Мәдениеттің ойындық элементін анықтау тәжірибесі

Біздер, адамдар, Ақыл­ойды өзімізше қадірлеп ардақ тұтқан жарқын бейнелі XVIII ғасырда бізге аңғырттықпен ой­санамызға сіңіргендей, аса ақылды бола қоймаған шақта, біздің түр­сипатымызға атау беру үшін Homo sapiens­пен қатар тағы бір Homo faber­ді, адам­ жаратушыны қойыпты. Біріншіге қарағанда, екінші термин біршама тәуір шыққан, өйткені faberi, жаратушылар, мән­маңыз және кейбір жануарлар болып саналады. Жаратушы үшін әділ болмақтың баршасы ойын үшін де әділ болмақ. Сонда да маған Homo ludens, ойнаушы жан жаратушы адам ретіндегі елеулі функция атқаруды білдіреді, және де ол Homo faber­мен бір қатарда тұрып өз орнын алуға тиісті. Бұрыннан келе жатқан бір ой былай демек, әгәрки кез келген адамдық іс­қызметті біздің санамыздың соңғы шегіне жеткізіп талдайтын болсақ, онда ол ойын мағынасынан әріге ұзай қоймайды. Кімде кім осы метафизикалық қорытындыға разылық танытса, ол адамға бүл кітапты оқудың қажеті шамалы. Маған қалай болғанда да ол, әлемде бізді қоршап тұрған барлық нәрсенің ерекшелікті жәйті ретінде ойынды назардан қағыс қалдыру үшін, жеткілікті дәрежедегі негіз болып көрінбейді. Сонау кездерден бері адамдық мәдениет ойында ойын сияқты туындайды және өрістейді деген сенімге аяқты нық тіредім. Мен үшін проблема ойынның мәдениеттегі басқа да талай құбылыстар арасында қаншалықты орынға ие болатындығында емес, керісінше, мәдениеттің нақ өзі қаншалықты ойындық сипатқа ие деген тұжырымға байланысты болған еді. Мен үшін маңыздысы ­ бұған да осы сияқты жан­жақты баян етілген штудия ­ ойын ұғымы, егер осылай бейнелеп айтар болсақ, оны мәдениет ұғымына біріктіру болатын. Ойын бүл арада ­ басқаша немесе бірінші кезекте биологиялық функция сияқты емес, мәдениет құбылысы ретінде қарастырылады, және культурологиялық ойлау құралдарымен зерттеліп, талданады. Оқырманның өзі­ақ, менің қаншалықты мүмкін боларлықтай дәрежеде ойынды психологиялық мән­мазмұнда егжей­тегжейлі түсіндіріп беруден бой тартатындығымды, мейлі ол қандай дәрежеде маңызды бола­ақ қойсын, байқайтын болар, әрі мен қажеттілікке орай фактілерге және әр түрлі халықтардың тұрмыс­тіршілік ақиқатына барынша бойлай түсетін тұстардың өзінде де, этнология ұғымдары мен айғақтарын барынша там­тұмдап қолданамын. «Магиялық» термині, мәселен, кітапта бар болғаны бір ғана рет ­ жалқы рет қана ұшырасады, «тапа» термині және осы сияқтылар мүлде де ауызға алынбайды. Егер де мен өз тұжырымдарымды тезистер түрінде жинақтайтын болсам, онда олардың бірі шамамен, былайша айтылған болар еді: «Этнология және оған туыстас ғылымдар ойын ұғымына мүлде аз орын қалдырады». Кез келген жағдайда ойынға қатысты ортақ қолданыстағы терминологияда маған бүл жеткілікті болған жоқ. Мен сын есімдегі «ойын» сөзіне ұдайы түрдегі қажеттілікті бастан кешіріп отырдым, бұл сөз жай ғана «ойынға немесе ойын үдерісіне тиесілі нәрсе» дегенді білдірер еді. Speels (ойынпаз, әзілқой) бүл жерде кәдеге аспауы мүмкін емес­тұғын, бұл сын есім мейлінше өзіндік, ерекшелікті мәнге ие. Сондықтан да мен өзіме «ludiek» («ойындық») сөзін енгізуге мұрсат етпекшімін. Шамаланып отырған сөзүлгі латында болмаса да, дыбысталуы жағынан оған жақын саналатын «ludique» француз тіліндегі психология бойынша жазылған шығармаларда ара­тұра кездесіп қалады. Енді, мен оз жұмысымды жұртшылық талқысына ұсынған кезімде, оған жұмсалған қисапсыз күш­жігерге қарамастан, менің бойымды қорқыныш билеп алады, көптеген кісілер бүл кітапты аса нанымды болып шықпаған құжат жүзіндегі импровизация ретінде түйсініп қабылдайды. Жекелей алғанда, мәдениет проблемасын зерттеуді қолға алған әрбір адамның тағдыр­талайы осындай, өйткені оған әрбір жолы өзі үшін тәуекел­тауқыметі мол көптеген салаларға терең бойлауға тура келеді, бұларға бойлай келе ол өзін үйіндегідей жайлы сезіне алмасы анық. Дегенмен, білімнің барлық ақтаңдақтарын күнілгері толтыру мүмкіндігі мен үшін сарқылып­ақ қалғандай еді, және мен әрбір титімдей нәрсе бойынша тиісті дерек көздерін сілтемелерден іздеп тауып отырдым.

Мәселе мен үшін былайша қойылды: қазір жазу керек пе немесе мүлде жазбау керек пе. Менің жүрегімде ұялаған жайлар туралы. Сөйтіп, мен жазып шықтым. Лейден, 1938 жылдың 15 маусымы I. Табиғат пен ойын мәні мәдениет құбылыстары ретінде Ойын өзінің пайда болу құбылысы жағынан мәдениеттен ертерек мезгілде дамыған, өйткені, мәдениет ұғымы, оны жұрт қаншалықты жетілмеген дәрежеде анықтап­ақ қойса да, кез келген жағдайда адамзат қауымы оны осылайша қарастырады, ал жан­жануарлар өздерін ойнату үшін қажетті болып табылатын адамның пайда болуын әсте де күтпеген. Иә, адамзат өркениеті ойынның жалпы ұғымына ешбір елеулі дәрежедегі нышан­белгіні әлі енгізе қоймады деп енді сенімділікпен айтуға болатындай. Жан­жануарлар да құдды адамдар сияқты ойнайды. Ойынның күллі негізгі сипаттары жан­жануарлардың ойынында да бар. Олар бір­ бірін салтанатты кескін­кейіптер мен ым­белгілердің ұқсастығын пайдаланып, бірге ойнауға шақырады. Олар қалыптасқан бағзы қағида­ережені сақтайды, мысалы, ойын барысында серіктесінің құлағын қыршып алуға болмайды. Олар сырт көзге барынша ызалы болып көрінеді. Маңыздысы сол, олар әдетте осылай ете отырып, зор ләззат пен қуаныш сезіміне бөленеді. Мұндай ойын асыр салып ойнақтағандардың көңілін көтереді ­ бүл жан­ жануарлардың ойынының қарабайыр түрлерінің бірі ғана. Ойынның будан да жоғары сатыдағы, бұдан да дами түскен түрлері бар: аталған жарыстар мен көңіл көтеру көріністері барша көрермендерге арналған. Бұл арада салған жерден мейлінше маңызды саналатын тармақты айрықша атай кету қажет. Ойын өзінің қарапайым түрлерінде және жан­жануарлардың өмірінде­ақ таза күйдегі физиологиялық құбылысқа немесе физиологиялық жағынан байланысты болып келетін нақты реакцияға қарағанда оған қатысты әлдебір үлкен де зор мағынаны білдірмек. Ойын ­ мән­ мағынаның алуан қырлары бейнеленген мазмұнды функция. Ойын барысында оны «қоштап отырады», онда тіршілік қалпын жандандыруға тікелей ұмтылыс танытудан асып кететін әлдебір нәрсе бой көрсетеді және аталған әрекетке белгілі бір мағына үстейді. Қайсы бір ойын әлденені білдіреді. Егер, ойынға оз мән­маңызынан хабар беретін осы бір белсенді қағиданы рух деп атасақ, бұл әсірелегендік болып шығар еді; оны түйсік деп атасақ ­ ештеңе айтпағандық деген сөз. Оған біз қалай қарамайық, не болғанда да ойынның бүл «мәнімен» ойынның шын мәнісіндегі әлдебір имматериалдық элементті айқын таниды. Психология мен физиология коп уақыттан бері жан­жануарлардың, балалар мен ересектердің байқап бақылауымен, сипаттауымен және түсіндіруімен айналысып келеді. Олар ойын табиғаты мен мән­маңызын белгілеуге және болмыс тұрғысынан алғанда ойынға лайықты орын беруге талпынуда. Кез келген ғылыми зерттеуде, кез келген ғылыми көзқараста сөзсіз және жан­жақты дәрежеде бастапқы нүкте ретінде мынадай ой назарда ұсталады, яғни, ойын өмірде маңызды орынға ие, ол өмірде қажетті, не болса да, пайдалы нәрсені, функцияны атқарады. Осы бір биологиялық ойын функциясын анықтаудың талай мәрте қолға алынған әрекеттері мейлінше елеулі дәрежеде таралады. Біреулер үшін өздері ойынның пайда болу көзін және түп­тамырын анықтап тауып, оларды өмірдегі шамадан тыс бұла күштің сыртқа шығуына мүмкіндік беретіндей болып көрінді. Ал екінші біреулердің пікірінше, тірі жан иесі, ойнай жүріп, еліктеу қасиетінің туа бітті түйсігіне бағынады. Олар ойын демалыс пен бой сергітудегі қажеттілікті қанағаттандырады деп шамалайды (ontspanning). Кейбір адамдар ойын барысынан өмірдің талап етуі ықтимал байыпты іс алдындағы өзіндік алдын ала жаттығуды танып­біледі, немесе ойынды өзін өзі еңсерудегі жаттығу ретінде қарастырады. Өзге бір кісілер үсті­үстіне туа бітті қажеттіліктен бірдеңе үйреніп қалуды немесе бірдеңе жасауды не болмаса жолбасшылыққа немесе бәсекелестікке ұмтылуды іздейді. Ең ақырында, ойынға зиянды ниеттердің кінәратсыз түрдегі өтемі ретінде, қайталанып отыратын біржақты іс­қызметтің қажетті дәрежедегі орнын толтыру құралы ретінде немесе қалау­тілектердің шынайы өмір жағдайындағы орындалмас әлдебір ойдан шығарылған нәрсені қанағаттандыруға және осылай ете отырып жеке тұлға сезімін сақтап қалу ретінде қарайтындар да табылып қалады. Осы түсіндірмелердің барлығында да баршасына ортақ нәрсе мынау болып табылады, яғни, олар ойын өз кезегінде пәлен деген биологиялық мақсаттылыққа қызмет етуші өзгеше бір нәрсе үшін жасалады деген пәлсападан туындайды. Олар ортаға былайша сауал тастайды: ойын неге және не үшін болып өтеді? Бұл сұрақтың ізін ала берілетін жауаптар тіпті де бірін бірі теріске шығармайды. Осы жоғарыда санамаланып көрсетілген түсіндірулердің бірінен соң бірін қабыл алуға әбден болады, солай ете отыра ұғымдардың санаға салмақ түсірер шым­ шытырық иіріміне түсіп кетуге болмас.

Читайте также:  дизайн мамандығында ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды қолдану

Осыдан келіп мынадай қорытынды шықпақ, яғни, барлық осы түсіндірулер кей жағдайда ғана дұрыс. Тым құрығанда олардың бірі жеткілікті болып шықса, осы бірі қалғандарын жоққа шығарған не¬месе оларды анағүрлым жоғары реттегі пәлен деген бірлікке жұтып алған болар еді. Сауал: өзіндік ойын немесе өзі үшін арналған ойын бар және ол ойнайтындардың өзі үшін нені білдірмек? ­ осы түсіндірулердің басым бөлігі бар болғаны қосалқы орынға ғана ие. Олардың авторлары ойынға тұспалдауларсыз, тәжірибелік ғылым құралымен, алғашқыда ойынның терең эстетикалық мазмұнына ешбір қажетті қызығушылықсыз қарайды. Әуелдегі ойынның сапасы көбіне­көп бүл жерде сыртта қалып қояды. Келтірілген түсіндірулердің бірде­бірі мына сұраққа тікелей жауап бермейді: «Жақсы, сондағы ойынның «нәрі» неде? Неліктен жас бала шаттықтан алақайлап отыр? Неліктен ойын қызығына берілген ойыншы дүниені ұмытып кетеді, неліктен көпшілік жарыс нөпір халықтың өлермендігіне ұласады?» Ойынның қызулығын ешқандай да биологиялық талдаумен түсіндіріп беру мүмкін емес. Сонда да болса осы қызулық барысында, осы қабілеттілікте жынын шақырған бақсыдай болу екпінінде ойынның түпкі себебі, оның әу бастағы сапа­қасиетінде жатыр. Қисынды жасалған пайым бізге былайша үн қатпақ: Табиғат өз перзенттеріне шамадан тыс қуаттың барлық пайдалы жақтарын, күш кернеуінен кейінгі демалыс сәтін, өмір сынақтарына дайындықты және орындалмаған арман­тілектердің өтемін, ең болмады деген күннің өзінде таза дене жаттығулары мен реакциялар түріндегі бой сергітулерді бере алған болар еді. Жоқ, ол бізге күш­кернеуі мол, қуанышы, қалжыңы мен ермегі жетерлік Ойынды берді (grap). Осы соңғы элемент, ойынның aardigheid (әзілқойлық, көңіл көтерушілік, ермектілік) элементі қайсы бір болмасын талдауға, қайсы бір болмасын қисындық тұрғыдан алғандағы егжей­тегжейлі түсіндіріп берушілікке қарсылық етеді. «Aardigheid» сөзінің өзі осындай мағынада көптеген мәнге ие болмақшы. «Aard» (мінез, тұрпат, тек, тур) түбірінен басталатын оның түп­төркінінде этимологияға будан әрі дендеп енетін жер қалмады деген ұғымды сөзсіз танытқандай. Біздің қазіргі заманғы тілдік сезіміміз үшін бұл ажырамастық, сірә да, дәл ағылшын тіліндегі «fun» («әзіл, көңіл көтеру, ермек») түбірі сияқты нақты бейнеленбеген шығар, ол өзінің ортақ қолданыстағы мәнінде салыстырмалы түрде алғанда бұрыннан да бар. Біздің «grap» және «aardigheid» сөздерін қоса алғандағы сөздеріміз мәні жағынан бір­біріне жақын бола тұрса да, басқа қырынан қарастырғанда немістің «Spab» («қалжың») және «With» («әзіл­оспақ, өткірлік») сөздерімен үндеседі. Өйткені, нақ осы аталған элемент ойынның мәнін анықтайды. Ойында біз әрбір адам үшін сөзсіз мойындалған абсолютті дәрежедегі бастапқы өмірлік шамамен, егер осы есімге лайық болып жатса, әлдебір жаппай тұтастықпен байланысты қарастырылатын мәселемен бетпе­бет келеміз. Біз ойынды тұтастық қалпында ұғынуға және бағалауға тиіспіз. Ойын деп аталатын, кез келгенге және әркімге де қолжетімді болып табылатын Ақиқат, осы мезгілде және сонымен бір мезгілде жан­жануарлар әлеміне әрі адамдар әлеміне де ұласып жатады. Сол себепті ол қандай бір болсын сенімді тірек­тұғырға иек арта алмақ емес, себебі ондағы ақыл­сана негіздері оны тек адамзаттық дүниемен ғана шектеп қояды. Ойынның пайда болып өмірге енуі мәдениеттің белгілі бір дәрежесіне де, дүниетанымның белгілі бір түріне де таңылып қалып отырған жоқ. Кез келген ойлаушы жан иесі осы бір ақиқатты ­ ойынды өз көрінісінде шұғыл түйсіне алады, «ойнаушылық» ­ егер оның өзіндік тілі осы ұғымның жалпы сөздік мәнеріне ие бола қоймаған күннің өзінде, дербес түрдегі әлдебір нәрсе болып шықпақшы. Ойынды теріске шығаруға болмайды. Түгел дерліктей абстрактылы ұғым­түсініктерді жоққа шығаруға болар: құқықты, сұлулықты, ақиқатты, ізгілікті, рухты, Құдайды. Байыптылықты жоққа шығаруға болады. Ойынды ­болмайды. Оны қаласын немесе қаламасын, ойынды мойындай келе, рухты да мойындайды. Өйткені, ойын, оның мән­маңызы қандай болмасын, әлде қандай бір материалдық нәрсе емес. Қазірдің өзінде ол нақты тіршілік етудің шекараларын талқандап, күйретуде.

Детерминдендірілген мәнде түйсінілетін әлемнің, күштердің бірыңғай әрекеті әлемінің көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда, ойын өзінің толық мағынасында шын бар болып отыр «superabundans» («артық нәрсе, молшылық»). Осы жалпыға ортақ детерминділікті сылып тастайтын рухтың араласуымен ғана ойынның бар болуы мүмкін боларлық, ойлаушылық, қол жетерлік болып шығады. Ойынның болмыс­бітімі әр кезде де, оның үстіне жоғары мәнде, Кеңістіктегі біздің жағдайымыздың супралогиялық сипатын растайды. Жан­жануарлар ойнай алады, демек, олар жай механизмдерге (тетіктерге) қарағанда үлкен мәнді білдіреді деген соз. Біз ойнаймыз, және де ойнай тындығымызды білеміз, демек, біздер қарапайым тіршілік иелеріне қарағанда анағүрлым жоғары мәнге иеміз, өйткені, ойын ­ санадан тыс шаруа. Кімде­кім жан­жануарлардың өміріндегі емес және балалардың өміріндегі емес, керісінше мәдениеттегі ойын функциясына назар аударатын болса, онда ол ойын ұғымын оның биология мен психологиядан тысқары жатқан бөлігінде қарастыруға құқылы. Ол ойынды мәдениеттен мәдениеттің өзінен бұрын тіршілік етуші, ең басынан бастап өзі өмір сүретін мәдениеттің сол кезеңіне дейін қоса еріп жүретін әрі оған бойлай түсетін берілген шама ретінде таниды. Ол жер­жерде ойынның іс­қызметтің белгілі бір сапасы, «үйреншікті» өмірден тәуір болып көрінетін жағдайда көрініс табатындығын байқайды. Оның аталған сапаны сандық факторларға әкеліп үйлестіруге ғылыми талдау жасаудың қаншалықты ықпал ететіндігін ойланбауына да болады. Себебі, оған өзі ойын деп атайтын өмірлік үлгіге тән болып табылатын қасиетті анықтау әлдеқайда маңызды. Ол енді ойынға жалпы эсер етуші кәдуілгі қолдау негіздерін іздемек емес, бірақ ойынды оның әр алуан нақтылы түрлерінде тікелей әлеуметтік құрылым ретінде қарастырады. Егер ол ойын белгілі бір бейнелі іс­ әрекеттерге, ақиқаттың жұртқа мәлім «түрленуіне» арқа сүйейді деген тұжырым жасаса, онда ол бірінші кезекте осы бейнелердің құндылығы мен мәнін және кескін­кейіпке түрленудің өзін де түсінуге тырысады. Ол осылардың көрініс беруін ойынның өзінен бақылап­білуді және ойынды мәдени өмірдің факторы ретінде ұғынуды қалайды. Адамзат қауымының бастапқы кездегі іс­қызметінің маңызды түрлері ойынмен араласып, астасып кетеді. Тілді алып қарайықшы, ол ең алғашқы әрі ең жоғары сатыдағы құрал, оны хабарласу, оқыту, бұйыру үшін адам дамытып, тудырған. Тілді қураушы рух әрбір жолы ойын жасай отырып материалдық деңгейден ойлау деңгейіне қонақтап отырады. Абстрактылы ұғымның әрбір көрініс­бедерінде бейне, теңеу, ал әрбір теңеуде соз ойнатулар жасырын тур. Осылайша адамзат қайта­қайта табиғат дүниесімен қатар болмыстың өз көрінісін ­ өзінің екінші, ойдан құралған дүниесін тудырады. Немесе мифті алып қарайық, ол да болмыстың жүзеге асуы болып табылады, бірақ жеке сөзге қарағанда, неғұрлым жетілдірілген түрде. Ерте даму сатысындағы мифтің көмегімен олар жер үстіндегілердің тіршілігін түсіндіруге, тәңірлік дүниеде адамдық іс­қызметтің әуелгі себептерін табуға тырысады. Әрбір осы әдемі назды кейіптегі миф тұлғалап білдіретін қабықшалардан алынған жасампаз рух әзіл­қалжың мен байыптылықтың межесінде ойнайды. Ал, ең ақырында, табынуды­ақ алып қарайықшы. Бұрынырақтағы қоғам әлемнің абатшылығының, дәріптеудің, құрбандық шалудың, ойында осы сөздің шын мәнісінде ұғынылушы мистерияның кепілі саналатын өзінің қадір­қасиетті іс­ әрекеттерін жұмсайды. Миф пен табынуда, алайда, мәдени өмірдің ұлы қозғаушы күштері жарыққа шығады: құқық пен тәртіп, араласу, кәсіпкерлік, кәсіпшілік пен өнер, поэзия, ғалымдық еңбек пен ғылым. Сондықтан да олар ойындық іс­әрекеттің топырағына тамыр тартып, бекиді. Бұл шығарманың мақсаты ­ күллі адамзаттық sub specie ludi (көру бұрышы бойынша, ойын белгісімен) мәдениетке шолу жасаудың заңдылығы жай ғана риторикалық салыстырудан артық ештеңе де емес. Өздігінше алғанда бұл барша жұрттың аузында жүрген болатын. Бұл улы әлемдік сахна пайда болған шақта, XVII ғасырдың бас кезінде болған еді. Шекспирден басталып Кальдерон мен Расинге дейін жалғасатын есімдер кезектілігінің арқасында драма жүзжылдықтың бүкіл поэзия дәуірінде көш бастады. Әрбір ақын өз кезегінде дүниені әрбір адам өз ролін ойнайтын театрмен салыстырды. Сөйтіп, мәдени өмірдің ойындық сипатын барша жұрт сөзсіз біліп­танығандай болды. Және соған қарамастан, егер өмірдің театр сахнасы бейнеленген осы бір күнделікті салыстыруына зер салсақ, онда ол Платондық ой­мұраттарға негізделетіндігін және таза күйдегі насихаттық үрдіске құрылатындығымен мәлім бола түседі. Бұл «vanitas» («дегбірсізденулердің дегбірсіздігі») сарынындағы ескі түрлендірме, күллі жер бетіндегілердің баянсыз дүние екендігіне өкініш білдірудің ащы өксікті жалыны, одан артық ештеңе де емес екендігі болатын. Расында да, осы сентенциядағы ойын мен мәдениеттің өзара бір­біріне сіңісіп­ кірігуі мойындалмады немесе мәні білдірілмеді. Ендігі жерде біздің алдымызда ойынның өзін оның шынайы мағынасында, тұтас алғандағы мәдениетің негізі мен факторы ретінде таза күйде көрінген бейнесінде ашып көрсету міндеті тұр. Ойын біздің сана­сезімімізде көрініс беруші байыпты жайларға қарсы турады. Осы бір қарсы тұрудың пайда болу көздерін ойын ұғымының пайда болуының өзі сияқты әзірге анықтау да мүмкін емес.

Читайте также:  1930­-жылдардың басындағы Алматы сәулетінің шығармашылық бағыты

Егер салиқалы түрде үңіліп қарайтын болсақ, онда ойын мен байыптылықтың қарама­қарсы тұруы біз үшін аяқталған әрі берік жәйт сияқты болып көрінуден қалады. Біз былайша айта алмақпыз: ойын байыпсыз нәрсенің өзі. Бірақ будан бөлек, бұл қағида ойынның оңды сапалары жайлы ештеңе айтпайды, оны оп­оңай теріске шығаруға болады. Біз «ойын дегеніміз байыпсыз нәрсе» дегеннің орнына «ойын байыпсыз» деп айта бастасақ, аталған қарама­қарсы тұру сияқты күшін жояды, өйткені ойын шын мәнісінде байыпты болуы мүмкін. Оған қоса біз сол заматта тең дәрежеде байыпсыз, алайда, ойынмен ешбір үйлеспейтін айдарға ілігетін өмірдің сан алуан іргелі шамаларымен бетпе­бет келеміз. Күлкі де белгілі бір мәнде байыптылыққа қарсы тұрады, дей тұрғанмен де оны мен ойын арасында қандай да бір қажетті байланыс жоқ. Балалар, футболшылар, шахматшылар күлкіге зәредей де иек артпастан, барынша байыптылықпен ойнайды. Есте ұстарлық жәйт: таза күйдегі күлкінің шығуы адамға айрықша тән құбылыс, сонымен бірге ойынның мазмұнды функциясы оның жан­жануарлармен ортақ болып табылатын сипатына айналады. Аристотельдің animal ridens (күлетін жан­жануар) теңеуі адамды Homo sapiens­ ке қарағанда, анағүрлым өткір сипаттағы жан­жануарларға қарама­қарсы дәрежеде бейнелейді. Күлкі үшін әділ болмақ нәрсе комикалық жағдай үшін де әділ болып көрінбек. Комикалық жағдай сол сияқты «байыпсыз нәрсе» болып ұғынылады, ол белгілі бір дәрежеде күлкімен байланысты, ол күлкі туғызады. Бірақ, оның ойынмен өзара байланысы ­ қайталама қасиеттің қатынасы. Өздігінен алғанда ойын комикалық емес ­ ойнаушылар үшін де, көрермендер үшін де. Жан­жануарлардың төлдері мен кішкентай балалар ойнап жүрген шақта кей кездері комикалық эсер береді, ал ересек иттер бір­бірін қуалап жүргенде олардың қимылдарын комикалық деп айту қиынға соғады. Біз комикалық клухты немесе комедияны оның өздігінен болатын ойындық іс­әрекетіне бола атамаймыз, керісінше, мазмұнына байланысты атаймыз. Майрампаздың комикалық әрі күлкілі ым­ишаратын сөздің жұмсақ рәуішінде ғана ойын деп айтуға болар. Комикалық жағдай ақымақтықпен тығыз байланысты. Ойын, дегенмен, әсте де ақымақтық емес. Ол «даналық­ақымақтық» деп аталатын қарама­қайшылықтың шегінен тыс жерде бой көрсетеді. Дей тұрғанмен ақымақтық ұғымы да тіршіліктегі ахуалдардың күллі сан түрлілігін мәнерлеп беру үшін бізге қызмет етіп қалуы бек мүмкін. Кеш дамыған ортағасырлық кезеңдегі сөз қолданысындағы жұп «folie et sens» («ессіздік және ақыл­ой») ойын мен байыпты заттағы жеткілікті дәрежеде көрініс беруші біздің антиномиямызды толықтай ауыстырып жіберді. Ойын, күлкі, ермек, әзіл, комикалық жағдай мен ақымақтық тән болып келетін мағыналардың шамамен өзара байланысты тобынан алған барлық терминдер бір­бірімен өзара жақындаса түседі және бұл ұғымдардың одан әрі ажырамастығын біздер бұрынырақта да ойын деп қабылдауға мәжбүр болған едік. Олардың ratio (саналы бастау, қағида) ұғымы біздің рухани өзектілігіміздің ерекше терең түкпірінде жатыр. Біздер ойын түрін тіршіліктің басқа туыстас түрлерінен шектеуге тырысқан сайын, солғұрлым оның алысқа жетелейтін дербестігі де айқын бола түспек. Біз өзіміздің ойын оқшаулануымыздан әрі қарай зор дәрежедегі шамалық қарама­қайшылықтар өрісінен алыс кете аламыз. Егер ойын даналық пен ақымақтықтың дизъюнкциясынан тыс жатса, онда ол діл осылай ақиқат пен өтіріктің айырмасын ешбір білместен өтеді. Қорытындысында ол ізгілік пен зұлымдықтың қарама­қайшылығының шеңберінен тыс жерде болмақшы. Ойында, ол рух қызметінің өнімі бола тұрса да, ешбір моральдық функция ­ рақымшылық та, күнә да көрініс бермейді. Егер таяу арада ойынды тікелей ақиқатпен де, ізгілікпен де байланыстыруға болмайтын болса, ол эстетикалық салада орын теуіп қалар, бәлкім? Бұл арада біздің ой таразымыз ауытқи түспекші. Оның қасиеті осы қалыптағы имманетті емес ойынға тамаша жарасып кету болмақ, дегенмен ол әдеміліктің болуы ықтимал барлық элементтерімен байланысқа түсуге бейім тұрады. Әуел бастан­ақ ойынның қарабайыр түрлеріне қуаныш пен көріктілік тән болып келеді. Адам денесінің қимыл­қозғалысының әдемілігі ойын барысында өзінің жоғары мәнін иеленеді. Неғұрлым жоғары дамыған түрлерінде ойын ырғақ пен үйлесімге суарылып, эстетикалық қабілеттің игілікті сый­тартулары адамға лайықты саналған. Ойын мен сұлулықты жалғап тұрған желілер бір­бірімен тығыз әрі сан алуан. Біз болашаққа ойын барысында болатын тірі жан иесінің атқаратын қызметімен (функциясымен) істес болу жағдайын қарастырамыз, ол тепе­тең әрі мейлінше аз дәрежеде тек биологиялық, тек қисындық немесе тек этикалық тұрғыдан детерминдендірілген болуы ықтимал.

Читайте также:  Қазақ халқының мінез­құлқы, ойын­ сауықтары және рухани тіршілігі

Ойынды түсіну таңқаларлық кейіпте ойымыздың барлық басқа да түрлерінен аулақта қалып қоймақ, осылардың ішінде бола отырып біз рухани өмірдің және қоғам өмірінің құрылымын кейіптей алуға қабілеттіміз. Сондықтан да біздер қазіргі уақытта ойынның басты белгілерін анықтау жолымен өз мақсат­міндетімізді күнілгері шектеуге тиіспіз. Бұл жерде дөп келетін жәйт, біздің тақырыбымыз, ойын мен мәдениеттің өзара байланысы ойынның қалыптасқан бірыңғай түрлеріне дейін баршаны шолып өтуден бойды аулақ салуға септігін тигізбек. Біз өзімізді негізінен әлеуметтік сипаттағы ойындармен шектей алмақпыз. Егер құп келісіп жатса, оларды ойынның жоғары түрлері деп атауға болады. Бұл түрлерді кішкене сәбилер мен торт аяқты төлдердің қарабайыр ойындарына қарағанда суреттеу оңайырақ, себебі олардың құрылымы анағұрлым күрделі әрі сан тарау, олардың ерекшелікті белгілері неғұрлым әр түрлі және кәдуілгі болып келеді, оның үстіне қарапайым ойынның өзектелігін айқындау барысында біз салған жерден­ақ іргелі саналатын ойын сапасына килігеміз, өйткені ол, біздің ойымызша, талдауға көнбейтін бөгде нәрсе құрамынан сыртқа шығарылған зат емес. Әңгімеміздің арқауы күрес пен жүгіріп жарысу, көріністер мен тамашалаулар, билер мен әуез, маскарад пен турнир болады. Біз санамалап өтетін белгілердің арасында кейбірінің ойынға ешбір қатысы да жоқ, басқалары көп жағдайда ­ әлеуметтік ойынға қатысты. Қайсы бір Ойын дегеніміз ең алдымен еркін іс­қызмет мағынасын білдірмек. Ойын бұйрық бойынша алғанда ендігі кезде ойынға жатпақ емес. Ең болмаған жағдайда ол әлдебір байланыстырылған еліктеу, ойынның жаңғыруы болуы мүмкін. Енді еркін сипаттың арқасында ойын табиғи үдерістің шеңберінен шығып кетеді. Ол оған қосыла келе жиынтықтала түседі, әшекей, бас киім секілді оның жоғарғы жағына жайғасады. Әлбетте, еркіндікті сөздің кең мағынасында түсінген абзал, бұл арада детерминизм проблемасы әсте қозғалмайды. Былай деп айта кетуге болар еді: жан­жануарлардың төлдері мен адамның бал асы үшін мұндай еркіндік жоқ; олар ойнай алмайды, өйткені оларға түйсік осылай бұйырады және сондықтан да ойын олардың денелік әрі селективтік қабілеттерінің дамуына қызмет етеді. Бірақ, «түйсік» терминін енгізе отырып, біз әлдененің артына жасырынып, күні бұрын шамаланып отырған ойынның пайдалылығын алға тарта отырып, petitio principii қағидасының орнығуына жол береміз. Сәби мен жан­жануарлар ойын қызығына батады, себебі, олар ойыннан ләззат алады, олардың еркіндігінің мәні де осыған келіп саяды. Не болғанда да, ересек әрі кембағал адам үшін ойын айналып өтпестей функция саналады. Ойын әлдебір басы артық зат. Ондағы қажеттілік ойынға құмарлық оянған сәтте өзекті бола түседі. Қай кезде болсын ойын кейінге қалдырылуы немесе болмай қалуы мүмкін. Ойын тән мұқтаждығымен, буған қоса моральдық міндеттілікпен ұйғарылмайды. Ойын тапсырмаға жатпайды. Ол «бос уақытта» болып өтеді. Алғашында, ойын мәдениеттің функциясына айналу шегіне орай, қайталама түрде болып отыратын, міндеттілік ұғымдары, тапсырмалар, міндеттіліктер ойынға таңылып отырады. Сөйтіп, ойынның басты белгілері көзге анық шалынады: ол еркін, ол еркіндік деген сөз. Екінші мәселе тікелей осымен байланысты.

Оставить комментарий