Мәдениет туралы ғылымның өмір сүру мәселесі

Біздер адамзат мәдениетінің мәні туралы зерттеуіміздің соңына келдік. Зерттеу барысында бізде адамзат іс­әрекетін ұйымдастырудың және оның нәтижелерінің кейбір бейнелері қалыптасып, осы (мәдени) іс­әрекетті дәл көрсетуге қатысты білім пайда болды. Соңғы екі тарауда біздер осы тәртіпті адамға және оның әлеуметтік топтарына жүктелетін міндеттемелері арқылы қарастырдық». Енді біздер оның практика үшін емес, теория үшін қандай салдары болатынын білу үшін мәдениетті ұйымдастыру бейнесіне қайтадан оралуымыз керек. Егер де табиғат өзінің әрбір бөлшегінде тұтастай қатыстыны рас болса, ендеше табиғаттың өзімен­өзі бөлек қарастырылатын әрбір бөлшегі де міндетті түрде өзі бөлшегі болып табылатын тұтастық қасиеттерінің көбісіне ие болады, ал онда тура сондай шарттарға табиғаттың, бізге адам мәдениеті ретінде танымал бөлігі де бағынуы керек. Басқаша айтқанда, ол өзінде бүкіл қалған табиғатқа тон қасиеттерден көптеген нәрселерді қамтуы керек, ал қоршаған ортаның басқа деңгейлері үшін әділетті жалпылаулар адам табиғатына да қолданбалы болуы тиіс. Табиғатты зерттеу жүйесі бізге ең алдымен ғылым ретінде көрінеді. Бізге болмыстың көптеген эмпирикалық деңгейлеріне сәйкес келетін ғылымдар белгілі. Өмірде физика, химия, биология, психология сияқты ғылымдар бар. Онда мәдениет туралы ғылым және әлеуметтану тәрізді ғылымға неге болмасқа? Себебі, басқалар сияқты, мәдениет те тура сондай эмпирикалық деңгей; егер де бұл кітапта ұсынылған тұжырымдар негізділікке талаптанатын болса, әйтеуір, біздің бүл туралы айтуға құқымыз бар. Осындай зерттеулерде мәдениет туралы ғылымның өмір сүруі жөніндегі сұрақ міндетті түрде пайда болады. Біздің қабылдаған алғы ­ шарттарымыз бен зерттеу барысында келтірілген деректерге сүйене отырып, біз мәдениет туралы ғылым болуы мүмкін деген қорытындыға сөзсіз келеміз. Біздің пікірімізше, жаратылыстану ғылымдарға жатпайтын ғылым болмайды, себебі, адамдардың әлеуметтік топтары мен олардың мәдениеті табиғи ортаның жалғасы болып саналады және табиғаттың бөлшегі бола отырып, олар өздерін зерттейтін және өздерін басқаратын заңдарды ашуға тырысатын сәйкес жаратылыстану ғылым қажет екенін ұйғарады. Бұл тарауда біз ең алдымен мұндай мүмкіндікті қарастырып, өткен зерттеушілерге сүйеніп, олардың мәдениет туралы ғылымға ұсынған бүкіл қостаулары мен қарсылықтарының кейбір дәлелдерін келтіреміз. Сонан соң, біз алдыңғы тарауларда айтылған, бізге мәдениет туралы ғылымның әрі қарай дамуының мүмкін бағыттарының бірқатарын көрсететін кейбір идеяларды біріктіріп, жинақтаймыз. Тараудың соңында біз мәдениет туралы ғылым пайдасына бірқатар абстрактілі дәлелдерді ұсынып, оның болашағына көз жүгіртуге тырысамыз. Белгілі мағынада мәдениет туралы ғылымның өмір сүру мүмкіндігін мәдениет туралы қашан болса да ойлағандардың бәрі де болжаған. Зерттелу саласында эмпирикалық құбылыстардың реттеушілігін ашу — бұл осы деректер саласы жөніндегі білімдерді ғылым қалпына келтіру жолындағы алғашқы қадам. Ғылым табиғи заңдарды тануға әрекет жасап отыр, ал табиғи заңдар болса идеалды түрінде теңдеу мен мәтін, яғни, математикалық кейпінде көрініс табуы керек. Бірақ та осыған жетуден бұрын, ал белгілі мағынада гипотезаларды тұжырымдап және оларды қостай немесе терістей алатын эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мүмкіндігінің пайда болуынан ертерек таксономия маманы келіп, болашақтағы барлық ғылыми зерттеулердің табиғатын анықтайтын топтауды жасақтауы қажет. Осылайша, бір уақыттарда мәдениетті зерттеудің шекараларын белгілеп қойған дәл сол ғылымдар мәдениет туралы ғылымды жарату бағытында ipso facto алғашқы қадамын басқан екен. Себебі, адам эмпирикалық құбылыстардың белгілі бір саласын жүйелі әрі мұқият зерттеген жағдайда, ол өзінің ниеті ме, әлде жоқ па дегенге қарамастан, бұл құбылыстар туралы ғылымның дамуына еріксіз көмегін тигізеді. Мәдениетті зерттеушілердің жаңалықтары мен адамзат тарихына үстірт көз салып өтудің өзі біздің көзқарасымызды растайды. Геродот пен Тацит секілді, әдеттен тыс деректердің бар екенін көрсететіндер көбінесе олардың ерекшелігіне көңіл бөледі. Қараңызшы, дейді олар бізге, әлемде қандай ғажайып құбылыстарды табуға болады. Бұрынғы кездері өмір сүрген адамдардың таңғажайып көп түрлілігіне көз салыңызшы. Олар өмір сүрген кездегі мәдениеттер қаншалықты әр текті болды! Ливийліктердің күлкілі әдет­ғұрыптарынан бастап герман тайпаларының дәстүрлеріне шейін қараңызшы — бұрын мұндайды көрмеген де, естімеген де едік. Тәртіп туралы оз көзқарастарыңызды өте тар шеңберлерге кіргізбе, себебі, бұл деректер оларда оз орнын табуы керек. Фукидид пен Гибсон сияқты тарихшылар мәдениеттің құлдырауы туралы табандылықпен айтқан еді. Тарих барысы мен оның мәнін зерттеушілер, атап айтқанда, Вико, Шпенглер және Тойнби адамзат тарихындағы оқиғалар барысының жалпыға бірдей моделін іздеумен айналысты. Олар оның формасын айқындауға, онда көрініс тапқан тәртіпті табуға ұмтылған еді. Бүл жәйт олардың шығармаларының әр бетінен көрініп түр, сондықтан да, бұл жерде қандай да бір мысалдарды келтіру артық. Ғылым жүйелер қызметтерін көрінді, ал біздің адамзат мәдени жүйесінің қызметтері мен жүйенің өзіндік шектеулі қасиеттерін анықтамай, оны бір­бірімен байланыстыруға мүмкіндігіміз жоқ. Біз адам мәдениетінің геометриялық жүйесінің арифметикалық қызметтерін анықтауға тырысамыз, бірақ соны жүзеге асырар алдында, осы геометриялық жүйенің қандай екені жөніндегі белгілі бір білімдерді игеруіміз керек. Мұндай білімге жетудегі алғашқы қадамымыз адам мәдениетінің ауқымдары мен формалары туралы білімдерді көрмей ­ білмей іздеген авторлардың біз үшін жасағандарын, мүмкін, ерте, толық емес, дөрекі, коп жағдайда қате болса да, әйтеуір жасағандарын ұғыну болуы қажет. Әрине, бұл тұжырымды жақтаған басқа да авторлар болды, бірақ мұнда олардың аттарын атау орынсыз. Біз тек мәдениет туралы ғылымның идеясы белгілі бір жаңа және таңқаларлық нәрсе ретінде қарастырылмауы керек екенін көрсеткіміз келеді. Бүл тек ерте заманнан айқындала түскен қажеттілігі бар идеялардың бірі. Мәдениет туралы ғылым өзінде көптеген ғылым тармақтарын қамтып, оларды біртүтас ұлы ғылымға біріктіруі керек. Әлеуметтік антропология және этнология деген атаулармен белгілі, — ал бүл терминдер өзара алмастырушы ретінде қолданылып отырғандықтан, — мәдениет туралы ғылым біз антропология, этнология, әлеуметтану мен әлеуметтік психология ретінде білетін ғылыми пәндерді өзінде қамтуы тиіс. Сонда да осы уақытқа шейін бұл пәндер ең алдымен өзінің тар маманды мақсаттарын көздеп, белгілі бір дәрежеде бұрыс бағытталған еді. Әлеуметтік антропология тек қарапайым әлеуметтік топтарға ғана көңіл бөлді. Этнология да ұқсас әрі расалық мәселелерге деген ерекше екпінмен сүйемелденетін бағытқа ие болды. Әлеуметтану дамыған мәдениеттердегі институттардың шынайы қызмет етуін статистикалық зерттеулермен және кең ауқымды гипотеза шығарумен шектелді, бірақ ол осы жорамалдарды растауға арналған статистикалық деректерді қолдану мүмкіндігіне ие болмады. Әлеуметтік психология оз пәнін анықтау мәселелеріне ешбір үңілмей, инстинктерді ойлап табумен айналысып, жақында ғана зерттеудің эмпирикалық әдістерін жасақтады. Физикалық антропология оз ізденістерінде істің таза деректік қырын, яғни, қанша болса да кең және айқын жалпылауларды бермей, бас сүйегін, дене салмағының орталығын және т.б. зерттеумен ғана шектелді. Мәдениет қозғалысын зерттеушілер, көбінесе теориялық жағынан дайындалған тарихшылар ғана адам мәдениетіне қатысты кең жалпылауларды жасауға батылы барды. Солай болғанымен, зерттеулердің әртүрлі салаларынан алынған бүкіл білімдерді бір тұтастыққа біріктіруге әрекет жасаған ғылым болмады. Бүгінде ғылымның ешбір саласы адамзат мәдениетін тұтастай зерттеумен айналыспайды. Ал бізге дәл сондай ғылым қажет. Ғылыми білімді көрсететін идеалды форма, айтылып өткендей, оны математикалық түрде, яғни, теңдеу мен мәтін түрлерінде көрсету болып табылады. Бірақ та өзі де өлі қалыптаспаған ғылыми салада ешқандай математикалық білім болуы мүмкін емес. Сондықтан, адамзат мәдениетін зерттеу өрісін ұйымдастыру, яғни, зерттеулердің әртүрлі бағыттарын біріктіру, олардың алдына біртүтас мақсат қойып, зерттеудің жалпы пәнін қалыптастырып, оны ғылымға айналдырудағы алғашқы қадам болу керек. Бұл кітапта біз адам мәдениетін жалпы түрде бейнелеуге әрекет жасадық. Біз өз көзқарасымызды адамзат мәдениетінің түрлі қырларын зерттейтін әр түрлі пәндердің өзара қалайша байланысқанына бағыттап, қалыптастыруға тырыстық. Бірақ та бұл мәселені барысында біз мәдени құндылықтарды өлшеу мүмкіндігі жөнінде де бірқатар пікірлер айттық. Бұл адамзат мәдениетін зерттеулерді толық құнды ғылымға айналдыру үшін өте маңызды. Әрі қарай осы пікірлерге назар аударайық.

Читайте также:  Нәсілдердің психологиялық белгілері

Оставить комментарий