Мәдениет туралы ғылымның міндеттері

Бұл жұмыста ұсынылып отырған, адамзат мәдениетінің теориясы көбінесе алғашқы жеті тарауларда көрсетіледі. Біз олардың әрқайсысын бөлек, мәдени құндылықтар өлшемдерін бағалау бойынша біздің ой тұжырымымызды талдау тұрғысынан қарастырамыз. 1­тарау адам тұлғасының қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі арқылы анықталатын құраушы бөліктерінің бар екендігінің айқындығын дәлелдейді және бұл құраушылар қызмет етуге міндетті эмпирикалық деңгейлерін сипаттайды. Мүмкін болашақта адамдарды тамақ ішу, ұрпақ қалдыру және тану секілді үш қажеттіліктерінің әлеуметтік топтар ішінде көріну күшін анықтау амалы табылатын шығар; ол өз кезегінде, алғашқы екі қажеттілікті өтеуге және үшіншісінің ықпалының өсуіне көмектесетін болар еді. Тану қажеттілігі қызмет ету тұрғысынан алғашқы екеуімен қалайша байланысқан? Физикалық, химиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік эмпирикалық деңгейлердің және олардың ішінде немесе арасында орналасқан басқа да деңгейлердің көпшілігімен біріккендегі иерархиясы өлшеуге құнарлы негізді білдіреді. Эмпирикалық деңгейлер сандық та, құрылымдық та тұрғысынан зерттелуі тиіс. Эмпирикалық саланың құрылымы қандай және оның сандық көрсеткіштері қандай? Ұйымдастырудың өсу дәрежесі қандай, немесе басқаша айтқанда, біздің бір иерархиялық деңгейден екіншісіне өтуімізге байланысты ұйымдасудың көлемдері мен қарқындылығы қаншалықты өседі? Мәдениет деңгейлерден құралады, және олардың математикалық қырларын түсіну, мәдениет туралы ғылым үшін үлкен маңызға ие болады. Әрине, әрбір эмпирикалық деңгей басқаларға қарағанда белгілі бір дәрежеде дербес әрі тәуелсіз, бірақ та мәдениеттің өзі эмпирикалық деңгейде (нақтырақ айтқанда, әлеуметтіктің эмпирикалық деңгейінде) тіршілік етіп, төменгі деңгейлердің бәріне тәуелді болғандықтан, осы эмпирикалық деңгейлерді біз қаншалықты тезірек зерттесек, соншалықты тезірек біз адамзат мәдениетін түсіне аламыз. 2 ­ тарауда сенімнің психологиялық деңгейлері қарастырылады, ал ерекше көңіл мұнда психиканың әлеуметтік мазмұның қамтитын қоғамдық сана деңгейіне бөлінеді. Сенімдердің деңгейлері әлі күнге шейін лайықты түрде түсініліп, бір бірімен байланыстырылған жоқ, бірақ олар өзімен бағалауға келетін тағы бір иерархияны білдіреді. Бүл деңгейлердің әр қайсысының дәл шекараларын, сол сияқты олардың сандық сипаттамаларын білгіміз келер еді. Жаңа сенімдерді қабылдап, ескілерден босану жылдамдығын бағалауымыз керек; қоғамдық сананың кейбір сандық өлшемдерін білуіміз жөн. Бұл мәселелердің бәрі — психологиялық, бірақ та іс барысында бізге адамзат мәдениетін зерттеуде әлеуметтік психология мәселелерін қозғау керек болғанымен, ол мәдениет туралы әлеуметтік ғылымдардың міндетті түрде психологияға негізделу керек екенін мүлде білдірмейтінін айтып кету қажет. Одан гөрі ол мүлде қарама­қарсы нәрсені білдіреді: яғни, мәдениет күштері психикаға тереңдей еніп, әлеуметтік сенімдерді қолдау жүретін санадан тыс деңгейлерге жетеді. Олай болса, әлеуметтік психология мәдениет туралы ғылымдарда негізделеді. Біз адамзат мәдениетін зерттеуге байланысты пайда болатын әлеуметтік­ психологиялық мәселелермен, сол сияқты қоғамдық ғылымдардың басқа да мәселелерімен айналысқан кезде, бізді ең алдымен психология емес, мәдениет қызықтыратынын ескертуіміз керек. Мұндай бағдар мәдениетті зерттеуді жеңілдетеді және әлеуметтік психологияның құбылыстары мен табиғатын айқындайды. 3 ­ тарауда этнос пен оның мифтегі мәдени көрінісі қарастырылады. Бұл тарауда эпос мәдени координата ретінде қарастырылған. Мәдени байланыстардың кеңірек контекстіндегі өзімен мифтің қарқынды жағып, ал түсіндірулер жиыны ­ оның қарқынсыз жағын білдіреді. Эпоста кеңейтілген түрде мәдениетті ұйымдастыруда көрініс табатын нәрсенің шоғырлануы орын алған. Бұл жерде біздерде мұндай пропорцияларды санды түрде анықтау амалын таба алған кезімізде, түсіндіруге мүмкін болатын функционалды математикалық пропорция бар. Ол мәдениет туралы ғылымның көрсеткіштерін жаратудағы алғашқы қадамдардың бірі бола алатын еді. 4 ­ тарауда мәдениеттердің тұтастықтар ретіндегі логикалық ұйымдастырылуы, ал ең алдымен олар айналасында ұйымдасатын мәдениеттердің сол негізгі элементі, дәлірек айтқанда — басымды онтологиясы қарастырылады. Адамзаттың үш қажеттілігі ортаның эмпирикалық деңгейлерінің жағдайларына шынайы тап болған кезде пайда болатын өзара қатынастары санды түрде салыстырмалы қызметтер болып табылады. Басымды онтология өзінің тұрақтылығы түрінде де, әрі оның көрініс табу ауқымы тұрғысында да өлшене алады. Белгілі бір алғышарттардан және осы алғышарттардан дедуктивті түрде шығарылатын салдарынан құралатын логикалық жүйе ретінде ол келісілген жүйені құрайды және басқа да логикалық жүйелер секілді санауға келеді. Мәдениетті қоршаған ортаның эмпирикалық деңгейлеріне сәйкес келетін деңгейлерге таңдаулы түрде болу, мәдениет деңгейлерін 1­ тарауда сипатталған тура сондай эмпирикалық деңгейлердегі тәрізді амалдармен өлшеуге болатынын тұжырымдайды. 5 ­ тарауда келесі мәдениетті құраушылар қарастырылады: басымды онтология, мораль және ізгіліктің сыртқы құндылығы. Біз олардың алғашқысының бағалауға келетінін көрдік. Дәл солай мораль да бағалана алады. Әлеуметтік топтарда қабылданған моральдік ереже белгілі бір конституцияға, яғни белгілі бір ұйымдасушылық пен күшке ие, ал мұндай қасиеттерге ие болатын барлық нәрсе сандық өлшеу мүмкіндігін білдіреді. Ал ізгіліктің сыртқы құндылығына келетін болсақ, оның өлшемі — әлдеқайда күрделі мәселе. Себебі, мәдениетті ізгілікті етіп жасайтын заттардың көрініс табу дәрежесі, олардың көлемі бойынша бүкіл болмыстан азырақ болған жағдайда ғана анықтала алады; бірақ та мәдениеттің тұтастай болмысы үшін ізгілігі және сыртқы құндылығы адам түсінуінің шектерінен тыс шығады. Болмыс игеретін барлық нәрселер өлшеу өнері үшін ашық, деді Платон, бірақ та оның болмыстың бүкіл тұтастығын айтқаны күдік туғызады. Анықтама бойынша, барлық болмыс шексіз, ал шексіз болса, тағы да анықтама бойынша, өлшеуге келмейді. 5­тарауда (әлеуметтік) институттардың иерархиясы сипатталған. Мәдениет құндылығы координаттарының бірі, мүмкін, оның институттарының саны мен тұрақтылығы болып табылады. Олар өздеріне мәдениетте берілген орнын жалпы мәдениет құндылығына зиян келтірмей, жоғалта алмайды, яғни өздеріне тиесілі тұрғыдан жоғары көтеріле жөне төмен түсе алмайды. Берілген мәдениет институттарының саны мен тұрақтылығын бағалау, сонымен бірге оларды иерархияда дұрыс орналастыру мәдени құндылықтарды өлшеудегі салыстырмалы жеңіл міндеттердің бірі болуы керек. 6 ­ тарауда мәдениеттің өр түрлі типтері қарастырылады және оның жеті бөлек типтері қысқаша түрде талданады; сонымен бірге көптеген типтер тармақтарының бар болуы мүмкін. Мәдениет типтерін зерттеу нәтижесінде алынатын салыстырмалы деректер өлшемдердің кең жүйесін құрастыру үшін негіз туғызады. Әр түрлі типтерге тиесілі деректерді салыстыру, ал осы салыстыруларды мәдениеттерден таңдаулы түрде бөлінген элементтердің негізінде, олардың институттарының саны мен тұрақтылығы негізінде, біз барлық мәдениеттерге тон деп басқа тарауларда айтқан барлық дерлік қасиеттер негізінде бағалау үшін жетерліктей коп амалдары бар. Сонымен қатар, мәдениет типтері оларға өлі қолданылмаған әдістер арқылы зерттеле алады. Мәдениеттердің дамыған типтері, мысалға, антропологиялық тұрғыдан зерттеуге болады. Линдтердің істегенін жалпы алғанда қазіргі мәдениеттерге де жасауға болады. Бұл жерге статистикалық жағынан кемірек және гипотезалар жағынан әлде қайсы соны басқа да зерттеулерді қосуға болады. 7 ­ тарауда мәдениеттердің бастаулары, пайда болуы, дамуы және құлдырауы — қысқаша айтқанда, олардың дамуының бүкіл жолы қарастырылады. Мәдениеттер дамуының анықталған үлгісі бар, сондықтан да ғылым үшін мәдениеттің дамуы онда белгілі бір үнемі болатын қызметтердің көрініс табуына байланысты ғана қызықты болып табылады. Логикалық талдау үшін мәдениеттердің дамуы мен құлдырауы трансформация деңгейін қоспағанда, ешқандай ықылас танытпайды. Мәдениет туралы ғылым өзін мәдени өзгерістер тұрақты шамасында көрініс тапқан қызметтерді зерттеуге сарып етсе болатын еді. Сонымен қатар, мәдениеттер дамуы туралы тарау ғылыми ізденістердің басқа да бағыттарын ашады. Мәдениеттер сыртқы ықпалымен де, ішкі әлсіздігіне байланысты да өзгереді. Мәдениеттердің қарқынсыз мен қарқындылығын олардың қозғалыста болған жағдайында, яғни, олардың өскен, дамыған және қиындықтарға тап болған кездерінде ғана көруге болады. Мәдениет туралы ғылым мәдениеттердің өздерінде қаншалықты көп нәрселерді қамтитынын және олардың құрамында бар нәрселердің қаншалықты берік тамырланғанын айқындағысы келеді. Бұл үшін ол мәдени құндылықтың екі маңызды координаттарына: мәдениеттерге тән құндылықтардың өздеріне және оларды ұйымдастырудың кемелдігін зерттеуге көңіл тоқтату керек. Бұл міндетті шынайы мәдениеттерді, яғни қозғалыстағы мәдениеттерді зерттеу негізінде шешу жөн. Даму барысында мәдениеттер бір­біріне ықпал етеді. Олардың кейбіреулері, басқаларға қарағанда мәдени араласу жағдайында, осындай ықпалдарға әлдеқайда табиғи түрде қарсы тұра алады. Біз 7­тарауда мәдениеттердің өтімділікке және күштерді біріктіруге деген тең қабілеттіліктерінің болу мүмкіндігін көрдік. Оларды сан тұрғысынан зерттеу керек. Біз айтып кеткендей, білім көрінісінің идеалды формасы — ол теңдеу мен мәтін. Теңдеулерде математикалық функциялар белгіленеді, ал мәтінде осы теңдеулердің мәні түсіндіріледі. Демек, мәдениет туралы ғылымның міндеттеріне ен алдымен адамзат мәдениетінің өзгермелі әлеміндегі өзгермейтін қызметтерді іздеу кіреді. Бұл міндетті тек шынайы мәдениеттерді зерттеу арқылы ғана, яғни, гипотезаларды шығарып, оларды нақты эмпирикалық мәдени материалда тексере отырып шешуге болады. Биологиялық деңгейдің ең қарапайым ұйымдасуына да, мысалы, прото ­ плазма құрылымына тән аса күрделілікті сәл болса да көрген және әлеуметтіктің эмпирикалық деңгейінде биологиялықпен қатар басқа да көптеген деңгейлердің бар екенін есте сақтаған адам, қоғамды зерттеушінің (немесе біз оны атауға ұнататын, мәдени зерттеушінің) алдында тұратын мәселелердің қаншалықты қиын екенін түсінеді. Ғылымды әлеуметтік деңгейге қолдану сәл ығыстыруға ұшырағанымен де, ешбір эмпирикалық нәрсе ғылыми әдіс үшін бөтен немесе жабық болуы мүмкін емес. Сондай­ақ, күрделі болатын нәрсе — өз бетінше ол әлі мүмкін болмайтын нәрсе емес және де белгілі бір мәдениет туралы ғылым бәрібір болады. Ол біртүтас ғылым емес, физикалық немесе биологиялық ғылымдардың топтары тәріздес көптеген ғылымдар болуы да мүмкін. Бірақ қазіргі өз салаларында физика мен биологияның басым болуы сияқты, оларда да бір ғана ғылым басымдылық ететін болады. Ал мұндай ғылым ретінде адамзат мәдениеті туралы ғылым болады.

Читайте также:  Тілдің негізгі қасиеттері

Оставить комментарий