Мәдениеттің тұрпаттанулық суреттелуінің метатілі

Мәдениет тұрпаттануының түзілімдік міндеттерін жаңа деп қарауға болмайды: ол ғылыми және жалпы мәдени дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болады. Мәдениеттің әр түрі мәдени дамудың өз тұжырымдамасын, мәдениет тұрпаттануын тудырады деп айтуға болады. Сонымен ең ықтимал екі жалпы бапты бөліп айтуға болады. 1.0.1. «Өз мәдениеті» бірден­бір мәдениет ретінде қарастырылады. Оған басқа ұжымдардың «мәдениет емесі» қарсы тұрады. Гректің бөтенге қатынасы осындай болады, сол секілді «таңдаулы» ұжымның түсінігі жоққа басқа да қарама­қарсылықтар көрініс береді. Сонымен бірге «өз» мәдениеті бөтен мәдениетке атап айтқанда «ұйымдасқан» <—> «ұйымдаспаған» белгісіне қарай қарсы қойылады. Тілі берілген мәдениет тұрпаттануының метатілі болып табылатын норма ретінде алынған мәдениеттің көзқарасында оған қарама­ қарсы қойылған жүйелер басқа ұйымдасқан тұрпат ретінде емес, ұйымдаспаған жүйе ретінде көрінеді. Олар белгілі бір басқа белгілердің болғанына қатысты емес, керісінше өзіне таныс құрылымдық белгілердің болмауына байланысты сипатталады. Мысалы, «Жылдар баяндауларында» («Повести временных лет») поляндар «дәстүр» мен «заңдылықтары» бар, ал басқа славяндық тайпалар нағыз дәстүр мен заңдылықтары жоқ ретінде оған қарсы қойылады. Заңдылық — алдын­ала белгіленген тәртіп ретінде құдаий текке ие. Оған адамдардың ұйымдаспаған еркі қарсы тұрады. Адам қолынан шыққан дүние бұл антитезде ұйымдаспаған ретінде көрініп, жоғары ұйымдасқан тәртіпке қарсы қойылады. Поляндар <—> вятичтер , «Кривичтер [және] басқа да Құдай жолын ұстамаған сұқсұрлар, бірақ өздеріне өздері заңдылық жасаушылар» («Кривичи [и] прочий погании не ведуще закона Божина, но творяще сами себе закон».) Ұйымдасудың басқа түрі — әдет­ғұрып, ата­бабалардың дәстүрін жалғастыру. Оған тәртіпке бағынбайтын хайуанаттың мінез­құлқы қарсы қойылады. Поляндарда әдет­ғұрып бар <­­> «Ежелгіліктер хайуанаттар бейнесінде өмір сүреді». «Поляндар әдет­ғұрыпты сақтап әкелерінің алдында ұяңқы, қатты сөйлемейді, келіндерінің, қарындастарының, аналарының, аталарының алдында ұят сақтайды, қайны атасы мен енесін сыйлайды, неке ғұрпына берік <—> ал Ежелгіліктердің өмірі мал секілді, хайуандықпен өмір кешеді, бір­бірін қырады, лас киім киеді және оларда неке болмайды <… > бір­ақ әдет бар — тұрағы орман және елде бір хайуан секілді өмір сүреді». 1 Дегенмен әрі қарай жылнамашы ежелгіліктер тұрмысының әр түрлі ұйымдастырылуын баяндағанмен — үйленуін, жерлеуін — ол мұнан ұйымдасуын емес, ол бар­жоғы «хайуанаттық» тәртіпсіздіктің көрінуі деп біледі. 1.1. Тұрпаттанулық суреттеменің (сол «мәдени ­ мәдени емес» деген қарама­қарсылықтың шеңберінде) осы екі компонентіне қатынас вариантын біз, мысалы, XVIII ғасыр еуропалық мәдениеттен байқаймыз. Мұнда мәдениеттің тұрпаттанулық суреттемесінің метатілін анықтайтын заңдылық ретінде «мәдениет» емес, «табиғат» көрінеді. «Табиғатқа» қарсы келетін мәдениеттің бүкіл тұрпаты ішкі жіктеуге көнбейтін біртұтас дүние ретінде қабылданады. Олар табиғатқа жат секілді суреттеледі және «жабайы» халықтар өмірінің «табиғи» нормасына қарсы қойылады. Адам Табиғатының біртұтас нормасының іске асуы ретінде көрінетіндіктен, соңғылар да сол секілді іштей жіктелмейді. Бұл қарама­қарсы қоюшылық XVIII ғасырдағы көптеген көркем мәтіндер мен публицистік трактаттардың желісіне ғана емес, сонымен бірге мәдениет тұрпаттануының негізін анықтайтын бірқатар этнографиялық суреттемелерге негіз болды. 2. Мәдениет құбылыстарына басқаша қатынас адамзат тарихында бірнеше (немесе көптеген) ішкі тәуелсіздікке ие мәдени тұрпаттар болатындығын мойындаумен байланысты. Баяндаушының өзі қандай ұстанымда тұрғандығына байланысты, яғни, ең ақырында, оның өзінің қандай мәдениетке жататындығына сәйкес тұрпаттанулық баяндаудың метатілі анықталады: оның негізіне психологиялық, діни, ұлттық, тарихи және әлеуметтік тұрпаттағы оппозицияларды жатқызады. 2.1. Аталған баяндау жүйелерінің бүкіл өзгешіліктеріне қарамастан оларда ортақ ерекшеліктер де бар. 2.1.1. Баяндау тілі зерттеушінің өзі жататын қоғамның мәдени тілінен ажырамаған. Сондықтан ол құрастырған тұрпаттану суреттелген материалды ғана сипаттамайды, әрі өзі жататын мәдениетті де білдіреді. Мәдениет тұрпаттануының әр түрлі кезеңдеріндегі мәтіндерінде жазылған негізгі сұрақтардағы көзқарастарды салыстырғанда, тұрпаттанулық зерттеу үшін ол қызықты және берілген көзқарастан баяғыда бағаланған материал болып табылады. Өз мәдени тілін метатілдік баяндау үшін пайдаланумен байланысты қолайсыздық өз мәдениетін тұрпаттанулық зерттеуге талпыныс білдірген кезде ерекше айқын көрінеді — мұндай суреттеу бос сөзден басқа еш нәтиже бермейді: «өз» мәдениеті ерекшеліктен жұрдай болып көрінеді. 2.1.2. Суреттеу тілі мазмұны жағынан белгілі бір ғылыми тұжырымдамадан ажыратылмаған, белгілі бір мәдени мәнді түсіндірумен байланысты. Химия немесе алгебрада сол ғылым пайдаланатын белгілі бір тұжырымдама алынып тасталса, оның метатілге қатысы болмайды. Ғылым тілінің маңызды қасиеті оның пайдалылығы белгілі бір ғылыми идеялардың дұрыстығы анықталатын белгілермен тексерілмейді. Сонымен бірге мәдени құбылыстарды психологиялық, тарихи және әлеуметтік оппозиция тілінде суреттеу зерттеп отырған құбылыс мәнінің нақты ғылыми түсінігінің бөлігі болып табылады және басқа мазмұнды түсіндіруде пайдалануға келмейді. 2.1.3. Жоғарыда аталған мәдениетті суреттеу тәсілдерінің кез келгені зерттеу материалындағы айырмашылықты абсолюттендіреді және адамзат мәдениетіндегі жалпы әмбебапты бөліп шығаруға мүмкіндік бермейді. Сол секілді, мысалы, ғылымда өткен кезеңде қабылданған, Гегельдің философиялық көзқарастарының ықпалында пайда болған тарихилық түсінігі әр түрлі дәуірдегі тарихи қозғалыстың бірізді ауысуын білдіретін суреттеу механизмін жасады. Адамзат тарихын идеяның әмбебаптық дамуында қарастыра отырып, бірден­бір қисынды тарих адамзат тарихы, ал бірден­бір қисынды мәдениет адамзат мәдениеті екендігін Гегель осы ұстанымнан шығарып айтқан болатын. Оның үстіне, әлемдік идея өзінің әрбір даму сатысында осы кезеңде әлемдік тарихи үдеріс көзқарасынан жалғыз ғана болып табылатын әлдеқандай бір ғана ұлттық мәдениетте іске асады. Дегенмен ең болмаса екі салыстырмалы жүйені керек қылатындықтан, жалғыз құбылыстың өзіндік қасиеті болмайды. Сондықтан тарихилықтың бұл қағидасы дәуірлер арасындағы айырмашылыққа ғана көңіл аудармайды, ол айырмашылықты абсолюттендіреді. Салыстырған уақытта айырмашылық ретінде көрінбейтін нәрсе ешқандай таңбаланбайды. Мәдениет тарихы бұл қиыншылыққа мойынсұнбай тарихи тұрпаттанулық суреттеуді әлеуметтік­тұрпаттанулықпен, психологиялық­тұрпаттанулықпен және т.б. толықтырады. Берілген мақалада тарихи­мәдени жадығаттың мазмұнын зерттеу барысында оны ғылыми дәлелдік тұрғысынан қарамаймыз, біз тек қана ғылымның метатілімен шұғылданамыз. Соңғы көзқарас бойынша осы секілді әдісті сәтті деп тұжырымдауға болмайтынын айта кету керек: ол жадығатты суреттеуде біркелкілік мүмкіндігін ұстанымды түрде жоққа шығарады. 2.2. Сонымен, келесі мәселені тұжырымдауға болады: мәдениет тұрпаттануын зерттеу ғылымның қазіргі теориясының талап­тілектерін қанағаттандыратындай метатілдің қалыптасуын қамтамасыз ететін ерекше міндетін ұғынуын ұйғарады, яғни белгілі бір мәдениетті ғылыми тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік беретін ғана емес, өз бетінше міндет етіп шығарылған оның белгілі бір суреттеу әдісі де бола алады. 2.3. Суреттеудің бірде­бір бөлімінде нысан тілімен сәйкес келмейтін метатілдің біркелкі жүйесін жасау (осының алдындағы бүкіл мәдениет тұрпаттануында орын алғандай мәдениеттің соңғы синхронды қиығындағы тілі әруақыт бүкіл суреттеудің метатілі ретінде көрінді), онсыз тұрпаттанулық зерттеу жөнінде ешқандай мағынаға ие бола алмайтын мәдениет әмбебаптылығын анықтауда алғышарт болып табылады. 2.3.1. Әмбебап көзқарасы тұрғысынан зерттеуде мәдениеттің жалпы ғылыми алғышарты болып нақты берілген әралуан мәдени мәтіндерді біртұтас, ұйымдасқан құрылымдық жүйе ретінде ұғыну мүмкіндігі болып табылады. Біз айтып өткендей, бір ғана адамзаттық мәдениеттің мүмкіндігін ұғатын дәстүрлі тарихилық формуласы бір кезеңді екіншісінен айыратын ішкі жік белгілерін жандандырды. Адамзаттың бүкіл мәдениетіне ортақ бұл тұрғыдағы қасиеті балама ала алмады, сондықтан оның мәні де болмады. Бөтен әлем өркениеті мүмкіндігін көз алдымызға елестеткен кезде адамзат мәдениеті жөнінде біртұтас жүйе ретінде айтуға болады. Ол мәдениет әмбебаптары мәселесіне жаңа мән береді. 3. Бұл жұмыста кеңістіктік үлгінің негізінде мәдениетті суреттейтін метатілді, соның ішінде, геоморфты түрлену кезінде өзгермейтін пішіндер қасиетін зерттейтін математикалық пән — тұрпаттану аппаратын құрастыруға талпыныс білдірілді. Мәдениет тұрпаттануын зерттеу барысында пішіндер мен самғау жолының тұрпаттанулық қасиетін суреттейтін аппарат метатіл ретінде пайдаланылады деген жорамал айтылады. 3.1. Біз көкейкөз түйсігі арқылы бір мәдениет тұрпатына жатқызған кейбір мәтіндерді қарастырайық, сонымен бірге оның ішінен ішкі ұйымдасқан құрылымы жағынан барынша айырмашылығы болатынын тандап аламыз. Мұны киелі мағынадағы мәтін және заң ережелерінің жинағы деп есептейік. Осыларды кейбір инвариантты мәтіннің варианты ретінде қарастырып, оны құрастырып көрейік. Егер мұндай жұмысты жеткілікті дәрежеде бірізді және мәтін аумағын әруақыт кеңіте отырып жүргізсе, соңында біз берілген мәдени тұрпатқа жататын бүкіл мәтіндердің өзінше инварианты болып табылатын белгілі бір мәтін­ конструктке қол жеткіземіз, ал бұл мәтіндердің өзі әр түрлі тұрпаттағы белгі құрылымдарының іске асуынан көрінеді. Мұндай мәтін­конструктыны біз «мәдениет мәтіні» деп атаймыз. 3.2. Берілген мәдениет ұстанымы тұрғысынан қарағанда мәдениет мәтіні шындықтың барынша абстрактілі үлгісі болып табылады. Сондықтан оны берілген мәдениеттің әлем бейнесі ретінде анықтауға болады. 3.2.1. Мәдениет мәтінінің бірден­бір ерекшелігі оның әмбебаптылығы болып табылады: әлем бейнесі бүкіл әлемге қатысты және негізінде, бәрін өзіне біріктіреді. Берілген мәдениеттің көзқарасымен қарағанда оның сыртында не жатыр деген сұрақтың мағынасыздығы, оны бүкіл әлемдік универсумге қатысты қарастырғанмен бірдей. Әрине, араларында өзіндік үйлеспеушіліктер болып тұратын жеке, өзара еш байланыссыз мәтіндердің жұмысын көз алдымызға әкелуге болады. Мұндай жағдайды біз ақылынан алжасқан кездегі немесе дамудың ерте сатысындағы (жас жағынан немесе этнологиялық мағынадағы) суреттеулерден байқаймыз. Сірә, барлық жағдайда біз мәдениет тұрпаттануынан тыс тұрған деректермен ұшырасамыз, демек ол бізге тікелей қатыссыз мәселе. Егер жеке мәтіндері, түсініктері, мінез түрлері әрбір деңгей шеңберінде біртұтас әлем бейнесімен байланыспайтын ұжымды суреттеуге мүмкіндік болса, онда оның мәдениетке дейінгі немесе мәдениеттен тыс жағдайы жөнінде айтуға болады. 3.2.2. Екі сұрақты жіктеуіміз керек: әлем бейнесінің кеңістіктік құрылымы және мәдениет тұрпаты суреттемесінің метатілі ретіндегі кеңістіктік үлгі. Бірінші жағдайда кеңістіктік сипаттама суреттеліп тұрған зерзатқа, екіншісінде суреттеу метатіліне жатады. Дегенмен осы екі — өте алшақ — пландар арасында белгілі бір байланыс бар: адам санасының антропологиялық қасиетімен байланысты болуы ықтимал адам мәдениетінің әмбебап ерекшеліктерінің бірі әлем бейнесі міндетті түрде кеңістіктік сипат белгісін алады. Әлем тәртібі құрылымының өзі оның бүкіл басқа деңгейлерін ұйымдастыратын міндетті түрде белгілі бір кеңістіктік құрылымның негізінде болжаланады. Сөйтіп, метатіл құрылымдары мен зерзат құрылымдары арасында геоморфизм қатынасы пайда болады. Сонымен бірге әлем бейнесінің кеңістіксіз құрылымы кеңістіктікке, ал кеңістіктік — суреттеудің кеңістіктік метатіл үлгісіне осындай қатынаста болады. Айтылу пландарына жататындардың бәрі әр түрлі шыншыл мәтіндермен ұштастырған кезде мәдениеттің тұрақты мәтініне қатысты алынып тасталынатындықтан, мәдениет мәтіні деңгейінде біз таза мазмұн құрылымымен жұмыс істейміз. Дегенмен, кеңістіктік сипат адамзат мәдениетінің әлем бейнелеріне жататындардың бәріне болмай қалмайтын сонымен бірге белгілі дәрежеде үстірт құрауы болғандықтан, ол басқаларға айтылу планы ретінде көрінетін әмбебап мәдениет үлгісінің мазмұн деңгейіне айналады. Бұл жағдай мәдениет мәтіндерінің кеңістіктік сипаттарының жүйесі жеке сапаға ажыраған кезде біртекті суреттеу метатілі ретінде көріне алатындығына үміттенуге мүмкіндік жасайды. 4. Мәдениет мәтіндері екі түрлі мәтін сырына жіктеле алады. 4.0.1. Әлем құрылымын сипаттайтын. Бұл топтағы мәтін астары қозғалмайтындығымен ерекшеленеді. Олар «Қалай құрылған?» деген сұраққа жауап береді. Егер де олар әлемнің динамикалық бейнесін жаңғыртса, онда ол «А әмбебап көптігі В әмбебап көптігіне айналады» жүйесі бойынша имманентті өзгерісі. Бұл мәтін астары тобының негізгі сипаты кеңістіктің үзілісті тұрпаты (топологиялық түсініктерде баяндалатын үзіліссіздік, көршілік, шекараластық және т.б.) болып табылады. Берілген мәдениет мәтініндегі кеңістікті суреттеуде осы әлем үлгісінің (кеңістіктік қана емес, әлеуметтік, діни, этикалық және т.б.) ішкі ұйымдасуын әңгімелеуде зерттеуші қолданатын метатіл сапасы болып танылады. Дегенмен мәдениет мәтіні әлем түзілімін жаңғыртатын белгілі бір жіктемелік жүйе ретінде ғана сипатталмайды. Оған сонымен бірге жалпы жіктемедегі баға категориясы, құндылық иерархиясының белгілі бір қуыс кеңістіктер жөніндегі түсініктер кіреді. Кеңістіктік қатынас тілінде бұл түсініктер кеңістік хабардарлығы құрал ­ тәсілдерімен айқындала алады. Егер бөлшектеу тұрпаты әлем түзілімінің тәсілін жаңғыртса, онда «жоғары» <­­> «төмен», «оң» <­­> «сол», «кіндікті» <­­> «кіндіксіз» («жинақы» <­­> «шашыраңқы»), «шекараның бергі» <­­> «арғы жақтары», «түзу» <­­> «қисық», «инклюзивтік» <­­> «эксклюзивтік» (яғни «мені қосатын» <­­> «мені қоспайтын») түсініктері бағаны модельдейді. 4.0.2. Адамның айналасын қоршаған дүниедегі оны сипаттайтын орын, жағдайы және іс­ әрекеті. Бұл топ бөлімі шымыр қозғалысты. Ол құрылымы бірінші топ бөлімінің мәтінінде сипатталған континуум ішіндегі қозғалыстың кейбір субъектісін суреттейді (қар. 4.0.1). Екінші топ бөлімінің мәтіндері екіншіден сюжеттілігімен ерекшеленеді. Олар жағдайларға (эпизодтарға) ыдырайды және сұрақтарға жауап береді: «Не және қалай болды?», «Ол не істеді?». Сюжетті суреттеу аппараты «ағаш», самғау жолымен байланысты топологиялық түсініктер болуы мүмкін, ол нүктенің ауысуы, соның ішінде граф теориясы арқылы жүзеге ауысуы мүмкін. 4.1. 4.0.1 Суреттелген тұрпаттағы өзгерістер (әлем жай­күйінің өзгерістері) кейбір тұрақтылықты, жылжымайтын бейнені құрайды, 4.0.2 сөз болғандар жөнінде осыны айта алмас едік, демек «жылжымайтын» <­­> «жылжымалы» оппозиция ерекше мәнге ие, мәтін элементтерін жіктеуге көмектеседі. 4.1.1. Мәтіннің жылжымайтын элементтері космологиялық, географиялық, әлеуметтік және басқа да әлем құрылымын сипаттайды, «кейіпкер айналасы» түсінігінде қамтылатынның барлығын біріктіреді. 4.1.2. «Кейіпкер» — мәтіннің жылжымалы элементі. 4.1.3. Тұжырымдалған көзқарас кейіпкерлер арасын саралауға көмектеседі. Кейіпкерлер қандай ма болмасын континуумде (қиял­ғажайып, эпикалық­героикалық, әлеуметтік және т.б.) әрекет жасамасын, оларды осы континуумның қандай ма болмасын қуыс кеңістігіне бекітілген жылжымайтынға және жылжымалыға бөлуге болады. Бір ортадан екінші ортаға өтіп отыратын, әр уақытта қозғалыста болатын алғашқылары өз ортасын ауыстыра алмайды. Мысалы, орыс қиял­ғажайып ертегісінде әкесі, туысқандары салыстырмалы бір ортаға («үй»), мыстан кемпір — келесісіне («орман») бекітілген, кейіпкер бір орта аясынан екінші орта аясына ауысады. С. Ю. Неклюдов орыс батырлар жырының негізінде кейіпкердің жылжымалылығын және оның қарсыластарының оқшауланған шектеуге бекітілгендігін керемет көрсеткен. 2 Тура осындайды серілік роман мысалынан, сол секілді сюжеттік сарынмен ашық айқындалған кез­келген басқа да мәтіндерден байқай аламыз. Одиссей, Орфей, Дон­Кихот, Жиль­Блаз, Растиньяк, Чичиков, Пьер Безухов — өзіндік әлемді білдіретін сол әмбебап кеңістік ішінде қозғалыс жасайтын, өз жолдары бар кейіпкерлер. Оларға осы кеңістіктің — қиял­ғажайып, географиялық, әлеуметтік және т.т. орта аясына бекітілген кейіпкерлер қарсы тұрады. 4.1.4. Жылжымайтын кейіпкерлер өз ортасының атауын ғана білдіретін тұлғаландырылған жағдай болып табылады. Оларды 4.0.1. құрылымының құбылысы ретінде суреттеу ыңғайлы. Олар толығымен берілген әлем бейнесінің жіктеу ұстанымдарына жатады, айырмашылығы, оның көзқарасы бойынша мейлінше жалпылығында («тұрпаттылығында»). Жылжымалы кейіпкерлер өз ішіне берілген жіктеуді бұзу мүмкіндігін бүгеді және жаңаны бекіту немесе құрылымды өзгермейтін мәнде емес, керісінше көп бейнелі варианттар арқылы көрсетеді. 4.1.5. Сондықтан да берілген әлем бейнесінің ішіндегі тыңдаушы үшін сюжетті топ бөлімі әрқашан көбірек хабар береді. 4.2. 4.0.1 Тұрпаты мәдениет мәтіндерінен төрі өз бетінше болатын мәтіндердің барынша төменгі деңгейінде көріне алады. Әлем өлімінен лирикалық өлеңге дейінгі бүкіл мифтер мен аңыздардың сюжетсіз мәтіндері осындай. 4.0.2 тұрпат дербес мәтін жасай алмайды. 4.0.1 құрылымы мұнда айқындалған немесе жобаланған күйде қатысады.

Читайте также:  Маңғышлақ жартыаралындағы 1870 жылғы Адай бүлігі

Оставить комментарий