Мәдениетті семиотикалық зерттеудің тезистері

Мәдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау және сақтау барлық іс­ әрекеті белгілі бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған таңбалық белгілер жүйелері имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса да бір­біріне сүйене отырып, яғни бірлікте ғана жұмыс істейді. Ешбір таңбалық белгі жүйесі оңашаланған қызметпен қамтамасыз ететін механизмге ие емес. Бұдан шығатыны, семиотикалық айналымдағы дербес ғылымдар сериясын құруға мүмкіндік беретін тұрғымен бірге, басқа да мүмкін, ол көзқарас бойынша оның бәрі семиотикалық мәдениеттің жеке аспектілерін қарастыратын, таңбалық белгілер жүйесінің қызметтік сәйкестігі жөніндегі ғылым. Осы тұрғыдан қарағанда мәдениет тілінің иерархиялық түзілуі жөніндегі сұрақ, олардың ішіндегі салаларды бөлу, бұл салалардың бір­бірімен айқасуы немесе шектесуі жөніндегі жағдаяттар ерекше мәнге ие. 1.1. Семиотикалық ­ тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мәдениет түсінігі бастапқы ретінде қабылданады. Бұл жерде мәдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны бейнелейтін ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан қарағанда, мәдениет шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат тарихының, тәжірибесінің немесе іс­әрекетінің құбылыстары қарама­қарсы тұрады. Сонымен, мәдениет түсінігі оны «мәдениет емеске» қарама­қарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін — жалған дінге, ағартушылықтың — надандыққа, белгілі бір этникалық топқа кіру — оған кірмеу және т.с.с. антитезі), — берілген мәдениеттің тұрпатына жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу сияқты қарама­қарсылықтар мәдениет түсінігін оның «ішкі» көзқарас жағынан ұғынуының ерекше мәнділігін құрайды. Осы жағдайда қарама­ қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мәдениет өзінің «сыртқы» контрагентін қажет етпейді және имманентті түсінуге келмейтін секілді. 1.1.1. Бұл көзқараспен қарағанда мәдениетті адамзат қоғамындағы ұйымдастыру (ақпаратты) саласы ретінде анықтау және оған ұйымдаспағандықты (энтропияны) қарама­ қарсы қою суреттеліп отырған зерзаттың ішінен берілген көптеген анықтамалардың бірі екені көрінеді; бұл XX ғасырдағы ғылым (бұл жерде — ақпарат теориясы) тек қана метажүйе емес, сонымен бірге суреттеліп отырған «қазіргі мәдениет» зерзатына кіреді. 1.1.2. «Мәдениет — табиғат» («істелген — істелмеген») оппозициясы жеке, тарихи шарттанған «енгізілген — енгізілмеген» антитезін көрсетеді. XX ғасыр басында орыс мәдениетінде қалыптасқан (А.Блок) «мәдениет — өркениет» антитезі мәдениетті ұйымдастырылған, бірақ адаммен емес, «музыка жанымен» және сондықтан да «бастапқы» құрылыс ретінде қарастырады. Істелгендік белгісі «мәдениет — өркениет» антиподына тіркеледі. 1.2. Сыртқы көзқарас жағынан қарағанда мәдениет пен мәдениет емес — бір­бірінен туындайтын, бір­бірін қажет ететін салалар. Мәдениеттің механизмі — сыртқы ортаны ішкі ортаға: бейұйымды — ұйымға, ақылсыздарды — ағартушыға, күнәлілерді — күнәсізге, энтропияны — ақпаратқа ауыстыратын құрылғы. Мәдениет тек қана ішкі және сыртқы орта аяларының қарама­қайшылығымен ғана өмір сүрмейді, сонымен қатар ол бір саладан екіншісіне өтеді, ол тек қана сыртқы «ретсіздікпен» ғана күреспейді, оны қажет етеді, тек қана оны жойып қоймайды сонымен қатар оны жасап отырады. Мәдениеттің өркениетпен (және «ретсіздікпен») байланысы мәдениет өз антиподының пайдасына қарай «істен шыққан», кейіннен қалыпқа айналып және беймәдениетте іске асатын элементтерді бөгделейді. Сонымен мәдениеттің өзінде этропияның ұлғаюы мықты ұйымдастырудың арқасында жүзеге асады. 1.2.1. Осыған байланысты былай деуге болады, мәдениеттің әр тұрпатына ретсіздіктің бір сәйкес түрі бар. Ол алғашқы емес, біркелкі емес және өз­өзіне тең емес, мәдени ұйым саласы сияқты адамның белсенді шығармашылығы болып табылады. Әр тарихи мәдениеттің түрі өзіне тән бей мәдениеттің түріне ие. 1.2.2. Мәдениеттен тыс бейұйым айна секілді айналмалы мәдениеттің орта аясы ретінде немесе кеңістік ретінде құрыла алады, ол берілген мәдениетке енген бақылаушының ұстанымынан қарағанда ұйымдаспаған, бірақ сыртқы ұстаным көзқарасынан бөгде ұйым саласы болып шығады… 1.2.3. Мәдениет өзінің шекарасын кеңейте отырып, барлық беймәдениет кеңістігін жаулап алғысы келгенмен және өзіне ұқсатуға ұмтылғанмен, сыртқы сипаттау тұрғысынан ұйымның орта аясын кеңейтіп, сол арқылы бейұйымның орта аясын кеңейтуге алып келеді. 1.2.4. «Мәдениет — мәдениеттен тыс кеңістік» оппозициясы берілген деңгейде ең аз бірлікті білдіреді. Іс жүзінде мәдениеттен тыс кеңістік (берілген мәдениет тұрғысынан «балалық», «экзотикалық ­ этникалық», «түпкі санадағы», «патологиялық» және т.б.) парадигмасы берілген. Әр түрлі халықтардың орта ғасырлық мәтіндердегі суреттеулері осыған ұқсас түрде құрылады: ортаға кейбір қалыпты жағдайдағы «біз» орналасады, оған парадигмалық тосын құбылыстар ретіндегі басқа халықтар қарсы қойылады. 1.3. Мәдениет механизмінде сыртқы кеңістіктің белсенділігі былайша көрінеді: белгілі идеологиялық жүйелер мәдениетті құрайтын бастауларды сыртқы, ұйымдастырылмаған орта аясымен, оған мәдениеттің ішкі, мәдени өлі ретіндегі тәртіпті саласын қарама­қарсы қою арқылы байланыстыра алады. Мысалы, Ресей мен Батысты славянофильдердің қарама­қарсы қоюында біріншісі сыртқы, нормаланбаған, мәдени өңделмеген, бірақ болашақ мәдениеттің дәнін құрайтын орта аясымен байланыстырылады. Батыс — жабық, бір тәртіпке келтірілген, яғни, «мәдениетті» сонымен қатар мәдени өлі болып айқындалады. 1.3.1. Сонымен, сыртқы бақылаушының ұстанымынан мәдениет қозғалмайтын синхронды теңгерімдегі механизм емес, дихотомиялық құрылым, оның жұмысы ретсіздік орта аясындағы тәртіпке деген агрессияда және ұйым саласына ретсіздіктің қарама­қарсы бағытталған кірігуінен көрініс табады. Тарихи дамудың түрлі сәттерінде қандай да бір қағида алдыңғы қатарда болуы мүмкін. Мәтіндердің мәдени орта аясына сыртқы жақтан келген инкорпорация кейде мәдени дамудың өте күшті ынталандырушысы болып табылады. 1.3.2. Мәдениет пен оның сыртқы орта аясындағы ойын сәйкестігі мәдени әсерлер мен байланыстарды зерттеуде ескерілуі қажет. Егер мәдениеттің сыртқы орта аясына белсенді әсер ету кезеңдерінде ол өзіне тең нәрселерді қабылдаса, яғни өзінің тұрғысынан мәдениет дәйекті дерек болып қабылданады, ал өзінің экстенсивті даму сәттерінде ол оқылу құралдары жоқ мәтіндерді қабылдайды. XX ғасырдағы Еуропа мәдениетіне ата­бабалар өнерінің, архаикалық және орта ғасырлық өнердің немесе қиыр шығыстық және африкалық халықтардың өнерінің кең кірігуі бүл мәтіндердің оларға тән тарихи (немесе психологиялық) мән мәтінінен жұлынып алынуымен байланысты. Оларға «есейген адамның» немесе еуропалықтың көзімен қарайды. Белсенді рол атқару үшін олар «оғаш» секілді қабылдануы қажет. 1.3.3. Ішкі және сыртқы кеңістіктердің арасындағы шиеленістің мәдени қызметі, мысалы, үй құрылыстарының (басқа да құрылыстарда) құрылымында айқын көрініс табады. Үйді жасау барысында адам кеңістіктің бір бөлігін қоршап қояды, ол сыртқы орта аясына қарағанда мәдени меңгерілген және ретті болып қабылданады. Бірақ бұл бастапқы қарама­ қайшылық тек қана тұрақты және бір­біріне қарсы бағытталған оны бұзушылықта ғана мәдени мәнге ие болады. Бір жағынан, жабық «үй» кеңістігі сыртқы әлемнің антиподы сияқты қабылдана бастамайды, бірақ оның үлгісі және баламасы (мысалы, ғибадатхана — дүниенің бейнесі) сияқты. Бұл жағдайда ғибадатхана кеңістігінің жүйелілігі (тәртіпке бағынуы) ретсіздік орта аясын баса отырып, сыртқы әлемге беріледі (ішкі кеңістіктің сыртқа қарай агрессиясы). Екінші жағынан, сыртқы әлемнің кейбір қасиеттері ішкі әлемге кіреді. Мұнымен үйдің ішінде «үйдің үйін» бөліп көрсетуге ұмтылу байланысты (мысалы, алтарь тұратын кеңістік — ішкі орта аясының ішкі жағы). Ғимараттың ішкі және сыртқы кеңістігінің арасындағы «ойынның» өте қызық мысалы ретінде барокко сәулет өнерін атап өтуге болады. Шекарадан шығып кететін құрылымдарды жасау (жақтаудан шығып тұратын суреттер, тұғырынан түсіп қалған мүсіндер, сыртқы табиғат көрінісін интерьерге енгізу үшін жасалған, терезе мен айналардың қос ­ қостан тұру жүйесі) мәдени орта аясын ретсіздікке және ретсіздікті мәдени орта аясына итермелейді. 2. Сонымен мәдениет, бір жағынан, семиотикалық жүйелердің иерархиясы ретінде, екінші жағынан, өзін қоршайтын мәдениеттен тыс орта аясының көп қабатты құрылымы ретінде жасалады. Бірақ ішкі құрылым, жеке семиотикалық жүйе бөлімдерінің құрамы мен сәйкестігі тана бірінші кезекте мәдениеттің түрін анықтайтыны даусыз. 2.1. Жоғарыда айтқанымыздай кең мән мәтіндер тұрғысынан алып қарағанда (генетикалық, таралу аймақтығы және т.б.) бірнеше мәдениеттің жиынтығы қызметтік немесе құрылымды бірлік жасай алады. 3. Қазіргі кездегі семиотиканың түп негіз түсінігі — мәтін — жалпы семотикалық және арнайы славянтанушылардың зерттеулерін біріктіретін буыны деп есептеуге болады. Мәтін — бүтін матына беруші және бүтін қызмет атқарушы (егер мәдениетті зерттеуші ұстанымы мен оны дәстүр сақтаушының тұрғысынан қарасақ, біріншінің көзқарасынан — қызмет тұтастығын сақтаушы ретінде, ал екіншісінің тұрғысынан — тұтастық мағынасында). Бұл мағынада ол мәдениеттің бастапқы элементі (базистік бірлік) ретінде қарастырыла алады. 3.1. «Мәтін» түсінігі өзіндік ерекше семиотикалық мағынада қолданылады және бір жағынан, тек қана тілдік хабарға ғана емес, сонымен қатар барлық тұтас («мәтіндік») мағынаның — салт­дәстүрге, сурет өнеріне немесе музыкалық пьесаға да қолданылады. Басқа жағынан, табиғи тілдегі кез­келген хабарлама мәдениет тұрғысынан қарағанда мәтін бола бермейді. Бүкіл хабарламалардың жиынтығының ішінде мәдениет тек сөз жанры ретінде анықталатындарын, мысалы «дұға оқу», «заң», «роман» және т.б. сияқты, қандай да бір тұтастық мағынаға ие және ортақ қызмет атқаратын мәтіндерді ғана таңдап алады және ескереді. 3.2. Мәтін зерттеу зерзаты ретінде келесі мәселелерде қарастырыла алынады. 3.2.1. Мәтін және белгі. Мәтін тұтас белгі ретінде, мәтін белгілердің бірізділігі ретінде. Екінші жағдай мәтінді лингвистикалық зерттеу тәжірибесінен жақсы белгілі болғандықтан, кейде жалғыз мүмкін нәрсе сияқты қаралады. Алайда, мәдениеттің жалпы үлгісінде мәтіннің басқа да тұрпаты бар, онда мәтін түсінігі белгілер тізбегінен туындайтын қосалқы емес, бастапқы ретінде қарастырылады. Бұл түрдегі мәтіндер үзіліссіз және белгілерге ыдырамайды. Ол бүтін және жеке таңбаларға емес, керісінше жіктік нышандарға бөлшектенеді. Бұл тұрғыдан біз қазіргі кездегі кино мен теледидар секілді дыбысты бейнелі жүйелердегі бұқаралық байланыс құралдарындағы мәтіннің бастапқы рөлі мен математикалық логика, математика және формальды грамматика теориясы сияқты жүйелердегі мәтіннің атқаратын рөліндегі ұқсастықты айта аламыз. Бұл екі жағдайдағы мәтіннің бастапқылығындағы ұстанымды түрдегі айырмашылықтары мынада: мәліметті дыбысты бейнелі тарататын жүйе мен оған дейінгі ертеректен келе жатқан кескіндеме, мүсін өнері, би (және пантомима) және балет өнерінде үзіліссіз мәтін бастапқы (кенептің бүкіл құрылымы немесе суреттегі жеке белгілер шығарыла көрсетілген жағдайда оның белгілі бір көрінісі), ал бірінші жағдайда мәтін алфавит элементтерінің көзі ретіндегі (терім немесе сөздік) үзілісті рәміздердің тізбегі түрінде көрініс табады. XX ғасырдың бірінші жартысындағы лингвистикаға тән формальды тілдердің дискретті үлгілеріне (яғни хабар таратудағы дискретті жағдайларға) бағдарлану, қазіргі семиотикалық теорияда бастапқы мәлімет ретінде үзіліссіз мәтінге деген қызығушылықпен ауысуда. Теледидар үшін бағдарлама көрсетілген сәтке дейін ешкімге белгісіз және элементтерге бөлінбейтін негізгі бірлік болып қарапайым өмірлік жағдай алынады. Бірақ дыбысты бейнелі бұқаралық байланыс құралдары үшін (кино және теледидар, соның ішінде телефильмдер үшін де) екі тәсілді біріктіру тон. Кино дискретті белгілерден, әсіресе ауызша тілдің белгілерінен және басқа да ауызекі тілдерден бас тартпайды, бірақ оларды тұтас мәтіндерге қосады… Үздіксіз мәтінге көбінесе басқа (архаикалық) жүйелерден алынған дискретті таңбалардың осыған ұқсата енгізулері тарихи тұрғыдан ертеректегі көріністі бейнелі жүйелерде, — соның ішінде, кескіндемеде, — көптеген мифологиялық жөне салт­жора дәстүрлердегі негізгі орында тұратын адамның образы әлем ағашындағы немесе осыған ұқсайтын басқа да бейнелерде композицияның ортасы түрінде сақталына алады. Осыған ұқсас жайттарда семиотикалық жүйе эволюциясының жалпы заңдылықтарының көрінісін байқауға болады, бұл жерде қандай да бір таңба немесе бүтін хабарлама (не оның жеке көрінісі) басқа таңба жүйесінің мәтініне оның қосымша бөлігі ретінде қосыла алады және ары қарай осы тұрғыда сақталынады (яғни мысалда көрсетілгендей мифологиялық және рәсімдік емес жылжытылған эстетикалық қызметімен көрінеді). Соңғы тұжырым ежелгі семиотикалық жүйелерді фольклор және тарихи дәстүрлерді сақтаған мәтіндердің ішіне енгізілген соңғы рефлекстер арқылы архаикалық жүйенің таңбаларын қалпына келтіруге бағытталған қайта өңдеудің әдістерін негіздеуге де септігін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар баяндалған көзқарас тұрғысынан қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарын тарихи ертерек болған жүйелермен бірлікте талдау мәдениет тілін салыстырмалы зерттеуге табиғи түрде кіргізіледі. Мысалы, жоғары­төмен, оң ­ сол, қараңғы ­ жарық, қара­ақ сияқты кескіндеме немесе киноматографиялық үздіксіздерді суреттеуге қажет дискретті метатілдің дифференциалды қасиеттерін таңдау өздігінен архаикалық жүйенің екі таңбалы рәміздерінің жіктемесіне сәйкес архаикалық қағидалардың көрініс табуы деп қаралуы мүмкін. Сонымен мәтіндердің үзілісті және үзілісті емес түрінің көп болуы мәдениет дамуының белгілі бір кезеңімен байланысты. Бірақ бұл екі қағида синхронды өмір сүруі де мүмкін екенін айта кеткеніміз жөн. Олардың арасында шиеленістік (мысалы сурет пен сөздің қақтығысы) мәдениеттің тұтастық ретіндегі тұрақты механизмін құрады. Оның біреуінің үстемдік етуі қарама­қарсы түрді толық басып тастағанда ғана мүмкін емес, тек қана мәдениеттің белгілі бір мәтіндік құрылымдарға бағытталу формасында мүмкін. 3.2.2. Мәтін және «жіберуші ­ алушы» мәселесі. Мәдени коммуникация үдерісінде «сөйлеушінің грамматикасы» және «тыңдаушының грамматикасы» мәселелері ерекше мәнге ие болады. Белгілі бір мәтіндер тек қана «сөйлеушінің» немесе «тыңдаушының» ұстанымына бағытталып жасалатыны сияқты, мұндай бағыттаушылық қандай да бір мәдениеттерге де тән болуы мүмкін. Тыңдаушыға бағдарланған мәдениеттің мысалы ретінде мәтіндердің аксеологиялық иерархиясында «аса құнды» және «өте айқын» түсініктері сәйкес келетін нұсқаны атауға болады. Бұл жағдайда тіл үстіндегі екінші жүйелердің ерекшелігі аз көрінеді — мәтіндер ең шекті шартты белгілерге жетеленіп, «бітпегендіктің» имитациясын жасап, тілдегі хабарламаларға саналы түрде бағдарланады. Аңыз, қара сөз (негізінен очерк), газеттегі хабарлама, деректі фильм, теледидар ең жоғарғы құнды орынды иеленеді. «Дәлелді», «шынайы», «қарапайым» деген түсініктер ең жоғарғы аксиологиялық мінездеме түрінде қаралады. Сөйлеушіге бағдарланған мәдениет ең жоғарғы құндылықтың сапасы туралы жабық, табылуы қиын немесе тіпті де түсініксіз мәтіндерден тұрады. Бұл эзотериялық мәдениеттің түрі. Мәдениеттің «сөйлеушіге» және «тыңдаушыға» бағытталуы мынада көрініс табады: бірінші жағдайда аудитория мәтінді жасаушының үлгісі бойынша өзін үлгілейді, екіншісінде сөйлеуші өзін аудитория үлгісінде жасайды. Мәдениеттің диахронды дамуын коммуникациялық аймақтың ішіндегі қозғалыс деп қарастыруға болады. Сөйлеушіге бағытталған туындыдан тыңдаушыға қарай қозғалыстың мысалы ретінде Пастернактың шығармашылығын атауға болады. «Поверх барьеров», «Сестра моя жизнь», «Темы и вариации» кітаптарының бірінші редакциясын жасау кезінде ақын үшін ең маңыздысы монолог болды. Монолог арқылы өзінің дүниені қабылдауын дәлелдікпен сипаттауға тырысты. Соңғы жылдардағы шығармаларында оқырманға бағытталған диалог көптеп кездеседі. Яғни әңгімелесуші оған айтылып жатқан нәрсенің бәрін түсінуі қажет. Бұл кереғарлық, әсіресе, ақын бір әсерді екі түрлі жолмен бергісі келгенде ерекше айқын көрінеді. 3.2.3. Түрлі кездегі славян әдебиетімен байланысты әдеби және көркем стильдердегі екі өрісті түрлерді бөліп көрсету, мысалы, ренессанс­барокко, классицизм­барокко, классицизм­ романтизм, не сөйлеушіге, не тыңдаушыға бағытталған мәдениет түрлерімен сәйкестендірілетінін анықтап алу керек (бірінші тұрпатқа, мысалы, ерте орта ғасыр, барокко, романтизм, авангард әдебиеті — Mloda Polska және т.б. жатқызуға болар еді). Осындай оппозициялардың әрбіреуінің ішінде, өз кезегінде, ұқсас белгілері бойынша жүргізілген ажыратулар болуы мүмкін (маньеризм секілді өтпелі тұрпатты осымен байланыстыруға болады). 4. Мәдениетті қандай да бір қосалқы тіл деп анықтай отырып, біз «мәдениет мәтіні» қосалқы тілдегі мәтін деген түсініктерді енгіземіз. Қандай да бір табиғи тіл мәдениеттілігіне кіретін болғандықтан табиғи тілдегі мәтін мен мәдениеттегі сөз мәтінінің ара салмағы туралы сұрақ туындайды. Бұл жерде келесі арақатынас мүмкін болмақ: а) Табиғи тілдегі мәтін осы мәдениеттің мәтіні болмайды. Бұған мысал ретінде жазба жұмыстарға бағытталған мәдениет үшін ауызша форманы қамтитын барлық мәтіндерді келтіруге болады. Мәдениет құндылық пен мағынасы жоқ деп есептелген хабарламаларды мәтін деп қарастырмайды. б) Туынды тілдегі мәтін сол уақытта табиғи тілдің мәтіні болады. Мысалы, Пушкиннің өлеңі — орыс тіліндегі мәтін болып табылады. в) Мәдениеттің сөздік мәтіні осы табиғи тілдің мәтіні бола алмайды. Ол басқа табиғи тілде мәтін бола алады (мысалы славяндық үшін латын дұғасы) немесе сол не басқа табиғи тіл деңгейінің заңдылықсыз өзгерту жолы арқылы құрастырылады (осындай мәтіндердің балалар шығармашылығындағы қызметін салыстырыңыз). 4.0. 1. Мәтін мен атқаратын қызметті сәйкестендіру барысында мәдениеттің типологиясын құру туралы сұрақ маңызды болып табылады. Бұл жерде мәтін — белгілі бір мәдениет ішінде анықталған тудырушы тәртіп бойынша құрылған хабарлама. Жалпы сипатта алғанда бұл қорытындыны барлық семиотикалық жүйелерде қолдануға болады. Басқа тілдің немесе басқа тілдер жүйесінің ішінде бұл хабарлама мәтін болмауы мүмкін. Қазіргі формальды грамматикаға маңызды грамматикалық дұрыстық деген тілдік түсініктің жалпы семиотикалық баламасын көруге болады. Мәдениет тұрғысынан әрбір тілдік хабарлама мәтін болып саналмайды және керісінше әрбір мәтін табиғи тілде жасалған дұрыс хабарлама қатарына кірмейді.

Читайте также:  Лингвистикалық аккультурация

Оставить комментарий