МҰНАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСАТТАҒЫ МАҢЫЗЫ

Опубликовано Июль 11, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

«Қара алтынның» әлемдік геосаясаттығы орыны XX ғасырдың дүниежүзілік соғыстарында-ақ айқындалып басты мәселе ретінде орныққан болатын. Дәл сол кезден британдық және американдық компаниялар Араб түбегі, Мексика және т.б. аймақтардағы мұнай кен орындарын игере бастады [1, с.1]. Осыған орай мұнай өз орнын мемлекеттер арасындағы геосаясатта ұлғайта түсті. 1939 жылы қарашада кеңес-фин соғысы кезінде ағылшындар Кеңес Одағының Бакуда орналасқан мұнай кен орындарын бомбалауда көздеген болатын. Себебі, гитлерлік Германия Кеңес Одағын энергетикалық ресурстан оқшаулау, оған қолын жеткізбеу жолын ұстанды. Кейіннен Гитлерлік Вермахтта осы аумақты өз көздеген мақсатында ұстағанын білеміз. Сонымен қоса, жапондық әскердің Перл-Харбор мен Сингапур аймақтарына шабуылдарын дәлел етіпте алуға болады. Қазіргі жаһандану әлемінде мұнай мен геосаясаттың арасында да жаһандануы, яғни ара қатынасы ұлғая түсуде [1, с.3]. Бұған дәлел ретінде әлемдегі энергия тұтынудың көбеюімен, мұнайға деген сұраныстың ұлғаюынан байқайға болады. Ал егер мұнайға сұраныстың көбеюі мемлекеттегі мұнайға байланысты геосаясатының туындауына жол ашады. Мұнайға алтернативті энергия көздерін қарастырар болсақ оған – табиғи газ, ядролық энергетика, басқа да табиғи дәстүрлі емес энергия көздері (жел, күн сәулесі, су, геотермалды энергиялар) және биожанармайлар [2, с.2]. Бірақ бұл энергия көздерінің мұнаймен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз ету шкаласы төмен. Қазіргі таңда мұнай 40% әлемдік энергетиканы қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қоса, мұнайға деген сұраныс тек 2030 жылдардан кейін ғана айқын байқалмақ. Мұнай сонымен қатар мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздіктегі маңызды фактор болып есептеледі [1, с.2]. Мұнай қоры көп және мұнай өндірісі мемлекет кей жағдайларда мұнайды өзінің сыртқы саясаттағы қаруына да айналдырып алуыда мүмкіншілдік. Сонымен, бұл мезетте ең осал мемлекеттер болып мұнай импорттаушы мемлекеттер болып қалмақ. Батыстық сараптамашылары НАТО-ға кіретін мемлекеттердің энергияға тәуелділігі бойынша сараптама жүргізген болатын. Сараптамаға сәйкес: 1) тәуелділігі төмен мемлекеттер: Канада, Дания, Норвегия, Нидерланды және Ұлыбритания. 2) аралық мемлекеттер: Франция, Германия, Словения, Бельгия, Италия, Португалия, Чехия, Польша, Румыния, Исландия, Албания. 3) тәуелді мемлекеттер: Словакия, Эстония, Латвия, Литва, Болгария, Венгрия, Люксембург, Хорватия және Түркия. АҚШ бұл тарапта өзінің энергетикалық потенциалымен және әлемнің кез келген аймағынан энергия алуға мүмкіншілігі бар мемлекет болған соң «Басқаша жағдай» деген категориямен қарастырылған [3, с. 1]. Жоғарда, көрсетілгендер бойынша Шығыс Еуропа мемлекеттерінің энергияға тәуелділігі өсіп, табиғи ресурстарға бай мемлекеттерге отын- энергетикалық тәуелділікке түсіріп отыр. Нақтырақ Таяу Шығыс, Каспий маңы және геосаясаттағы алып Ресейдің де ықпалы арта түсуде. Ал қазіргі таңда АҚШ-тың мұнайға деген геосаяси сұранысын Ирак, Иран, Ливия, Судан қанағаттандырып отыр және басқа да мемлекеттердегі жағдайларды да қарастыруға болады. Мұнда тек АҚШ ғана емес әскери потенциалы жоғары мемлекеттердің осы арада өз септіктері бар. BP (British Petroleum) компаниясының «Statistical Review of World Energy» деген жазбаларына сүйенсек әлемдегі мұнай қоры тек 1258 млрд баррельді құрайды. Осыған сәйкес мұнай қоры асырып айтқанда 40 жылға жетеді [4, с. 2]. Бірақ бұл деректер меніңше жылдан жылға өзгеруде себебі: жылда бізге таныс емес мұнай кен орындары табылуда және нақты қорды дәлірек зерттеу қиын. Осыған орай егер мұнай шынында 40 жылда тауысылатын болса, соңында Ванганың болжамындай мұнайға деген соғыс туындамай ма деген сұрақ мазалайды. Ал мұнай қорының азаюы энергетикалық тапшылық пен мемлекеттер арасындағы шиеленіске, алауыздыққа да апаруы мүмкін. Мұнай қоры бойынша әлемде алғашқы орында 2010 жылы Жер шарының 23% құрайтын 262,7 млрд баррельмен Сауд Арабиясы болса, кейіннен Иран 131 млрд. 3-ші 198 орынды әлемдік қордың 10%-ымен Ирак иемдегеннен болатын [4, с.1]. 2012 жылы алғашқы орынға Венесуэла шықты, екінші орынды Канада, сосын бірақ 2010 жылдың алғашқысы Сауд Арабиясына тиесілі болды. Осыған сәйкес кейінгі Венесуэладағы болған жағдайлар еске түседі. Бәріміз білетіндей АҚШ пен Батыс әлемін ұнатпайтын Венесэула президенті Уго Чавестің қайтыс болуы. Мүмкін бұл да астыртын жатқан мұнай геосаясаттындағы астыртын қадам шығар? Бірақ бұл жай тұжырым бірақ ойға салсақ бұл мұнай геосаясатының құрбаны да болуы мүмкін. Бұл АҚШ пен батыс әлемінің стратегиялық мүдделік қадамынан туған іс болуы мүмкін деген саясаткерлер арасында пікір бар екені де белгілі. АҚШ және Ұлыбритания әскерлерінің Иракқа басып кіруі Саддам Хусейннің режимінің құлауымен ғана шектелген жоқ, мемлекет экономикасын тығырыққа тіреп, бейбіт тұрғындарының арасында да қырылуына алып келді. Осыған сәйкес Ирактағы жағдай тек аталған мемлекеттің ғана емес, толық араб әлеміне өз зардабын тигізді. Кейбір араб елдерінің Саддам Хусейн режиміне қаншалықты болсын негативті көзқараста болғанымен, атап айтқанда «алты араб монархиялары», араб әлеміндегі халық Ирактағы әскери іс-әрекетті өздеріне ауыр соққы болды деп қана қоймай, өздеріне білдірген кемсіту деп қабыл алды. Соғысқа дейін араб мемлекеттері арасында Иракқа байланысты ауызбіршілік байқалмаған. Нақты үш топ қалыптасты: «радикалдар» — Сирия, Ливия, Судан, бұл мемлекеттер АҚШ-ның Ирактың ішкі ісіне араласуына қарсы болды, «центристтер» — Египет пен Иорданияның ұстанымы бойынша Бағдаттың БҰҰ-ның резолюцияларына мойын сұнуға шақырған, және Парсы шығанағының араб монархиялары немесе «мұнайлы алтылық» — Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Катар, Бахрейн, Оман Саддам Хусейн режимін ауыстыруды қолдады. Ирактағы болған соғыстың қорытындысы араб елдеріндегі күш конфигурацияларын өзгертті. Қазіргі таңда «радикалды» мемлекеттердің жағдайы белгілі болып та қалды. Ливияда азамат соғысы болып, Каддафи режимі Хусейн режиміндей құлатылып, елде хаосты орнатты. Ал Суданға келер болсақ, дінаралық қақтығыстардың әсерінен мемлекет қақ екіге бөлініп кетті. Сирияны айтатын болсақ онда жағдайы мүшкіл емес елде азамат соғысы басталып, әлі де жалғасуда. Бәрінен қызығы бұл ұқсастық па алде біреуге қарсы шыққан үшін жаза ма; түсінксіз. Бірақ менің пайымдауымша бұл АҚШ пен батыс елдерінің сыртқы саясаттағы іс-әрекеттері болып табылады. Оған дәлелдеме ретінде АҚШ-тың стратегиялық іс-әрекеті мен рөлін анықтайтын нақты үш құжатты көрсетуге болады. 1. «2015 жылға дейінгі әлемде болар жағдайлардың дамуы» туралы АҚШ-тың барлау бойынша Ұлттық кеңесінің баяндамасы. Құжат бойынша осы кезеңге дейін АҚШ энергетикалық дағдарысқа тап болатыны айтылған. Оған себеп – энергоресурстардың АҚШ-тан тыс басқа мемлекеттердіңде көп пайдалануы, атап айтқанда Қытайда, Үндістан мен Еуропа елдерінде. Баяндамада жасалған сараптама бойынша, 2015 жылға таман Таяу Шығыс мұнайының 4/5-і Шығыс Азияға импортталатыны дәлелденген. АҚШ экономикасын шетелдік мұнай импортына тәуелділігін қысқартуды кеңес берілген. Сараптамашылар ұсынуы бойынша күндік мұнай импортын 11 млн баррельден 5-6 млн баррельге дейін қысқарту ұсыныс білдірілген. 2. Джордж Буштың энергетикалық программасы. Ол бойынша 2040 жылға дейін күніне 23 млн баррельге дейін өсіру туралы жоспар құрылған. Мұндай масштабты жоспарлар әлемнің барлық аймағынан энергетикалық ресурстардың жаңа кен орындарын тауып, оларға қатаң қадағалау орнатуды міндеттелген. 3. АҚШ Ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясы. Дағдарыс алдындағы экономиканың жағдайын жақсартып, тығырықтың алдын алу. Ол үшін Вашингтон бұл мәселелерді шешу үшін әскери күш қолданып, әлемнің ресурсқа бай 199 аймақтарын бақылауда ұстап, мұнай бағасыныңда өзіне ыңғайлы болуын қадағалау міндеттелді [5]. Бұл нақты құжаттырға сенер болсақ, нақты қорытынды ретінде АҚШ-тың Иракқа қатысты агрессиялық іс-әрекетін алдын ала жоспарлап, кейіннен елді толықтай өз қол астына алған болатын. Оған қоса Иракта бар ядролық қарудың да тыбылмауы АҚШ пен Батыс елдерінің бұл іс-әрекетін қасақана мұнай үшін және энергетикалық табыс көзі ретінде мемлекетті ойрандап, өздерінің ойындағыларын жүзеге асырды деп айтсақ болады. Енді Ливияға келер болсақ, алғышарттары ретінде Ливияның 2007 жылдың қарашасынан бастап «ресурстар бойынша ұлтшылдық» позициясын жүзеге асыруы, «ливия ұлтшылдығының» айқын мағынасын ашты: оның негізі Каддафидің саясатын «ливиялық үкімет пен оның көмірсутек қорларына үлестерін қатаң бақылауға» бағытталғанын көрсетті [6]. Бұл саясат бойынша, Каддафи елдің экономикасын жақсарту мақсатында қайта құрып, батыс елдері компанияларының пайда үлес салмағын азайту болды деп есепеймін. Осылай солтүстік американ және еуропа компаниялары Ливиямен өзіне қолайсыз келісімдерге мәжбүр болды [6]. Екінші наразылық 2009 жылы қаңтар айында Каддафидің Джорджтаун университетіндегі (АҚШ) мәлімдемесін алуға болады. Каддафи мемлекеттегі газ және мұнай саласын толық дерлік ұлттық қылатындығын мәлімдеп, батыс елдеріне сес көрсеткен болатын. Бұған қоса елде батыстық емес халықаралық компаниялардың да көбеюін байқатты. Сарапшылар пікірінше, Ливия АҚШ тан жалпы батыс әлемінен алыстай, оқшаулана бастады. Мүмкін жылдам өзгеріске түсіп жатқан халықаралық жағдай әсер еткен болар. АҚШ-тың, батыс елдер саясатын одан да тереңірек түсіне бастады ма деген де ой келеді. Ұлыбритания мен Франция Ливияға қарсы әскери операцияны басталмай жатып алдын ала ойластырды. Бұған алдымен «Экспресьон» атты газетінің мәлімдемесінен көріге болады. Ондағы мәлімдеме бойынша, 2010 жылдың желтоқсан айында Англия мен Франция «Оңтүстік мистраль» атты біріккен әскери жаттығулар жүргізуді бастаған. Жаттығулар мақсаты бойынша, одақтастар Жерорта теңізінде орналасақан бір «Оңтүстік жер» деп аталатын диктаторлық мемлекетте шабуылдау керек болатын [6]. Жаттығулар арқасында батыс одақтастары соғысқа деген алдын ала даярлық жүргізіп алған болатын. Алдын ала айтылғандай Ливиядағы соғысты алдымен Ұлыбритания үкіметі бастаған болатын. 2011 жылдың аяғында-ақ Лондон өзінің Ливия аумағына кіруге дайын екенін мәлімдеген болатын. 2011 жылдың 2 наурызында Sky News-тің хабарлауы бойынша британ үкіметі өзінің Әскери Әуе Күшіндегі «Тайфун» атты корольдік ұшақтарын Кипрға орналастырып, кейін Ливияның әуе кеңістігін жабуға әрекет ету үшін. Британ премьер- министрі Дэвид Кэмеронның Парламентте Қауымдар палатасы алдында айтқан мәлімдемесі бойынша, оның қорғаныс штабының басшысы генерал Дэвид Ричардсқа «Ливияның әуе кеңістігін жабу жоспарын» құру туралы бұйрғаны туралы белгілі болды. Каддафиге қарсы жалғыз соғысудың саяси түрде ыңғайсыз болуы, ағылшындардың шетке ығысып, алдыңғы орынға белсенді Саркозиді қойды. Бұл тұрғыда ағылшындар Ливия мұнай нарығын толық Англия мен Франция арасында бөліске саларын уәде еткені болуы тиіс. Оған қоса француздардың Каддафиге деген өші бар еді: жақын арадағы Total мұнай компаниясы Каддафидің талабын орындау үшін 500 млн АҚШ долларын құрайтын компесанция төлеуге мәжбүр болған. Сонымен қоса Total көмірсутекті өндіруде көптеген тендерлерді жеңіліп қалған болатын. Осының барлығы ливиялық Джамахирияға өз өшін алуға бел буған болатын. 200 Француз газеті Liberation-ның 2011 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімдемесі бойынша, ливиялық Өтпелі Ұлттық Кеңесінен (ӨҰК) сәуір айында-ақ Париж тарапынан саяси және әскери көмек көрсетілген жағдайда, Ливия мұнай қорының 35%-ын уәде еткен болатын. Басылым қолында ӨҰК басшысы Махмуд Джибрилдің Катар әмірі Хамад бен Халиф әл Таниге жіберілген хабарламасы түскен болатын. Онда Париж бен Бенгази арасындағы келісім бойынша, егер Франция ливиялық көтерілісшілерге толықтай көмек беретін жағдайда елдегі мұнайдың 1/3-ін беретіндігі айтылған. Ал бұл таңда Катар әмірі екі ел арасындағы делдал қызметін атқарған. Басты сұраққа жауап айту ғана қалған секілді. Ол сұрақ: Ағылшындарға Ливияға қарсы агрессия не үшін қажет болды? Солтүстік теңіздегі британдық мұнай қоры тез сарқылуда, британ жанармай тоннеліндегі жарық бұлыңғырлануда. Қазіргі таңда Ұлыбритания газдың 40%-ын импорттауда, жақын арада толықтай импорттайтын болады. Ал өзінің көмір қорын Маргарет Тэтчер кезінде ақ сарқытып тастаған болатын. Сондықтан ағылшындар Каддафидің Ливиялық мұнай кен орындарына шетелдік қатысушалардың 50%-дан 20%-ға қысқартуын білгіннен соң қатты қорыққан болатын. Осы жағдай ағылшындарды соғысқа, ашық агрессиялық саясат жүргізуге итермелеген секілді. Сонымен қатар, батыс елдерінің экономикалық мүддесі Ливия мұнайында тоғысқан болуы керек. Шыдамдықтың соңғы шегі Триполидің жаңа өзіндік ОПЕК құру идеясы болатын. Каддафи билігін құлатудағы ағылшындардың қызығушылығы мұнайды сатқаннан пайда тауып, шетел банкілеріне салынған ақша қоры да болатын. Ливияның экс энергетика министрінің растауы бойынша, Каддафи режимі шетелге 200-250 млрд. долл. көлімде қаржы шығарған болатын. Бір ғана АҚШ-тың өзіне Каддафи 34 млрд. долл. шығарған болатын. Ол қомақты қаржының тек 10-15 млрд. долл. ғана көтерілісшілерге қайтарылған. Қалғаны қайда дейтін болсақ? Олар мәңгілік американ және еуропа банкілерінде қалады [6]. Айтылған екі режимде батыс елдерінің құрбаны болғаны жайлы толықтай мәлімдеуге болады. Осының кесірінен елдің жағдайы нашарлап, талай бейбіт халықтың өмірін алап кеткен болатын. Осындай жағдайларды біле отырып, еліміздің де осылай құрбан болып кетпей ме деген үрей тудыратын сұрақтар туындатады. Бұл мәселе бойынша да елдің қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру керек деген идеяларда келеді. Қазіргі әлемдегі мұнайдың маңыздылығы геосаясаттығы негізгі орынды алуда. Тек Таяу Шығыстығы ғана жайттарды ала қоймай басқа Мньянмадағы режимнің ауысуымен АҚШ-тың Қытай құбырларына тосқауыл орнату мақсатымен орныққан режимге жағымпаздық танытуы, Аргентина мен Ұлыбритания арасындағы дауы көп Фолкленд аралдарының тұсынан мұнай кен орындарының табылуы, Малидегі Қытай қызығушылығы басталғанымен елдегі кенет соғыстың туындауы, Иранның күшейіп кетпеу мақсатында әлем алпауыттары тарапынан қысымы, Сирия аумағынан альтернативті мұнай-газ құбырын жіберу мақсатынан елдегі азамат соғысы, Суданның кеннеттен екіге бөлінуі, Солтүстік мұзды мұхитындағы мұнайға деген таласты және жоғары да айтылып өткен барлығы да мұнай геосаясатына қатысы бар. Сондықтанда мұнай әлемнің геосаяси картасында қазіргі таңда өте маңызды рөлді алуда. Мұнай факторының әлемдік саясатта басты орынға шығуы – саясат аренасындағы күштер арасалмағын әлі де өзгертетіні күмәнсіз. Ирак пен Ливия орынын келешекте қай мемлекет басуы мүмкін немесе Судандағы жағдай тағы қай аймақта қайталануы мүмкін деген сұрақтар туатыны да анық. «Уго Чавес» жұмбағы да көптің көкейінде жүретіні және шешілуі де ғажап емес. Ендеше, мұнай факторының әлемдік саясаттағы орынын жоққа шығару мүмкін де емес.

Оставить комментарий

Загрузка...