Мәдениеттің және оның институттарының шығу тегі

Бір қарағанда, бір біріне диаметралды кереғар көрінетін ритуалды практикалардың өзін құрбандық текесі механизміне келтіруге болады дейсіз. Сіз осының мысалын келтіре аласыз ба? Р.Ж.: Аманатты өлтіруге ұжымның барлық мүшелерінің қатысуын талап ететін ритуалдармен қатар мұндай қатысуға және аманатпен жұғысудың кез келген түріне тиым салатын өзгелері бар. Онда аманатты өлтіру бұл мәселе жөніндегі мамандарға, діни тұрғыда қоғамдастықтың өзге мүшелерінен пәрменді түрде бөлек, құрбандық шалу рәсімін жасайтын абыздарға қалдырылады. Онда құрбандық шалуға осынша кереғар екі қатынас қалайша бір механизмнен шыға алады; және қалайша олар, мынаусы немесе анаусы болсын, өздерінің қарама қайшылығына қарамай бұл механизмнің нысаны жөнінде ақиқатты нәрсе айта алады? Аманаттың өлімі қоғамдастық ішіндегі қатынастарды өзгертеді. Келіспеушіліктен бітімге ауысу оның нағыз себебі, ұжымды зорлықтың біріктіруші миметизміне емес, аманаттың өзіне телінеді. Бейбітшілікке оралудың нағыз себебін ешқашанда түсінбей, діни ой барлық нәрсенің әлгі аманаттың ерлігі деп пайымдауға мәжбүр, ол барлық мән берудің орталық өзегіне айналады. Әлгі ой аманатта шептенетін зиянды квазисубстанция, киелілікті ойлап табады және әлгі киелілік құрбандық операциясы және аманатты қоғамдастықтан қуу арқылы пайдалыға айналады. Сөйтіп, діни ой аманаттан киеліліктің дәнекершісі және трансформаторы — мимесисты — жасауға мәжбүр, ал ол болса өзінің қоғамдастықта таралу мөлшеріне байланысты конфликтке бейім және ажыратусыз; оның құрбандыққа талпынысы одан бітістіруші және реттеуші күшті, жақсы ритуалды мимесисты жасайды. Діни ой акцентті кейде құрбандық әрекетінің зиянды қырына, аманатқа нашар киеліліктің тартылуына, кейде пайдалы қырына, қоғамдастықты бітістіруіне жасай алады. Бірінші жағдайда жүйенің аманатпен қауышудан өте қауіпті, өзі тиым салатын нәрсені көру мүмкіндігі туады. Дәл сол кезде құрбанды өлтіру абыздарға, әсіресе жұғу қаупіне қарсы тұру үшін жақсы қаруланғанға қалдырылады. Және, әрине, бұл абыздардың өздері өздерінің қызметін бітіргеннен кейін ұшықтаудың өте төзімсіз ритуалдарынан өтуге мәжбүр болады. Керісінше, акцент пайдалы өзгеріске қойылса, барлықтың бірдей қатысуы оның занды пайымы болады. Бұл рәсімнің екеуі де негізқалаушы механизмнің тек бір бөлігін ашады, бірақ этнологтар өздеріне бұл жөнінде есеп бере алмайды, өйткені олар ритуалды аманаттың тиімділігін де, оған діншілдік беретін қоснұсқалы трансференцияалды интерпретацияны да көрмейді. Г.Л.: Сіз өзге мысал келтіре аласыз ба? Р.Ж.: Міне, өзге мысалы. Кейбір ритуалдар құрбандықты таңдау қамын қалдырмау үшін, яғни оларды бір бірімен ұрыстырмау үшін кейде өте шытырман еріксіз процедуралады қарастырады. Алайда, аманатты таңдауға кездейсоқтықты енгізудің орнына аманаттың өте арнайы екенініне сендіру үшін барлық мүмкін нәрсені жасайтын өзге ритуалдар бар. Демек, біз мұнда да жалпы негізді жоқ қылатынға ұқсайтын қарама қарсы нәрсемен істеспіз. Жалпы негізге сену үшін, дейді мұнда, Жирар айырмашылықты көрмеуге, немесе оларды білдірмей жасыруға тиіс. Бір кезде қажетті түрде оған оның бенефициариялары телитін негізқалаушы механизм мен киелеуші интерпретацияны ұғынғанда екі пайымның да тең дәрежеде мүмкін екені түсінікті болады. Миметикалық дағдарыс шеңберінде құрбандық тек қана көп антагонисттердің бірі, ол барлық өзгелердің двойниті, олардың егіз­жауы, бірақ миметикалық шептену дағдарыс пен бітісудің барлық мәнденуін келтіреді. Сөйтіп ол ғажайып түрде мәнді және арнайыға айналады. Демек, онда кездейсоқтықтан арнайыға, ұқсас тұлғалардың ақыры және ажыратуға оралу жүзеге асады. Діни ешқашанда екі сәтті бір уақытта ұстамайды және оларға тең мән бермейді. Ол акцентті кейде біріне, кейде өзгесіне жасайды; демек бір жағдайда еріксіз әрекеттерге барса, өзгесінде, керісінше, арнайылық туралы қамдану басым. Мұнда тағы да екі қарама қарсы рәсімдер зорлықшыл бастауға қарсы шығудың орнына, оны куәландырады, өйткені олардың екеуі де негізқалаушы операцияның ол трансферлер туғызған перспективада қалай көрінуге тиіс қалпындағы мәнді қырын бөледі. Бірақ біз мұнда біртүрлі жаңа және өте маңызды нәрсеге келеміз: ол діни ойға тон оған ашылатын бұл мәселенің тұтас мәнді бөліктерін ұстай алмауы және трансферлер негіздеген тұтастықтың қарама қарсы қырларынан тек біреуін ғана ұстауы, шексіз нұрланған объекттің ол алдымен өз алдында көрсететін тек бір қырын ғана көруі. Іс жүзінде екі трансферлерден аманат шексіз мәндеудің тұтас негізін жасайды. Рефлексия бұл мейлінше мол полисемияны қамти алмайды; діншілдік оны бір көз тастау арқылы тұтас ұстай алмайды, демек, осы тұтастық ішінен таңдау қажеттілігі туындайды, және олар діни жүйелерді әр жаққа бағыттайды. Мен мұнан институционалды вариациалардың басты негізін көремін. Діни ой дифференциалды тұрақтылықты зерттейді; демек ол жаппай операцияның бір ғана синхрониялық сәтіне табан тірейді және өзгелерді тастап акцентті соған жасайды. Діни ой ол біздікіне қатысты қанша «синтетикалық» көрінгенімен өзінің есінде сақтаған немесе сақтауға тырысқан құпияға да одан да бетер пайымды; біз кейін көретіндей ол біртіндеген бөлу мен жіктеудің сериясымен әрекет етеді, ал ол болса қызғылықты түрде құрбандық әрекеттің өзін, қатысушылардың құрбандықты бөлектеуін еске түсіреді және олар оның зердеуи эквивалент^ өйткені, шектен тыс нәрсе. Нәтижесінде, діншілдік әрқашанда ажыратушы және құрамдаушы. Ол ешқашанда қайдан шыққанын түсінбейді және ол әрқашанда өзінің бастауынан алыстай береді. Менің ойымша, барлық тарамға еріп, барлық діни және тіпті діни емес институттардың бастауына келуге болады. Меніңше, адамзат мәдениетінде құрбандық текесі механизміне келтірілмейтін ешнәрсе жоқ. Менің ойымша, бұл процесстің бәрі тиым белгісі астына қойылуға тиіс. Тиымды ұғыну этнолотиялық ойдың кез келген түрінде билік ететін және бүгінде әсіресе структурализмде басым ажыратуды ұғынумен бір тұтастық құрайды. Дәл осы ұғыну ритуалды практика және тиымдарды талап ету арасында кереғарлық тудырады. Діншілдікті «шешілмейтін кереғарлық» ретінде түсіну бұлтартпас түрде бастауды жоғалтумен байланысты. Міне сондықтан адамзат мәдениетінің барған сайын тәртіптенуі және жіктелуі сонымен бірге үдеген мистификацияға, қанды іздерді өшіруге айналған.

Читайте также:  АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСУІ

Оставить комментарий