Мәдениет туралы ғылымның даму мүмкіндіктері

Бұл кітапта біз мәдениетті зерттеушілер алдындағы мақсатты, яғни, оны ғылымға айналдыру мақсатын белгілеп, мәдениетті зерттеудің қалайша мәдениет туралы ғылымға айналатыны жөнінде бірқатар пікірлер айттық. Мәдениетті зерттеудің ғылым бола алатыны жөніндегі сұрақ ендігі жерде орынсыз, себебі, әрине, қазір біз оның бола алатынын білеміз. Тіршілік ететіндердің барлығы өлшенеді, ал өлшенетіндердің барлығы ғылыми зерттеу объектісіне айнала алады. Сонда да, мәдениетті зерттеу қашан ғылымға айналатыны жөніндегі келесі сұрақ жауапты қажет етеді. Оған қанағаттанарлық жауап беру үшін, онымен байланысты тағы екі сұраққа жауап беру керек. Біріншісі — ол Батыс және Шығыстың дамыған мәдениеттеріндегі әлеуметтік топтар үшін табиғи әлемнің түрлі салаларын шексіз зерттеуді мүмкін еткен жағдайлар туралы сұрақ. Теңдессіз прогресс пен физикалық және биологиялық ғылымдарда қолданумен келісілген қазіргі өмірдің шарттары, ғылыми зерттеулермен қатар бүкіл ұйымдасқан іс ­ әрекеттің барлығын қауіпті етті. Мәдениет туралы қоғамдық ғылымдар өз зерттеулерін олардың практикалық қолданылуы әлеуметтік іс­әрекеттің кездейсоқтық элементін болашақ ғылыми іс­әрекеттің қауіпсіздік кепілдіктері орнағанға дейін жоя алатын кезге шейін жеткізуге уақыттары жете ме? Әлемде бұл сұраққа нақты жауап бере алатын пайғамбар жоқ. Осы жолдар жазылып жатқан мезетте, әлем қазір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстан шықты, ал жеңіс нәтижелері және біздің алдымыздағы бейбітшілік сипаты әлі де күдік туғызады. Осы соғысты бастан кешірген адамдардың өз ғылыми әрекетін, ол қайтадан әлеуметтік даму және өзгеру күштерімен үзіледі деп қорқпай, жайлы жалғастыра алатынын білгенше әлі көп жылдар өтеді. Жауабынан мәдениет туралы қоғамдық ғылымның болашағы тәуелді екінші сұрақ осындай ғылымның тез пайда болуы мүмкін бе дегенде тұйықталады. Оны біз екі бөлікке бөлейік, себебі бізге келесі екі сұраққа жауап қайтару керек: Қоғамтанудың ғылыми талдауға келмейтіндігі жөніндегі және қоғамтанушылардың ғылыми әдістерді әдепті қолдана алмайтыны жөніндегі ереженің қанағаттанғысы көрсете аламыз ба. Әлеуметтік зерттеулердің ғылым категорияларына жатпайтыны жөніндегі жаңсақтықтың тамырлары ен алдымен неміс философиясына кетеді. Неміс философиясы философиядағы субъективизм қателігіне толықтай жауапты, сондай­ақ ғылымдарды қоғамдық және жаратылыстану деп мүлдем қате болу де солардың мойнында. Алғашқылары Geistwissenschaften, ал екіншілері — Naturwissenschaften ретінде танымал болды; алғашқылары нормативті, екіншілері — эмпирикалық ғылымдар ретінде анықталды. Әлеуметтік ғылымдар емделуге келмейтін, субъективизмді жұқтырып алған кезде, тек жаратылыстану ғылымдарына ғана объективті болуға рұқсат болды. Неміс ойшылдарының пікірінше, тек физикалық және объективті дүние ғана өлшеуге келеді. Осылайша, қоғамдық ғылымдар олар үшін мағынасыз немесе мүлде басқа мағынадағы ғылымдар болып көрінді. Ақырында, ғылыми әдіс жаратылыстану ғылымдарының біріңғай меншігі болып шықты. Неміс ойшылдарына біз олардың әлеуметтік ғылымдар концепциясы жалған метафизикаға, дәлірек айтқанда, номиналистік метафизикаға, яғни, өзінде істің солипсизм мүмкіндігі бар субъективті қырын қамтитын, ерекше екпіні бар, физикалық бөлшектерінің теңдессіз шынайылығына деген сенімде негізделеді деп қарсы шыға аламыз. Іс жүзінде, біз олардың пікіріне осы кітапта өз тұрғымызды білдірген кезде жауап беріп кеттік. Бізді эмпирикалық шындықтың барлық салаларының иерархиялы түрде ұйымдасқанын және осындай ұйымдасу табиғаттың бәріне де үлгеруші шексіздігі мүмкін бола алмайтынын толықтай көрсеткенімізге үміттенемін. Эмпирикалық шындықтың салалары бір­біріне кезекпен қабатталады жөне бір­бірімен ұйымдасу күрделігінің дәрежесімен ажыратылған. Демек, жалпы логикалық, соның ішінде ғылыми әдістер, егер олар біреуіне ғана қолданбалы болса, онда олар бүкіл эмпирикалық деңгейлерге қолданбалы болуы тиіс. Эмпирикалық шындықтың барлық салалары, олай болса барлық ғылымдар да — тең дәрежеде эпирикалық жөне тең дәрежеде табиғи болып табылады. Зерттеу саласы табиғи объектілердің белгілі бір жүйесі болып табылатындықтан, осы мағынасында бүкіл ғылымдарды бірдей объективті дейміз. Олардың барлығы бар нәрсені бейнелемей, болуы керек нәрсені бейнелеуі мағынасында бірдей нормативті болады. Соңғы тұжырым белгілі бір түсіндіруді қажет етеді. Ғылым заңдарды, гипотезаларды олардың деректерге және басқа заңдарға сәйкес келуіне қарай тексеру арқылы ашуға әрекет жасайды. Бірақ та ғылым шын мәнісінде болып жатқан жағдайды ешқашан айтпайды, ол тек болуы керек жағдайды белгілейді. Эмпирикалық және нормативті ғылымдар арасындағы айырмашылықтардан біз эмпирикалық ғылымдардың бірдей уақытта нормативті, ал нормативті — эмпирикалық болуын көрсете алған кезде ғана бас тарта аламыз. Эмпирикалық ғылымдар бізге болуы керек жағдайларды хабарлағанына байланысты нормативті болады. Физикалық объекті өздерін қалай қаласа, солай ұстайды, бірақ ортаның заңдары мен кездейсоқтығынан шарасыз қысылғандықтан, өздерін ылғи болуы тиіс қалпында ұстай алмайды. Егер атмосфера болмаса, онда тас секундына 32 фунт үдеуімен құлауы тиіс еді. Вакуумдағы құлау жылдамдығын анықтау идеалды, яғни, болуы керек оқиғаны анықтауды білдіреді. Тастар өзінің құлауына ықпал тигізетін нақты жағдайларды өзгерте алмайды және соған байланысты өздігінше бүл сипаттамаға келетін, барлық құбылыстарды басқаратын нормативке жақындай алмайды. Эмпирикалықтың нормативті қыры туралы көп айтылды, енді нормативті эмпирикалық қырына келейік. Адамдар араласатын оқиғалар нормативті деп анықталады, бірақ бұл жәйт олардың эмпирикалық қырынан айырылғанын білдірмейді. Адамзат мәдениетінің әлеуметтік деңгейі, — яғни, адамдық қарым­қатынастар мен еңбек құралдары — бұлар деректер және еш нәрсе олардың табиғатын өзгерте алмайды. Адамдардың эмпирикалық заңдарға бағыныштылығы тастардан мүлде кем емес. Соңда да адамдар екі дерекке, яғни, заңға және ортаның кездейсоқ жағдайларына үшіншісін де қоса алады; олар жарым­жартылай болса да осыған қабілетсіз тастарға қарағанда мәдениеттің материалды құралдарының көмегімен өзінің қоршаған ортасын бақылай алады жөне соның арқасында эмпирикалық арқылы нормативті жақындай алады. Бұл жәйт адамзаттың әлеуметтік деңгейіне ғылымның зерттеу объектісі болуға кедергі жасамайды; ол ғылымның көмегімен бүл деңгейде басқаларына қарағанда әлдеқайда көп нәрселерді жасауға болатынын ғана білдіреді. Ғылымның болашақ мүмкіндіктерінің ұлы ауқымы оны жарату әрекеттерінде пайда болған қиыншылықтарға тікелей пропорционалды. Сөйтіп, қоғамдық ғылымдарда біздердің әлі күнге шейін тек деректеріміз ғана бар және ешқандай теориямыз жоқ, ал бұл біздің қолымызда raison d’etre мұқтаждығындағы деректер бар дегенді білдіреді. Жағдай неге бұлай болып тұр? Қоғамдық ғылымдарға дамуға қажетті барлық материалдық алғышарттар бар: зерттеуге эмпирикалық деректер саласы бар, қажетті зерттеу әдісі болмаса да, ізгі ықыластағы адамдар бар. Олардың сәтсіздігі ең алдымен екі факторға: құбылыстың өте күрделі саласын зерттеу қиындығына және әдісті қате түсінуден туындайтын қиындықтарға байланысты. Ғылыми әдіс логикасын, әсіресе ғылым дамуындағы гипотеза ролін үйрену арқылы соңғысын жеңуге болады. Ал бірінші қиындықты жеңуді тек ұзақ және көп еңбектеніп зерттеу барысында ғана күтуге болады. Мәселенің күрделілігін сезінуден ол қарапайымданып кетпейді, бірақ біз оны шешуге жақындау тәсілдерін ашсақ, онда ол кәдімгідей оңайланады. Ешбір деректерге сүйенбей­ақ, сол деректер туралы барлық сұрақтарға парасаттан жауап күтіп, орта ғасырларда теріс пайдаланылған рационалистік әдіске осы уақытқа дейін қауіппен қарайтын қоғамдық ғылымдар, өз жұмыстарында ғылыми әдіс рационалдық әдіс бола алмайды деген тәрізді 201­10 жалған жорамалдарға сүйенеді. Егер де ол барлық бөлшектерін және ұсақ егжей­ тегжейін универсалийлер билігінен шығаруға тырысса, онда жалғыз парасат жеткіліксіз. Рационалдық догматизмнің осы қателігін ғылыми әдіс әйтеуір жеңді. Егер ғылыми әдіс істің мәніне жете түсінбей, екінші бір шекке шығып, универсалий эмпирикалық материалмен еш байланысы жоқ деп ойлап, эмпирикалық догматизм қателігіне ұрынып жатса, онда жеңісті толық деп есептеуге болмайды. Ақиқаты сол, ғылыми әдісте рационалды пайымдаулар мен деректер қосарлана жүруі тиіс. Деректер болмаған жағдайда, парасат еш нәрсемен жұмыс істей алмайды, ал парасат болмаса деректермен жұмыс істелмейді. Өзара ұқсастықтары мен айырмашылығына қарай бір деректі екіншісімен қабыстыруда логика немесе рационалдық пайымдауды қолдануды қажет етеді. Жаратылыстану ғылымдары парасат ғылыми әдістің ажырамас бөлшегі болып табылады деген түсінікке жетіп қойды; мұны түсіну әлеуметтік ғылымдар үшін әлі алда. Ғылыми әдістің мүмкіндіктері мен ол бізге уәде етіп отырған таңғажайып жаңалықтары адам қиялының шеңберінен тыс шығады. Парасаттың өз мүмкіндіктерін көрсету жағдайы сирек болды. Осы мүмкіндік тек екі рет: грек философиясында және қазіргі ғылымда орын алды. Екі жағдайда да адам жанында терең таңбалар қалды және олар ешқашан тегістелмеуі мүмкін. Орта ғасырларда парасат ашылуға шарасыз, байлаулы болды; Қайта өрлеу дәуірінен бастап оған біресе субъективті номинализм догмалары, біресе психологизм үстемдік етті, ал өзі болса шарасыз қала берді. Жағдайды түзету үшін өзінің бірден­бір беделі ретінде деректерге сүйенетін парасат билігін мойындау керек. Парасат пен деректер біріге отырып, адамзат мәдениеті дамуына қандай да бір өзге нәрсеге қарағанда, әлдеқайда коп нәрсе жасай алады. Әлеуметтік­мәдени құбылыстар саласына ғылыми әдісті қолдану сөзсіз адамзат мәдениеті туралы нағыз қоғамдық ғылымның құрылуына әкеледі, ал бұл өзімен бірге таным саласында ұлы жетістіктер, бүгінгі күні өте мұқтаж болып отырған практикалық іс­әрекетке үлкен үстемдіктер әкеледі.

Читайте также:  Плазманың өткізбейтін қасиеті

Оставить комментарий