Мәдениеттің түпкілікті сипаттамасы

Кросс мәдени зерттеулер барлық адамзат мәдениеттерінің көп түрлілігіне қарамастан олардың негіздерінде көптеген ұқсастықтары бар және мәдениеттің осындай жалпы тұстарын ғылыми түрде талдауға болады деген пікірге сүйенеді. Оның айтуынша мәдени зерттеулердің теориялық бағдарларын негізгі жеті бағытта айқындауға болады. Оларды жаңалық деп атауға болмайды, өйткені, осылардың бәріне көптеген қоғамтанушылар, қосылады. 1. Мәдениет үйрену арқылы беріледі. Мәдениет инстинкті емес, туғаннан берілмейді және биологиялық жолмен дарымайды. Ол дағдылардың жиынтығынан, яғни, әрбір адамның туғаннан бастап барлық өмір жолында үйрену арқылы жинақталған әсер ету әдістерінен тұрады. Әрине, мұндай түсініктемені тоталитарлық мемлекеттерде еңбек ететіндерден басқа барлық антропологтар қолдайды. Бірақ та мұның кейде айқын ұғыныла берілмейтін бір салдары бар. Егер мәдениет үйрету арқылы берілетін болса, онда ол осы уақытқа дейін психологтар ұқыпты түрде толық зерттеген үйретудің заңдарына бағынуы керек. Үйрету қағидасының негізі әрқашан бірдей және ол адамзат баласына ғана емес, сүтқоректілердің қомақты бөлігіне де қолдануға келеді. Сондықтан да, үйрету арқылы берілетін барлық мәдениеттерден осындай әмбебап жалпы себептердің бейнесі ретінде кейбір біртектілік белгілерін табуға болады. 2. Мәдениет тәрбиемен сіңеді. Барлық жануарлардың үйренуге қабілеті болса да, тек адамдар ғана жинақталған дағдыларын белгілі бір шамада өзінің ұрпақтарына бере алады. Біздер итті қолға үйретіп, әр түрлі айлакерлік амалдарға машықтандыра аламыз және мәдениеттің басқа да дәндерін себе аламыз, бірақ, ит осыны ешқашан күшіктеріне дарыта алмайды. Иттер өз түрінің тек биологиялық мұраларын қабылдайды, осыған тәжірибемен жинақталған дағдылар қосылады. Осы тұста адам өзіне берілген қайталанбас мүмкіндігі үшін тілге қарыздар болып саналады. Әйтеуір, адамдар үйренген дағдыларының көпшілігі ана арқылы балаға, ұрпақтан­ұрпаққа өтеді және ол уақыт ете келе тұрақтанып, жеке адамнан алшақтайды, сонан соң біздер барлық дағдылардың жиынтығын «мәдениет» деп атай аламыз. Мұндай анықтама да антропологтар арасында кеңінен таралған, бірақ оның салдары жеткілікті түрде бағаланбаған. Егер мәдениет тәрбие арқылы сіңірілетін болса, онда барлық мәдениеттерде тәрбие үрдісінің жалпы іздері болуы керек. Тәрбие дегеніміз техникалық дағдылар мен білімдерді беру ғана емес, сонымен қатар баланың табиғи жануарлық импульстерін әлеуметтік өмірге бейімдеу үшін ретке келтіру болып саналады. Психологиялық талдау деректеріне қарағанда, мінез­құлықта баланың болашақ тұлғалық дамуын анықтайтын, оның алғашқы өмір жолдарында бұл импульстердің байланысын қайта бағытталуына көмекші амалдарды бейнелейтін, кейбір үнемі орын алатын қасиеттердің көрінуі айқын екеніне күмән жоқ. Мысал ретінде көбінесе әмбебап болып саналатын отбасымыздағы инцестке тыйым салуды келтіруге болады. 3. Мәдениет әлеуметті. Мәдени дағдылар уақыт бойында тәрбие арқылы берілетін болған соң ғана сақталып қалмайды, сонымен қатар оның әлеуметтік жағы да бар. Өзгеше айтқанда, олар ұйымдасқан қоғамдарда, ұйымдарда өмір сүретіндердің қолданысында болып, әлеуметтік себепшілердің эсерімен салыстырмалы түрде өздерінің бір қалыптылығын сақтайды. Қысқаша айтқанда, бүл топтық дағдылар. Әлеуметтік топтың мүшелеріне тән дағдылар осы топтың мәдениетін құрайды. Осындай түсінікті антропологтардың барлығы болмаса да, көпшілігі қолдайды. Мысалы, Лоуи бойынша, «нақты мәдениет практикалық лайықтылығына қарай бөлінетін зерттеудің жасанды бірлігін құрайды… Этнолог үшін тек бір ғана табиғи зерттеу бірлігі бар, ол — барлық жердегі адамзаттың барлық уақыттағы мәдениеті…» . Автор бұл тұжырымдаманы қабылдаудың мүмкін еместігін айтады. Оның көзқарасынша, нақты әлеуметтік топтағы ұжымдық немесе ортақ дағдылар — «жасанды зерттеу бірлігін» емес, табиғи бірлікті, яғни, мәдениет және мәдениетті құрайды — ал мұнда әңгіме отбасы, ауыл немесе тайпа туралы болсын, одан тәуелсіз. Мұны терістеу дегеніміз антропологияға социология енгізген қомақты үлестен бас тарту болып саналады. Егер мәдениет әлеуметті болса, онда оның тағдыры қоғам тағдырына тәуелді, сондай­ақ, осы уақытқа дейін сақталған және зерттеуге болатын барлық мәдениеттердің кейбір ұқсастықтары байқалуы тиіс, себебі, олардың бәрі қауымдастықтың тіршілік етуін қамтамасыз етуге тиіс болатын. Осындай мәдени универсалийлер арасынан біздер топтық ауызбіршілік сезімін, әлеуметтік бақылау механизмін, айналадағы жаудан қорғануды ұйымдастыру және халықтың өсімін қамтамасыз етуді айта аламыз. 4. Мәдениет идеационды. Мәдениетті құрайтын топтық әдеттер белгілі бір деңгейде идеалды қағидалар немесе тәртіптердің үлгілері ретінде бекітілген. Әрине, қалыптан тыс жағдайлар да бар. Мысалға, грамматикалық ережелер топтың тілдік әдеттерінің көрінісі болып, соған байланысты мәдениет саласына жататын болса да тек аз шамада ғана саналы түрде тұжырымдалады. Сонда да, әрбір дала антропологияға үшін көпшілік адамдардың оз мәдени қағидаларын зор дәрежеде ұғына алғанын көрсетіп, оларды жеке бастың әдеттерінен ажыратып, тұжырымдап және әр түрлі жағдайларға қарамастан осы қағидалар жөнінде толықтай мағлұмат беруге қабілетті екені белгілі. Демек, шектеулі түрде мәдениетті идеационды құрылым ретінде, ал оның қайсыбір бөлшегін топ мүшелерімен дәстүрлі түрде қолдап, қабылданған, белгілі бір мінез­құлық түрінің (сыртқы, ауызша және байыпсыз) белгілі бір прецендентіне сәйкес келуі керектігі жөніндегі идея ретінде түсінуі керек. Бұл идеалды қағидаларды шынайы мінез­құлықпен шатастыруға болмайды. Әрбір бөлек жағдайда жеке адамның мінез­құлығы оның ағзасының сол кездегі күйіне (ішкі түрлеріне) жауабы және бастан кешіріп отырған оқиғаны қабылдауы болып табылады. Сондай­ақ, ол табиғи түрде өзінің қалыптасқан әдеттерін, соның ішінде мәдени әдеттерін ұстануға бейім, бірақ болып жатқан оқиғаның талаптары да, табиғаты да оны ірілі­ұсақты ауытқуларға итермелеуі мүмкін. Сонымен, мінез­құлық мәдениеттің ізінше жүрмейді екен, ал мәдениеттің өзі оның анықтаушы, қозғаушы күші болып қана табылады екен. Әрине мәдени қағидалармен қатар, мінез­құлық қағидалары да бар, бірақ бір айырмашылығы сол, оларды тек статистикалық әдіспен анықтауға болады. Осы жөнінде антропологтар мен әлеуметтанушылар арасында қателіктер туындап жатады. Егер алғашқылары осы күнге дейін негізінен идеалды қағидалармен, немесе үлгілермен айналысып келсе, онда осы қоғамдағы әлеуметтанушылар әдетте шынайы мінез ­құлықтың статистикалық қағидалары туралы ғана айтады, себебі олар мәдениетпен тұтас таныспыз деп ойлайды. Демек, «Мидлтаун» тәрізді қоғамдық зерттеулер және этнографиялық монографиялар салыстырылса да, олар шындығында әртүрлі бағытта орналасқан. Мәдениет қаншалықты идеационды болуына қарай барлық мәдениетте де жәй ойлау барысын басқаратын әмбебап заңдардан шығатын белгілі бір ұқсастықтар болуы керек. Мысалға, бүкіл әлемдегі магия қағидаларынан белгілі бір ұқсастықтар табамыз. 5. Мәдениет қанағаттандырады. Мәдениет әрқашан да түпкілікті биологиялық қажеттіліктерді, сондай­ақ кейіннен олардың негізінде туындайтын қажеттіліктерді де қанағаттандырады. Мәдениет элементтері — бұл адамның сыртқы табиғи әлеммен және өзінің бауырластарымен қарым­қатынастағы талаптарын қанағаттандырудың тексерілген үйреншікті әдістері. Бұл түсінік қазіргі «ынталандыру және реакция» психологиясынан туындаған шарасыз түйін. Мәдениет дағдылардан құралған, ал психология бойынша, дағдылар тек қанағаттандыру болса ғана өмір сүреді. Қанағаттандыру дағдыларды бекітіп, жаңғырта түседі, ал қанағаттандырудың болмауы дағдылардың әлсіреп, жоғалуына алып келеді. Сонымен, мәдениет элементтері қоғам мүшелері үшін қанағаттандыру аурасымен қоршалған жағдайда ғана әрі қарай тіршілік етуін жалғастырады. Малиновский коп жылдар бойына осы тұжырымды дәлелдеп жүрді, бірақ антропологтардың көпшілігі мұны кейде теріске шығарса, кейде қолдап жүрді, бірақ та осылайша олар осы тұжырымға кесірін тигізгендерін байқамады. Осы антропологтар мәдениеттің тұрақтылығынан ешқандай шешілмеген мәселе таппады, бұл тұжырым осылай болуы керек тәрізді жай ­барақат қабылданды. Осы тұста психологтар мәселенің неде екенін көріп, оған белгілі бір дәрежеде жауап берді. Ал антропологтардың оны теріске шығаруы қиын. Егер мәдениет қанағаттандыратын болса, онда барлық мәдениеттерде кең таралған ұқсастық белгілері байқалуы тиіс, себебі, адамның түпкілікті талаптары барлық жерде бірдей және қанағаттандырудың ұқсас түрлерін талап етеді. Уисслер ұсынған “әмбебап мәдени паттерн” ұғымы , сірә, осы түсінікке негізделген болса керек. 6. Мәдениет бейімделгіш. Мәдени өзгерістер және өзгеріс үдерісінің өзі органикалық әлемдегі өрістей даму тәрізді бейімделгіш болып табылады . Уақыт өте келе мәдениет географиялық ортаға бейімделеді деген пікірді географтар дәлелдеп берді; сонымен қатар қоршаған орта эсері қазірде мәдениет дамуының қозғаушы күші ретінде қарастырылудан қалған. Сондай­ақ, мәдениет ауыстырып пайдалану және қайта ұйымдастыру арқылы көрші халықтардың әлеуметтік ортасына бейімделе алады. Сайып келгенде, мәдениет еш шүбәсіз, адам ағзасының биологиялық және психологиялық қажеттіліктеріне сәйкес бейімделе алады. Өмір сүру жағдайларының өзгеруіне орай дәстүрлі қалыптар қанағаттандыру аурасын жоғалтады және жойылып кетеді; сосын біртіндеп жаңа қажеттіліктер туындай бастайды, ал солардың ізінше өздеріне сәйкес келетін жаңа механизмдер пайда болады. Мәдениет бейімделгіштігі туралы ой желісін қабылдау ешбір жағдайда алға басу идеясына да, өрістей даму сатысы теориясына да, қандай да бір қатаң детерменизмге де әкелмейді. Керісінше, апачи тайпасы туралы деректерге сүйене отырып, бірдей жағдайларға бейімделу әр түрлі мәдени формаларда көрініс табуы мүмкін, ал ұқсас мәдени формалар әр түрлі жағдайларға бейімделе алады, — деп көрсеткен белгілермен келісуге болады. Әйтсе де, біз қарастырған әр түрлі мәдениеттердегі кейбір ұқсастықтар салыстырмалы жағдайдағы бір­біріне тәуелсіз түрде туындаған бейімделу болуы да ықтимал. Бейімделу үдерісі ретіндегі мәдени өзгеру концепциясы кейбір антропологтар үшін тарихи үрдіс ретіндегі мәдени өзгеру концепциясымен сәйкессіз, тіптен тікелей қарама ­ қайшылыққа түсетіндей болып көрінеді. Осы мақала авторының көзқарасы бойынша, әдетте «функционалды»және «тарихи» деп атайтын бұл екі ұстанымда ешбір сыйымсыз, келіспес қайшылықтар жоқ. Керісінше, оның пайымдауынша, екеуі де дұрыс және бірін­бірі толықтырады, сондықтан екі ұстанымды біріктіретін бір антропологиялық зерттеу қажет. Мәдениет тарихы өзімен кейінгі оқиға бұрынғысымен астасып жататын қайталанбас оқиғалардың бір ізділігін білдіреді. Мәдени көзқарас бойынша, оқиғалардың келер барысына әсер ететін оқиғалар көп жағдайда — тіптен дағдыдағыдай болмаса — кездейсоқ болады, өйткені оның бастауы мәдени ортаның шегінен шығып кетеді. Бұл табиғи оқиғалар (мысалы, су тасқыны немесе қуаңшылық), биологиялық оқиғалар (мысалы, індет және қырғын), немесе психологиялық оқиғалар (мысалы, эмоциялық от алу және ойлап тапқыш интуиция) болуы мүмкін. Мұндай өзгерістер қоғамның өмір сүру жағдайларының өзгеруіне әкеліп соғады. «Байқап көру және қателесу әдісімен» мінез ­құлықты ынталандырып және мәдени жаңалықтарға итермелей отырып, олар жаңа қажеттіліктер тудырады және ескі мәдени формаларды қанағаттанғысыз етеді. Бірақ та, өте маңызды оқиға ретінде өзге мәдениет халықтарымен тарихи байланысты айтуға болады, өйткені, адамдар бастапқыда өздерінің өмірлік мәселелерін шешіп алу үшін көршілерінің мәдени қорларын пайдалануға тырысады, ал тек сонан кейін ғана өздерінің өнертапқыштығына сүйенеді. Сөйтіп, кросс ­ мәдени жалпылаудағы ізденістер сәттілікке ұмтылса, оның бірінші қажетті алғышарты мәдениеттің тарихилығын, ал әсіресе, мәдени дамудағы диффузияның рөлін толықтай мойындау болуы қажет. Сонымен қатар, географиялық қозғаушы күштер тәрізді тарихи оқиғалар да мәдениеттің барысына себепші болғанымен, оны тұтас анықтамайтынын атап өткеніміз жөн. Адамдар өз мәселелерін шешуде және қажеттіліктерін қанағаттандыруда осыларға таңдамалы түрде сүйеніп, бейімделеді. 7. Мәдениет интегративті. Бейімделу үдерісі нәтижелерінің бірі бола отырып, бұл мәдениеттің элементтері келісілген және біріктірілген тұтастықты қалыптастыру тенденциясына ие. «Тенденциясына ие» деп әдейі айтамыз, өйткені мәдениет дегеніміз бөлшектері тепе­теңдікте болатын интеграцияланған жүйелер деп санайтын кейбір шектен шыққан функционалистердің ұстанымы біздерге тиімсіз болып табылады. Біздер халықтық дәстүрлер «бір­бірімен келісуге ұмтылады» деп, бірақ тарихи оқиғалардың жойқын әсерлерінің салдарынан интеграцияға ешқашан қол жетпейді деген көзқарасқа тоқталған Самнермен келісеміз. Интеграция үрдісі белгілі бір уақыт алады және Огборнның «мәдени өлшеуіші» әрқашан өмір сүреді, ал бір үрдістің бітуіне дейін көп уақыт бұрын көптеген жаңалары басталады. Мысалға, біздің мәдениетімізге автокөлік енген соң орын алған жұмысқа, демалысқа, секске және дінге қатысты дағдымыздағы өзгерістер әлі де болса толықтай аяқталған жоқ. I тер мәдениет интеграциялануға бейім болса, онда ұқсас арасындағы сәйкестік және айырмашылық үнемі әртүрлі, бір­бірімен байланысы жоқ мәдениеттерде қайталанып отыруы керек. Осындай корелляциялардың көпшілігін Лоуи» көрсетті. Жоғарыда айқындалған жеті түпкілікті ереженің жартысы болса да ақиқат болса, онда адамзат мәдениеттері өздерінің тарихи көп түрлілігіне қарамастан өздерінен ұқсастық табады және оларды ғылыми талдауға болады, ал талдау арқасында ғылыми жалпылау жасауға мүмкіндік туады. Осындай жалпылауларды құрастыру және тексеру кросс ­мәдени зерттеулердің басты мақсаты болып табылады. Мәдениет өзінің абсолютті емес, салыстырмалы мағынасында ризашылық тудырады. Мысалы, құлдықтың өзінің статусына сәйкес келетін бағыныштылығы мен еріксіз ауыр еңбегі ешқандай ерекше жағымдылықты білдірмейді; бірақ та, бүлікшілік үшін берілетін жан түршігерлік төн жазасы немесе өлім жазасының бірін таңдағаннан гөрі өз статусына сәйкес мәдени талаптарды орындау оған қанағаттанушылық және «қуаттану» сезімдерін бере алады. Ауылшаруашылық жұмыстары да өз бетінше ғанибет әкелмейді, бірақ қандай да бір сый, мысалға, тамақ беретіндіктен, қанағат етуді қамтамасыз етеді.

Читайте также:  К ВОПРОСУ О ПРОИСХОЖДЕНИИ КАЗАХОВ

Оставить комментарий