Мәдениеттің құлдырауы және қайта өрлеуі

Біз мәдениеттің құлдырауын сипаттайтын жағдайда өмір сүріп отырмыз. Бүл ахуал соғыстан болған жоқ ­ ол оның көрінісі ғана. Фактіге айналған қоғамның рухани өміріндегінің бәрі өз кезегінде рухани бастауға енді теріс эсер ететін болады. Материалдық және руханилық арасындағы өзара байланыс күрделі сипат алды. Сұмдық су сарқырамасынан өтіп, біз енді асау ағынның арнасымен ілгері жылжуға күш саламыз. Біздің кінәмізден осы асау арнаға түскен, және қайтадан оның негізгі арнасына бағытталған бізді тағдырымызға жазған кемені сол буырқанған саладан аман­есен шығаруға үміт болған күннің өзінде оның қаншалықты қиындыққа түсетіндігін пайымдауға болады. Біз мәдениет дамуының сара жолынан шығып кеттік, өйткені, бізге мәдениет деп аталатынның тағдырына шаңдаушылық білдіру тән емес. Ғасырлар тоғысында әртүрлі атаулармен біздің мәдениетіміз туралы тұтастай шығармалар легі жарық көрді. Әлдебір жұмбақ иірімдерге орай олардың авторлары біздің рухани өміріміздің жай­күйін түсіндіруге тырыспады, олар тек оның қалай тарихи тұрғыдан қалыптасқанына ғана мән берді. Мәдениеттің бедерлі картасында олар шын мәніндегі және алдамшы жолдарды ғана анықтады, ондай жолдар тарихи ландшафтының таулы және далалық жерлерін кесіп өтіп, бізді Ренессанс дәуірінен XX ғасырға алып келді. Авторлардың тарихи тәсілі салтанат құрды. Олардан тәлім алған бұқара өз мәдениетін рухани әлеуметтік күштердің ғасырлар бойына соншалықты көп әсер ететін органикалық өнім ретінде қабылдай отырып, қанағаттану сезімін бастан кешірді. Бірақ ешкімнің де біздің рухани өміріміздің құрамбөліктерін анықтауға мұршасы болмады. Оның қозғалысқа келтіретін идеялары қаншалықты биік, және оның нағыз прогреске әсер етуге қаншалықты қабілетті екендігін ешкім тексерген емес. Соның нәтижесінде біз ғасырдың табалдырығын өзіміз туралы бұлжымайтын фантастикалық ұғыммен аттадық. Бұрынғы кездері біздің мәдениетіміз туралы жазылған оның құндылығына деген біздің аңғырт сенімімізді бекіте түсті. Ал оған күмән келтіргендерге таңдана қарады. Жолдан жарым­жартылай тайқып шыққандар басқа жаққа алып бара жатқан жалғыз аяқ жолдан қорқып кетіп, сара жолға қайтадан оралып отырды; басқалары онымен жүруін жалғастырды, бірақ үндемеуді жөн көрді. Олардың болған биліктегі ұғымдар оларды тұйықтыққа тіреді. Қазір мәдениетті өзінен­өзі жою толық қарқынмен жүруде екендігін жұрттың бәрі біледі. Тіпті одан аман қалғандардың өзінен күтетін үміт шамалы. Ол әлі де болса әлдебір беріктікті сездіргендей болады, өйткені, ол басқаларды құрбандыққа ұшыратқан сырттан жасалатын күйрететін қысымға ұшыраған жоқ. Бірақ оның негізі де берік емес, келесі болатын көшкін оны мүлдем жойып жіберуі ғажап емес. Сонда мәдениетті құрайтын энергияның көзі қалай таусылып қалды? Ағартушылық пен рационализм ақыл­ойға негізделген индивидтің эволюциясына қатысты этикалық идеалдарды адамзатқа ұсынды, бұл оның қоғамдағы алатын орнын, қоғамның өзінің материалдық және рухани міндеттерін, халықтардың бір­біріне қарым­қатынасы және оларды адамзаттың ең жоғарғы рухани мақсаттарымен бекітілген құрамда көтеруді қамтиды. Осы ақыл­ойға негізделген идеалдар философияны және қоғамдық пікірді қамти отырып, ақиқатпен түйісуді және қоғам өмірінің жағдайларын жаңартуды бастады. Үш немесе торт ұрпақ бойына мәдениетке көзқарастарында да, сол сияқты оның даму деңгейінде де, мәдениеттің түпкілікті триумфі мен оның ілгері қарай гүлденуінің толық көрінісі жасалатын прогреске қол жеткізілді. Бірақ XIX ғасырдың ортасында ақыл­ойға негізделген этикалық идеалдардың ақиқатпен түйісуі біртіндеп кеми бастады. Одан кейінгі онжылдықтарда ол барған сайын әлсірей берді. Күрессіз және айқай­шусыз мәдениет біртіндеп құлдырай бастады. Оның идеялары уақыт көшіне ілесе алмады; ілгері жүруге олар тым әлсіз болып шықты. Мұндай жағдай қалайша орын алды? Философияның оз деңгейінде болмауы шешуші фактор болды. XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бас кезінде философия қоғамдық пікірді қалыптастырды және оны бағыттады. Адамдар мен дәуір алдына қойылған мәселелерге көңіл бөлінді, және ол мәдениет туралы терең ойлануға үндеді. Сол кездің философиясына адам, қоғам, халық, адамзат және мәдениет туралы қарапайым философиялық пайымдау тән болды, бұл табиғи жолмен кеңінен таралған философиямен ширақ, белсенді қоғамдық пікір туғызды және мәдени шығармашылық энтузиазмды ынталандырды. Дейтұрғанмен Ағартушылық пен рационализм өзінің ықпал етуінде осы қуатты кеңінен таралған философияны негіздеген барлығын қамтитын оптимистік­этикалық дүниетаным ұзақ уақыт бойына жүйелі сыни ойлаудың талаптары үдесінен шыға алмады. Оның аңғырт догматизмі барған сайын келіспеушіліктерге әкеп соқтыра берді.

Кант іргесі шайқалған ғимаратқа жаңа іргетас қаламақшы болды: ол рационализмнің дүниетанымын танымның неғұрлым тереңдетілген теориясының талаптарына сәйкес (оның рухани мәніне ешқандай өзгеріс енгізбей) жаңарту мақсатын алдына қойды. Шиллер, Гёте және басқа осы кезеңдегі рух мықтылары, біресе мейірімділікке, біресе ащы сынға ұмтыла отырып, рационализм өзінің дербес мағынасындағы философиядан гөрі кең таралған (танымал) философияға келіңкірейтіндігін дәлелдеді. Бірақ олар бұзылғанның орнына мәдениет идеяларының қоғамдық пікіріне әсер ететіндей жаңасын табуға дәрменсіз болды. Фихте, Гегель және басқа философтар, Кант тәрізді, рационализмге барынша сын көзбен қарай отырып, оның ақыл­ойға негізделген этикалық идеалдарымен келісімге келді, барлығын қамтитын оптимистік­этикалық дүниетанымды алдамшы жолмен, яғни болмыстың логикалық және гносеологиялық түсіндірілуімен және оның дүниеде кейіптелуімен негіздеуге тырысты. Үш немесе торт онжылдықтар бойына оларға өзінде және басқаларда байыз тапқызатын иллюзияларды қолдауға және ақиқатты өзінің дүниетаным рухына күштеп таңуға мүмкіндік береді. Бірақ сол кезде буыны бекіген жаратылыстану ғылымдары орын алған жағдайға қарсы шықты, ақиқат шындығын ту еткен олар фантазиямен құрылған ғажайып ғимаратты тас­ талқан етіп қиратып тастады. Мәдениет сүйенетін рационализмнің этикалық идеялары әлі күнге үйсіз­күйсіз дүниені шарлап кезіп жүр. Оларды негіздеуге қабілетті барлығын қамтитын дүниетанымды бұдан былай ешкімнің де құрғысы жоқ. Ішкі жинақылық иен мақсаттылық бар барлығын қамтитын дүниетанымның бірде бірі бұдан былай жалпы пайда болған емес. Философиялық догматизм ғасыры өтіп кетті. Ақиқатты сипаттайтын ғылым ғана нағыз шындық болып есептеледі. Барлығын қамтитын дүниетаным енді күн жарығындай күшті емес, ол бар болғаны гипотезалардың кометалық тозаңына айналып кетті. Дүние туралы білімдерде догматизммен бір мезгілде сондай­ақ рухани идеялардың догматизмі де зардап шекті. Канттың аңғал рационализмі, сыни рационализмі және XIX ғасырдың бас кезіндегі ұлы философтардың алдамшы рационализмі ақиқатты екі ұшты мағынада күшпен таңды: олар жасалынған дүниетаным пайымдауын жаратылыстану фактілерінен жоғары қойды және сонымен бір мезгілде адамдардың қолданыстағы көзқарастары мен өмір жағдайын өзгертуге бағытталған ақыл­ойға негізделген этикалық идеалдарды жариялады. Бірінші жағдайда күштеудің соншалықты мағынасыздығы орын алғанда, ол екіншісінде қаншалықты дұрыс болды деген сұрақ туындады. Қазіргі заманды тек жақсы болашақтың теориялық тұжырымдарын іске асыру үшін материал ғана деп есептеген этикалық доктринерліктің орнына Гегель философиясымен дайындалып үлгерген қазіргі жағдайларды тарихи тұжырымдау пайда болды. Ойлаудың мұндай сатысында парасатты этикалық идеалдардың ақиқатпен элементарлық түйісуі бұрынғы түрінде мүмкін болмай қалды. Бұл үшін ойлаудың қажетті өзінділігі жетіспеді. Соған орай мәдениеттің іргетасын құрайтын сенімдердің энергиясы азая берді. Нәтижесінде адамзаттық сенімдер мен өмірдің жағдайларына өзін­өзі ақтаған күш қолдану, онысыз мәдениет саласында реформаторлық болуы мүмкін емес, беделін түсіру болып шықты, өйткені, бұл барлық ақиқатқа күш қолданудың өзін­өзі ақтамағанымен байланысты. Біздің рухани өміріміздегі XIX ғасырдың орта кезінде болған психологиялық үдерістің трагедиялық мәні осындай. Сонымен рационализм келмеске кетті, сонымен қатар оның тармағы ­ дүниенің, адамзаттың, қоғам мен адамның алар орнына қатысты оптимистік этикалық негізгі сенім де жоғалды. Бірақ бүл сенім өзінің екпінімен ықпал етуін жалғастырды, ешкім де басталған апатқа есеп бере қоймады. Философия оған берілген мәдениет идеалдарының энергиясы таусыла бастағанын мойындамады. XIX ғасырдың аяғындағы философия тарихы бойынша маңызды шығармалардың бірінің қорытындысында бұл құбылыс үдеріс ретінде тұжырымдалады, онда «әр қадам сайын, мәдениет құндылықтарының мәні неғұрлым айқын әрі ширақ бола түседі, олардың әмбебаптығы философияның өзінің пәнін құрайды» делінген. Бүл орайда олар ең басты нәрсені естен шығарып алған: бұрын философия мәдениет құндылықтары туралы ойланып ғана қойған жоқ, сонымен қатар оларды қоғамдық пікірге қолданылатын идеялар ретінде апарды, сол кезде XIX ғасырдың екінші жартысында олар барған сайын мұқият қорғалатын өндірмейтін капиталға айналды. Мәдениетке әмбебап көзқарасты қалыптастыру үшін қажымай еңбек еткен қызметкерден, XIX ғасырдың ортасындағы өзінің күйреуінен кейін философия, дүниеден шеткері қалып құтқаруға болатынды жинап алған зейнеткерге айналды. Ол жаратылыс және тарихи ғылымдардың жетістіктерін топтастыратын, және келешек дүниетаным үшін материал жинайтын, тиісінше барлық салаларда ғылыми қызметті қолдай отырып, ғылым болды. Сонымен бірге оған өзінің өткені түбіне жетті. Философия шын мәнінде философия тарихына айналды. Онымен шығармашылық рух қоштасты. Сөйтіп, ол біртіндеп ойға құрылмаған философияға ауыса бастады. Әрине, жеке ғылымдардың нәтижелеріне талдау жасайды, бірақ ендігі жерде элементарлық ойлау оған тән қасиет болудан қалды. Ол артына қалдырып кеткен рационализмге қимастықпен қарайды. «Кант одан тікелей өтті», Гегель «оған тарихи тәсілді дарытты» және «қазір ол жаратылыста¬ну ғылымдарымен тығыз байланыста дамуда» деп мақтаныш етеді.

Читайте также:  Шәкәрімдегі ұғым мәдениеті

Бірақ бұл орайда философия аянышты рационализмнің өзінен де қауқарсыз, өйткені, рационализм өте ұтымды меңгерген өзінің қоғамдық орнын қиялда, ешқандай шындыққа жанаспайтын жағдайда орындады. Рационализм қанша аңғал бола тұрса да түпнұсқа, әрекет ететін философия болды, ол өзінің барлық болмысымен ғылыммен әшкерленген эпигондық философия ғана еді. Мектептер мен университеттерде ол әлі де болса қандайда бір өзіндік рол атқарды, бірақ әлемге енді айтары жоқ болатын. Сонымен, философия өзі қаншалықты ғылымилығы бола тұрса да ақиқат шындыққа жанаспады. Адамдардың және дәуірдің өмірлік проблемалары оған ешқандай ықпал етпеді. Философия жолы енді жалпыға ортақ рухани өмірдің сара жолынан бөлек басқа жолмен өтті. Оның соңғысынан ешқандай қолдау көрмеді, ол өзі де оған айырбасқа ештеңе бере алмады. Ол элементарлық проблемалармен айналыспағандықтан ешқандай элементарлық философияны қолдаған жоқ, ол кең таралған философия болуы мүмкін еді. Өзіндік әлсіздік философияда барлық жалпыға ұғынықты философылыққа антипатия туғызды, ­ мұндай антипатия оның мән­мағынасына соншалықты тән. Кең таралған философия оған тобыр үшін келешек дүниетанымның қажеттері үшін бір ретке келтірілген және бейімделген жеке ғылымдар жетістіктерінің ықшамдалғам және тиісінше нашарлаған нұсқасымен ғана жарамды болып көрінді. Ол кең таралған философияның болу фактісін мойындағысы келмеді, ондай философия болмыстың элементарлық мәселелерімен тығыз айналысу нәтижесінде пайда болады, аталған мәселелер туралы жекелеген индивидтер де сондай­ақ бұқара да ойлануы тиіс және ойланады, бұл барлығын қамтитын және неғұрлым жетілген ойлау үдерісінде осы мәселелерді тереңдете түседі және сондай күйінде оларды адамзат қоғамына қайтадан ұсынады. Ол кез келген философияның құндылығы түптің түбінде оның қабілеттілігімен нағыз кең таралған философияға айналатындығымен санаспады. Кез келген тереңдік ­ бүл сонымен қатар ол қарапайымдылық, және оған оның барлық ақиқатпен байланысы қамтамасыз етілгенде ғана қол жеткізілуі мүмкін. Ол мынадай жағдайда абстракцияны білдіреді, яғни өздігінен өмірді әралуандық көріністерінде фактілермен кездескен кезде ғана оны иеленеді. Демек, бұқараның ой­санасын барлық сыншылдық және ізденушілік әуре­сарсаңға түсіруге душар етті, өйткені, біздің философиямызда ол тану мен қолдау таба алмады. Осы көнбіс ойлаудың алдында бос кеңістік ашылды, ол оның шеңберінен шығып кете алмады. Философияда, бейнелеп айтсақ, бұрынғы кезде алтыннан соғылған дүниелер мол болды. Келешек теориялық дүниетанымның гипотезалары оның жертөлесіне лықа толған кәдеге асырылмаған алтын күй малары тәрізді. Сол оз заманының рухани аштығынан құтқаратын тамақ философияда болған жоқ. Ол өзінің қолында еліктіретін және мол қазынасы бола тұра уақыттан ұтылып, болашақта асырайтын дән сеуіп, өнім жинаудан құр қалды. Сондықтан ол дәуір бастан кешкен аштықты көргісі келмеді, бірақ соңғысын оның оз тағдырына жазды. Ойлау өзіне тән сипат бойынша дүниетанымды оптимистік­этикалық тұрғыдан тұжырымдауға және одан мәдениеттің рухын құрайтын идеалдар негізін табуға шамасы келмеуінде философияның кінәсі жоқ. Бұл арада ойлаудың дамуында пайда болған әлдебір жаңа факт өз ролін атқарды. Бірақ философия біздің дүние алдында осы фактіні анықтамағаны үшін және шын мәнінде мәдениет прогресіне ықпал етуді іздестірген болып иллюзияның шырмауында қалуды жалғастырғаны үшін кінәлі. Философия өзінің соңғы мақсатына орай жалпыға ортақ ой­сананың жаршысы және күзетшісі болып табы¬лады. Оның міндеті ­ біздің дүниеміз алдында ақыл­ойға негізделген этикалық идеалдар бұрынғыдай барлығын қамтитын дүниетанымдағы тіректі таба алмайды, ал жақсы кезеңге дейін өз­өзімен болып келді және өзінің ішкі күшіне сүйене отырып, дүниеде өзін дәлелдеуге мәжбүр болды. Ол адамдарды мәдениет арқа сүйейтін идеалдар үшін күресу қажеттігіне сендіруі тиіс болатын. Ол бұл идеалдарды өздігінен, олардың іштей ақиқаттылығын негіздеуге тырысуы керек еді, және осындай жолмен, тіпті тиісті барлығын қамтитын дүниетанымнан өмірлік күштердің ағынысыз, олардың өміршеңдігін қолдауы керек еді. Білімді және білімсіз адамдардың назарын мәдениет идеалдарының проблемасына барлық күш­жігермен тартуға тиіс болатын.

Бірақ бәрімен айналысқан философия мәдениетке онша мән бере қоймады. Ол ештеңеге қарамастан теориялық барлығын қамтитын дүниетанымды жасауға сенім артып, ол барлық проблеманы шешуге көмектеседі деп өзінің күш­мүмкіндігін текке жұмсауды жалғастыра берді. Философия тарихқа және жаратылыс ғылымдарына арқа сүйейтін және тиісінше оптимизм және этикалық тәрізді сапалардан айырылған, тіпті аяқталған күйінде «күшті емес» дүниетаным болып қала беретін, мәдениет идеалдарын негіздеу мен қолдау үшін қажетті энергияны ешқашан туғыза алмайтын мұндай дүниетаным туралы ойланбады. Нәтижесінде философия мәдениетке аз көңіл бөлді, тіпті өзінің де өз уақытымен бірге барған сайын мәдениетсіздік жай­күйіне жылыстап бара жатқанын сезіне қоймады. Қауіп­ қатер төнген кезде бізді ескертетін күзетші қалғып кетті. Міне, өзіміздің мәдениетіміз үшін күресуге тырыспағанымыздың сыры осында жатыр. ІІ Біздің экономикалық және рухани өміріміздегі мәдениетке қарсы туратын жағдайлар Біздің кезеңімізге мәдениеттің құлдырауының шешуші себебі ретінде ойлаудың қанағаттанғысыздығымен қатар мәдениеттің қалыптасуы үшін күресті қиындататын басқа да көптеген жағдайлармен бетпе­бет келуіне тура келеді. Бұл жағдайлар рухани өмірде де, сондай­ақ экономикалық өмірде де орнығады, және экономикалық және рухани бастаулар арасындағы қолайсыз қалыптасқан өзара іс­әрекетімен айқындалады. Қазіргі заманғы адамның мәдениеттің мәнін түсінуге қабілеттілігі және оның мүдделеріне сай әрекет етуі үзілген, өйткені, ол қойылған шарттар оның құндылығын кемітеді және психикалық жағынан жаралайды. Жалпы алғанда мәдениеттің дамуы адамзат прогресіне ықпал етуге арналған парасатты идеалдардан тұрады, олар ондағы шындықпен айтыса отырып, индивидтермен қабылданады және, бұл орайда олардың адам өмірінің жағдайларына неғұрлым тиімді және мақсатты түрде әсер етуге жәрдемдеседі. Демек, адамның қабілеттілігі мәдениетті пайдаланушы бола алады, яғни оны түсінеді және сол үшін әрекет етеді, бұл оның қандай дәрежеде ой­өрісіне және еркіндігіне байланысты. Ол жалпы алғанда парасатты идеалдарды ойлап табуға және лайықты түрде көрсете алатындай болуы тиіс. Ал еркіндігі өзінің парасатты идеалдарын универсумға таратуға қабілетті болуы үшін керек. Ол өзі қандайда жолмен болсын тіршілік ету үшін күреске түсетін болса, оның парасатты идеалдарында өзінің жеке болмыс шарттарын жақсартуға деген ұмтылысын айқын білдіре түседі. Мұндай жағдайда мүдделерден туындаған идеал¬дар мәдениеттің идеалдарын бойына сіңіреді және оның айқындылығы мен жүйелілігінен айырады. Материалдық және рухани бостандық арасында ішкі бірлік болады. Мәдениет еркін адамдардың болуын қалайды, өйткені, тек олар ғана өмірге оның принциптерін жасай алады және іске асырады. Қазіргі адам өзінің еркіндігімен де, сондай­ақ ойлау қабілетімен де шектеулі. Егер біркелкі және берік әл­ауқат Жер шарының неғұрлым қалың бұқарасы үшін қол жететіндей болып қалыптасатын болса, онда мәдениет барлық материалдық жетістіктерге қарағанда одан неғұрлым артықшылыққа не болар еді. Материалдық жетістіктер, әрине, адамзатты бұрынғыдай емес, табиғаттан неғұрлым тәуелсіз етеді. Сонымен қатар, адамзаттың өзінің ішінде тәуелсіз адамдардың санын кеміте түседі. Қолөнерші машинаның пайда болуымен фабриканың жүмысшысына айналады. Тәуелсіз коммерсанттың орнын көбінесе шенеунік иеленіп алады, қазіргі заманғы өндірістің күрделі жағдайында тіршілік жасауға мүмкіндікті тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана иеленеді. Тіпті азды­көпті ірі меншігін сақтап қалған немесе азды­көпті тәуелсіз қызметке құқығын қорғап қалған қоғам мүшелері қазіргі заманғы экономикалық жүйеге тән болашаққа деген сенімсіздіктен барған сайын өзін сақтау үшін күреске көбірек тартылады. Пайда болатын тәуелділік пен бағыныштылық өндірістік өмірдің барған сайын адамдарды ірі агломерацияға біріктіруіне орай күшейе береді, оларды асыраушы жер¬дей, өзінің үйінен және табиғаттан қол үздіреді. Сол арқылы адамдар психикалық жағынан ауыр соққы алады. Өзінің жер учаскесінен және өзінің жеке меншік үйінен айырылған адам жаратылысқа жат өмірді бастайды. Әрине, бірдей дәрежеде бұзылған тіршілік жағдайларын қорғау үшін біріккен көптеген адамдардың идеалдар мүдделерінде сондай­ақ мәдениетке қатысты талаптар да болады, өйткені, материалдық жағдайды жақсарту міндеті алға қойылады, сол арқылы болмыстық рухани жағдайларды да жақсарту ұсынылады. Бірақ мұндай талаптар мәдениет ұғымы үшін қауіпсіз де емес, өйткені, олар өздерінің көрінісін табатын тұжырымдама не жалпы алғанда адамзаттың неғұрлым ортақ мүдделеріне қатыссыз болып, не олардың аз ғана ықпалымен қалыптасады. Бүл мүдделерден туындаған және мәдениет үшін бір­бірімен түйісетін қарама­ қайшы идеалдар мәдениетке қатысты ойлануға ықпал етпейді.

Читайте также:  Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретiн менеджмент жүйелерiн енгiзу

Адамдардың шамадан тыс тырысушылығы тәуелсіз тіршілікпен органикалық жағынан байланысты. Екі немесе үш ұрпақ бойы көптеген индивидтер адам ретінде емес, жұмыс күші ретінде өмір сүреді. Сонда еңбектің рухани және өнегелілік мәні туралы не айтуға болады, өйткені, бүл олардың еңбектеріне қатыссыз болады. Қоғамның барлық қабаттарында қазіргі заманғы адамның әдеттегі шамадан тыс қолы тимейтіндігі ондағы рухани бастаудың құрып кетуіне әкеп соқтырады. Жанама түрде ол бала кезінен­ақ оның құрбанына айналады. Еңбектің қатыгез талаптарына әбден берілген оның ата­анасы оған қажетті көңіл бөлуге шамасы келмейді. Соның нәтижесінде оның дамуына қажет болған нәрселердің бәрі келмеске кетеді. Кейін оның өзі де шамадан тыс тырысушылықтың құрығына ілініп, сыртқы дүние әсерінің қажеттілігін қатты сезіне бастайды. Жұмыстан бос уақытында өзіне­өзі қарауға, маңызды тақырыпқа әңгімелесу немесе кітап оқу оған оңайға түсе қоймайды. Көңілін көтеруге, қиындықтың бәрін ұмытуға, өзін бір сәт еркін сезінуге деген құштарлық туындайды. Ол таным мен дамуды емес, көңіл көтеру арқылы аз да болса рухани л ықты іздейді. Миллиондаған адамдардың осындай бірігуге қабілетсіз шашыраңқы ой­санасының қалыптасуы білімге, сондай­ақ мәдениетке қызмет етуге арналған барлық институттарға кері әсерін тигізеді. Театр көрініске, ал әдебиет көңіл көтерушілікке жол береді. Журналдар мен газеттер оқырмандарға олардың ой­өрісіне шақ келетін фактілерді айтумен шектеледі. Қазіргі басылымдарды осыдан елу­алпыс жыл бұрынғыларымен салыстырсаңыз, баспасөздің қаншалықты өзгергеніне көз жеткізу қиын емес. Рухани өмірге ықпал ететін институттар арзан ойлылық пен үстірттіктің рухтың ыңғайына қарай жығылып, қоғамның сондай жай­күйге жылжуына ықпал етеді және оған сүреңсіздік пен руханисыздықтың сарынын береді. Ойсыздық адамның екінші қасиетіне айналды десе болады. Оны айналадағы адамдармен сөйлескенде байқау қиын емес. Ондай адамдармен әңгімелескенде ол жалпы тұжырымдармен шектелуге және шын мәнінде әңгімені ой бөлісуге айналдырмауға тырысады. Оның өзінің алып қосары жоқ, тіпті өзінің ойындағысын айту талап етіле ме деген қорқынышы да болады. Бытыраңқылардың қоғамымен туындаған рух біздің көз алдымызда тұрақты беки түсетін күш болып көрінеді. Бізде адам туралы ықшамдалған ұғым қалыптасады. Біз басқадан да, өзімізден де еңбеккердің ыждағаттылығын іздейміз, соған сәйкес одан жоғары тұратын ештеңе болмауы тиіс. Еріксіз тіршілік ету мен бытыраңқылық тұрғысынан алғанда, неғұрлым қолайсыз жағдай үлкен қалалар тұрғындарының өмір сүру жағдайында қалыптасқан. Тиісінше ол рухани құлдырау қатеріне көбірек ұшыраған. Жалпы ірі қалалар рухани тұлғалықтың деңгейіне көтерген адам идеалы туындайтын мағынада қашан мәдениет орталығы болып еді? Қазіргі кезде үлкен қалалар мен оның тұрғындарынан таралатын рухтың азуынан нағыз мәдениетті құтқарып қалу керек. Қазіргі заманғы адамдардың еріксіз жай­күйі мен бытыраңқылығына мәдениеттің тағы бір психикалық тежегіші ретінде олардың шектеулілігі келіп қосылады. Ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің орасан зор деңгейде өсуі индивидтің қызмет аясы тек бір ғана саламен шектеліп қалуға әкеп соқтырады. Жекелеген индивидтердің жоғары өндірістік жетістіктерінің өзара ықпалдастығын қамтамасыз етіп еңбекті ұйымдастыру үстемдік ететін болады. Алынған нәтижелер керемет. Бірақ еңбеккердің рухани мәнге деген сенімін оның еңбегі бұзып кетеді. Мұндайда адам қабілеттілігінің бір бөлігі ғана қолданысқа түседі, бұл оз кезегінде оның рухани мәнділігіне кері эсерін тигізеді. Өндірістік міндеттердің әралуандығында орныққан жеке тұлғаны қалыптастыратын күштер олардың әралуандығының жұтаңдығында және аз рухани мәнінде сарқылады. Қазіргі шебер өз кәсібінің қыр­сырын өзінен бұрынғы шеберлердей біле бермейді. Бұрынғы шеберлерден оның айырмашылығы ол ағашты немесе металды өңдеудің барлық әдістерін меңгермеген, өйткені, оның жұмысына басқа адамдар мен машиналардың улесі аз емес. Қазіргі жұмысшының тапқырлығы мен тәжірибесі жаңа жүйеде қажетсіз болып қалады.

Шығармашылық және көркемдік бастау онда құриды. Өзінің бар ынта­жігерін, шеберлігін салып еткен еңбектен алатын рахат енді жеке тәжірибені елемей, ортақ жетілмегенді білдіртпейтін масаттанушылыққа айналады. Адамзат қызметінің барлық салаларында, әсіресе ғылымда, индивид үшін де, сондай­ақ қоғамның рухани өмірі үшін де тұтастай алғанда тар маманданудың қатері барған сайын күшейіп барады. Жастарға өзінің жан­жақтылығымен ерекшеленбейтін, жекелеген жеке ғылымдардың өзара байланысын ашып бере алмайтын, олардың табиғи ауқымын айта алмайтын адамдардың сабақ беруі коп жайдан хабар береді. Еңбекті мамандандыру мен ұйымдастыру қазіргі заманғы адамның психикасына әлі де болса онша кері эсер ете алған жоқ, бірақ оны мүлдем қажеті жоқ жерге де енгізуге деген ұмтылыс орын алған. Әкімшілік басқаруда, оқытуда және басқа салаларда қадағалау жүйесінің және барлық мүмкін болатын реттеудің көмегімен адамдардың табиғи қызметінің аясы барған сайын тарылып барады. Кейбір елдерде қазіргі заманғы оқытушы өзінің бұрынғы заманда өткен әріптестерімен салыстырғанда қаншалықты еріксіз екендігіне мән беріп көріңізші! Осындай шектеудің нәтижесінде оның сабақ беруі сүреңсіз әрі жұтаң екенін көресіз! Біздің еңбегіміздің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес біз өзімізге тән рухани бастауды және біздің дербестігімізді қоғамның материалдық жетістіктері өсуіне орай жоғалтып алдық. Біз бұл арада қатал заңдылықтың әрекетін көреміз, соған сәйкес бірінен ұту болса, екіншісінде ұтылыс орын алады. Еріксіз, бытыраңқы, шектелген қазіргі заманғы адам сонымен бір мезгілде ізгіліктен айырылу қаупінде тур. Адамның адаммен қалыпты қатынасы біз үшін қиындай түсті. Біздің өмір салтымызға тән үнемі асығыстық, шектеулі кеңістіктегі өзара қарым­қатынас жасаудың, бірлескен еңбектің және бірлескен тұрмыстың интенсификациясы біздің бір­бірімізбен әралуан жағдайларда кездесе отырып, бірімізді біріміз бөтенсуге, өзіңді өзгелерден алшақ ұстауға тырысуға әкеп соқтырады. Біздің тұрмыстың жағдайы адамның адамға қарым­қатынас жасауындай бір­ бірімізге иліге алмаймыз. Адамзат табиғатына тән қызметтегі бізге таңылған шектеу әмбебаптық және жүйелілік сипат алатындығы сондай, біз оған көндігіп кетеміз, өзіміздің кескінсіз мінез­құлығымыздың ешқандай оғаштығы жоқтай болып көрінеді. Біз сол немесе басқа жағдайларда өз жақындарыңа нағыз адами көзқарасты білдіре алмайтындығымызға бұрынғыдай қинала қоймаймыз, содан келіп мүмкін болатын және орынды нағыз адами қарым­қатынастардан қол үзіп, қожырауға ұшыраймыз. Үлкен қала тұрғынының психикасы бұл тұрғыдан алғанда соншалықты қолайсыз ықпалдың шылауында қалады және содан кейін өз кезегінде қоғамның рухани өмірінің жай­ күйіне қолайсыз әсер етеді. Біз өзіміздің туысқандарымызға туыстық сезімді жоғалтамыз және сөйтіп, ізгілікке қарсы тұратын жолға түскенімізді сезбей де қаламыз. Санасынан айырылған кез келген адам бізді адам ретінде толғандыра қоймайды, сонда мәдениет пен этиканың тірегі шайқалады. Ізгіліктің құлдырауы мұндай жағдайда тек уақыттың ғана мәселесі болып қалады. Шын мәнінде де, міне, екі ұрпақтың өмірі бойына біздің арамызда логикалық принциптердің беделімен бекітілген ізгілікке жат идеялар өзінің ұсқынсыз кейпімен орнығып алған. Қоғамда индивидтерді ізгіліктен бөліп алып кететін көзқарастар қалыптасты. Табиғаттан адамға тән нәрсе жақыныңа деген тілектестік жоғалады. Оның орнына көп немесе аз мөлшерде әралуан формаларда көрінетін абсолюттік индифференттік келеді. Танымайтын адамдармен қарым­қатынаста паңдық пен қатынаспаушылық ендігі жерде ішкі мәдениетсіздік пен дөрекілік болып көрінбейді, оны керісінше зайырлы мінез­құлық деп есептейді. Иә, біздің қоғамның өзі адамдардың бәрін адами құндылық және адами адамгершілік тұрғысынан қараудан қалды. Адамзаттың белгілі бір бөлігі біз үшін адами материалға, затқа айналды. Ондаған жылдар ішінде, соғыстар мен жаулап алушылықтар туралы айтқанда, оны тура шахмат тақтасындағы қақтығыстардай қиналмай, жеңіл түрде айтылса, онда бүл жалпыға ортақ сендірудің нәтижесі болып шығады, яғни адам тағдырлары ­ бүл тізілген сандар, белгілі бір статистикалық материал, басқа ештеңе де емес. Ал соғыс басталған кезде біздің санамызға сіңген ізгілікке жат пиғылдар кең көлемде бас көтерді. Ақ нәсілді халықтардың қаншама айуандық істері соңғы онжылдықтарда біздің отар елдердің әдебиеттерінде көрініс тапты. Осыдан жиырма жыл бұрын Еуропа құрлығындағы елдердің біріндегі парламентте депортацияланған негрлердің аштық пен жұқпалы аурулардан жаппай қырылуы туралы жасалған баяндамада олардың өлімін тура малға айтылатындай «шығын болды» деген сөз қолданғанда жиналғандар оны қалыпты түрде қабылдады. Қазіргі мектептерде сабақ беруде және оқулық құралдарында ізгілікті мүлдем ығыстырып тастады, ол адамды тәрбиелеудегі ең қарапайым әрі ең қажетті ақиқат болудан қалды, тіпті ізгілікті сыртқы жағдайлардың әсерінен қорғау және біздің ұрпағымызды тәрбиелеуге қолданудың ешқандай қажеттігі жоқ сияқты. Ізгілік рухы бұрын тек мектепте ғана емес, әдебиетте де, тіпті шытырман оқиғалы кітапта да бірінші кезекте айтылды.

Читайте также:  Ғұндар туралы слайд

Дефоның атақты романында Робинзон Крузо ізгілік мәселесі туралы үнемі ойланады. Ол тіпті өзі қорғануға тура келгенде де адам өмірін жоғары бағалайды, ол ізгілік идеясына соншалықты мән береді, сондықтан оның шытырман оқиғалы өмірінде ізгіліктің орны бөлек. Қазіргі кездегі осы жанрда жазыла тын шығармалар ішінен адамзат рухын соншалықты бере білген біреуін табуға бола ма? Мәдениетке сондай­ақ біздің қоғамдық жағдайлардың шамадан тыс ұйымдастырлуы кері әсерін тигізеді. Ұйымдасқан қоғам мәдениеттің алғышарты және сонымен бір мезгілде оның салдары болып табылады, сондай­ақ белгілі бір кезеңде қоғамның сыртқы ұйымдастырылуы рухани өмір есебінен жүзеге асырылады. Жеке тұлғалық пен идеялар қоғам институттарының ықпалына түседі, онымен бірлесе отырып, ондағы тіршілік бастауын қолдайды. Қандайда бір салада бәрін қамтитын ұйым құру алғашқы кезде тамаша нәтижелер береді, бірақ арада белгілі бір уақыт өткеннен кейін бастапқы тиімділік біртіндеп азая бастайды. Алғашқыда бұрыннан келе жатқан байлық көрініс табады, ал одан кейін тіршілік иесін және бастапқы жағдайды бағаламау мен жоққа шығару салдары пайда болады. Ұйымдастыру жүйелі түрде енгізілген сайын өндіруші және рухани бастауға оның тежегіш ықпалы күштірек көрінеді. Шамадан тыс бәрін қамтиды. Және орталықтандырылған басқарудан кейіндеп қалған, экономикалық рухани өмір салдарын жоя алмайтын мәдениетті мемлекеттер бар. Орманды саябаққа айналдыру және оны сондай күйде ұстау белгілі бір жағдайда дұрыс болып көрінеді. Бірақ орманның табиғи түрде өсуі туралы әңгіме қозғау бүл жерде мүмкін еместігі тағы белгілі. Саяси, діни және экономикалық бірлестіктер қазіргі кезде олардың ішкі бірлігіне барынша ықпал ететін ұйымдастыру құрылымына ұмтылуда, ал сол арқылы сырттан әсер етудің жоғары дәрежедегі қабілеттілігі пайда болады. Бірігудің кез келген үдерісінің техникалық жағын құрайтын ұйымдастыру принциптері, тәртіп және т.б. бұрын­соңды болып көрмеген жетілдіру деңгейіне жеткізіледі, мақсатқа қол жетеді. Бірақ осы барлық бірлестіктер ендігі жерде тірі организм ретінде әрекет етуден қалады және жетілдірілген машиналарға көбірек ұқсайды. Олардың ішкі өмірі кедейленеді және көп қырлы болу қасиетінен айырылады, өйткені, жеке тұлға оларға мүлдем сіңісіп кетеді. Біздің барлық рухани өміріміз ұйымдастыру шеңберінде өтеді. Қазіргі заманғы адам бала кезінен бастап тәртіпке үйренеді, өзіне тән тіршілік ету дағдысы туралы ойдан бас тартады және өзінің корпорациясының мүдделерін ғана басшылыққа алады. XVIII ғасырдағы кезінде даңқы шыққан адамдар мен идеялар арасындағы қақтығысқа қазір жол берілмейді. Ол кезде ізгілік топтық пікірлер алдында мойындалған жоқ. Кез келген идеяның тағдыры оны кеке ой­ сананың қабылдауына және қолдауға байланысты болды. Қазіргі кезде үстемдік ететін ұйымдасқан бірлестіктерге деген құрмет үйреншікті ережеге айналды, мұндай талассыз ой­ пікір мөлшері әркез алдын ала анықталып қойылды. Осы ой­пікірді ешқандай сынға алуға, тіпті талқылауға болмайды. Мұндай жағдай бізді ойлайтын тіршілік иесі ретінде ойлау, сенім қабілеттерімізді шектеп і астайтындай көрінеді. Қазіргі заманғы адамды қоғамның жұтып қоюы, шын мәнінде оның мәнінің неғұрлым өзіне тән сипаты болып табылады десек қателеспейміз. Адамның өзіне өзі жеткіліксіз көңіл бөлуі қоғам және оның институттары арқылы дайын күйінде ұсынылатын сенімдердің шылауында кетуге әкеп соқтырады. Сонымен қатар қоғамның рухани өмірдегі бұрын­соңды болып көрмеген қуатымен ұйымдастыруға қол жеткізуі, қазіргі заманғы адамның қоғамға қатысты дербессіздігі оның өзіндік рухани өмірін мүлдем құлдырауына душар еткізеді. Ол соққылар мен қысым түсуден сыртының жылтыры кетіп, мыж­мыж шығып әбден тозған допқа ұқсайды. Қоғам оны өзінің икеміне көндіреді. Адам одан өзінің өмір сүруіне қажетті ұлттық, саяси, діни немесе атеистік сенімдерді дайын тауар ретінде қабылдап алады. Қазіргі заманғы адамның сыртқы күштің әсеріне шамадан тыс икемділігі оның өзіне әлсіздік белгісі болып көрінбейді. Ол оны жетістік ретінде қабылдайды. Ол ұжымшылдықтың идеясына шексіз рухани тұрғыдан берілуі қазіргі заманғы адамды бағалаудағы өлшем екендігіне сенімді болады. Жаратылысынан өзіне тән адамдармен қарым­қатынас жасау қасиетін ол енді фанатикалық тұрғыдан барлық ұжымдық бастауға бағындыруға айналдырып жібереді. Өйткені, біз индивидуалдықтың ажырамас құқықтарынан бас тартамыз, сол арқылы біздің ұрпақ қандайда бір жаңа идеяны ұсынуға немесе қол жеткенді жаңғыртуға келгенде қабілетсіз.

Ол оны өзінің басынан өткізуге бейімделген, бұрыннан енгізілген идеялардың беделі үлкен болады, барған сайын біржақты сипат алады және адамдарға үстемдік етіп, өзінің қауіпті салдарын көрсетеді. Біз жаңа орта ғасыр кезеңіне осылай өттік. Ойлау бостандығы жалпыға ортақ ерік актісімен қолданыстан шығып қалды, сондықтан миллиондаған индивидтер ойлау құқығынан бас тартады және тек корпорацияға қатыстылығын ғана басшылыққа алады. Біз рухани бостандықты осы миллиондаған адамдар қайтадан рухани дербестікке қол жеткізгенде және ұйымдарға интеллектуалды жұмыс істеп, оларға өзінің қатынасында лайықты және табиғи формасын тапқанда ғана иелене аламыз. Қазіргі заманғы ортағасырлықтан құтылу бұрынғысынан әлдеқайда қиын болады. Ол кезде тарихи негізделген сыртқы билікке қарсы күрес жүргізілді. Ал қазіргі кезде әңгіме миллиондаған индивидтерді өз еркімен мойынына ілген дербессіздік қамытынан босатудың жолдары туралы болып отыр. Одан асқан қиын міндет болуы мүмкін бе? Біз әлі де санамызбен рухани кедейлікке ене қойған жоқпыз. Жылдан жылға жеке түрде ойлауды бір мезгілде жоққа шығару кезінде ұжымдық пікірлерді тарату мәселесі барған сайын өрістеп барады. Бүл орайда қолданыстағы әдістер жетілгені және мойындалғаны соншалық, қоғамдық пікірге орынды делінетін ең мағынасыз идеяны енгізуге кез келген тырысушылықты алдын ала ақтау қажеттігі болмай қалады. Соғыс кезінде ойлаудың тәртіптілігі жетілдірілді, және насихат сол жылдары шындықтың орнын басты. Өз ойлауымыздың тәуелсіздігінен бас тарта отырып, біз ақиқат шындыққа деген сенімімізді жоғалтып алдық, басқалай болуы мүмкін емес деп тұжырымдадық. Біздің рухани өміріміз ыдыраған. Біздің қоғамдық өмірдің шамадан тыс ұйымдастырылуы ойсыздықтың ұйымдастырылуына барып қосылады. Индивид пен қоғам арасындағы қатынастар тек интеллектуалды тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге этикалық жағынан да бүлінген. Қазіргі заманғы адам өзінің дербес пікірінен қол үзе отырып, өзінің дербес өнегелілік пайымдауынан бас тартады. Жақсыны танығысы келсе, қоғам оны сөзбен де, іспен де оны жоққа шығарып, талқыға салып, оны ақымақ етіп шығарады, ол ондағы туындап келе жатқан күмәнді өзгенің алдында да, өзінің алдында да жарыққа шығармай тұншықтырып тастайды. Оның сезінуі п j бетінше көріне алмай, ұжымдық бағыныштылық аясынан шыға алмайды. Соның нәтижесінде ол өзінің пайымдауын бұқараның пайымдауына және өзінің өнегелілігін бұқараның өнегелігіне бағындырады. Ол әсіресе өз халқының мән­мағынасыз, қатыгез, .әділетсіз және ақымақ әрекеттерін кешіруге бейім тұрады. Біздің мәдениетсіз мәдениетті мемлекеттер азаматтарының басым бөлігі өнегелі тұлғалар ретінде пайымдауға бара бермейді, қоғаммен үнемі ішкі шиеленістерге барғысы жоқ және қоғамның мүдделеріне мүлдем қайшы келетін пікірлерін тұншықтырып тастайды. Бір ізге салынған ұжымдық пікір оларға бұл орайда көмектеседі, өйткені ол ұжымның іс­ әрекеті өнегеліліктің ауқымымен ғана емес, сонымен қатар тиімділігі мен қолайлы болуына байланысты өлшенуге тиісті екендігі сендіреді. Бірақ нәтижесінде олардың рухтары зиянға ұшырайды. Егер біздің замандастарымыздың арасында жоғары адамгершілігі мен өнегелілік сезімі бар адамдар аз кездесетін болса, бүл қоғамға оппозиция болатындай және оны жетілдіруге бастайтын күш болудың орнына өзінің жеке өнегелілігін отанының жолында құрбан етушілікке саятындығынан деп білу керек.

Оставить комментарий