Мұхтар Әуезов және қазақтың музыкалық­-поэтикалық фольклоры

1997 жыл қазақ халқының кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасының аясында өтті. Гуманист жазушының ғасырлық мерейтойы бүкіл прогрессивті адамзаттың рухани мерекесіне айналып, халықтың еркіндік сүйгіш мінезін, өзіндік мәдениетін паш етті. Әуезовтің Қазақстанның қазіргі мәдениетінің қалыптасуы мен дамуындағы қызметі өте зор. Суреткердің шебер қаламының ұшы тимеген оның бірде­бір қыры жоқ. Мұхтар Әуезовтің бүкіл өмірі музыкамен тығыз байланыста болды, ол жайында жазды, өмір бойы сүйіп өтті. Жазушы бала кезінен музыкалық­поэтикалық ортада өсті. Халықтық салттар мен Арқа ақындарының поэтикалық айтыстары оның ішкі әлемінде өшпестей із қалдырды. Оның музыкалық талғамының қалыптасуына Біржан салдың өршіл үнді әндері мен Ақан серінің лирикалық саздары, Абайдың өлмес өнері игі ықпалын тигізді. Танымдық қабілеті мол дарынды тұлға ретінде Мұхтар Әуезов олардың адами табиғатын терең түсінді. Замандастарының естеліктеріне қарағанда жаны жай тапқан кездерде ішкі толғаныстарын дала қазағының мәңгілік досы ­ екі ішекті домбыраға сеніп айтып (шертпе күйлерді ұнатқан), Арқаның әсем әндерін баяулатып салатын болған. Мен жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызы көрсеткен бір жәдігерді қолыма ұстау бақытына ие болдым. Ол оның әкесінің мұғалімдер семинариясын бітіргендігі туралы аттестат болатын. Беске бағаланған пәндердің қатарында ән сабағы да бар. Ұлттық фольклорды, оның поэтикалық та, музыкалық та салаларын өте жақсы білу шын мағынасында музыкамен рухтандырылған шығармалардың тууына себеп болды. Бұл жерде ең алдымен «Абай жолы» роман­эпопеясын атау керек. Ұлы ақын ­ сазгер Абай Құнанбаев жайлы ыстық сезімге бөленген сөздің өнбойында музыка, көтеріңкі лепті, романтикалы поэтикалық саз бар. Атап айтқанда романдағы музыка көркем ойдың, әлемді эстетикалық тұрғыда қабылдау мен суреттеудің жүйесі ретінде өмір сүреді.

Абай бейнесі поэзия мен музыканың үйлесуі арқылы жасалып, прозалық мәтіннің музыкалық феноменін тудырады. Әуезов сазгер­ классиктің шығармашылық лабораториясын, Абай әндерінің туу жолдарын жоғары шеберлікпен көрсетіп, содан кейін бұл әндердің қазақ жастарының арасына тарап кетуін, қазақ даласының кең аумағына құдды еркін ұшқан құстардай шарықтауын жоғары көркемдікпен суреттейді. Бұл қатарда атақты «Татьянаның әнінің» орны ерекше. Абай әуенінің сазды сиқыры Әуезовтің көркемдік­стильдік концепциясын құрап, бүтіннің драмалық сипатына елеулі әсер етіп, реалдылық сезімінің ауқымын күшейтіп, сюжеттік баяндаудың нанымдылығын күшейте түседі. Ұлы сөз шебері Абай әндерінің әуендік табиғатының сипатын терең сезіммен беріп, музыканы қабылдау, ұғыну сәттерін нәзік штрихтармен суреттеген көкейкесті ойлар мен сезімдерді паш етеді. Мысал үшін «Желсіз түнде жарық ай» әнін еске түсірейік. Әннің бейнелік құрылымын поэтикалық сипатта жоғары көркемдікпен бере отырып, Әуезов: «Әндегі суреттер әркімнің жүрегіне жақын да қымбат. Ол қазақ даласының күнделікті өмірінен алынған… Бәрі айқын, анық, көлеңкесіз, жайлы, қуанышты сезімдер тудырады», ­ деп жазады. Әуезов еңбектерінде әнді көркемдік тұрғыда бейнелеумен қатар терең музыкатанушылық зерттеу де бар. Фольклортанушы ғалым Абай әуенінің стильдік, ырғақтық өлшемдік ерекшеліктерін көрсетіп, өте дәл ғылыми тұжырымдар жасайды. Әуезов олардың дыбысталуындағы камералық сипатты атап көрсетеді. Ол: «Олар (Абай әндері) әр сөзге аялай, сезіммен қарауды талап етеді, мұнда әр сөз тыңдаушыға дәл жетуі керек», ­ дейді («Әр жылдар ойлары»), Бүтіндей алғанда Әуезов прозасының әуенділік мәселесі маңызды, перспективті сала. Бұл ұлы тұлғаның адами­тәрбиелік үлгісі, оның дүниетанымы қазақ халқының рухани мұраларын зерттеген кезде ерекше көзге түседі. Академик Әуезов бірінші болып ауызша поэтикалық фольклордың жанрлары мен түрлерін теориялық тұрғыда жүйеледі. Олар халық шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері мен музыкалық сипатын толығымен көрсетеді, өйткені қазақтардың ауызша дәстүрінің профессионализмі сөздің, поэзияның, музыканың синкретті үйлесіміне негізделген.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ КОНФЕССИЯЛАР

Әуезов халық поэзиясының түрлерін ажырата келе метроритм, мелос заңдылықтарын да зерттеп, олардың ішінен декламациялық және речитативті (толғау, тақпақ) түрлерін анықтап, суырып салма өлеңнің екпін табиғатын ашты. Бұл тұрғыда оның «Татьянаның әнінің» әртүрлі нұсқалары жайлы ойлары, немесе желдірмені «Жарапазан» және «Наурыз жыры» сияқты маусымдық жырлардың екпінін жылдамдатуынан туған деген анықтамалары қызықты тұжырымдар. Ғалым олардың ұлықтау, көтермелеу сипатын, халықтың моральдық, этикалық биік ұстанымдарының орнығуын, олардағы мотивтік деңгейдің шағындығын, фольклорлық негіздерін атап көрсетеді. Әуезовтің отбасылық­тұрмыстық және салттық әндерде театрлық элементтердің барлығы туралы идеясы өнімді тұжырым болып шықты. Орыс ғалымдары М.Готовицкийдің, Г.Потаниннің ойларын дамыта келіп, академик Әуезов театрлық элементтердің қазақ тұрмысында драмалық сипаты бар үйлену, жерлеу салттарында, бата, жоқтау, қарғыс, ант, толғау, терме, желдірме сияқты музыкалық­поэтикалық шығармашылық түрлерінде бар екенін көрсетеді. Әуезов: «Әрбір жоқтаудың қазақтың басқа әндерінен мұңды, сезімді сазымен ерекшеленіп тұратын әуені бар», ­ деп жазды. Жоқтау әуендері ең кең тараған әдемі үлгілер ретінде қазіргі заманғы қазақ операларына бүтіндей кіргізілген. Қазақ халқының рухани мұрасын зерттеу барысында ғалым­фольклортанушы шешендік өнерге ерекше көңіл бөледі. Мұхтар Әуезов дәл байқағандай «шешендік өнерді қазақ халқы өте жоғары бағалаған, олардың тарихында екі шешеннің көркем, өткір, бейнелі, терең ойға толы сөздерінен өрілген логикалық айтысы өмір мен тұрмыстық мәселелерді шешкен жағдайлары көп. Шешендік сөздің қоғамдық, өмірлік болмыстағы дала табиғаты қалыптастырған адами ұстанымдар мен ұлттық мінездің ерекшеліктерін нәзік қырларымен көрсететін эстетикалық, этикалық, мағыналық және әсерлік сипаты жаңа жанрлардың аясында, мысалы операда көркемдік айналысқа түсіп, ерекше эмоционалды күй, қайталанбас колорит пен түс енгізді.

«Абай» және «Еңлік­Кебек» операларындағы шешендік өнер сахналары осындай. Бұл операларға контраст пен көркем бейнелерді психологияландыру әдісі ортақ, әңгімелік формалардың басым болуы және бұл сахналарда музыкалық сюжеттік дамудың кульминациялық аймақтарын құру тән. Либреттосын Мұхтар Әуезов жазған «Абай» және «Еңлік­Кебек» операларында Айдар мен Ажардың, Еңлік пен Кебектің қайғылы тағдырларын шешу сәттерінде драмалық коллизиялардың иесі ретінде өзінің дәлдігімен, өткірлігімен, сөз саптауының ауқымдылығымен ерекшеленетін Әуезов прозасы алға шығады. Мұхтар Әуезов еңбектерінде, оның ішінде бірегей туынды «Әр жылдар ойлары» еңбегінде негізгі желі ретінде біздің ата­тектеріміздің ­ өткен замандардың даңқты тұлғаларының рухани мұраларын сақтау идеясы өтеді. Бұлар ұлы арманшыл Асан қайғы, дана эпик Абыз, қобыз музыкасының ататегі Қорқыт, тапқыр Алдар­Көсе.

Читайте также:  МЫСЫР ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӘЛЕМДЕГІ ОРНЫ

Бұлардың бейнелерін жасай келе, Әуезов біздің тарихи есімізді оята отырып, адамгершілікке тәрбиелейді. Жырау, жыршылардың, суырып салма ақындардың, шебер күйшілердің жоғары деңгейдегі профессионалды өнері туралы зерттеулерінде ғалым олардың феноменалды еске сақтау қабілетін, бай интеллектін, сирек кездесетін шығармашылық дарынын атап өтеді. Әуезовтің ойы бойынша эпик жырау (ол бұларды әзірбайжан ашугтарымен, қырғыз манасшыларымен, туркмен бахшыларымен, орыстың баянымен («Игорь полкі туралы сөзді» еске алайық) салыстырады халықтың ойы мен мұңын жырлаушы, оның адами­этикалық символы. Рухани мұраны ұстаушылардың тарихи қызметін өте жоғары бағалай келіп, Әуезов олардың бейнелері арқылы өз дүниетанымын, өзіндік философиялық ұстанымын береді. Бұл тұрғыда Ғазиза Жұбанованың «Еңлік­Кебек» операсындағы эпик Абыздың мұңға, ашу­ызаға, қайғы мен көріпкелдік қасиетке толы сөздері ерекше. Бұл сөздер ерлік пен трагедияға толы, сонымен қатар біздің күрделі қазіргі уақытымыз үшін де соншалықты маңызды. Мұхтар Әуезовтің айтуынша, бұл ойлар Асан қайғының өлмес рухына тән. Біз алғаш ұсынып отырған тақырыптың зерттелуі тарихымыздың жаңа беттерін ашады. Бұл тұрғыда Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің көп қырлы шығармашылығы тың ойлар мен ғылыми жаңалықтардың таусылмас қоймасы, рухани­адами байлықтың айқын көрінісі. Әуезов даналығы қазір интеллектуалдық қызметтің көптеген салаларында ­ филология, түркология ғылымдарын айтпағанның өзінде философия, тарих, медицина, психология ғылымдары саласында да ашылуда. Біздің міндетіміз ­ оның рухани мәдениетімізге қосқан үлесін анықтау, қазіргі заман өнерінің бастауларында тұрғандығы, музыкатанудың негізін салушылардың бірі болғандығы жайлы сенімді түрде пікір айту. Қазақстанның ұлттық өнерінің қайраткерлері оның ұлы өсиеттерін үлгі тұтып, өшпес адами­азаматтық тұлғасының алдында бастарын иеді. Әуезовтің ұлылық сәулесін төккен бейнесі суретшілер мен мүсіншілер қолынан шығып, поэзия мен музыкада да көрініс тапты. Ерекше музыкалық ескерткіштердің қатарына Еркеғали Рахмадиевтің Сырбай Мәуленовтің сөзіне жазылған «Памяти Мухтара Ауэзова» поэма­реквиемі мен Ғазиза Жұбанованың «Мұхтар аға» ораториясы жатады.

Читайте также:  БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Оставить комментарий