Мәдениеттер арасындағы қарым-қатынас

Бұл қатынастар екінші орында екендікті білдірсе де, біріншісі болып мәдениеттердің өздері саналады, солай бола тұрса да қазіргі кездегі тарихи ой кері пікірде. Оған дүниедегі оқиғалар барысының біртұтас болып көрінетін өмір ағыстары (сөздің нағыз өз мағынасында) неғұрлым азырақ таныс болса, ол өмірді солғұрлым құлшына шым­шытырық байланыстардан іздеуге тырысады, сондықтан да бүл жерде де бірдеңе түсінуге қабілеті жетіңкіремей қалады. Мәдениеттер арасында, және де бір­бірімен тығыз байланысты, бір­біріне қызығатын және бір­бірімен күресетін, сонымен қатар тірі мәдениет пен ландшафт ортасында қалдығының өзінің өлі де еңсесі биік тұрған өлі мәдениет нысандарының әлемі арасында болып жатқан өзара іздеп табу мен күшпен бөліп алудың, таңдау мен қайта қорытудың, еліктіру мен еніп кетудің, ақыр соңында байланып қалу психологиясы қандай десеңізші! Ал осылардың алдында тұрып, «ықпал», «өмір »• үрудің жалғасы» және «бұдан арғы өсері» деген сөздермен байланыстыратын тарихшының пікірі қандай тар ұяда және саяз десеңізші! Міне, нағыз XIX ғасыр! Адамның назарына тек қана себеп йен салдар тізбегі ілінеді. Ешқандай «бастапқы» деген жоқ, бәрі келіп бір нәрседен «шығады». Бұдан кеп бұрынғы мәдениеттердің үстіртін нысандық элементтері барлық жерде дейінгі жасырақ мәдениеттерде байқалатын себепті, олар мақалын жалғастырды» деген қорытынды жасалады да, осындай ықпалдардың біразын жинап алып, олар құптарлықтай және дұрыс нәрсе жасадық деп ойлайды. Бұлай қарастыру тәсілінің негізінде бір кезде готиканың ірі өкілдерінде пайда болған адамзат тарихының саналы біртұтас картинасы жатыр. Дәл сол кезде Жерде адамдар мен халықтардың бірін­бірі ауыстырып отыратыны, ал идеялардың қала беретіні туралы айтылған болатын. Бұл картинаның әсері соншалықты қуатты болды, ол тіпті бүгінгі күні де күшін жоғалтқан жоқ. Алғашында ол адамзат тұқымына қатысты құдай орындаған жоспар болатын; алайда кейінірек те бұған дәл осылайша қарай беру керек еді, себебі Ежелгі дүние — Орта ғасыр — Жаңа дәуір схемасы өзіне баурауын сақтаған еді, бірақ адамдар шын мәнінде өзгеріп ауысып отырғанды емес, тек қалып отырғанды ғана байқады. Ал біздің көзқарасымыз шындыққа жанасымдырақ және кеңірек, басқаша болып өзгерді, сөйтіп біздің біліміміз баяғыда бұл схеманың шегінен асып кетті. Әлі де сондай ойда жүргендер терең қателеседі. Жасалған нәрсе «ықпал етпейді», «ықпалды қолына алады». Тіршілік ету мен сергек болуды, өмір сүруді өзі сол арқылы көрініс беретін құралдармен шатыстырады. Теориялық пікір, тіпті жай ғана серіктестік барлық жерде қозғалыста болатын теориялық бірліктерді қарастырады. Нағыз фаустық динамизм деген осы. Ешбір басқа мәдениетте адамдар тарихты осылайша елестеткен жоқ. «Аттикалық драма» немесе «египет өнері» деген мағынаны білдіретінді дүниені біртұтас дене деген көзқарастағы грек еш уақытта түсінбеген болар еді. Қалыптасқан сөз турлерінің жүйесі бұл жерде бірыңғай атқа ие болудан басталады. Соның нәтижесінде көптеген байланыстар жиынтығы көзге түседі. Біраз уақыт өткен соң­ақ осы аталған аттың ар жағында бір мон, ал байланыстың ар жағында ықпал бар деп ойлай бастайды. Грек философиясы, буддизм, схоластика туралы ойлайтын әрбіреу олар десе, бір тірі нәрсені, өсе отырып, бір қуатты, бірыңғай күшті елестетеді және енді ол адамдарға билігін жүргізеді, олардың сергектігін, тіпті керек десе тіршілік етуін өзіне бағындырады, сөйте келе ақыр соңында оларды сол тіршілік иесінің өмірдегі бағыттарымен іс­әрекет жасауға көндіреді деп ойлайды. Бұл басынан аяғына дейін мифология болып табылады және бұл бейненің ішінде және онымен бірге мифінде көптеген тағы да мұндай «электр», «потенциалды энергия» тәрізді демондар кездесетін тек батыс мәдениетінің адамдары өмір сүретіні көзге ұрып тұрады. Ал шын мәнінде бұл жүйелер тек адам сергектігінде, және де олар әрекет жасау тәсілдері ретінде ғана мір сүреді. Дін, ғылым, өнер сергек қимылдың түрлері ғана, ал бұның негізінде тіршілік ету жатыр. Сену, ойлау, іске асыру және бұл көзге түспейтін әрекеттің көзге түсетін әрекеті болып көрінетін барлық нәрсе — құрбан шалу, дұға оқу, физикалық тәжірибе жасау, мүсін жасау, тәжірибені басқа адамдарға түсінікті тілмен қорытындылау — осының бәрі сергектік әрекеттерінен басқа ештеңе де емес. Кейбір адамдар бұл жерде тек көзге түсетінді ғана байқайды және тек сөзді ғана естиді. Және де олар өздері бір нәрселерді кешіп жатқанын сезеді, ал бірақ олардың бұнысы жаратушының өзі сезінгенге қандай қатысы бар екенін олар мүлдем көз алдына келтіре алмайды. Біз түрді көреміз, ал бірақ екінші адамның жан дүниесінде бұны не туғызғанын білмейміз. Біз бұл жөнінде тек сене аламыз және біз бұған өз жанымызды салып сенеміз. Дін өзін қандай ойлы сөздермен көрсетпесін , бұл тек сөздер ғана, тыңдаушы оны өзі қабылдаған мағынамен ғана түсінеді. Суретші қандай дыбыстармен және гүлдермен әсер жасамасын, қарайтын адам олардан тек өзін ғана көреді және тыңдайды. Егер оның бұған қабілеті жетпесе, өнер туындысы ол үшін еш мағынасы жоқ болып қала береді. Біз бұл жерде жоғары деңгейдегі тарихи адамдардың «басқаның жағдайына кіре алатын», өте сирек кездесетін ерекше қасиеті туралы айтып отырған жоқпыз. Қасиетті Бонифаций христиандыққа енгізген германдық миссионердің жанына ене алмайды. Солтүстіктің бүкіл жас әлемін қамтыған сол бір көктемгі ызғар леп жүргізілген үгіттің нәтижесінде әр адамның өзінің діншілдігі үшін кенет тілді қабылдап шыға келгенін ғана білдірді. Баланың қолындағы заттың атын атағанда, он киімі жайнайды. Бұл жерде де тура осындай жағдай. Сонымен, микрокосмостық бірліктер ары­бері көшіп жүрмейді, оларды космостық бірліктер таңдайды және тағайындайды екен. Егер жағдай басқаша болса, егер бүл жүйелер іс­әрекет жасауға қабілетті шын мәніндегі тіршілік иелері болса (себебі «ықпал» — бүл органикалық әрекет), тарихтың суреті мүлдем басқаша болар еді. Әрбір өсіп келе жатқан адам мен әрі мәдениеттің маңында үнемі сансыз көп ықпалдардың болуы мүмкін екеніне назар аудару керек, солардың ішіне осылай толып тек кейбіреулері ғана өтеді, ал көбісі өтпей қалады. Іріктейді — істер ме, әлде адамдар ма? Себеп­салдар іздеуге құмар тарихшы тек қана көзге көрініп тұрған ықпалдарды ғана санайды; кері санау жетіспейді. Психология дұрыс болғанда, «теріс» ықпалдарды да жетіспейді. Проблеманы тек осылай қойған дұрыс болар еді: бұл кең қорытынды жасауды мүмкін етеді және оны тек былай шешуге болады; бірақ соған қарамастан, әлі ешкімнің осылайша қимылдауға батылы жетпейді. Егер «теріс» ықпалдарды есепке алмаса, ешнәрсе де жоғалып кетпейтін дуниежүзілік тарихтың негізгі деген тұстарында жалған картина келіп шығады. Екі адамның бір­бірімен қарым­қатынасы кезінде немесе мәдениеттің адамы көз алдында қабылдауға болатын басқа мәдениет түрлерінің өлі әлемінің қалдығын көргенде, екі мәдениет өзара ұштасады. Бірінші жағдайда да, екіншісінде де бір ғана адам белсенділік көрсетеді. Біреуінің іс­әрекеті екіншісінің өзінің тіршілік етуінің негізінде жандануы мүмкін. Сөйтіп ол оның ішкі меншігі, оның ісі және оның өзінің бір бөлігі болады. «Буддизм» қытайға Индиядан кірген жоқ, өздерінің сезімдері бойынша ерекше бағытта болған қытайлар үнді буддистерінің көзқарастарының қазынасының бір бөлігін қабылдады, осыдан келіп тек қытай буддистеріне ғана тән діни көріністің жаңа бір түрі шықты. Әрқашан да түрдің бастапқы мағынасы емес, тек түрдің өзі маңызды болады, себебі байқаушының қайраткерлік сезімі мен түсінігі шығармашылығы үшін мүмкіндікті тек түрден ғана тауып анықтайды. Мәндерін жеткізу киын. Әр түрлі тұқымға қататын екі адамның тіршілік етуінің арасында жатқан терең рухани жалғыздықты ешнәрсе өшіре алмайды. Мейлі үнділер мен қытайлар бірін­бірі буддистер ретінде қабылдаса да, одан олар іштей жақын болып кетпейді. Бірдей сөз, бірдей салт­ғұрып, бірдей белгілер — бірақ бәрібір ей түрлі жан, әрқайсысы өз жолымен жүреді. Барлық мәдениеттерді осы тұрғыдан қарап шығуға болады, сонда барлық жерде бір нәрсеге көзіміз жетеді: бұрынғы жасалған нәрсе кейініректе жасалған дүниеде өмірін жалғастырған жоқ, ал бірақ кейінірек пайда болған жасырақ тіршілік бұрынғы тіршілікпен, және де өзі ие болып отырған оның бастапқы мағынасына мон берместен, аздаған байланыстар жасады. Айталық, философиядағы және ғылымдағы «мәңгі қол жеткендердің» жағдайы қалай? Грек философиясынан көп нәрсе бүгінгі күні де өмірін жалғастыруда деп жиі естуге тура келеді. Алайда, бұл оның бастапқы магиялылығы неде екендігіне, содан кейін фаустық адам тайсалмас инстинкттің терең даналығымен нені алып тастағанына, байқамағанына немесе тиісуге болмайды деген схеманы сақтай отырып басқаша түсінгеніне ешқандай түбегейлі талдау жасалмаған, тек қалыптасқан сөз тіркесі ғана. Гелертер энтузиазмының аңқау сенімі бұл жерде өзін­өзі алдайды. Бұл тізімді тіпті біріншісін жоғалтып алатындай етіп ұзақ жалғастыруға болады. Бізде Демокриттің видиктері», Платон идеяларының мейлінше денелік әлемі, Аристотельдің дүниенің елу ей сфералық қабаты тәрізді нәрселерді аса маңызды емес қателіктер деп, олар жөнінде үндемей кететін әдет бар. Бұл марқұм болғандардың олардың өздеріне қарағанда артық ойлағанын білу болар еді! Бірақ бұл нағыз шындық, бірақ тек біз үшін емес. Біздің грек философиясынан алғанымыз, мейлі тіпті үстіртін болсын, нөлге жақын. Тек адал болу керек және ежелгі ойшылдарды сөзбе­сөз қабылдау керек: біздер үшін Гераклиттің, Демокриттің, Платонның айтқандарының бірде­бірі егер біз оларды түземесек, ақиқат емес. Біз грек ғылымының әдісінен, ұғымдарынан, міндеттерінен, құралдарынан, тіпті бізге түсініксіз терминдерін айтпағанның өзінде нені қабылдадық? Сіз тұтасымен антика өнерінің «ықпалында» болды дейсіз бе? Онда дорикалық храмды, колонна мен антаблемент ара қатынасын, ионикалық колоннаны, картиналардағы бояулардың таңдалуын, фонның берілуін жөне перспективаны, фигуралардың топталуын, вазадағы жазуды, мозаиканы, энкаустиканы, мүсіндегі тектониканы, Лисипп пропорцияларын қалай демекпіз? Бұлардың бәрі неге ықпал етпеді? Өйткені Ренессанстың көрсетпек болғаны басынан—ақ белгілі болатын, сондықтан да антикада ашылған, ескіріп қалған жүктің ішінен адам негізінен алғанда көргісі келген аз ғана дүниені көре алды, яғни өзі қалай көруді қалаған бағытта ғана, атап айтқанда, автордың бағытында емес, өзі қалаған ойларының бағытында, ешбір тірі жан ден қойып ойлаған бағытта, иә, тек солай ғана көрді. Египет мүсінің ертеректе грек мүсініне тигізген «ықпалын» әрбір штрихты өте мұқият андап, зерттеп іздеу керек, сонда барып нәтижесінде мұндай ықпалдың еш болмағанына көзіміз жетті, бірақ бұл жағдайда грек мүсінінде форма жағынан ежелгі өнер қорларынан кейбір қасиеттерді алды, ол бұны оларсыз да тапқан болар еді. Антика болған сахнаның төңірегіндегі египеттіктер, де, криттіктер де, вавилондықтар сириялықтар да, хеттер, парсылар мен финикиялықтар жұмыс істеді, гректер де олардың туындыларын — құрыстарды, ою­өрнектерді, өнер туындыларын, культтарды, кеттік нысандарды, жазуды, ғылымдарды — көп білді. Сонда осының бәрінен антикалық жан өзін­ өзі көрсету ретінде не алды? Қайталаймын: барлық жерде біз кеткен байланыстарды ғана байқаймыз, Ал қол жеткізбегендері қаншама? Мысалы, мұнда неге египет пирамидалары, пилондар, ескерткіштер, иероглиф жазуы немесе сына жазуы жоқ? Готика өнері, готика ой­ санасы Византияда, Шығыстағы маврларда, Испания мен Сицилияда нені қабылдамады? Ойланбай­ақ жасалған таңдауға және батыл ұғынуға таңданбасқа болмайды. Әрбір жасалған байланыс өзгешелік болып қана емес, сонымен қатар түсінбеушілік те болып табылады, осы жоспарлы түрдегі түсінбеушілік өнеріндегі ішкі көрініс берудің дәл осыншалық айқындығы мүмкін басқа бірде­бір нәрседе көзге түспейтін шығар. Кімде­кім бөтен ойлау дүниесінің қағидаттарын дәріптесе, сол олардың мәнін де әбден өзгертті деуге болады. Платонның адресі бойынша Батыста айтылатын мадақ сөзді андап көрелік. Бернард Шартрский мен Марсилио Фичинодан Гете мен Шелингке дейін! Кімде­кім бөтен дінді неғұрлым бейбіт қабылдаса, бұл дін оның жанының формасын соғұрлым терең қабылдайды. Бір сәті келгенде бірде­бір ортақ ұғымы жоқ, бізде бір ортақ ойы жоқ грек, араб және готикалық «Үш Арисотельдің» тарихын жазса болар еді. Немесе магиялық христиандықтың фаустыққа айналу тарихын! Біз дін деген өзінің мәнін өзгертпей сақтай отырып, ежелгі шіркеуден Батыс Еуропаға тарады деп естиміз және жаттаймыз. Шын мәнінде, магиялық адам мұнда дуалистік дүниетанымының біртұтас тереңінен біздер оны «христиан» деп атайтын өзінің жеке дін сергектігінің тілін дамытты. Осы бастан кешкендердің басқаларға беріле алатын сәттерін: сөздерді, формулаларды, әдет­ ғұрыптарды, — кейініректе антикалық өркениеттің адамы өзінің діни қажеттілігі үшін құрал ретінде қабылдады; формалардың бұл тілі сөздерінің айтылуын өзгертпестен, бірақ үнемі олардың мағынасын үнемі өзгерте отырып, батыс еуропалық алғашқы мәдениеттің германдықтарына дейін бір адамнан екінші адамға беріліп отырды. Қасиетті сөздердің бастапқы мағынасын жақсартуға ешкімнің ешуақытта батылы жетпеген болар еді, алайда мұның мағынасын тіптен білген жоқ. Бұған күмән келтіретіндер болса, «дәл сол бір» жарылқаушылық идеясы Августинде дуалистік түрде бірыңғай адам субстанциясына, ал Кальвинде адам ерік­жігеріне бағытталады. Немесе құдірет пневмасының ағысы ретінде әрбір адамда пневма болады деп есептейтін, нәтижесінде келіп, осыған берілгендердің келіскен пікірінде құдірет шындығы туатынын бізге еш түсініксіз «consensus»* туралы магиялық түсінікті алайық. Ертеректе христиан соборлары қаулыларының беделділігі осы пікірге, сондай­ақ ислам әлемінде қазір де басым болып отырған ғылыми әдіске негізделеді. Батыс еуропа адамы мұны түсінбегендіктен, кейініректе готика кезіндегі соборлар папа үстемдігінің жылжуының діни еркіндігін шектеуге тиіс парламенттердің орнына жүрді. Соборлар идеясы XV ғасырда осылай түсінілді (Констанц және Базель соборлары, Савонаролу мен Лютерді еске түсіруге болады), және де ең ақырында, бұл идея тым еркін болғандықтан және мағынасынан айрылғандықтан, папа кінәратсыздығының алдында кейінге шегінуге тура келді. Немесе дененің қайта тірілуі туралы құдіретті және адами пневманы көрсетуді көздейтін жалпы ертеректе араб идеясын алайық. Антикалылық жан дененің формасы және мазмұны ретінде онымен бірге пайда болатынынан шығады. Грек ойшылдары бүл туралы жалпы ештеңе айтпайды. Мұнда үндемеудің екі себебі болуы мүмкін: бұл идея не мүлдем таныс емес, не проблема болып санаға келмейтіні өзінен өзі көрініп тұрады. Мәселе шынында да солай еді. Ал араб адамы үшін денесінде оның пневмасы құдіретті ағытылу ретінде орын алатыны өзінен­өзі көзге түсіп тұрады. Осыдан келіп, Қиямет күнінде адам жаны тірілуге тиіс болғанда, бір нәрсе пайда болады деген пікір туады: осыдан келіп өлгендердің қайта тірілуі, еuekvu, болады. Батыс еуропалық дүниетаным үшін мұның мәні мүлдем түсініксіз. Қасиетті ілімнің сөзбен берілу түріне күмән келтірілген емес, бірақ жоғары діни дәрежедегі католиктер, сондай­ақ Лютер (өте анық) ойланбастан оған басқаша, бүгінгі біздің «мәңгілік» деген сөзге беретін мағынасы, яғни жанның бүкіл шексіздік бойы күштердің жинағы тегінде өмір сүруінің жалғасы деген мағынаны берді. Егер Павел немесе Августин сияқты апостолдар христиандық туралы біздің ой­пікірлерімізбен танысқан болса, олар біздің барлық кітаптарды, догматтар мен түсініктерді құрылғандық және еретикалық деп санап, оларды жоққа шығарған болар еді. Бұл жерде негізінен өзгермей екі мың ғасыр жүріп өтті деп саналатын жүйенің ең айқын мысалы ретінде рим құқығының тарихын мысалға келтіргім келеді, ал шындығында бір әр түрлі үш мәдениетте әр жолы барынша әp түрлі мағынамен үш толық даму барысын басынан өткізді. XIII Антикалық құқық — бұл азаматтар жасаған және азаматтар үшін жасалған құқық. Ол полистің міндетті түрде болуға тиіс мемлекеттік формасын шамалайды. Қоғам өмірінің тек осы базалық формасының негізінде ғана және де өзінен­өзі түсінікті нәрсе ретінде тұтастығы жағынан мемлекеттік денемен (sva) бірдей болатын адам тәрізді жеке бас (персона) деген ұғым пайда болады. Сонымен, персона дегеніміз тек сол мәдениеттің ішінде мәні және маңызы бар ерекше антикалық ұғым. Тұлға — полис қорына жататын дене (svm) Полистің құқықтары тек қана соған қатысты болады. Бұдан әрі құқық төмен қарай жаттық құқыққа өтеді — мұнда шекараны дене болып табылатын, бірақ ешқандай да персона емес құлдың құқықтық жағдайы құрайды, және жоғары қарай құдіретті құқыққа өтеді — мұнда шекараны персонадан құдіретке айналған көне грек қалаларындағы Лисандр және Александр, ал Римде дейін көтерілген императорлар сияқты табындыруға құқықтық ұмтылушықтары болған герой құрайды. Осылайша дәйекті түрде дамыған антикалық заңдық ой бізге capitis demunitio media сияқты батыс адамына мүлдем бөтен ұғымды да түсіндіруге қабілеті жетеді: біз тек біздің түсінігіміздегі жеке адамның кейбір немесе барлық құқықтары алып тасталғанын көз алдымызға келтіре аламыз. Антика адамы дене ретінде тіршілік еткенімен, мұндай жазаланудың нәтижесінде персона болудан қалады. Антикаға тән зат деген ұғым, res, тек осы персона деген ұғымның объектісі ретінде оған қарама­қарсы анықталады. Антикалық дін тұтастай алғанда мемлекеттік болғандықтан, заттық және құдіретті құқық көздерінде ешқандай айырмашылық жоқ: барлық құқықтық шығармашылық азаматтардың қолында. Заттар мен құдайлар жеке басқа бірдей құқықтық қатынаста болады. Антикалық құқық үшін жағдайдың тікелей қоғамдық тәжірибенің негізінде, соттың кәсіптік тәжірибесі емес, жалпы қоғамдық­экономикалық өмірде көрнекті орын алатын адамның жалпы практикалық тәжірибесінің негізінде жасалатыны шешуші болып саналады. Римде қызмет сатысына көтерілген адам міндетті түрде заңгер, қолбасшы, әкімшілік басшысы немесе қазынашы болды. Осындай әр түрлі салаларда әжептәуір тәжірибе алған ол претор ретінде сот жүргізуді жүзеге асыратын. Антикаға сот қызметі үшін кәсіптік, тіпті теориялық дайындықтан өтетін соттар сословие ретінде таныс емес. Бұл жағдай бүкіл кейінгі құқықтануға тән болып келеді. Римдіктер мұнда жүйешілер де, тарихшылар да, теоретиктер де емес, тек керемет практиктер болды. Олардың юриспруденциясы — жекелеген оқиғалардың тәжірибелі ғылымы, қандай да бір абстрактылы құбылыс емес, шабытты техника болды. Грек және рим құқығын бір­біріне бір тектес шамалар деп қарама­қарсы қойғанда, бұрмаланған картина шығады. Рим құқығы тұтас дамуында қала құқығының бірнеше жүздеген жағдайларының ішінде жеке бір жағдай болып табылады, ал грек құқығы еш уақытта біртұтас нәрсе болып көрген жоқ. Грекше сөйлеген қалалардың әдетте өте ұқсас құқық әзірлегені әрбір қаланың өзіне тән құқығы болу фактісін жоққа шығара алмайды. Еш уақытта ортақ дорикалық немесе тіпті эллинистік заңнама жөнінде ой келіп көрген емес. Римдік jus civil­дің тек квириттерге қатысы болды; шетелдіктер, құлдар, қаладан тыс бүкіл әлем есепке алынбады, ал «Саксон айнасында» құқықтың тек біреу ғана болуы тиіс екені терең сезінген ой сезіледі. Римдегі кейініректе императорлық уақытқа дейін дерлік азаматтық jus civile мен рим билігінің саласында оның сотының обьектілері ретінде қатысушы «басқаларға» арналған jus genitium88 (біздің халықаралық құқықпен салыстырғанда мүлдем өзгеше бір нәрсе) арасында қатаң айырмашылық болды. Рим құқығының басымдыққа ие болу себебі ішкі ірі артықшылықтан емес, Римнің бөлек қала ретінде антикалық империядан басым болуы нәтижесінде еді (оқиғалар басқаша өрбігенде, Александрияның үлесіне тиюі де мүмкін еді), яғни ең алдымен саяси жетістіктердің, содан кейін барып мұндағы ірі стильдегі практикалық тәжірибенің болуынан еді. /Қалпы антикалық құқықтың эллинистік рухта қалыптасуы істер бұл ұғыммен құқықтың көптеген жекелеген жиынтықтарының туыстас рухын білдіруге болса) Римнің үшінші дәрежедегі саяси шама болған уақытына жатқызылады. Рим құқығы ірі масштабты формаларды қабылдай бастағанда, бұл рим рухы эллинизмді бағындырған фактісінің бір қыры ғана болатын: кейініректе антика құқығын әзірлеу эллинизмнен Римге көшеді, сөйтіп ешқайсысының онсыз да нақты билігі болмау фактісінің ықпалындағы мемлекет ретіндегі қалалардың жиынтығынан бүкіл қызметі ақыр соңында осы билікті пайдалануға әкеліп соққан жалғыз ғана біреуіне көшеді. Іс сондықтан да құқықтануды грек тілінде әзірлеуге келіп тынбады. Ең аяғында, антика осы барлық п.шымдардың ішіндегі ең соңғысы үшін пісіп жетілген кезде бұл жерде маңызы болуы мүмкін құқық белгілеген тек бір ғана қала болды. Сөйтіп, грек және рим құқығы жағдайында олардың қатарынан бір мезгілде емес, кезекпен болғаны жөнінде сөз қозғау фактісі жете ескерілмейді. Рим құқығы жасырақ; омың алдында ұзақ тәжірибесі бар басқа құқықтар жиынтықтары болған, ал оның өзі алдындағы үлгінің әсерімен кеш және өте жылдам әзірленді. Құқықтық ойға терең ықпал еткен стоикалық философияның гүлденуі грек құқығының қалыптасуындағы гүлдену аяқталғаннан кейін және рим құқығының қалыптасуына дейін болды. XIV Дегенмен, бұл қалыптасу ең тарихи емес деген адамдардың ойлауында болды. Осының нәтижесінде антикалық құқық басынан аяғына дейін күнделікті тіршіліктің, тіпті бір сәттің құқығы. Өзінің идеясы бойынша бұл құқық өрбір жеке жағдайда және осы жағдайға арналып жасалады, соңғысы біткенде, құқық болудан қалады. Оның маңыздылығын болашаққа да қатысты жарамды деу сол кездегі антикалық сезімге қайшы келер еді. Бір жылға қызметке кіріскенде, рим преторы эдикт шығаратын, мұнда өзі соларға сәйкес іс­әрекет жасайтын құқықтық нормалар хабарланатын, бірақ бұның оның мұрагеріне еш қатысы жоқ болатын. Тіпті қолданылып жүрген құқықты бір жылмен шектеу оның нақты ұзақтығын көрсетпейтін. Керісінше, претор (атап айтқанда lex Aebutia шыққан уақыттан бастап) әрбір жеке жағдайда присяжныйлар шығаратын өкімге лайық нақты құқықтық норманы түйіндеп қоятын және осы нормаға сәйкес ешқандай басқа өкім емес, тек қана осы өкім шығарылуға тиіс болатын. Сөйтіп, претор осы сөздің қатаң мағынасында ұзақтығы жағынан ешқандай созылмалы емес, тұп­тура «уақытқа лайық құқық» жасайтын. Сөздің түпкі мағынасындағы ағылшын құқығындағы керемет герман ерекшелігі — соттың құқық жасау билігі антика тәжірибесіне ұқсас болып көрінеді, ал мағынасы жағынан алғанда ол одан мүлдем басқаша, міне, сондықтан да антика және батыс құқығының арасындағы терең құзды бүркемелеуге әбден жарамды. Ағылшын соты идеясы бойынша мәңгі маңызы бар құқықты қолданады. Қолданыстағы заңның өзін күн тәртібінде тек қана заңның мақсаты көрініс табатын сот билігін жүргізуде қолданудың өзін ол өз қалауынша, өзінің «RulesiHin», ешқандай ұқсастығы жоқ, аталған жазбаша претор формуласының орындалатын нұсқауларының көмегімен түзете алады. Егер ол қандай да бір жағдайда қолданылып жүрген құқықта нақты фактілерге қатысты ақтаңдақтар анықтаса, ол оны бірден толтыруға және сөйтіп осылайша іс барысында алда өзгермейтін құқықтық арсеналға жатқызылуға тиісті жаңа құқық (оны сот сословиесінің белгілі бір формаларда мақұлдауын көздей отырып) жасауға уәкілетті. Бірақ тура осының өзі антикаға мүлдем жатпайды. Ең маңызды құқықтық ситуациялар қайталанып, бір кезең ішіндегі қоғамдық өмір ағысы көп жағдайда өзгермей қалатындықтан ғана Римде бірте­бірте тәжірибе алу ниетімен (оның болашақта күші жойылмайтындай етіп емес) үнемі жаңадан белгіленіп отыратын формулалар қоры қалыптасады, дегенмен аздап болса да қарып отырады. Міне, осы формулалардың жиынтығы, де жүйе емес, бірақ жинақ кейінгі преторлық эдикттік заңнамадағы «құқықты» қурайды, негізгі деген бөліктерін бір претор осы лайық болады­ау деген мақсатпен басқасынан алады. Сондықтан да «тәжірибе» деген антикалық құқықтық ой үшін бізбен салыстырғанда басқаны білдіреді: барлық жағдайларды және оларды қолданудың практикасын көздейтін заңдардың бірде­бір ақтаңдақсыз, біріккен массасын қамтыған көзқарас емес, белгілі бір өкімдердің ситуациялары қайталануы мүмкін және неліктен екенін білу және бұлар үшін әр жолы жаңа құқық құрмай­ақ ретін табу. Сөйтіп, біртіндеп­біртіндеп заңдық материалдар жиналатын нағыз антикалық форма — бұл Римдегі преторлық қызметтік құқық кезіндегі жекелеген uomoi, leges, edicta­ларды өздігінен дерлік жүретін жинақтау. Барлық Солона, Харонда, XII кесте деп аталып жүрген заңдар осындай эдикттердің қолдануға жарамды болған кездейсоқ жинақтарынан басқа ештеңе емес. Шамамен алғанда XII кестенің уақытына жатқызылатын Гортина құқығы одан бұрынды жинаққа жататын новеллалар тобын білдіреді. Жаңадан бұрылған қала бірден көбінесе осындай дилетанттық жинаққа не болды. Аристофан да «құстарда» қайсар заң жасаушыларды келемеждейді. Және ешбір жерде жүйе туралы сөз жоқ, ал одан да кемітіп айтсақ, ұзағырақ уақытқа құқық белгілеу туралы ой болған жоқ. Батыста жағдай бұған таң қаларлықтай қарама­қарсы, мұнда барлық тірі құқықтық материалды басынан бастап мәңгілік тәртіпке келтірілген және түбіне дейін жалпылама қорытылған кодекске жиналады, онда болашақта жалпы болады­ау деген барлық жағдай күні бұрын шешіліп қойылады. Бүкіл батыс құқығы өзінде болашақтың, бүкіл антикалық құқық ­ сол сәттің ғана ізтаңбасын ұстайды.

Читайте также:  Мұғалімдерген арналған республикалық ғылыми жинақ жарық көреді

Оставить комментарий