыстырмалығы» өзі үшін сол немесе өзге құндылықтар ретінде қабылдайтын көптеген жекелеген индивидтердің болуының ғана емес, сонымен бірге сол немесе өзге мәдениеттің жеке даму ерекшеліктерін көрсетеді.

Читайте также:  ҒҰН МЕМЛЕКЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

Оставить комментарий