МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУДАҒЫ ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ ОРНЫ

Опубликовано Август 15, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Әлемдік өркениет – ғасырлар бойы жинақталған тарихи асыл қазына, жылдар өткенмен, өзектілігін жоғалтпайтын құндылық. Қазіргі жаһанданған өркениет аясында әрбір мәдениеттің бірегейлігі өз алдына құнды дүние. Бұл үрдісте мәдениетаралық үнқатысу маңызды. Мәдениетаралық келісімге жол салатын тұлғалар мұрасы аса маңызды, солардың ішінде Әбу Насыр әл-Фараби орны ерекше. Әл-Фараби – араб-мұсылман философиясының негізін қалаған ғұлама ғалым. Арабтарды антикалық философия идеяларымен бірінші рет таныстырған әл-Кинди болды десек те, Шығыста философия дамуының биік деңгейі әл-Фараби (870-950) есімімен тікелей байланысты. Әл-Фараби өмірі жайында мағлұматтар аз, олар аңыз не тарихшылардың (әл-Қифти, Ибн Әби Усейбиа) үзік-үзік құжаттары негізінде беріледі. Бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда, ол түркі тайпасының әскер қолбасшысы әулетінен шыққан. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл- Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құяр сағасында орналасқан қазақтың ежелгі қаласы Отырарда дүниеге келген. Отырар сол заманда сауда жолдарының торабында орналасқан ірі мәдени орталықтардың бірі болды. Арабтар көне қала атауын Фарабқа айналдырып, ғұлама ойшылдың әл-Фараби, не Фарабтан шыққан атануының төркіні осыдан. Әл-Фараби жастайынан білімге, ғылымға бейім болып өседі. Ол алғашқы дәрістерін кіндік қаны тамған түркі топырағында алады. Есейген шағында білім тұңғиығына жетуді арман еткен жас ойшыл ғылым мен мәдениеттің гүлденген орталығы Бағдадқа аттанады. Бағдад (парсы – «патшаның бағы») сол заманғы әртүрлі мәдениеттер тоғысқан Араб Халифатының ордасы болды. Бағдад жан-жақтан жиналған дана ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың мекені еді. Бағдад қаласының рухани қорлануы Ежелгі Грекияның мол мұрасының араб тіліне аударылуымен қатар жүрді. Осы орайда арабтардың неғұрлым алға кеткенін И.М. Фильштинский: «Егер еуропалық ортағасырлық ғалымдар антикалық түрлі-түрлі шығармаларды аударумен айналысса, олардың араб әріптестері грек, үнді шығармаларының пайдалы жақтарын ескеріп, аударып отырды», – деп әділ бағамдайды [1]. Грек тілінен араб тіліне аудармалар араб және МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУДАҒЫ ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ ОРНЫ 32 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Мәдениетаралық үнқатысудағы әл-Фараби мұрасының орны сирия аудармашыларының мектебін басқарған көрнекті аудармашы Хунайн ибн Исхақ (810- 873) есімімен тығыз байланысты. Ибн әл-Қифти, Ибн Әбу Усейбиа деректерінде ол грек, парсы, сирия тілдерінің білгірі ретінде танылды. Аристотель еңбектерін арабтарға таныстырған аудармашылар ішінде Әбу Бишр бен Юнус әл-Фараби ұстаздарының бірі болды. Әл-Фараби ғылыми ортаға келіп түсе салысымен ең алғашқыда тілдерді және ғылымдарды меңгеруге күш салады. Бұған талпыныс орта ғасырдағы «әдибтер» ерекшелігінен туындаса керек. «Әдиб» ұғымы араб-мұсылман мәдениетінде жан-жақты білімді, кез келген мәселе бойынша мәліметі мол адамға қатысты айтылады [2]. Шығыста «әдиб» латындық «humanіtas» секілді әдептілік, қоғамдық және интеллектуалдық қызмет атқарды. «Әдиб» қала өмірінің қыр- сырларын шеберлікпен меңгеріп, жоғары тәрбиелілік пен тәлімгерлік үлгісін көрсетуі қажет болды. Бастапқыда «әдиб» тек қоғамдық ғылымдар саласында «маманданса», кейініректе басқа өркениет өкілдерімен араласу «әдиб» бойына жаратылыстану ғылымдарының негіздерін білу міндетін жүктеді. Әл-Фараби аз уақыт ішінде жоғары жетістіктерге кенеліп, араб-мұсылман философтарының ішінен алдыңғы шепке көтеріледі. Ғұмырының соңында әл-Фараби жетпіске жуық тіл білген деген көптеген мәліметтер келтірілсе, ғалымның энциклопедиялық білімі басқа ойшылдардан мерейін неғұрлым үстем етеді. Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамда өткізеді. Онда ғалым әмір Сейф әд-Дәула қарамағында ғылыммен айналысып, шәкірттер тәрбилейді. Әл-Фарабидің әмір сарайында өткізген күндері жайында көптеген аңыздар бар. Солардың бірі әл-Фараби Сейф әд-Дәуламен сұхбаттасып отырғанда, кенеттен әмірдің түсініксіз тілге көшіп, әл-Фарабиге сұрақ қатқанда, ойшылдың бөгелместен жауап бергені жайында. Аңызға сай, ол тіл көне қыпшақ тілі болған дейді. Сондай-ақ әл-Фарабидің әмір алдында музыканттармен теңдей дәрежеде айтысқа түсуі жайлы аңыз [3, 164-165 бб.]. Біздің мұнда айтайын дегеніміз аңыздардың тарихи факт не шындыққа қаншалықты жанасатынын дәлелдеу емес. Ең маңыздысы ол аңыздардың бар болуында және аңыздың қайсыбіреуі болмасын ойшылдың ғұламалығын дәріптейтінінде болып отыр. Әл-Фараби Шығыста «Екінші Ұстаз» атанды. Бұл лақап аттың берілуінің өзіндік мәні бар. «Бірінші Ұстаз» Аристотельден кейін әл-Фарабиді атау, біріншіден, арабтардың грек ойшылының мұрасымен толық танысып, оны жоғары бағалай білуінде десек (ал бұл дегеніңіз арабтардың грек философиясына тәнті екенін дәлелдейді), екіншіден, әл-Фарабидің «Екінші Ұстаз» атануы бүкіл шығыстық музыкалық дәстүрді тәмәмдайтын музыкалық теорияны құрастыруымен байланысты [4, 107 б.]. Ол «Ғылымдар тізбесінде» орта ғасырда мәлім ғылымдарды қандай дәрежеде бір жүйеге келтірсе, музыка теориясын қалыптастыруда сондай деңгейде шығыстың бай мелодикасын қорытындылады. Әл-Фараби ұшқыр ойы, тамаша білімі – сарай маңында өмір сүруіне керекті барлық қасиеттеріне қарамастан, қарапайым күн кешкенді жөн көрді. Ол күндік төрт дирхемді қанағат етіп, өзінің бағында сарқылмас сары қазынасын молайтады. Әл-Фараби 80 жасында дүниеден қайтт. Ойшылдың мәйіті Дамаскідегі «Бәб әс- Сағир» қабірінде жерленеді. Әл-Фараби еңбектерін терең қарастырсақ, оның ілімінде зиялы білімге талпыныс, өткеннің мұрасы, яғни үнді, грек философиялық дүниесін кеңінен меңгеру мақсаты байқалады. Осы орайда ежелгі өркениет философиясын оқу кейінге шегініс арқылы емес, өткенді жаңғырту, жаңарту ісімен жүзеге асырылады. Ислам діні аясында дамып, жаратылыстану ғылымдарының өрлеуі арқасында табиғат құбылыстарын зерттеу кеңінен қамтылған. Ақыл-ой шынайы ақиқаттың жалғыз өлшемі ретінде қалыптасып, адам танымы алғы шепке қойылады. Негізінен Салих Махди ‘Аммаш «араб-мұсылман өркениетінің туындысының жемісі» деп атаған әл-Фараби философиясы Платон мен Аристотель ілімдерінен негіз алады. Антика мұрасына комментарийлер жасау ғалымның төлтума идеяларын жоққа шығармайды [5]. Парафраза әдісімен құрылған комментарийлер (мәністеулер) әл-Фарабидің көзқарастарын антика философиясымен ішінара бітістіреді. Дегенмен оның философиясы антика дүниетанымынан ерекше. Ежелгі Грекияның алдыңғы қатарлы ойлары ортағасырлық мұсылман философиясымен үстемеленген. Әл-Фараби материалды заттар дүниесін зерттеуде Аристотельге жүгінсе, әлеуметтік- этикалық ізденістерінде Платон ілімін арқау етеді. Платон шынайы ақиқат ретінде ой, идеяларды тұжырымдап, солардың негізінде бекіген білімге басым рөл артады. Бірақ бұл білімнің жеке тұлғамен байланысы жоқ. Платон білім деп объективті шындық туралы білімді пайымдайды. Ол сезіммен қабылданатын әлемді идеялардың шағылысы сипатында береді. Платонның ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 33 Құрманалиева А.Д. және т.б. таным теориясын дәйектеуі өзіндік ерекшелікке толы. Оның іліміне сәйкес, таным ақылдың «іс- әрекеті» арқылы емес, «еске түсіру» принципімен жүреді. Платонның идеялар диалектикасы әсіреленген. Таным процесінің шындыққа сай келмейтін жолымен бағытталған. «Еске түсіру» тұжырымының әлсіздігі Аристотель философиясының негізінде көрінеді. Аристотель ілімінде таным қоршаған ортаны игеру іс-әрекеті үстінде жүзеге асады. Ақыл адамнан тыс кездеспейді. Шынайы ақиқат жеке заттар болмысында. Адамның таным процесі материалды заттар әлемін сезім мүшелерімен қабылдаудан басталады. Кез келген зат форма мен материядан құрылған. Таным процесі кезінде адам заттың материясын емес, формасын қабылдайды, себебі адам жанында танылған заттың өзі емес, оның формасы қалады. Осылайша Аристотель Платонның сезіммен танылатын заттың идеяларға қатыстылығы мәселесін форма мен материя сыбайластығымен пайымдайды. Материя заттың мүмкін халдегі күйін сипаттаса, форма – заттың шынайылыққа ауысуы. Әл-Фараби философиясын платонизм, аристотелизм, неоплатонизм, исламизм белгілерінің синтезі деп сипаттасақ, оның аталған «измдерден» айырмашылығы, ол ілімдермен келіспеген көзқарастары, енгізген толықтырулары әл-Фараби дүниетанымының негізін құрайды. «Екінші Ұстаздың» Платон мен Аристотельге қатынасы жайында мәселесі күрделі. А.Х. Қасымжанов атап өткендей, «әл-Фарабидің нағыз философиясы әлі реконструкцияға түсуі қажет» [6, 34  б.]. Әл-Фараби екі философ ілімдерінің бірегейлігін дәйектеді. «Екі философтың – қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтастығы туралы» трактаты осы мақсатты көздейді. Платон мен Аристотель арасындағы болмыс мәні туралы келіспеушіліктер кездеседі деген күдіктерді ысыру үшін, әл-Фараби екі үлкен философ көзқарастарының ортақтастығын дәлелдейді. Әл-Фараби Платон мен Аристотель дүниетанымдарының ортақ жерлерін бірнеше сауалдар негізінде қарастырады. Дегенмен, екі философ арасындағы қарама-қайшылықтарды мүлдем жоққа шығаруға келмейді. Платон мен Арстотельдің бір-бірінен ерекшелігі ұстанатын өмір сүру бейнесі, зерттеу әдістері, таным теориясы төңірегінде туындаса, дүниенің пайда болуы жан мен интеллект мәселелері бойынша біртұтас бағыт байқалады. Әл-Фараби көзқарасының өзіндік тегі Платон мен Аристотель дүниетанымын біріктіруге талпынысымен анықтала түседі. Екі философтың діттеген идеалдары ортақ: данышпан адамның тәлімгерлік бейнесі – идеал. Елді басқарудың ақылгөй философқа берілуі – осының тікелей дәлелі. Әл-Фараби Платон мен Аристотель арасындағы қарама-қайшылықтарды «байқамауға» бейім [7, 63 б.]. Әл-Фараби дүниетанымының грекиялық, анығырақ айтқанда, платондық және аристотельдік түп-тамырлары осындай бағытта дамыды. Шығыс «Аристотелінің» неоплатондық белгілері Плотин ілімінен бастама бағдар алған. Плотин құдай идеясын философияның орталық нүктесі ретінде қалыптастырады. Неоплатонизмде кеңінен тараған ең төменгі сатыдан жоғарыға және жоғарыдан ең төменгі негіздерге жүретін екі әдіспен заттар мәніне жету әл-Фараби философиясына да тән. Әл-Фараби дүниетанымының аталған алғы шарттарына қоса, исламдық түп-тамырларының орны ерекше. Ислам Араб Халифаты секілді үлкен өркениет аймағында өзінің қанатын кеңінен жайып, ғылымның барлық салалары мен бағыттарына үлкен әсерін тигізді. Әл-Фараби ортағасырлық ислам өркениетінің өкілі болғандықтан, заман лебінің әсерінсіз қалып қоюы мүмкін емес. Бұған дейін әл-Фарабидің ислами көзқарастары шеттетіліп, оның материалистігін «байқап қалуға» тырыссақ, қазіргі кезде мұндай қажеттік жоқ. Әл-Фараби дүниетанымы ортағасырлық мұсылман қоғамы контексінде зерттелінеді. Философияның қарқынды дамуы, әл-Фараби бойынша, өзі қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтар арнасында жүзеге асады. Ғалымның аталмыш идеясы «Бақытқа жету жайында» трактатында кеңінен қамтылған. Философ тұлғасына «имам», «әкім» қызметтерінің үстемеленуі осының дәлелі. Әрине, әл-Фарабидің «имам» мен «философ», «әкім» мен «заңгер» бейнесін Мұхаммед пайғамбар тұлғасынан тапқаны күмәнсіз. Ойшылдың Мұхаммед пайғамбар атын тікелей атап көрсетпеген себебі сол заманда бұл шүбә келтірілмейтін айғақ мәселелердің бірінен болды. Әл-Фараби исламның қалыптасуы, дамуы, Құран сүрелері жайында тек хабардар болып қана қойған жоқ, ислами негіздер ойшылдың сусындаған бұлағына айналды, А.А. Қасымжанова атап өткендей, «онсыз әл-Фараби философиясы тиянақты тәмәмдалмас еді» [8]. Ойшыл дүниетанымына ислам қағидаларының бірі Аллаға иман және періштелерге иман деген тұстары неғұрлым жақын. Аллаға иман келтіру «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатындағы Әуелгі Себеп жөнінде ілімінде өрістесе, 34 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Мәдениетаралық үнқатысудағы әл-Фараби мұрасының орны періштелер мәселесіне аталған трактаттың «Періштенің аян болуы мен елестеуі туралы» бөлімі арналған. Исламда бекітілген басқа да негіздерге тоқталсақ, «ахирет» күніне иман келтіру әл- Фараби философиясында ерекше сипатталған. Әл-Фараби жанның тәннен бұрын өмір сүре алмайтынын, жан тәнмен бірге жойылатынын басып айтса да, ол қайырымды адамдар жанының мәңгілік екенін тұжырымдайды. Әл-Фараби дүниетанымы ислам қағидаларымен іштей байланыста. Ойшыл философиясында Құран сүрелерінен не хадистерден тікелей үзінділер келтірілмейді, тек әр трактат басында Аллаға, Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбарға арнау сөзінің айтылғаны болмаса. Бұл ғалымның исламға деген ерекше көзқарасын танытады. Әл- Фараби діни қағидаларға мойын ұсынумен қатар, исламдағы бағыттармен бітісе араласудан алшақ. Кез келген дінге қарағанда философияның біріншілігін пайымдап, ол ғылыми тұжырымдарды теологиялық тұрғыдан сипаттауды сәйкессіздік деп табады. Әл-Фараби мұрасына Араб Халифаты аясында дамыған алдыңғы қатарлы ғылымдарға тән «энциклопедизм мен рационализм сипаттары тиесілі» [6, 23 б.]. Рационалистік көзқарас ойшылдың таным теориясы ғана емес, бүкіл дүниетанымының бойынан сезіледі. Философия ғылымын барлық ғылымдардан жоғары қойған ғалымның бағдары осыны дәлелдейді. Энциклопедизм сол заманғы барлық ғалымдардың дерлік ілімдерінен табылғанмен, әл-Фараби мұрасының жан-жақтылығы терең қамтылған қомақты көлемімен ерекшеленеді. Әл-Фараби энциклопедизмі ғылымдардың жүйелі тізбесі формасында көрініс тапқан. «Ғылымдар классификациясы» – қарапайымдылықтың күрделілікке жалғасуын білдіретін сұлба. Ойшылдың ғылымдар тізбесін құрастыру тәсілі өзінен кейінгі ғылыми тұжырымдарға бастама болды, әсіресе бұл мұрашылдық Ибн Сина мен Роджэр Бэкон ілімінде байқалады. Аталмыш трактат ортағасырда ең танымал туынды ретінде танылып, білімдерді меңгеруге талпынғандарға қойылатын басты шарт ретінде қалыптасты. Әл-Фарабидің ғылымдарды жүйелеуіндегі басынан аяғына дейін зердей тізілген негізгі идеясы ақиқат пен жалғанды ажырата зерттеу  – логиканың ажырамас бөлігі. Сәйкесінше, дәлелдеуге жалған мен ақиқатты айыра білу қасиеті тән. Дәлелдеудің алғы шарттары ақиқат өмір құбылыстарымен сәйкес болуы тиіс. Логиканың әл-Фараби ілімінде әдіснамалық негіз ретінде орны ерекше. Логика ақиқатқа жетуді мұрат тұтса, силлогизмдер көмегімен дәлелдеу – оның ұстанар басты семсері. Дәлелдеу әдісі («бурхан») – ғылыми танымға жетудегі маңызды сара жол. Логикаға мұндай рөл беру әл-Фарабидің метафизикасынан ғана емес, математика, жаратылыстану ғылымдарынан да анық көрінеді. Әл-Фараби метафизиканы абстракті, неғұрлым жалпы ғылым ретінде сипаттайды. Аталмыш ой желісі Аристотельдің тек нақты ғылымдарды зерттейтін «Бірінші философиясынан» анағұрлым алшақ. Әл-Фарабидің таным процесстерін зерттеудегі ерекшелігі – ұстанатын жолы, оның жеке немесе нақтылық арақатынасын үйлестіруге талпынысы. Қоршаған ортаны тану нақты заттардан басталғанмен, таным жалпының араласуының мәнін жоғалтпайды. Әл-Фарабидің жалпы мен нақты бірлігіне құралған дүниетанымы форма мен материя іліктестігін құрайды. Материяға жанама орын беріп, форманың белсенділігін жақтаған Аристотельге қарағанда, әл-Фараби материяның формадан салмағының басым екенін тұжырымдайды. Материя («мәдда») – мәңгі, ол өзгермейді. Форма («сура») – өзгермелі. Ол өзіне субстратты – материяны қажет етеді. Материя мұндай қажеттікке ділгір емес. Ақиқатқа жетудегі әдістердің ішінен әл-Фараби аподейктикалық әдісті басты орынға қояды. Егер софистикалық силлогизм ақиқатқа жақын жанама алғы шарттардан құралса, диалектикалық силлогизмнің негізі – нақты шынайы бастамалар. Әл-Фараби силлогизмдері – адамның қоршаған ортаға пайымдау, түсініктер арқылы қатыстылығы. Әр түсінік белгілі бір заттың түсінігі болып табылады. Санадағы пайда болған түсінік  – қоршаған ортаның белгілі бір затын меңзейтін түсінік. Ақылмен пайымдалатын зат объективті ақиқаттың заты туралы мәлімет бергенде, түсінік қалыптасады, яғни оймен пайымдалушы сол заттың өзіне тікелей байланысты. Әл-Фарабидің логикада қолданатын диалектикалық әдісі тек пікірталас, әңгімелесу құралы ғана емес. Диалектика – ғылыми таным құралы. Оның диалектикалық әдісінің қайнар көзі Аристотельдің «Логикасына», «Риторикасына» келіп тіреледі. Диалектикалық әдіс софистикалық пікірталасқа жат. Диалектиканың қолданылу аумағы шынайы білімдер сферасы. Әл-Фарабидің дүниетанымдық көзқарасын зерттеу барысында неге ол логикаға, ақиқатқа жетуде логикалық әдістерге сондай ыждағаттылықпен ден қойған деген сұрақтар туындайды. Мұның себебі – ойшыл жалпы философиялық мәселелердің жемісті шешілуі ғылыми таным­ ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 35 Құрманалиева А.Д. және т.б. ның құралдарының жетілуінде екенін дұрыс пайымдауында. Ақиқат ақиқатқа жету жолының төселуіне байланысты. Сондықтан да әл-Фараби іліміндегі ғылыми таным логикалық әдістер арқылы жинақталған біліммен үстемеленіп, қоры молая береді.

Оставить комментарий

Загрузка...