Мәдениеттегі себептілік типтері

Бұған байланысты себептіліктің әртүрлі типтері мен оларды мәдениетті зерттеуде қолдану туралы еске сақтау керек. Егер біз Аристотельдің жолымен табиғат құбылыстарының материалды, формальды, қозғалысты және мақсатты себептері арасында айырмашылық көретін болсақ, онда біз мәдениетті мінез­құлық себебі ретінде, оның қандай себеп екенін анықтап алмай тұрып, сөз қозғай алмаймыз. Мәдениет өнімдері, ол артефакт, не факт немесе әлеуметтік факт болсын мейлі, мәдени дамудың материалды, формальды және мақсатты себептері болып табылады; олар оның қозғалтатын себептері немесе қозғалтатын күштері болып табылмайды. Басқаша айтқанда, мәдени жетістіктер — жеке адам мен қоғамға, оларды материалдық құралдармен (амалдармен) қамтамасыз ете отыра, сондай­ақ ерекше мінез­құлық, сезіну және ойлауды игеруге формальды түрде (немесе стандартталған) стимулдар бере отырып әсер етеді. Тап осы деңгейде абстрактылы объекті мен идеяларды оқып ­зерттеудің антрополог үшін тәжірибелік құндылығы бар. Тап осы өлшемнен алғанда мәдени идеалдар мәдени процестердің мақсатты себептерін оқып­үйрену антрополог үшін тәжірибе жүзінде бағалы. Осылайша мәдени идеалдар мәдени процестердің мақсатты себептері болып табылады; олар адамға қол жеткізуге тырысатын және жүзеге асыруға ұмтылатын мақсаттар береді. Адамдарға жеткізілген идеалдар іс­қимылына әсер етеді, бірақ, әсер ететін, іс­қимылға ниеттенетін жеке немесе мәдени идеалдар емес, жеке адамдар мен қоғамдар. Басқаша айтқанда, мәдени процестердің қозғаушы күштері тек жеке адамдар мен қоғамдар ғана болып табылады. Линд айтпақшы: «біз мәдениет пен адамды бөлмеуі немесе қарама­қарсы қоймауымыз керек, яғни мәдениеттегі адам өзінің мәдениетін жасауға әрекеттенеді. Әлдебір түрде қоғаммен ықпалдасып, прогрессивті қозғалыста болатын және біртіндеп құлдырайтын «мәдениет» деп аталатын әлдебір мән туралы әңгіме жүргізетін әлеуметшіл ғалымдар қозғаушы себептілікті адамдардың қоғамдағы мәдени қызметінің формальды, материалды және мақсатты шарттарымен шатастыруға бейім. Мәдениетті реалистік және идеалистік қырынан талдау оның торт түрлі себептілігін біріктіруді қажет етеді. Материалдық өндірісті мәдени формалардың эволюциясын анықтайтын алғашқы фактор ретінде бөле жаратын марксшілдер ұстанымы біржақтылығымен ерекшеленеді және жағдайды қарабайырландырып жібереді. Бірінші немесе қозғаушы себеп ролін идеяларға беретін тарихи идеалистер туралы да осыны айтуға болады. Бұл екі ұстанымды, тіпті болмағанда, теория жүзінде қорғаушылар мәдени өнімдер мен паттерндердің ықпалына түсетін, соған қарамастан мәдени процестің бірінші қозғаушы күші болатын адамның өзін­өзі анықтайтын, белсенді агент ретіндегі қызметін жете бағалай алмауға бейім.

Читайте также:  Үміт.

Оставить комментарий