iRef.kz

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ ӘЙЕЛ КОНЦЕПТІСІ

Қай халық болмасын анадан тарайтыны сөзсіз. Ананың бастауы – жас қыз-бауыр, бойжеткен-тәте, келін-жеңеше, қайын ене-әже, тағы сол сияқты бірін-бірі толықтыратын түсініктермен байланысты. Осыған орай, «әйел» концептісінің құрылымы мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымында қыз (жас қыз-бойжеткен), ана , келін, қайын ене лексемалары аркылы жан-жақты сипатталады. Ана дүниеге ұрпақ әкелуші, оны тәрбиелеп, ер жеткізіп өсіреді, ел қатарына қосады. «Алып анадан туады» дегендей, небір батырлар, шешендер, билер, ел басқарған хандар ана құшағынан қанат қағып ұшады. Аналар – Жаратушының ұлы махаббатынан ең көп үлес алған тіршілік иелері. «Жәннат — аналардың аяғының астында!» деген Пайғамбарымыз (с.а.с.) аналардың касиетті тұлғалығына куәлік еткен. Жаһанданудың айғақты бір көрінісі — «мәдениетаралық коммуникацияда» «әйел» концептісі жағымды және мәнді, әлемді билеуші, ерлермен тең құқылы қоғамның белсенді бір мүшесі ретінде қалыптасты. Мәдениетаралық коммуникация – әр түрлі адамзат өркениеттері өкілдерінің өзара қарым-қатынасуы. Мәдениетаралық коммуникацияны пән ретінде қарастырғанда, оған мәдениеттану, психология, лингвистика, этнология, әлеуметтану сияқты көмекші пәндер дәнекер бола алады. Бұл терминді алғаш рет 1950 жылдары американдық мәдениеттанушы — антрополог Эдвард Т. Холл енгізді. Әуел баста мәдениетаралық коммуникация термині авторы тарапынан АҚШ Мемлекеттік департаменті үшін арнайы 262 дайындалған американдық дипломаттар мен жеке кәсіпкерлердің шетелде бейімделуі бағдарламасы төңірегінде ғана қарастырылды. Ал енді тақырыбымыздың мағынауи тірегі болған «концепт» сөзіне анықтама беріп кетсек, концепт ( лат. «сonceptus» — «мағына, түсінік» ) – креативті мағынаға ие жаңашыл идея. Ал философия мен лингвистика салаларында бұл – түсіндірме мазмұны, атаудың (белгінің) мағыналық маңызы[1,31б.] Орта ғасырларда ғана емес, басқа да барлық тарихи кезеңдерде әйел адам философия сырларына ешбір қатынаусыз болып қала берді. Енді бір ақиқатты есімізге түсірсек, әйелдерге білім беру тек жүз жылдай уақытты ғана қамтиды. Ал ер адамдардың білім алуы, өз кезегінде, көлемді тарихты қамтиды. Шын мәнісінде әйел адамның қоғамдағы рөлі әр кезде ондай төмен болмады; бұған мысал ретінде матриархалдық дәуірдегі аналардың доминанттылығын көрсететін біріншіден бала тууы, екіншіден ерлермен тең дәрежеде аң-балық аулауы, үй баспанасын жасауы арқасында отбасындағы жоғары бағаланатын рөлге ие болуы. Көп жағдайларда әйел адам кеңестер құрамына мүше болуы (мысалы мысыр ханшайымдары), ежелгі өркениеттегі пұттардың әйел бейнесінде келуі, ал космогониялық аңыздарда әлем Әйел- Анадан жаралды деген пайымдау – осының барлығы әйел асқақтылығының ашық айғағы. Алайда уақыт өте келе, әйелдерге деген көзқарас өзгеріске ұшырады, бұны әйелдің нәзіктелуіне және ер адамның отбасындағы позициясының тұрақталуына байланыстыруымыз орынды сияқты. Бұл кезеңде ер адамдар әйелді тек ұрпақ жалғастырушы және үй шаруасындағы қызметші ретінде ғана көре бастады. Орта ғасырдағы әйел бейнесі де осындай сипатқа ие еді. Себебіне үңілетін болсақ, христиандар әйелді «жаны жоқ» деп санайды. Мәселен, Библияда Құдай тек ер адамға ғана жан бітірді деп жазылған. Осыдан келіп, әйел адамға шайтаннан берілген сиқырлы күшке ие мыстан ретінде қарай бастады. Тіптен, кез келген инквизициялық жазалау үстінде ер адам өз күнәсін мойындаса, ол кешіріліп, бұл азаптан құтылатын. Ал әйел адамның жазадан құтылуына мүмкіндігі болмады. Ол біраз нәзіктік танытса немесе ер адамды өзіне қаратса, бұл сиқырлы күш деп ұғылды. Сол себепті радикалды христиан өкілдері бұл кезде әйел адаммен барлық қатынастарын үзуге дейін барды, ал ұрпақ жалғастыруды христиандарға еш қатыссыз нәрсе деп пайымдап, аскетизмге бет бұрды. Уақыт өте келе христиан діні әйелді ақтау және орнын толтыру мақсатында «Дева Мария культін» ойлап шығарды. Алайда бұл да әйелдің қоғамдағы рөлін айтарлықтай өзгерте алмады. Қайта өрлеу және ағарту кезеңдерінде сана, білім, ақыл адамды жақсылыққа жетелейтін негізгі механизмдер ретінде танылды. Бірақ бұл жерде де адам сөзі тек ер адамды ғана көздеді. Алайда көптеген ағартушылардың пайымдауынша, әйелді де рухани дамыту қажет деп есептелінді. Бірақ бұл жердегі даму қайнар білімге ие болу мағынасында емес. Күйеуінің зиялылығын бағалай алу, үй шаруасына дұрыстап қарау, балаларына жақсы тәрбие беру – орташа статистикалық әйелдің білім алгоритмі. Бұл кезде бір емес, бірнеше ұрпақ Жан-Жак Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» еңбегін оқып тәрбиеленді десек қателеспейміз. Ондағы негізгі ой Эмильдің жары Софидің күйеуіне қарағанда сана мен ақылының дамуы тұрғысынан одан бір саты төмен болуында. Әрбір халықтағы қыз баланы жат жұрттық болып жаратылуына байланысты оның әлеуметтік ортада өзін дұрыс ұстауы, жүріс-тұрыс әдебі, абыройы мен намысын сақтауы басты мәселе ретінде дүниенің паремиологиялық бейнесіндегі қызга тән дұрыс қасиеттер қатарын құрайды. Қазақ халқындағы «қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» деген бір ғана мақалдың өзі, бір ұлттың қыз балаға деген көзқарасынан хабар береді. Бірақ, бұл тыйым қазақ қызының тәртіпсіздігін білдірмейді, тек ғана оған дұрыс, мағыналы тәрбие беруді көксейді. «Қызды құтты орнына қондыру» деген тіркес те, халқымыздың қыздарының қоғамдағы, отбасындағы рөлін айқындайды. Соған орай, «қыз мұраты кету…..» деген мақалдың да мағынасы қыз бойжеткенде өз орнын тауып, жанұя тірегі болуға бағытталған. 263 Осы ретте ділі мен тілі бізден алшақ жатқан ағылшын халқында да қызды бой жетіп, сән түзеген кезінде үйде ұстау дұрыс деген ұғым бар. Қызға байланысты бұл паремиялар қазақ-ағылшын дүниетанымында сәйкестікті көрсетіп тұр: Daughters and dead fish are no keeping wares ( Қыз балалар мен ӛлі балық сақтау үшін емес); Marry your daughter and eat fresh fish betimes ( Қызды күйеуге бер де, жаңа ауланган балықты уақытымен жеп отыр). Ағылшындар қыздың жүріс-тұрысына, адамгершілігіне, адалдығына, пәктігіне ерекше мән берген (a girl of honour). ‘Miss Right’ (болашақ жар (Дұрыс қыз) прототипінің бейнесі ағылшын тілдік дүниесінің бейнесіндегі паремиологияда идеал қыз ары мен абыройы таза болуы керек деген көзқарасты айқындайды. Араб әлемінде исламға дейінгі, яғни «джахилия» (надандық) кезеңінде жаңадан туған кішкентай қыздың өмірінің соңына дейін кез келген мәселеге араласу мүмкіндігінсіз күн кешуіне тура келген. Бұл кезеңде де әйел адамның ер адамдардың барлық мағынада қажеттіліктерін өтеуден басқа ешбір қоғамдық рөлі болған жоқ. Күйеуге тиген қыздың үйіне қайтып оралуына қатаң тыйым салынды, себебі ол дәстүр бойынша толығымен күйеуінің үйіндегі «күңіне» айналатын. Надандықтың шарықтау шегі жаңа туған қыз баланы тірідей жерге көмулері болып табылады. Бұл туралы Қасиетті Құран Кәрімде былай айтылады: . «Олардың біреуіне қыз бала туғаны туралы хабар жеткен кезде, естіген мұңды бұл хабардан оның беті қараяды, ал жүрегі қайғыға толады, бірақ ол бұны ешкімге көрсетпейді. Қыз баласы туғанын естіген ол мұң-қайғысын көрсетпес үшін жұртынан жасырынады. Жападан жалғыз қалғанда ойланады: «Оны тірі қалдырып, ұятқа қалайын ба, әлде тірідей көмейін бе?»[2] Жалпылап алғанда, исламға дейінгі уақытта Араб түбегі және Азияда надандықтың нағыз көрінісі ретінде әйелді адам деп көрмеу, оны кез келген құқығынан айыру, барлық бақытсыздықтың қайнар көзі ретінде көргендігінен әйелдерге табиғаттан берілген нәзіктіктің, әсемдіктің құнсызданғанын көреміз. Жапония мен Корея елдерінде әйел адам тіптен үй жануарына теңелді. Ол әкесінің, одан күйеуінің, ал ол қайтыс болса, баласының жеке меншігі деп танылды. Бұл кезде надандық пен зұлымдыққа толы әлем жаңа бір қасиетті күшке мұқтаж болды. Адамзат баласы көк тиынға да тұрмайтын пұтқа табынды, алайда олардың аз бөлігі Ұлы күш – Алланы іздеумен болды. Осылайша Мұхаммед Пайғамбардың ( ) қырық жасында Жәбрейіл періште арқылы уахи түсіріле бастады. Осы кезде исламның алдымен дін, одан соң өмір сүру қағидаты ретінде негізі қаланды. Көптеген ғұламалар мейлі олар Батыстан, мейлі Шығыстан болсын, мысалы Уильям Монтгомери, Аннемари Шиммель және Гарвардтағы құқық пәнінен дәріс оқитын Фильдман сияқты ғұламалар тарихи контекстіде Пайғамбарымыздың тұсында әйелдердің рөлі жоғарылағандығы туралы жазады. Шынымен, Пайғамбарымыздың тұсында неке белгілі бір ислам канондарына негізделген келісімшарт сипатын алды. Алайда бұл келісімшарт әйел адамның тікелей келісімімен ғана жүзеге асырылып отырды. Жасырын мағынасында бұл дегеніміз әйелдің қоғамдағы рөлі артып, шариғат заңдарын құрметтеген ер адам онымен санасуға мәжбүр болды десек қателеспейміз. Исламдағы тұрмыс құрған әйел адам өз күйеуінің толық асырауында және бақылауында болады. ХІІ ғасырда өмір сүрген Ибн Рушдтың пайымдауынша, жанұядағы барлық қаражат мәселелері ер адамға жүктелгенімен, әйел адамның да жұмыс істеуге құқығы болды, тек оның таңдаған жұмысы исламдағы дәстүрге негізделген үлкен отбасына (әсіресе балаларына) қарауына ешбір қиындық туғызбаса болғаны. Бүгінгі таңда 264 мұсылман әйелдерінің көбісі осы принципті ұстанатынын байқауымызға болады.[3, 209- 223б.] Батыс ғалымдарының ішінде исламды зерттей отырып, тырнақ астынан кір іздеу әрекеттері кеңінен таралған; олар исламды зорлық-зомбылыққа толы деп көрсетеді. Себебі, қазіргі таңда жаһандану белгілі бір шығыс сарынын алды, оған дәлел ретінде көптеген басқа ұлт өкілдерінің исламды қабылдауы, Батыс ғалымдарының жаңадан ашып жатқан жаңалықтарының 14 ғасыр бойы ешбір өзгеріске түспеген Құран Кәрімнен табылуы — әрине бұның барлығына олар ызалы. Бұған мысал ретінде эмбриология ғылымы бойынша Нобель сыйлығының иегері канадалық Кейт Мордың «егер мен Құранды 20 жыл бұрын оқыған болсам, онда Нобель сыйлығын да 20 жыл бұрын алар едім…» деген сөзін келтіруге болады. Оның ашқан жаңалығы әйел жатырының үш қабаттан тұратындығы, ал VІІ ғ.Хиджаз даласында ешбір микроскоп және ультрадыбыс көмегінсіз Құранда ұрық тұйықталған үш қабатты орында дамитындығы жайында айтылады. Исламға радикалды қарайтын ғалымдар оны қатаң, теріс, жағымсыз деп көрсетуге ұмтылуда. Ол үшін әрбір діннің болсын, ұлттың болсын ең әлсіз жағы болып табылатын әйелдер мәселесімен тіресуіне бағытталады. Яғни мұсылмандар әйелдеріне жоғарыдан төменге қарай қарайды, күш қолданады, оларды адам деп көрмейді деген пайымдауларды таратады. Барлық ислами террористік актілерінің ұйымдастырушылары етіп көрсетеді, алайда ислам сөзінің этимологиясы бізге түсінікті ме? Ислам сөзі түбірінде қауіпсіздік, бейбітшілік, денсаулық, инабаттылық, тазалық, адамгершілік және т.с.с.мағыналарды біріктіреді. Сонда тіркесінде бұл бейбітшілік жолындағы терроризм деген сөз бе?[4] Мұсылмандар әйелдерінің құқықтарын төмендетеді деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Оған дәлел ретінде Исламның ең негізгі қағидаттарының бірі ретінде саналатын осы аятты келтіруге болады: Мағынасы: «Уа адамзат, сендерді бір жаннан жаратқан Алладан қорқуларын керек…»[5] Яғни, ер адам мен әйел адамның құқықтары тең, олардың ешқайсысының біреуінің алдында не артықшылығы, не кемшілігі жоқ. Ал «әл-Имран» сүресінің 195- аятында: «Қастандық жасаған сендердің біреуінді де мен кешірмеймін, мейлі ер адам, мейлі әйел болсын, себебі сендер бір-бірлерінен тарайсындар…» Енді бір назар аударлықтай мәселе бұл «араб әйелінің» тілдегі аспектісі. Себебі, тіл – әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Бай тілдер қатарына араб тілі жататындығының айғағы ашық. Бүгінгі таңда араб тілі дүние жүзіне ( (дад) – араб әліпбиінің төл әріпі) және Қасиетті Құран Кәрім тілі деп белгілі, сонымен қатар араб тілі мен оның әр түрлі нұсқаларында дүние жүзінде 240 млн адамдай қатынасады. Араб тілі – шексіз бай тіл, осыған дәлел ретінде араб тіліндегі сөзін келтіруге болады. Мағынасы – теңіз, мұхит; синонимдері – , . Сонымен қатар сөзі де сөздік мағынасын беріп, шығу тарихы (араб еместер) сөзімен байланысты. Ерте кездегі алғашқы араб сөздіктері, негізінен, белгілі бір салаға байланысты жазылды. Мысалы: Енді бір ерекше сөздік бұл – (786 ж.). Осылай аталу себебі араб тілі мамандарының пайымдауынша « » (айн) әріпі айтылуы (шығуы) бойынша ең терең орналасқан әріп болып келеді. Бұл сөздік авторы әл Халил бин Ахмад әл Фарахиди кішкентай қызының арабша оқуын жеңілдету мақсатымен араб тіліне нүктелер мен харакаттарды бірінші болып енгізген. (1311 ж.) авторы Ибн Манзур, (1368 ж.) (1415 ж.) (1946 ж.) 265 (1790 ж.) (1930 ж.) Араб тілінде «әйел» сөзінің түсінігін беретін, лексика-семантикалық негізгі топтар: жасына қарай: — кішкентай қыз бала — қыз бала- бойжеткен — әйел — кәрілікке басқан әйел; қандас және заңды туыстығына қарай: — қыз , — ана — әже -жеңге — қайын апа , – абысын, – жолдасы (жары); отбасылық жағдайына байланысты: — жесір әйел, – сырғасы салынған бойжеткен, – жары (невеста), – ажырасқан әйел; тұлғааралық қарым-қатынасқа байланысты: – любовница, – сүйіктім, – қымбаттым; – дос; қоғамдағы рӛліне байланысты: — ханшайым, – принцесса, – үй қызметшісі (служанка), діні мен этникалық табиғатына қарай: -мысырлық, — саудтық, – мұсылман, – копт , – христиан; мамандық, қызметі мен дәрежесіне байланысты: — оқытушы, – дәрігер, — елші, -президент, шығу тегіне байланысты: – асыл тұқымды; – күң (рабыня, наложница); түр-сипаты, мінезіне байланысты: – жеңілтек, – сұлу, кербез, ажар, – қатын; – ұсқынсыз, ұнамсыз, – екіжүзді; тұрғылықты жеріне байланысты: – қала тұрғыны, – провинция тұрғыны, — ауыл тұрғыны; Шығыс халықтарының ішінен өздерінің қоғамдағы рөлі бойынша қазақ қыздарының орны ерекше. Қоғамдық иерархияда алатын орны өзгеше, себебі қазақ халқы сонау заманнан бері өздерінің қыздарын бір жағынан еркелетіп, екінші жағынан қатаңдау ұстаған. Осыдан келіп, қазақ қыздары өздеріне тән осындай биязылық, инабаттылық, аузында Құдайы баршылық сияқты жағымды қасиеттерімен көздің жауын алады. Жастайынан еркін тәрбиеленген қыпшақ қыздары саналы түрде жанұя құруға бейімделген және болашақта жақсы ана болуға дайын. Қазақ қызының қанына бұл әбден сінген. Қыздарға жастайынан аналық пен отбасы ошағын сақтаушы ретінде мәлім Ұмай Ана бейнесі туралы айту өзіндік бір дәстүрге айналған. Ұмай Ана он екі қыз тәрбиелеген. Балиғат жасына жеткенде оларды ұзатқан. Қыздары өте ақылды және өз жарына үйдегі қамқоршысы да, сүйіктісі де, досы да, сырласы да бола алған. Ұмай Ана дүниеден өтерін сезгенде он екі қызын да дүние жүзінің түкпір-түкпірінде биік шыңға айналдырған. Сол күннен бастап, олар адамзатқа көмектесуші жолсерік болып зор үлесін тигізуде деген сенім бар. Сонымен қатар, түркі дүниесінде қыздардың Томириске еліктеуі кеңінен таралған. Томирис – сақтардың әйгілі қолбасшысы. Оның батырлығы сонша, ол туралы Геродот «Тарих» кітабының І томында жазып кеткен. Адамзат тарихының қандай кезеңі болса да әйел адамның орны ерекше болып қалады, себебі бүкіл дүниеге өмір беруші – Ана, яғни Әйел. Әсем де нәзік жанды әйелдің рөлі — Әйел деген жоғары атқа ие болу…

Пікір қалдыру