Загрузка…

«Мәңгілік Ел» идеясын ақпараттық кеңістікте жылжыту

Қоғамда ұлттық идея қандай болуы керек деген мәселе көптен көтеріліп келеді. Бұл мәселе ұлттық идеяның тұғырын анықтаудан бастап, оның мән- мазмұнын ашатын ұғымдарға дейін әртүрлі қырынан қарастырылды. Ұлттық идеяны дайындау үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңі, халықтың ұлттық идеологияны әзірлеудің мүмкіндігі мен оның мақсаттылығы ту- ралы ой-пікірлерді қабылдамауы. Бұны ел тұрғындарының кеңес- тік идеологиялық ұстанымдардан әбден шаршағанымен түсінді- руге болады. Ғылыми әдебиеттерде бұл кезең идеологиялық ваку- ум кезеңі ретінде белгілі. Соның нәтижесінде, ел тұрғындарының дінге, діни жаңаруға қызығушылығы артты [1]. Қоғамдағы әлеуметтік құрылымның өзгеруі, азаматтардың өзіндік этника- лық және діни сана-сезімінің өсуі бірегейліктің кеңеюіне әкелді. Осыған орай 2000 жылдардан бастап Қазақстан халқын ұйысты- рып, бір мақсатқа жұмылдыратын идеялар мен құндылықтарға бағытталған осы үдерістің екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде мемлекет құрушы ұлт мәселесі бойынша азаматтардың жоғары белсенділігі көрінді.

Осы тақырыптағы хабарлар ресми, сондай- ақ ресми емес ақпараттық кеңістікте де толыға бастады [2]. 2014 жылы ұлттық идеяны айқындаудың үшінші кезеңі кең ауқымда жүзеге асырыла бастады [3]. 73 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Ішкі саясат және әлеуметтік үрдістер Бүгінде ұлттық идеямыздың «Мәңгілік ел» аталуы осы идеяны ақпараттық кеңістікте жылжыту үдерісінде барынша тиімді технологиялар туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр. Бір қарағанда, оңай еш нәрсе жоқ. Елімізде ақпараттық науқан алғаш өткізіліп отырған жоқ. Ұлттық идеяны айқындап алған алғашқылардың бірі де емеспіз, шетелдік тәжірибені қолдануға болады. Бұған қоса, қазір PR-технологиялар іске қосыла бастады, ақпараттық кеңістік ұлттық идея мазмұнымен толыға бастады. Солай болса да, ақпараттық кеңістіктегі ұлттық идеяны талқылау және жылжыту науқанының кемшін тұстары жетерлік. Қоғамда ұлттық идеяны талқылау және жылжытудағы отандық ақпараттық науқанның кемшіліктерін анықтамас бұрын, талдауға негіз болған бірқатар әдіснамалық алғышарттарды белгілеп алғанымыз дұрыс. Біріншіден, қазіргі әлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыс, халықаралық құқық нормаларының күйреуі, ақпараттық-комму- никативтік технологиялардың дамуы, терроризмнің жаңа түрлерінің пайда болуы және т.б. бірқатар факторлар геоэкономикалық және геосаяси ахуалдың күрт төмендеуіне әкеледі.

Аталған жағдайда тұрақтылықтың қажетті деңгейіне қуатты мемлекет қана ие бола алады (декларативті емес, халықтың нақты бірегейлікпен байланысын сипаттайтын). Екіншіден, бірегейліктің «автоматты режимде» бөлінуі при- мордиалды ойлау парадигмасы жағдайында мүмкін және ол дәстүрлі қоғамға тән (бір ұлттан тұратын). Көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттерге тән модернистік тұрпатты бірегейлікті қалыптастыру жағдайында оның тұрақтылығы жеке адамның саналы таңдау деңгейіне тікелей байланысты. Мемлекеттік бірегейлік пайдасына шешілген саналы таңдаудың маңыздылығы Украина оқиғасы мен әртүрлі елдер азаматтарын халифат құруға шақырған ДАИШ-тің идеологиясында жарқын көрінеді. Өзге идеологияны уағыздаушылардың мақсатты ықпалы жағдайында индивидтің ешбір пайымдаусыз «автоматты режимде» саяси ұлтпен дербес бірегейленуі тұрақсыз болады. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті қамтамасыз ететін ресурстардың бірі ұлттық идея болып отыр. Ұлттық идея – бұл құндылық, ол үшін жұртшылық өзін-өзі шектеуге дейін барады.

Дегенмен идеялардың нақты тәжірибемен байланысының жоқтығы ұлттық идеяның 74 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Ішкі саясат және әлеуметтік үрдістер тиімділігі мен қызметін орта және ұзақмерзімді болашақта нөлге жақындатады. Төртіншіден, ішкі саяси функционалдылығымен қоса, ұлттық идея мемлекеттің саяси және әлеуметтік кеңістігіне ғана бағытталуы мүмкін емес. Ұлттық идея – бұл кейбір ұлттық аумақтағы бейбіт өмір сүрудің тәсілі туралы мессидж десе болады. Халықтың міндеті – бүкіл әлемге осы құндылықты жеткізу. «Осы құндылықтарды неғұрлым тасымалдаушы болған сайын, соғұрлым біздің маңызы- мыз да арта түспек, біз осы үшін де өмір сүріп келеміз»: күнделікті күнкөрістің қамымен жүрген халыққа өмірдің мәнін түсіндіреді, бейбітшіліктің маңыздылығын көрсетеді [4]. Осыған орай ұлттық идеяны жылжытып, ұзақмерзімді болашақта оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін базалық принциптерге төмендегілерді жатқызамыз. Бірінші. Ұлттық идея әмбебап сипатта болып, жалпы әлемдік ауқымдағы құндылық ретінде қарастырылуы қажет. «Бізге жақсы болуы керек» сыңайдағы немесе біреуге қарсы қою ұлттық идеяға жұмыс істемейді [4]. Екінші.

Ұлттық идея үнемі жағымды сипатқа ие, ол ұлттан үстем, мәдениеттен тыс және азаматтық тұрғыдан жүйелі. Үшінші. Ұлттық идеяның тұрақтылығы мен соның негізінде қалыптасатын бірегейлік экзистенциалды таңдаудың нәтижесі болып табылады. Мұндай тұрақтылық оның индивидтерінің балама идеологияның «тартымдылығына» қарсы тұру қабілеттеріне тікелей байланысты. Төртінші. Ұлттық идеяны жылжытудың негізгі кеңістігі ресми емес кеңістік болып отыр. Ұлттық идеяны жүзеге асыру бойынша ақпараттық-үгіт-насихат науқанының басты элементтері азаматтар екендігі белгілі. Олардың қызметі ақпараттарды түрлендіру мен қоғамдық талқылауға қатысудан тұрады, олар сондай-ақ ақпараттық салдардың «кейіпкерлері» рөлін атқарады. «Мәңгілік ел» идеясын жылжытудағы ақпараттық науқанның мынадай кластерлерін бөліп қарастыруға болады. Бірінші – ресми ақпарат кластері. Ол еліміздің ресми тұлғалары мәлімдейтін хабарлардан бастап ұлттық идеяны қолдау жөніндегі бұқаралық патриоттық іс-шаралар туралы ақпараттық хабарларға дейінгі мессидждер топтамасынан тұрады. Кемшін тұстары ретінде халық сұранысының, сондай-ақ осы 75 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Ішкі саясат және әлеуметтік үрдістер кластерге кіретін ақпараттық топтамаларға халық сенімінің әртүрлі деңгейін айтуға болады. Мемлекет басшысының мәлімдемелерін күту, талқылау сенімнің жоғары деңгейі ретінде бағаланса, патриоттық акциялар қажеттілік пен сенімнің төменгі деңгейіне ие.

Екінші – ғылыми-сараптамалық кластер. Оған ғылыми мақалалар мен монографиялар, сарапшылардың пікірлері, ғылыми-ұйымдастырушылық іс-шаралар туралы дайджестер: конференциялар, дөңгелек үстелдер, сарапшылар форумдар, т.б. жатады. Бұл ақпараттық топтамалардың тиімділігі бірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, ақпарат дайджест форматында берілген жағдайда «жылжыту» тиімділігі нөлге жақындайды. Себебі, сарапшылардың белгілі бір мәселені талқылау үшін жиналғаны туралы жай хабар жұртшылықтың қызығушылығын тудырмайды. Екіншіден, ғылыми-сараптамалық өнімнің сұранысы. Ақпараттың бұл түрінің өз аудиториясы бар (мәселен, қоғамдық-саяси қызметтегі азаматтар). Өндіріс, не болмаса қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс уақытынан кейін ұлттық идея тақырыбындағы ғылыми-сараптамалық еңбектерді оқуы, не хабарлар көруі екіталай. Үшіншіден, «Мәңгілік ел» идеясының мазмұны жөніндегі пікірлер сан алуан. «Мәңгілік ел» идеясын беруде, негізінен, құндылықтар қатарына көңіл аударады. Үшінші – шығармашылық кластер. «Мәңгілік ел» тақырыбындағы шығармашылық туындылардан: әндер мен суреттерден және т.б. тұрады. Бұл бағыттың тиімділігін бағалау өте қиын, дегенмен оның ерекшелігі – эмоционалды ортаға ықпал ету қабілеттілігінде. Кластердің ерекшелігін ескере отырып, әрбір нақ- ты жағдайдағы кемшіліктер әртүрлі болуы мүмкін. Жалпы алған- да, үшінші кластерді шартты түрде екіге бөлуге болады.

Біріншісі, ресми кластерге жатқызылса, екіншісін, «фишкаларға» жатқызуға болады. Төртінші – «фишкалар» кластері. Осы кластердегі ақпараттық топтамалар халық шығармашылығының көрінісі болып табылады. Оған мемлекеттің де араласуы мүмкін. Бұл бағытқа ҚазМЗУ рек- торы Мақсұт Нәрікбаевтың парашютпен секірісін [5]; Каспийден Алтайға дейінгі «Менің елім – Мәңгілік ел» этнографиялық экспедициясын жатқызуға болады. Өйткені бұлар ресми емес ақпараттық кеңістік шеңберінде азаматтардың қызығушылығын 76 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Ішкі саясат және әлеуметтік үрдістер тудырып, талқылауға ынталандырады. Мұнда да үшінші кластердегідей әрбір нақты жағдайдағы кемшіліктер әртүрлі болуы мүмкін. Бесінші – «Мәңгілік ел» идеясын ағылшын тілді кеңістікте жылжыту. Кластердің ақпараттық мазмұны жоғарыда аталған төрт кластердің ақпараттық топтамалары есебінен жүреді. Жалпы, кластердің кемшілігін екі нәрседен анықтауға болады. Біріншіден, ішкі тұтынушыларға бағытталған қазақ тіліндегі, не болмаса орыс тіліндегі мәтіндердің аудармасы саналатын ағылшын тіліндегі мәтіндер «жылжытудың» жоғары деңгейіне ие бола алмайды. Ол үшін мәтіндер шетел аудиториясының «назарын аударатындай» принциптер мен технологияларға құрылуы керек. Екіншіден, аударманың лингвистикалық ерекшелігі де үлкен рөл атқарады. Мәселен, «National Idea» ағылшын тілді аудиторияға түсінікті болмауы мүмкін, оның дұрыс баламасы – «Kazakh National Identity». «Мәңгілік ел» идеясын талқылау мен жылжытудағы ақпараттық науқанның мықты тұсы – оның кешенді форматта: БАҚ жарияланымдарында, архитектуралық композицияларда, эстрада шығармаларында, әртүрлі ақпараттық топтардың жұмысы шеңберіндегі қарым-қатынастарда жүргізілуінде. Сонымен бірге қазіргі кезде идеяны жылжытудағы өзекті міндеттердің бірі ресми емес ақпараттық кеңістікте коммуникативтік процестерді белсендендіру болып отыр.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar