Мәдениеттің реификациясы

«Мәдениет концепциясының» тағы бір түрі бар. Сыншыл оны реификация — «заттану концепциясы» деп атайды. Өйткені, мені де «реификацияға» жиі айыптағандықтан, бұл терминнің сәтсіз екендігін айтуға тиіспін. Реификациялау бірдемені зат ету дегенді білдіреді. Мысалы, үміт, адалдық, бостандық мұндай емес. Бірақ, белгілі бір заттарды мәдениет етіп мен жасаған жоқпын ғой. Мен тек қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарды сыныпқа бөліп көрсеттім. Олардың бар болуы символизациялауға тәуелді. Оларды экстрасоматикалық контексте қарастыруға болады. Заттар мен құбылыстардың осы сыныбын мәдениет деп атадым. Э. Б. Тайлор, Лоуи, Уисслер және басқа да американдық антропологтар дәл осылай жасады. Дюркгейм үшін әлеуметтік фактілерге, яғни мәдениет элементтеріне, заттарға қатыстылыққа мүмкіндік беретін алғышарт біздің әдістің негізінде жатыр (Durkheim 1938: X L III). Мәдениетті реификациялаған біз емес. Біздің анықтамаға сәйкес, мәдениетті құраған элементтер бастапқыдан зат болған. Әрине, егер мәдениеті қолға ұстауға болмайтын, танылмайтын онтологиялық нақты емес абстракциялардың жиынтығы ретінде айқындасақ, осы белгілердің шынайы, материалды денелерге нақтылы түрде көрінуі шынында реификация ретінде көрінеді. Бірақ біз мұндай анықтама үшін қойған жоқпыз. Бұл мәдениет концепциясы және онымен байланысты «реификация» концепциясы дұрыс түсінілмеді. Мұны жиі түрде «мистикалық» деп атады. Мәдениеттің пайда болуы және дербес дамуы қалай жүзеге асады? «Мәдениет өзінен – өзі дамиды» (Redfield R. 1941: 134). «Мәдениетті қоғамнан тыс өмір сүріп жөне өзінің жеке заңдарымен дамитын мистикалық субстанция деп санауға қажеттілік көріп тұрғам жоқ», — деп жазады Боас (Boas Н. 1928: 235). Бидни мәдениетке осындай көзқарасты «Тағдырдың мисткикалық метафизикасы» — деп айқындады (Benedickt R. 1934: 231), Хутон (Hooton Е. А. 1939: 370), Спиро (Spiro М. Е. 1951: 23) және басқалар сынға алды. Бірақ ешкім мәдениет дербес және адамдардан тәуелсіз өмір сүріп және дамитын әлде бір бірлік деп айтқан жоқ. Адамзатты назарға алмай мәдениеттің шығуын, табиғаты мен қызметін түсінуге болады деп ешкім айтпағаны белгілі. Мәдениеттің осы аспектілерін зерттегенде, адамның биологиялық ерекшеліктерімен санасу қажет екендігі анық. Нақты әрбір мәдениетті, уақыт пен кеңістіктегі мәдени вариациялары және мәдени өзгерістердің барлық процестерін мәдениеттің өз терминдерінде түсіндіру жалпы қабылданған. Лоуи «мәдениет — бұл зат («процесс» деп айтқанда сәтті шыққан болады еді) sui generis» деп айтқанда дәл осыны негізге алған. Мәдениет өзгерістерінің процесін түсіндіргенде, адам ағзасы туралы түсінік артық. «Бүл мистицизм емес, жалпы мойындаған ғылыми әдіс», — дейді Лоуи (Lowie R.H. 1917: 66). Ғалымдар көптеген жылдар бойы түсіндірме берудің осы қағидатын қолданып жүргені бәріне белгілі. Ақша бағамы мен жазудағы, готикалық өнердегі өзгерістерді ғылыми ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған бу двигателі және тоқыма станоктары белгілі бір қоғамдық өзгерістер тудырды. Адам ағзасы туралы ой­толғаныстар бұл процесті зерттеуге ешнәрсе қоспайды. Әрине, бұл процеске тірі адамдар қатысты, олар орын барлық оқиғаларға белсенді рол атқарды. Бірақ олардың өткенді түсіндіруге ешқандай қатысы жоқ.

Читайте также:  Бірдей заңдар барлық халықтар үшін жарамды бола алмайды

Оставить комментарий