МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында үлкен орынды еліміздің мұнай ‒ газ кешені алады. Мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми-техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және газ конденсатының қоры үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ғана қанағаттандырылмайды, сонымен бірге мұнайдың белгілі бір бөлігі экспортқа шығарылады, бұл мемлекеттік бюджетке табысты түсірудің негізгі көзі болып табылады. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін валюталық түсімдер арқылы, Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық экономикаға қайта құруды негізінен аяқтады. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының мұнай – газ саласынан тәуелділігі Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) 27 % және жиынтық экспорт көлемде – 56% құрайды. Мұнай-газ қызметінен салық төлемдері бюджетке төленетін төлемдердің 1/3 бөлігін құрайды. Мәселен, 2007 жылы мемлекеттік бюджетке мұнай және газ конденсатын экспорттаудан $28,5 млрд түсті, бұл мемлекеттік экспорт операцияларының 60 % құрайды. 2013 жылы еліміз әлем бойынша дәлелденген мұнай мен газ конденсатының босалқы қорының көлемі бойынша 12 орында, мұнай өндіру көлемі бойынша 17 орында; табиғи газдың дәлелденген босалқы қоры бойынша 22 орында, газ өндіру көлемі бойынша 28 орында тұрақтады. Сондықтан мұнай-газ қызметінен алынатын табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтауда сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады. Нарықтық экономика жағдайында ұйымда мұнай мен газды тасымалдау бойынша қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Ұйымның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші ‒ бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік теорияда «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады. Яғни: Табыстар дегеніміз ‒ қаржының келіп түсуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлердің салымдары есебінен өсуден басқа жағ­ 160 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Мұнай газ секторындағы қаржылық есептілікті қалыптастырудың артықшылықтары дайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Табысқа тек ұйыммен алынған және оның өз жеке шотына түсуі міндетті экономикалық түсімдердің жалпы түсімі десек, үшінші тараптың пайдасына түскен сатылым салығы, тауарлар және қызметтерден алынатын салық және қосымша құн салығы сияқты сомалар ұйымға түсетін экономикалық пайда болып табылмайды, және жеке капиталдың өсуіне әкелмейді. Сондықтан олар табыстан алынып тасталады. Агенттік қарым-қатынас кезінде тап осылай экономикалық пайданың жалпы ағыны ұйымның өз капиталының ұлғаюына әкеліп соқтырмайтын принципал пайдасына жиналатын сомадан тұрады. Принципал пайдасына алынған сомалар табыс болып табылмайды. Табыс делдалдық сыйақы сомасы болып табылады. Табысты бағалау бойынша ұйымда табыс алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша бағаланады. Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген ұйымның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни ұйымның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: не­ні, қа­лай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез келген ұйымның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика ұйымның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және ұйымның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр ұйым өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. Қаржылық нәтижені есептілік көрсеткіштері ретінде табысты тану үшін келесі шарттардың бірі орындалуы қажет : Алынатын табыс сомасының өте жоғары шынайлық дәрежесінде бағалау мүмкіндігі бар болғанда; Осы іс – шарамен байланысты табыс сомасы алынуының мүмкіндігі өте жоғары болған жағдайда. Экономикалық маңызы зор ұйымның табысы келесі операциялар нәтижесінде алынуы мүмкін: 1. Тауарлы – материалдық қорларды сату нәтижесінде; 2. Қызмет көрсету нәтижесінде; 3. Активтерді уақытша пайдалануға беру нәтижесінде. Алынған табыс сомалары әртүрлі әдістер бойынша есепке алынады: 1. Жеткізілуіне байланысты есепке алу әдісі; 2. Мәмілені іске асыру кезеңдері бойынша есептеу әдісі; 3. Өндіріс бойынша есепке алу әдісі; 4. Құнын бөліп төлеу әдісі. Табыстар есебі шоттар жоспарының алдынғы бөлімінің пассивті шоттарында (реттеуші шоттарды есепке алмағанда ) жүргізіледі. Табыс сомасының пайда болу және көбеюі пассивті шоттардың кредиттік айналымында, ал дебеттік айналымында табыстар сомасының есептен шығарылуы көрсетіледі. Операциядан пайда болатын табыс сомасы, әдетте, ұйым және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады. Ол ұйыммен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құн бойынша бағаланады. Көпшілік жағдайда қарама-қарсы ұсыну ақша қаражаты немесе оның баламалары нысанында ұсынылады, ал табыс сомасы ‒ алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының немесе оның баламаларының сомасы. Алайда, ақша қаражаттарын немесе оның баламаларының табыстың кейінгіге қалдырған жағдайда қарама-қарсы ұсынудың әділ құны алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының номиналды сомасынан азырақ болуы мүмкін. Пайыздың ендірілген ставкасы: – ұқсас төлем қабілеттілік рейтингімен эмитенттің бірдей қаржы құралына арналған басым ставкадан; не – қаржы құралының номиналдық сомасына дисконт ретінде қолдану олардың қаржы құралдарымен төлем жасаған кезде тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағымдағы сату бағасын алуға мүмкіндік беретін пайыздық ставкадан тұратын нақтырақ анықталатын шама. Мұнай-газ секторындағы ұйымдар қызметінің нәтижесін оның қаржылық есептілігінің негізінде анықтау қажет. Демек қаржылық есептілікті қалыптастыруда: SFAS 19 «Мұнай-газ салаларындағы қаржылық есеп пен есептілік» стандарты; ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (113). 2016 161 Бейсенбаева А.К., Джакишева О.К. SFAS 69 «Мұнай мен газды барлау мен өндіру бойынша қызметтегі ақпаратта ашу» стандарты; SFAS 143 «Активтердің шығуымен байланысты міндеттемелер есебі» стандарты; SFAS 144 «Ұзақ мерзімді қызметтегі активтердің шығуы мен құнсыздану есебі» стандарты; Халықаралық қаржылық есептіліктің IFRS № 6 стандарты «Минералды ресурстарды барлау және бағалау» және сонымен қатар, активтер мен міндеттемелер есебінің жүргізілу тәртіптерін анықтайтын бірқатар IAS 2-40 аралығындағы халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қолданылады. АҚШ-тағы жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаларына (GAAP) сәйкес мұнай және газ өндіру қызметінде қаржылық есептіліктің өзіне тән ерекшелігін ескеру керек, яғни: ‒ мұнайгаз активтерінің ерекше түрлерінің болуына байланысты пайда болу, амортизация және құнсыздану тәртібі; ‒ мұнайгаз өндеу және өндіру шығындарының жіктемесін бірегейлендіру; ‒ өндірістік инвестициялардың рұқсат берілген есептеу тәсілдері; ‒ мұнай мен газ өндірудегі қосымша ақпараттарды ашып көрсету. Сонымен ұйымның қаржылық есептілігін ұтымды қалыптастыра отырып қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады: Біріншіден, шығындар құрамын азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет; Екіншіден, негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не 1-сурет ‒ Мұнай-газ өңдеу қызметінің есептелігінің ерекшелігі болмаса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану; Үшіншіден, капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүмкіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мүлде бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін ұйым ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы негізінде жаңа техникалар енгізу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, ұйым табыстылығын арттырады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер көлемі ұйымның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі әсер етеді. Ұйымның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оның үстіне соңғы жылдары энергетикалық ресурстарды экспорттау Қазақстандағы экономикалық өсудің негізгі факторы болды. Мұнай-газ қызметінің есептілігіндегі ерекшелік Мұнай-газ активтерінің ерекше түрлері Шығындар жіктелімі Шығындардың қаржылық есептілікте көрсетілуі: 1) кезең шығындары; 2) активтер құны. Қосымша ақпараттар ашылуы: 1) мұнай-газ өндіру шығындарын бөліп көрсету; 2) мұнай мен газ қоры туралы ақпарат; 3) басқа да қажетті ескертпелер. 162 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Мұнай газ секторындағы қаржылық есептілікті қалыптастырудың артықшылықтары Алайда артып жатқан сұраныс мұнайгаз кен орындарын пайдалануға қойылатын талаптарды жоғарылатады, сондықтан мұнайгаз кен орындарының сарқылуы, заманауи энергетикалық технологияларды қолдану, мұнай және газды өндіру мен құбырлық тасымалдау жүйесін жетілдіру және кеңейту үшін инвестициялар қажеттілігі сынды күрделі сұрақтарды есепке алу керек.

Читайте также:  Coлтүcтiк шығыс Қазақстанның неолит ескерткіштері

Оставить комментарий