Мәдениетті қанша адам жасайды

Мәдениетке әлдебір феноменнің тиістілігі қанша адам осы мәдениеттің иеленушісі (бір, екі немесе бірнеше) екендігімен айқындалады деген тұжырым этнологиялық теорияда едеуір кең таралған. Линтон былай деп жазады: «Тек бір адамға тән мінез ­ құлықтың кез келген элементі қоғам мәдениетіне тиісті болып саналмайды. Мысалы, тек бір адамға ғана белгілі болып тұрғанда себет тоқудың жаңа техникасын мәдениеттің бөлігі деп санауға болмайды» (Linton R. 1945: 35). Осы көзқарасты Уисслер (Wissler С 1929 358), Осгуд (Osgood С. 1951: 207­208), Малиновский (Maliowski М. 1941:73), Дюркгейм (Durkheim Т. 1938: L VI) қуаттады. Мәдениет туралы осындай түсініктеме қарсы екі дәлел ұсынуға болады. 1. Егер мәдениетті мәдениет еместіктен ажыратушы белгі ретінде зерттелетін мінез­құлықтың көрінісінің көптігі атқарса. Онда Вольганг Келер «Маймылдардың металдығы (The mentality of apes, 1926) еңбегінде маймылдар үйірінің бір мүшесі қолданатын кез келген жаңа әдет басқаларына өте тез жұғады. Бір­бірінен жаңашылдықты алу қасиеті жануарлардың басқа түрлеріне де тән. Екінші дәлел мынандай: егер бір мәдениет дербестігі жеткіліксіз болса, бір іс­әрекет мәдениет элементі болып мойындалуы үшін қанша адам керек? Линтонның пікірінше: «жаңашылдықты қоғамның бір мүшесі қабылдаса, оны мәдениетке тиесілі деп санауға болады» (Linton R. 1936: 274), Осгуд «екі немесе одан да көп адамның қажеттілігін атап көрсетеді (Durkheim Е. 1938: L VI), Уисслердің пайымдауынша, индивидтер тобы қабылдамайынша жеке зат не¬месе акт мәдениет деңгейіне көтеріле алмайды (Wissler С. 1929: 358), Малиновский «индивидуалды мүдде белгілі қоғамда қабылданған ұйымдасқан іс­ әрекеттер жүйесіне жетілгенде факт мәдениет фактісі болады» деп көрсетеді. Сірә, мұндай түсінік ғылыми өлшемдерге сай емес. Индивидуалды мүдде белгілі қоғамда қабылданған, ұйымдасқан іс­әрекеттер жүйесіне жетілгендігін қалай анықтауға болады? Жекелеген түрлердің нақты саны ғана кептер және тырна болатындықтан, бір құстың жеке түрі поштаны кептер немесе тырна аталуы мүмкін еместігі туралы кенеттен соз қозғай бастаған орнитологты көз алдымызға елестетіп, көрейікші. «Көп атомдарды ғана мыс ретінде атауға болады, ал элементтің бір атомы болуы мүмкін емес» деп физик айтар ма еді. «X» заттарының санына тәуелсіз түрде «у» сыныбына «х» заты жатуы немесе жатпауына қатысты анықтама қажет (логикалық тұрғыдан ойласақ, сынып тек бір компоненттен тұрады немесе мүлде компоненттері болады). Біздің анықтама ғылыми өлшемдерге жауап береді, өйткені зат — түсінік немесе наным­ сенім, іс­әрекет немесе зат — мәдениет элементі болып саналуы үшін, біріншіден, егер ол символданған болса, екіншіден, ол экстрасоматикалық контексте қарастырылса. Мәдениеттің барлық элементтері (әлеуметтік контексте өмір сүреді, бірақ дәл осыны тек адамның ерекшелік болып табылмайтын көңілін табу, жыныстық қатынас, емізу сияқты іс­әрекеттер туралы айтуға болады. Бұл іс­әрекеттер символдармен байланысты емес, өйткені таза адамдық немесе мәдени феномен адамдық еместен әлеуметтік, екі жақтылық немесе көптіктен ерекшеленбейді. Басты ерекшелік сипат ­ символизация экстрасоматикалық контексте қарастырылу қабілет бір, екі, бірнеше құбылыстар немесе заттар санына тәуелді емес. Құбылыс немесе өз сыныбының бірден­бір өкілі болған жағдайдың өзінде мәдениет элементі болып табылады. Мыстың бір атомы егер ол бүкіл ғарышта жалғыз ғана болса да мыс атомы болып саналады. Бір іс­әрекет немесе идея адамзат қоғамының бір ғана мүшесінің іс ­әрекетінің жемісі болуы мүмкін деген түсініктің — иллюзиялы (бұлдыр) екендігін бізге әлдеқашан атап көрсету керек еді. Бұл тағы бір қақпаны, қоғамның өрбір мүшесі өз тобының басқа мүшелерінің әлеуметтік ­ мәдени ықпал­әсеріне душар. Барлық ерекше адами іс­әрекеттер және ниеттер, осымен бірге, адам мен жануарларға төн іс­әрекеттер мен ой ­ ниеттер адам ағзасы қызметінің шамасында әлеуметтік топтың қызметі болып табылады. Кез келген іс­әрекет, оны бір адам бір­ақ рет жасағанымен, өз мәні бойынша топтың іс­әрекет болып табылады.

Читайте также:  О ПРЕПОДАВАНИИ МОРФОЛОГИИ В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ

Оставить комментарий