iRef.kz

МҮЛІК ИЕЛЕНУ ТУРАЛЫ

Қауымның әрбір мүшесі өзін оған ол құрылған сәттен бастап, өзі сол кезде қалай болса, солай бағындырады, оған өзін де, барлық күшін де, оның құрамдас бөлігі болып табылатын дүние­мүлкін де бағындырады. Бұл сондай акт салдарынан мүлік қолдан қолға өтіп, өзінің табиғатын өзгертеді, сөйтіп егеменнің меншігіне айналады деген сөз емес. Бірақ азаматтық қауымның күші жеке адамның күшінен әлдеқайда көп болғандықтан, оның иелігі де іс жүзінде неғұрлым берік те даусыз болады, дегенмен ол, бері салғанда жатжұрттықтар түсінігінде, неғұрлым заңды бола алмайды. Өйткені Мемлекетте барлық құқықтардың қызметін атқаратын Қоғамдық шарт пәрменіне сәйкес мемлекет өз мүшелері жөнінде олардың барлық мүлкінің иесі болып табылады; бірақ басқа Державалар үшін Мемлекет жеке адамдардан өзіне көшкен мүлікті алғаш алушы ретінде ғана солай болып табылады.

Бірінші болып алу құқығы, ол күштінің құқығына қарағанда, көбірек дәрежеде солай болғанымен, тек меншік құқығы бекітілгеннен кейін ғана шын құқыққа айналады. Әрбір адамның табиғаттан­ақ өзіне қажет нәрсенің бәріне ие болуға құқығы бар; бірақ оны қандай да бір мүлік иесі ететін оң құқық актысы, сол арқылы оны барлық басқа нәрсеге құқықтан айырады. Өзінің үлесін алғаннан кейін ол сонымен шектелуге тиіс және қауымға тиесілі нәрсеге оның ешқандай басқа құқығы болмайды. Жаратылыстық ахуалда соншалық тұрақсыз бірінші болып алу құқығын азаматтық қоғамға жататын әрбір адамның даусыз сыйлайтыны міне сондықтан. Бұл құқықты түсінуде құрметтелетін нәрсе басқаның мүлкінен гөрі өзіңе тиесілі емес мүлік.

Пікір қалдыру