Мәдениеттің тұрған жері

Егер біз мәдениетті бізді қоршаған дүниеде өмір сүретін шынайы заттар мен құбылыстардың жиынтығы ретінде айқындасақ, онда мәдениеттің орналасқан, яғни туған жері қандай екендігі туралы сауал туындауы даусыз. Жауап мынандай: мәдениетті құрайтын заттар мен құбылыстар уақыт кеңістікте орналасады. 1) адам ағзасында (идеялар, наным­ сенімдер, эмоциялар, қатынастар); 2) адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің процестерінде; 3) адам ағзасынан тыс, бірақ адамдар арасындағы әлеуметті өзара әрекеттің үлгілері шегінде болатын материалды объектілерде (балталар, фабрикалар, саздан жасалған ыдыстар). Бұл кестелік түрле 3 суретте көрсетілген. Сіз бұрыш мәдениет экстрасоматикалық феномендерден тұрады деп айтыңыз. Ал енді, мәдениет бір жағынан адам ағзасының ішінде болады деп болжайсыз деп, маған қарсы шығуы мүмкін. Бұл қарама­қайшылық емес пе? Жоқ бұл қайшылық емес, бұл түсінбеушілік. Біз шынын айтқанда, мәдениет экстрасоматикалық заттар мен құбылыстардан тұрады деп айтқан жоқпыз. Біз мәдениет экстрасоматикалық контексте қарастырылатын заттар мен құбылыстардан тұрады деп айттық. Бұл мүлде әр түрлі нәрсе. Мәдениеттің әрбірі элементінің субъективті және объективті екі қыры болады. Бір қарағанда, балталар «объективті» ал идеялар мен қатынастар «субъективті» көрінуі мүмкін. Бірақ бүл үстірт, жасанды көзқарас. Балтада субъективті компонент бар, бұл затта мән­ мағына, белгілі бір идея және қатынас жоқ. Екінші жағынан, мінез­құлықтың немесе сөздің (мінез­құлық формасы) сыртқы көрінісі болмағандықтан мән­мағынасыз. Сонымен, мәдениеттің әрбір элементі, әрбір сипаты субъективті және объективті аспектілерге ие. Бірақ адам ағзасында орналасқан идеялар, қатынастар және эмоциялық — феномендер — экстрасоматикалық контексте яғни, адам ағзасымен емес, басқа символикалық заттар және құбылыстармен байланыста түсіндірілуі мүмкін. Біз қайын енемен қатынаста тыйым салудың сыртқы аспектілерін, яғни адам ағзасымен емес, басқа символаттармен, отбасы және неке формалары жұбайлардың тұратын жері және т.б. өзара байланысты осы тыйым салуға қатысты идеялар және қатынастарды қарастырамыз. Бірақ біз балтаны адам ағзасымен өзара байланыста, яғни адамның балта туралы түсінігі, оның осы затқа қатынасы қарастырылуы мүмкін. Мұнда адамның жебелер, кетпендер, ұжымда еңбек бөлінісін реттейтін жандар санды басқа символдық заттар мен құбылыстарға қатынасы қарастырылмайды. Ал, енді этнологиялық әдебиетте кең таралған кейбір мәдениет танушылық концепцияларды қарастырайық. Оларды осы мақалада көрсетілген позиция тұрғысынан түсіндірейік. Кейбір антропологтар мәдениетті тек идеялар және концепциялар арқылы айқындауды ұнатады. Олар бүл жағдайда мүмкіндігінше, идеялар алғашқы және алғашқы себеп, олар мінез­құлықты қалыптастырады деген ойды басшылыққа алады. Мінез­құлық материалды объектілерді, мысалы, керамикалық ыдыстарды жасайды. Мәдениет — материалды объекті немесе сыртқы мінез­құлық емес, бұл феномен, мысалы, үндістің санасында би туралы түсінік бар, бүл мәдени сипат. Осы идея денесін тиісті негізде ұстауға, яғни билеуге мәжбүр етеді (Taylor W.W. 1948: 98­ 110, passim). Социомәдени шындық туралы осындай түсінік аңғырт, және қарадүрсін, ол ғылымға дейінгі метафизика және психологияда қайта жасалынған түсінікке негізделген. Бұл (кересан) үндістеріндегі алдын­ала түрлі оқиғаларды шақыра алатын Әйел ­ Ой концепциясын еске түсіреді. Ежелгі Мысырдың барлық мәдениетін жасаған құдайының ойы деп саналады. Бірақ біз енді мәдениеттің шығуы мен дамуын адамның ой­пікірінен пайда болды деп жай сөзбен түсіндіре алмаймыз. Құдай «жарық болсын» деді. Жарық пайда болды. Әрине, ой оқ­дәрімен атылатын қаруды ойлап табуға қатысты, бірақ біз оқ­дәрімен атылатын қару адам ойының жемісі деп көрсетсек, бүл анық жеткіліксіз. Неліктен кенет мұндай ой пайда болды? Бұл ой қашан, қайда және қандай жағдайда өмірде жүзеге асты? Сонымен қатар, шынайы нәтижеге жеткізетін идеялар шынайы өмірмен қақтығысқанда пайда болады. Құнарлы топырақпен жұмыс істеу ежелгі адамды қыш ­құмыра қолөнерін жасауға алып келді, күнтізбе қарқынды егіншіліктің жанама жемісі болып табылады. Мәдениет тек кейбір ғана идеялар бар; бірақ қатынастар, сыртқы іс­әрекеттер және материалды заттар да мәдениет болып табылады.

Читайте также:  Лингвистика тарихына жалпы көзқарас

Оставить комментарий